kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған хрестоматия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Осы хрестоматия жинағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Ішінде әр түрлі жас ерекшеліктеріне тақпақтар, өлеңдер және ертегілер жиналған. Жас тәрбиешілерге жұмыстарныда жақсы көмек болатынына сенемін. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған хрестоматия»

24






















Жинақтаған:

№16 сәбилер-бақшасының педагогтары:

Г.А.Жақанова

А.С.Амирова

Д.М.Жабагина











(4-5 жас) ортаңғы топ








2010 жыл

«Балабақшада» Қ.Ыдырысов

Бақшасында балалар

Іні, Әпе, Аға бар.

Ойыншықтар мол онда,

Машина, арба, шана бар.

Жазатұғын тақта бар,

Кісінейтін атта бар.

Үйренетін тақпақ та,

Жаңыллыспай жаттап ал.

Айтып ертек, әңгіме,

Үйретеді әнді де,

Беріп кәмпит, Тамақ та,

Оқытады сабақ та,

Онда жақсы апа бар,

Киноға да апарар.

... Кешке алып қайтады

Үйімізге папалар


«Аспаз» Н. Әлемқұлов

Біздің гүл бақшада

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы,

Ақ көңіл жақсы аға.


Әлде май, құймақ па?

Көже ме, сорпа ма?

Әлде бал, қаймақ па?

Тұрады ортада.


Тәп-тәтті тамағы,

Ағай-ас маманы.

Пісіре білгенге

Астың жоқ жаманы.




Үй жақсы ма, бақша жақсы ма?

Ф.Оңғарсынова

Қызықпын-ау өзім де,

Мақтанарым шамалы:

Үйге келген кезімде,

Кеткім келмей қалады.


Жан әжемнің жанында,

Тіпті рақат секілді.

Айтады ұйықтар алдында,

Ертегіні не түрлі.


Ал бақшаға бармасам,

Тұра алмаймын тағы да.

Мұнда қызық әрқашан,

Келем сосын сағына.



Үй жақсы ма, бақша ма?

Білмей жүрмін со жағын.

Екеуіне сондықтан

Ортақ бала боламын:

Күндіз ойнап бақшада,

Үйге келіп қонамын.


«Күз»

Көк майса көрікті

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары Жібек көйлегін


Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал-терек,

Жапырағын жұлғызып.


Ас атасы – нан

Ә.Қалдыбаев


Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегінің ары бар.

Нан - өмірдің ана сүті, арқауы.

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.








« Менің анам»

А.Бақтыгереева

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді


Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын








«Құстар келді»

Ө. Тұрманжанов

Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтіп аспанды,

Қаздар көлде жүр ойнап,

Көкием айы басталды,


Тастөбеден күн күлді,

Қошеметтеп оларды.

Қараторғай былтырғы,

Ұясына оралды.


Торғай

Торай-торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі томпайып,

Торйған қозыдай монтайып,

«Шіп-шіп» десіп отырар.


Торғай-торғай тоқтаған,

Торғайды торғай мақтаған.

Бір торғай ұшса боранда,

Бәрі жабылып жоқтаған.


Қасқыр

Қаңғырамын үйім жоқ,

Ауылдардың иті жоқ.

Ұрлық, зорлық кәсібім,

Тамақтанар несібім:

Жеті күн желден,

Жеті күн елден,

Жайылған қойдан,

Жаман қойшыдан.




Күзде

Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптап ұшқан әуелеп.

Күткен күзім келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.


Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.


Мысық Т. Елеусізұлы

Маған тура қарайды,

Бәлкім, қамқор санайды.

Ертеңгісі тұра сап,

Басы-көзін жалайды



Ана

Т. Бейсенбеков

Келбетіңде ұлылық,

Даладайкең пейілі.

Ана деген-жылылық,

Ана деген-мейірім.


Ақыл құйған санама,

Күннен де артық, расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғида менің қасымда.


.






Ақ тиін мен қасқыр

Ақ тиін бұтақтан-бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқардың үстіне құлайды. Қасқар қарғып тұрып, оны жегісі келеді.

Ақ тиін жалынып:

  • мені жеме, жібер!- дейді.

  • Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған мынаны айт, сен неліктен барлық уақытта шат болып жүресің?

Сонда ақ тиін:

  • Мені жіберсеңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп сөйлей алатын емеспін,- дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:

- Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге залымдық істемейміз, сондықтан да барлық уақытта шат болып жүреміз,- депті.

Еңбекшіл құмырсқа Ж. Қалжанова

Еңбекшіл құмырсқа,

Кірісу үшін жұмысқа,

Құрал-саймандарға сынақ өткізеді.

Естігендері келіп,

Қабілетін жеткізеді.

Басы үлкен балғамын,

Биік менің талғамым.

Соғып қисық-қыңырды,

Түзетіп талай алғанмын.

Сүргімін, сүріп өңдеймінү

Шала іске көнбеймін,

Дөңес жерді тегістеп,

Ой-шұңқырын жөндеймін.

Мен инемін, іскермен,

Жалғыз тіспен тістеймін,

Айрылғанның бастарын,

Қосуға іс істермін.

Қайшымын, ою оямын,

Оңды-солды қиямын,

Қырқып тастап артығын,

Жыртығын жамап коямын.


«Ақша қар» А.Тоқмағамбетов

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды,

Мұз болады-қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.


Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Гүлденеді бақшалар,

Жаусы, жаусын ақша қар!




«Біздің Қазақстан»М. Әлімбай

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ!

Ол – біздің Қазақстан!


Алтай-Жайық арасы-

Жарты әлемдей даласы.

Ол-біздің Қазақстан!


Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы.

Ол – біздің Қазақстан!


Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күй мен кәусар ән

Ол – біздің Қазақстан!



«Қыста»


Бұтаға жабу кигізген,

Бұзауды үйге кіргізген,

Аяз, сені қайтейін?

Қыздың бетін қызартып,

Мұздың мұрнын ұзартып,

Қызыл шұнақ, сені қайтейін?


«Ақша қар» З. Шүкіров


Айналама ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек.




«Қораз» А. Сопыбеков


Оятпа,қораз,сен бізді,

Өзім де сездім, таң атты.

Сенсіз ақ білем мезгілді,

Танимын енді сағатты.


«Киіз үй» Қ. Баянбаев


Атам менің айбынды,

Атам менің сүйікті.

Бір қойнауға шалғынды,

Киіз үйін тігіпті.


Алдымдағы арнаулы,

Шопан үйі дөңелек,

Ақша бұлттан аумайды,

Қонақтаған жерге кеп.


Әрі жарық, әрі кең,

Ақ сарайдай бұл бөлме.

Жасауымен, сәнімен,

Қызықтырды кіргенде.


Алашының жердегі,

Ашық екен өрнегі.

Текеметтен төрдегі,

Көзіңді алғым келмейді.









«Ойыншық» Н.Шәкенов, Ғ.Жұбанова


Ойыншық,ойыншық,

Сен неге күлмейсің?

Бір ауыз жақсы сөз.

Айтуды білмейсің.


Жаныңда бәрі әзір,

Кәмпитің алдыңда.

Неге сен жемейсің,

Өкпелеп қалдың ба?


Басқа бір ойыншық,

Жолықса кезі кеп.

Әкеме айтамын,

Әпер деп тезірек.



«Мақта қыз бен мысық» ертегісі


Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмеййді. Қыз:

«Келмесең, келме», - деп, мейізді өзіп жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:

  • Неге шақырдың?-деп сұрайды.

Мақта қыз айтпайды. Соан соң мысық:

  • Ендеше қатығыңды төгем!-дейді.

Мақта қыз:

  • Мен құйрығыңды кесіп аламын»-дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

Мысық:

  • Апа, апа, құйрығымды берші»-дейді.

Мақта қыз:

  • Менің қатығымды төле»-дейді.

Мысық сиырға барады.

  • Сиыр, сиыр маған қатық берші»-дейді.

Сиыр:

  • Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші»-дейді.

Мысық ағашқа барып:

  • Ағаш, ағаш жапырағыңды берші!-дейді.

Ағаш:

  • Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін,-дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

  • Қыздар, қыздар, маған су беріңдерші!-дейді.

Қыздар оған:

  • Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз,-дейді.

Мысық дүкенге барады.

  • Әй, дүкенші, маған сағыз берші!-дейді.

Дүкенші:

  • Маған жұмыртқа бер,-дейді.

Мысық тауыққа барады.

  • Тауық, тауық, жұмыртқа берші!-дейді.

Тауықтар:

  • Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз,-дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?»-деп бара жатса, ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

  • Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар?-дейді.

Тышқан қорыққанынан:

  • Үйімде бір табақ тарым бар,-дейді.

Мысық:

  • Маған бір уыс тары бер,-дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді; тауық жұмыртқа береді; ал оны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді; қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді; сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді; Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.


Алдар Көсе мен бай баласы


Бір күні Алдар далада жаяу келе жатса, алдынан бір салт атты кездесе кетеді. Амандық айтып, жөн сұрасқаннан кейін:

  • Атың кім?-дейді жаңағы кісі Алдарға.

  • Атым – Алдар.

  • Әй, сен әлгі алдамшы Алдармысың?

  • Иә.

  • Кәне, мені алдашы.

  • Ойбай!-деп, санын бір-ақ соғады сонда Алдар. – Алдаушы ала домбырам үйде қалып қойыпты. Атыңды бере тұршы, алып келейін.

Бай баласы атынан түсіп, атын береді. Алдар былай шыға беріп:

  • Алдаған деген осы болады, қош бол!-деп, шаба жөнеледі. Бай баласы алданғанын сонда ғана біліп, санын бір-ақ соғады.











Ұшқыш боламын Т. Молдағалиев


Көкке ұшамы

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Ер космонавт ағаның.


Батыр болам –

Көк аспанды сүйемін.

Жұлдыздарға

Барып-келіп жүремін.


Жасыл шырша жанында А.Асылбеков


Жаңа жыл,

Жаңа жыл!

Жаңа жылда – жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.


Тамаша,

Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы –

Көз тоймайды қараса.

Көрікті,

Бөрікті

Аяз ата келіпті.

Беріп жатыр таратып,

Алма, анар, өрікті.


Қала нұр, дала нұр,

Құтты болсын жаңа жыл!

Шырша жаны көңілді,

Билеп барлық бала жүр.


Аяз ата Н.Айтов

Әлде қарлы, бораңды

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды,

Ақ тон киіп үстіне.


Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да,

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.









Тік ұшақ Н.Айтов

Шарлайды даланы

Шолады шалғайды

Геолог ағаны

Көтеріп самғайды

Малшыға көмекке

Қолма-қол келеді

Дәрігер керек пе –

Жеткізіп береді

Боранда, желде де

Ұшудан тынбайды

Кез-келген жерге де

Қонуға ыңғайлы

Көліктер жүрісін

Бақылар жол қарап

Тік ұшақ біз үшін

Таптырмас қолқанат


Торғай Х.Талғаров

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын, тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.


Не деу керек? Ә.Дүйсенбиев

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?


Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сен де шықтың, көршіңді,

Қағып кеттің байқамай,

Мұндайда не деу керек?


әжең сенің түскі асқа,

қанттарды салды мол.

Жұрттан барын ыдысқа,

әй-шәйі жоқ салдың қол.

Жөн еді не айтқаның?


Наурыз О.Асқар

Қараторғай келіпті,

Үйшік жасап берейін.

Алғашқы гүл көрікті –

Бәйшешекті терейін.


Жердің беті түрленді,

Қаулап өсті жауқазын.

Қызыл-жасыл гүлдерді,

Қалай теріп тауысамын.


Қаулап өсіп жауынға,

Шөп қаптады қапталды.

Біздің жақта – ауылда,

Көктемгі егіс басталды.


«Бауырсақ» ертегісі Г.Остер


Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

  • Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші,-дейді.

  • Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

  • Әй, кемпір-ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылар.

Кемпір солай істейді, қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шалып, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді:

  • Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

  • Жоқ, сен мені жеме, қитар, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.

Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:

Әжей қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жиған,

Балқаймаққа шылаған,

Пісіріп маймен сылаған,

Суытып та сынаған,

Бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым.

Әжейден де құтылдым.

Қоян, сенен құтылу

Қиын емес бұл маған!

Бауырсақ алға қарай домалай жөнеледі, қоян аңырап қала береді.

Бауырсақ орман ішіндегі соқпақпен зырлап бара жатса, қарсы алдынан қасқыр шыға келеді:

  • Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

  • Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Баурсақ әндете жөнеледі:

Әжей қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жиған,

Балқаймаққа шылаған,

Пісіріп маймен сылаған,

Суытып та сынаған,

Бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым.

Апайдан да құтылдым,

Қояннан да сытылдым,

Қасқыр, сенен құтылу,

Қиын емес бұл маған.

  • деп, баурсақ домалай жөнелді. Қарсы алдынан қорбаңдап аю шыға келді. Ол:

  • Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

  • Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Әжей қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жиған,

Балқаймаққа шылаған,

Пісіріп маймен сылаған,

Суытып та сынаған,

Бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым.

Әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,

Қасқырдан да құтылдым,

Маймақ, сене құтылу,

Қиын емес бұл маған.

Бауырсақ домалай жөнелді, аю оның ізіне үңіледі. Бауырсақ зымырап бара жатса, қарсы алдынан түлкі шыға келеді:

  • Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!

Бауырсақ мақтанғанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмейді, бауырымен сырғып, жақындай береді.

Әжей қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жиған,

Балқаймаққа шылаған,

Пісіріп маймен сылаған,

Суытып та сынаған,

Бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым.

Әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,

Қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,

Түлкі, сенен құтылу

Қиын емес бұл маған!

  • Әдемі өлең екен!-дейді түлкі. – Айналайын-ай, қартайған шағым ғой, құлағымның мүкісі бар. Кәне, менің мына тұмсығыма шық та, өлеңінді тағы бір рет шырқап берші.

Бауырсақ өлеңін мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына қарғып шығады да:

  • Әжей қойма қырнаған...-деп өлеңдете бастайды. Ал түлкі бауырсақты «ап!» деп бір-ақ асапты.



«Мақтаншақ қоян ертегісі» Халық ертегісі

Баяғыда орманды мекен етіп бір қоян тұрыпты. Жазда рақат, орманда бәрі бар, ал қыс түссе ол әрдайым азықтан тапшылық көреді. Ондай сәттерде қоян шаруалардың астық қоймаларына түсіп, сұлы ұрлауға мәжбүр болады. Сөйтіп, ол бірде астық қоймасына келсе, қоян біткеннің бәрі жиналған екен. Сонда әлгі қоян тұрып:

  • Мұртым менің мойылды, табандарым күректей, тістерім болат қанжардай – мен ешкімнен де қорықпаймын!-деп жатып кеп мақтанады.

Мақтаншақтың бұл жәйін қояндар келіп қарғаға баян етеді. Қарға мақтаншақ қоянды іздеп жүріп, бір ағаштың түбінде бұғып жатқан жерінен тауып алады.

  • Қарға апатай, мен мұнан былай мақтанбаймын, тиісе көрмеңізші!-деп жалбарынады зәресі ұшқан қоян.

  • Иә, сен не деп мақтанып едің?

  • Мұртым менің мойылды, табандарым күректей, тістерім болат қанжардай – мен ешкімнен де қорықпаймын!-деген едім.

Қарға қоянды бас салып, біраз мылжылайды. Сонан соң:

  • Ендігәрі мақтанушы болма!-деп ескертеді де, жөніне кетеді.

Бірде қашаның үстінде отырған қарғаны иттер қағып түсіріп, жұлмалайды-ай келіп. Мұны көзі шалған қоян:

«Япыр-ай, қарғаға қалай көмек етсем екен?»-деп ойлайды. Сөйтеді де, қарғып бір төмпешіктің үстіне шығып, шоқиып отыра қалады. Иттер қоянды көре сала қарғаны тастай беріп, оны қуып ала жөнеледі. Қарға қайтадан қашаға барып қонады, ал қоян иттерден қашып құтылып кетеді. Осыдан біраз уақыт өткен соң, қоянды қайта кездестірген қарға:

  • Жарайсың, қояным, сен мақтаншақ емес, асқан ер екенсің!-деп оған қатты риза болыпты.

«Қар қандай» М.Гай

Бірде құстар дауласады, олар қардың, кәдімгі қардың қандай болатынын анықтай түседі. Ұшып жүріп сұрақ қояды:

  • Қар қандай болушы еді?

  • Алтындай жарқырап тұрады,-депм жауап береді таң.

  • Тастай суық,-деп жауап береді үйрек, тұмсығын қанатының астына тыға түсе.

  • Жып-жылы шығар,-деп жауап қатады тауық.

  • Жеп-жеңіл! Сондай жеңіл! –деп шу етеді жел.

  • Сондай ауыр! Кереметтей ауыр! – деп күрсінеді ағаш бұтақтары.

  • Күмістей, әрине!-деп күлімсірейді аспандағы сұлу да, сымбатты ай.

Жер-көкті шарлаған құстар алуан түрлі жауаптар естиді, бірақ олар әртүрлі шығады.


Әже С.Қалиұлы

Ұл –қызыңа ерген

Немерең – біз, әже.

Немереңнен өрген

Шөберең – біз, әже.

Үйреткен сөз мәнін

Тілімізсің, әже.

Жарқыраған дәйім

Күнімізсің, әже.

Шуағыңды сеуіп

Жайна, анамыз, әже,

Жұлдыздарың сені

Айналамыз, әже.



Үй заттары М.Әлімбай


Шегеге ілген шелегім,

Күнде өзіме керегім

Сусебер,

Су сеппесең, гүл семер.

Қол орқ,

Сілтей берсең, орады-ақ.

Көненің көзі – сандық,

Сандыққа киім салдық.

Балтам да шақ қолыма,

Ағаш отап, жонуға.

Киім ілер асадал,

Асадалда ашалар

Тоңазытқыш дәлізде,

Қарның ашса, дәм ізде.

Сырлы тақтай еден

Тозаң шалғыш неден?

Мынау ағаш зерең,

Қымыз құйып берем.

Қалайы нәзік шыңышқы,

Қонақтар қолға алысты.

Былғары көне шамадан,

Қалған сол үлкен ағадан

Қолға өңтайлы күрегім,

Қорада қар күредім.

Сорпа құйғың келе ме?

Сөреде тұр тегене.

Дөңгелек сырлы табақ,

Салады апам тамақ.

Қадар болсаң түйме,

Қодида бар ине.

Мен жаяйын дастарқан,

Татсын қарттар, жастар дәм.

Төрт тарапта ірге,

Сыпырайық бірге.

Жалқау немере

Баяғы өткен заманда әжесі мен немересі болыпты. әбден қартайғандықтан әжесі жұмыс істей алмайды, тек жата береді екен. Ал немере қызы болса өте жалқау, еріншек болыпты.

Көктем келді. «Жұрттың бәрі тырбанып бір нәрсе егіп жатыр, біз де ішіп-жеуге бір нәрсе егіп алуымыз керек қой»,-деп ойлады. Да әжесі бұл ойын немересіне айтады.

  • Әже, керегі жоқ. Сен әбден қартайдың, күзге салым өлесің. Сонан кейін бір мейірімді адам табылып, мені асыруға алмас деймісің, егіннің бізге не қажеті бар?-дейді немересі.

Сөйтіп, олар егін екпейді. Күз де болады. Жұрт егінін жинай бастайды. Әжесі өлмейді, сөйтіп, немере қызын ешкім тәрбиесіне алмайды.

Бір күні көрші әйел келіп, әжесі мен немересінің ішіп-жейтін бір түйір дәні жоқ екенін көріп:

  • Тым болмаса, біздің үйге келіп шамалы тары алсаң болмас па еді!-дейді.

Көрші әйел кеткен соң, кемпір немересіне:

  • Қызым, барып бірер тостаған тары алып келсеңші!-дейді.

  • Бармай-ақ қойсам қайтеді, әже? Мүмкін, оның тарысы жаман шығар...-дейді немересі.

Әжесі мен немересі қыс бойы ашығыпе, өлудің аз-ақ алдында болады. Енді күн жылып, жер қарайып, көктем басталысымен немересі жұмысқа шығып, егін еге бастайды.

  • Еңбектеніп керегі не? Әжең болса әбден қартайды, өлуіне аз-ақ қалды. Ал сені біреу-міреу тәрбиесіне алады. Сендерге егіннің не қажеті бар?-деп күледі көршілер. Қыз еш нәрсе деп жауап қайтармайды, тек қана ол: «Қыс азығыңды жаз дайында»,-деген мақалды есіне түсірді.

  • Қарлығаш пен шөже


Бір мәуелі бақта қарағай өсіп тұрыпты. Көктемде оның басына қарлығаш пен шөже торғай ұя салып, балапан шығарыпты.

Шөже торғай балапанына қурай басын сындыртпай, еркетотай қылып өсіріпті. Балапан тентек, ойынды ғана біледі екен. Қарны ашса, шешесіне келіп аузын ашады, анасы тапқан-таянғанын бадапанына береді.

Ал қарлығаштың балапаны елгезек, еңбекқор болып өсіпті. Уақыт зымырап өте береді. Күз түседі. Екі балапан да ер жетеді. Енді олар өз бетімен күн көріске кіріседі. Қанаты қатайған соң қарлығаштың балапаны жол қиыншылығына қорықпай, жылы жаққа ұшып кетеді.

Шөже торғайдың балапаны жерден теріп, жейтін дәнге сеніп, бақта қалады. Қыс түседі. Жерді қар басады. Не азығы, не бас сұғар баспанасы жоқ шөже торғай әбден ашығады. Ақыры үскіріп аяз соғып, ештеңеге ебі жоқ, тоғышар балапанды бүрістіріп тастайды.

Қайтадан көктем келеді. Қайта оралған қарлығаштың балапаны шырылдап құрдасын іздей бастайды.

  • Жылама, - дейді оған кәрі қарға. – Шөже торғайдың балапаны еңбек етпеді. Сөйтіп аштан өлді. Еңбексіз тіршілік жоқ. Соны біліп қой.


Шөже торғай- мамық қауырсынды қоңыр сұрғылт, кішкене торғай





Қолданылған әдебиеттер


1. Ойнайық та ойлайық Еденбаева З.Д. 1995 ж

«Рауан» Алматы

2. Балабақша Е. Елубаев 1981 Алматы «Жалын»

3. Кел, балалар, ойнайық 2006ж

4. Тіл дамытудың ғажайып әлемі – хрестоматия

5. Алақай –көркемсөз әлемі-хрестоматиясы

2000 ж. «Аруна» Алматы

6. Өсіп келе жаттырмыз. Ермек Өтетілеуов 1991

7. . Хрестоматия «Қарлығаш» оқу-әдістеме кешені

2007ж «Арман-ПВ»

8 Тілашар 1989 «Жалын»

9. Жаттамақ 1994 «Балауса»

10. Бозінген 1985 ж «Жалын»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған хрестоматия

Автор: Алиева Самал Сериковна

Дата: 10.05.2020

Номер свидетельства: 549184

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(192) "Интегративті балаба?ша: мектепке дейінгі білім беру ?йымдарында м?мкіндігі шектеулі балалар?а к?мек беру "
    ["seo_title"] => string(121) "intieghrativti-balabak-sha-miektiepkie-dieiinghi-bilim-bieru-u-iymdarynda-mumkindighi-shiektieuli-balalarg-a-komiek-bieru"
    ["file_id"] => string(6) "206198"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430129061"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства