kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мектеп жасына дейінгі балаларға ойдан құрастырып айтуға арналған жинақ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қатынас білім беру саласы бойынша әр жас топ балаларына  ойдан құрастыруға арналған жинақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мектеп жасына дейінгі балаларға ойдан құрастырып айтуға арналған жинақ"»



Өскемен қаласы әкімдігінің

№1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК


КГКП «Детский сад-ясли №1 «Балапан» акимата города

Усть-Каменогорска









М ектеп жасына дейінгі балаларға ойдан құрастырып айтуға арналған жинақ





















Дайындаған:Озатқанова Тоғжан Озатқанқызы



Өскемен қаласы, 2021 оқу жылы

Сурет бойынша әңгімеле:





Жаңа жыл мерекесіде келіп жетті.Асан мен Майра жаңа жылдық шыршаны безендіруге қызыға кірісті.Майра әр түсті шынжырлармен шыршаны айналдыра безендірді.Асан ойыншықтарды ілді.









Бүгін Айдос,Арман,Серік және Айша төртеуі далаға ойнауға шықты. Айша мен Серік коньки теуіп жүр.Айша конькиді жақсы тебеді.Арман шанамен сырғанап,қызықтап жүр.Ал Айдос болса қардан аққала жасап жатыр. Олар қыс мезгілін өте қатты жақсы көреді.









Күзде келіп жетті.Дала сары алтын кілемге оранды.Барлық жеміс-жидектер пісіп болды.Шынар мен Мерей екеуі алмаларды жинап жатыр.Шынар алмаларды себетке салып жатыр.Ал Мерей болса алмаларды ағаштан үзіп алып жатыр.Екеуі екі себет алма толтырып алды.







Бүгін Данияр мен Мөлдір ренжісіп қалды.Данияр өзінің қарындасы Мөлдірдің аюын тартып алды.Бұған Мөлдір қатты ренжіп жылап қалды.







Қыс мезгілі еді.Далада қар жауып,жердің тайғақ болып тұрған кезі.Мұрат пен Берік сабақтан шығып уйлеріне қайтып келе жатты.Жолда бір әженің тайып құлап қалғанын көріп.Олар әжеге көмек беруге жүгірді.Мұрат әженің тұруына көмектесті.Ал Берік болса әженің сөмкесін көтеріп берді.Әже Мұрат пен Берікке риза болып,рахметін айтты.











Тоғжан мен Біржан бүгін аналарына көмектесіп жатыр.Тоғжан шаңсорғышпен кілемді тазалап жатыр.Ал Біржан болса төсекті жинап жүр.Аналары оларға қатты риза болды.









Көптен күткен көктемнің алғашқы күндеріде келіп жетті.Күн жылытып,жасыл шөптің шыға бастаған кезі.Жылы жақтан құстарда келіп жатыр.Мадияр мен Айдана құстарға ағаштан ұя жасады.Мадияр шыққышқашығып ұяны ілді.Ал Айдана Мадиярға балаға,шегені алып беріп тұрды.Олар бірлесіп оны ағаш бұтағына іліп қойды.



Контаминация:

  • Жеті лақ ертегісі
























Жеті лақ

Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:

- Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде

-«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты: Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман-есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады .Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады .Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті.

























  • Шалқан ертегісі

Шалқан

Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.

Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.

Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.

Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.

Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.





  • Үйшік ертегісі

Үйшік

Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.

Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?

– Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?

– Мен бақылдауық бақамын. – Кел, бірге тұрайық.

Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.

Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

– Мен тықырлауық тышқанмын!

– Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

– Мен қорқақ қоянмын!

– Кел, бірге тұрайық.

Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.

Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

– Мен тықырлауық тышқанмын!

– Мен бақылдауық бақамын.

– Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?

– Мен қу түлкімін!

– Кел, бірге тұрайық.

Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.

Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

– Мен тықырлауық тышқанмын!

– Мен бақылдауық бақамын.

– Мен қорқақ қоянмын!

– Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің? – Мен сұр қасқырмын!

– Кел, бірге тұрайық.

Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.

Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.

– Мен тықырлауық тышқанмын!

– Мен бақылдауық бақамын.

– Мен қорқақ қоянмын!

– Мен қу түлкімін!

– Ал мен болсам, сұр қасқырмын!

Ал сен кімсің?

– Мен қорбаңбай аюмын!

– Кел, бірге тұрайық.

Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:

– Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді.

– Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, – деп шырылдайды іштегілер. – Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.

Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.

Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты.



































  • Бауырсақ ертегісі































Бауырсақ

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.

Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».

Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

Бір кезде Аю жолығады:

- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.

- Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.

- Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.

Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

- Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

- Жолмен домалап барамын.

- Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...

- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған:

- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.

Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.

- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.

Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.













  • Қ ызыл телпек





























Қызыл телпек

Eртеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:

– Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, халжағдайын біліп қайтшы, – дейді.

Қызыл телпек:

– Жарайды, анашым, апарып берейін, – деп бәліш пен май салынған себетті алады. Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді. – Қызыл телпек, сен қайда барасың? – деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.

– Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын, – дейді қыз.

Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейха бар еді. – Ал әжең қайда тұрады? – деп сұрайды қасқыр.

– Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанында, диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады, – деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.

– Жарайды, мен де сенімен бірге сол ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық, әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен бар, мен ана жолмен жүрейін, – деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады.

Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!

– Бұл кім? – деп сұрайды әжесі.

Қасқыр дауысын жіңішкертіп:

– Әже, бұл мен ғой, немере қызың – Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім, – дейді.

Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап: – Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, – дейді дауыстап. Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр баса көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып бірден әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады.

Содан соң есікті жауып, басына әжейдің қалпағын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!

– Бұл кім? – дейді жуан дауыспен, тойып алған қасқыр.

Қыз гүрілдеген дауысты естіп, қорқып кетеді. Артынша «Әжеме суық тиіп, дауысы содан өзгерген болар» деп ойлайды.

– Бұл мен, сіздің немереңіз – Қызыл телпекпін! Мені сізге анам жіберді. Бәліш пен бір құты май алып келдім. Қасқыр дауысын өзгерте қойып, жіңішке дауыспен:

– Тұтқаның жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда есік ашылады, – дейді. Қыз жіпті тартады, есік ашылып, үйге кіреді. Көр пемен бүркеніп жатқан қасқыр оған:

– Қызым, себетті үстелдің үстіне қойып, өзің менің қасыма кел, – дейді. Қызыл телпек бәліш пен май құйылған құты салынған себетті үстелдің үстіне қойып, қасқырдың жанына жақындайды.Қасқыр енді:

– Жолдан шаршаған боларсың, қасыма кеп жата ғой, – дейді. Әжем деп ойлаған Қызыл телпек қасқырдың жанына жатады да:

– Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен? – деп сұрайды.

– Сені қатты құшағыма басу үшін, қызым.

– Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?

– Сені жақсы есту үшін, қызым.

– Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?

– Сені жақсы көру үшін, қызым. – Әже, әже, тісіңіз неге сондай үлкен?

– Сені тезірек жеу үшін, қызым-ау! – деп Қызыл телпекті бас салып, аяғындағы кебісі, қызыл телпегімен бірге жұта салады. Байғұс қыз айғайлапта үлгермейді. Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан еді. Отыншы қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде, төсекте орнынан қозғала алмай жатқан қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап, не болғанын бірден түсіне қояды. Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя береді.

Қызыл телпек пен әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып, немересі әкелген бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді. Әңгімедүкен құрады. Қасқырдың сыбағасын қалай бергендерін айтып мәз болады.



















  • Т үлкі мен қоян

















Түлкі мен қоян

Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығының жоқтығы оған бек қатты залал келтірген, өйткені жүрген ізін жасыра алмайды. Әрдайым түлкінің артына түсіп аңдып жүріпті. Бір күні қасқыр барып оның ініне кіреді. Егерде түлкі інінің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе өлтіріп тастар еді.

Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда қоян сұрайды:

- «Мені өлтірме, саған құйрығымды берейін», деп уәде қылады.

Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастапты.

Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.







Еркін тақырыпта:

  • Менің жанұям

  • Менің досым



  • Менің сүйікті ойыншығым

  • Менің бөлмем



  • Менің жаксы көретін мезгілім

  • Менің сүйікты жануарым


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мектеп жасына дейінгі балаларға ойдан құрастырып айтуға арналған жинақ"

Автор: Озатқанова Тоғжан Озатқанқызы

Дата: 10.03.2021

Номер свидетельства: 575122


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства