Таспалармен орындалатын жалпы дамытушы жаттығулары: 1. Б.қ.: таспаны ұстап жоғары созу, аяқ сәл алшақ. О: жоғары қарау, төмен қарау. Б.қ. оралу. 3-4 рет қайталау. 2. Б.қ: Аяқ алшақ, таспамен қолдар төменде. О: қолды жоғары көтеру, оңға иілу, солға иілу.Б.қ оралу. 3-4 рет қайталау. 3. Б.қ.: еденде аяқты созып отыру, таспа қолда, алдында. О: алға иіліп, таспаны аяқтың ұшына тигізу. Б.қ. оралу. 3-4 рет қайталау. 4. Тыныс алу жаттығулары. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 1.Берілген бағытта жүгіру. 2.Алаңның бір шетінен екінші шетіне баяу және жылдам жүгіру. Қимылды ойын: «Жүгір» Мақсаты: ойын арқылы балаларды жүгіруге баулу. Шарты: нұсқаушының белгісі бойынша «жүгір» дегенде жүгіру қажет. |