Отан, кіші Отан, туралы түсініктерін кеңейту. Өз пікірлерін айтып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, оны құрметтеуге, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу. Қарабалық ауданының ескерткіштерімен АКТ қолдану арқылы таныстыруды жалғастыру. Мұражай педагогикасы технологиясы арқылы қазақ халқының әшекей бұйымдары, ою – өрнектері, ыдыстарымен таныстыру. Балалардың ой – өрісін кеңейту және Отанға деген махаббатты арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Менің Отаным Қазақстан!»»
Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
Білім беру саласы: Әлеумет + Шығармашылық
ҰОӘ: Қоршаған ортамен таныстыру + Аппликация
Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан!»
Мақсаты: Отан, кіші Отан, туралы түсініктерін кеңейту. Өз пікірлерін айтып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, оны құрметтеуге, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу. Қарабалық ауданының ескерткіштерімен АКТ қолдану арқылы таныстыруды жалғастыру. Мұражай педагогикасы технологиясы арқылы қазақ халқының әшекей бұйымдары, ою – өрнектері, ыдыстарымен таныстыру. Балалардың ой – өрісін кеңейту және Отанға деген махаббатты арттыру.
Міндеттері:
Отанды сүйе білуге тәрбиелеу.
Қазақстанның кең, байтақ, бай мемлекет екенін түсіндіру.
ҚР – ның рәміздері, мемлекет астанасы, Президент туралы түсінік беру.
Балаларың қызығушылығын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сөздік жұмыс: Отан, Қазақстан Республикасы, ту, елтаңба, әнұран, Президент, ою – өрнек.
Аймақтық компонент: «Кіші Отанымыз туралы», «Қарабалық ауданының ескерткіштерін» әңгімелеу.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Құрал – жабдықтар: Қазақстан Республикасының картасы, жүрекшелер тілектермен, рәміздер, Астана қаласының суреттері, қазақ халқының әшекей бұйымдары, желім, ватман, ыдыстары, ою – өрнектері кітаптары, дорба, проектор, презентация, Қарабалық ауданының ескерткіштерінің суреттері, моншақтар, сым, т.б.
Үштілдік: Сәлеметсіздер ме, Здравствуйте ,Good morning! Отан- родина - homeland
Технологиялар: денсаулық сақтау, ойын, мұражай технологиясы, АКТ.
І Кіріспе:
Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздің оқу әрекетімізге көптеген қонақтар келіп отыр.Олай болса, қонақтармен амандасайық!(музыка әуені қосылады)
Сәлем сөздің анасы Сәлем берер әр қазақтың баласы Сәлеметсіздер ме, апайлар?!
Здравствуйте ,Good morning!
Балалар: Келген қонаққа қарап амандасады.
Ия, балалар, осындай жақсы көңіл – күйімізбен орындарымызға жайғасайық! ІІ Негізгі бөлім:
Балалар, сендер маған мына сұраққа жауап беріңдерші!
Отан дегеніміз не?
Балалар: Отан – дегеніміз біздің туып өскен жеріміз.
Біз тұрып жатқан еліміз қалай аталады?
Біз қай елде тұрамыз?
Елордамыз қай қала?
Біздің Президентіміз кім?
ҚР – ның рәміздерін атаңдар!
Ал біздің кіші Отанымыз қалай аталады?
Балалар: жауап береді.
Балалар: Біз тұратын мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталады. - Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз! Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық.
Балалар, сонымен қатар қазақ елі көптеген аңыз – әңгімелерге де бай болып келеді. Мен сендерді бір керемет аңызбен таныстырғым келіп отыр. Тыңдауға дайынсыңдар ма? (қазақша әуен қосылады) Маған Нариман мен Еңлік көмектеседі.
Балалар: Иә, дайынбыз!
Аңыз
«Бұл оқиға баяғы заманда болыпты. Бір жас, өте сұлу жігіт өзінің бақытын тапқысы келіпті. Өзінің бақытын жер шарын аралап, іздемекші болыпты! аралап жүргенде, жылдар өтті, көптеген елдер мен қалаларда болды, бірақ та бақытын әлі де таппады. Сонда ол үйіне оралмақшы болды. Бірақ, қайда баратынын, оның Отаны қай жер екенін есіне түсіре алмады. Тасқа отырып, жылап жіберді. Сол уақытта, алдынан бір әже шығыпты:
Әже: Сен неге жылайсың?Қандай жас жігітсің, сен қай жерде тұрасың?
Жігіт: Мен білмеймін, өте алыста ....
Әже: өз халқыңды да білмейсің бе?
Жігіт: жоқ, білмеймін.
Әже: біз балалармен саған көмектесе аламыз, егер де сен өз еліңнін әнін немесе салт – дәстүрлерін айтсаң.
Жігіт өз халқы жайлы ештеңе есіне түсіре алмай,ойланып, әжеге өзімен бірге жүрген дорбасын берді .
Жігіт: Міне,мына дорбаны алып қараңыз, ішіндегі заттар жол бойы менімен бірге болды.
Балалар, бәріміз бірге дорбаның ішіндегі заттарды қарайық!
Балалар: дорбаның ішіндегі заттарды алып, қарайды.
Мынау не?
Балалар: бұл – байтерек, кесе, көрпе, сақина т.б.
Бұның барлығы қай халықтың заттары?
Балалар: Бұның бәрі қазақ халқының заттары.
Дұрыс айтасыңдар, сондықтан оның Отаны – Қазақстан Республикасы.
Осыны естіген жігіт қуанып, көзіндегі жасын сүртіп, балаларға алғысын білдірді.
Тәрбиеші: Жігіт, сен асықпа, біздің балалар саған Отан туралы әлі де айтып береді, бізбен бірге бол!
Жігіт: жақсы, рахмет сендерге!
Балалар, енді дорбаның ішіндегі заттардың бәріне толығырақ тоқталып өтейік!
1 үстелде«Қазақ халқының ыдыстары»
Ал қазір сөзді Аянаның анасы Алия Бурайдаровнаға береміз (өзін таныстырып өтеді, қазақ халқының ыдыстары туралы мәлімет береді)
«Здравствуйте, уважаемые гости, ребята! Меня зовут - Алия Бурайдаровна, я мама Аяны. Я работаю в Карабалыкском историко – краеведческом музее. Ребята, а хотите я вам расскажу о казахской национальной посуде?
В далёкие времена казахи кочевали. Кочевать – это значит переезжать с одного места на другое. Казахи жили в юртах. У казахского народа очень много традиций и национальных блюд. Так как казахский народ вёл кочевой образ жизни, им нужна была специальная посуда, которая не бьётся и не ломается при переезде с место на место. Посуду делали из специально обработанной кожи, глины, дерева и расписывали национальным орнаментом. С появлением огня посуду стали изготавливать из металлов – чугуна, золота, серебра. И все – таки, предпочтение отдавалось природным материалам.
В наши дни посуду изготавливают из стекла, фарфора, керамики, алюминия, хрусталя и других материалов»
Туркина Мария торсық туралы айтып береді: «Торсык – это сосуд для кумыса. Когда человек отправляется в дальнюю дорогу, он берет с собой торсык с водой или кумысом, в нем жидкость сохраняется долгое время и не теряет своих качеств»
Балалар: ыдыстарды қарайды, атайды.
Жарайсыңдар, балалар, өте керемет!
2 үстел «Қазақ халқының әшекей бұйымдары»
Міне, балалар бұл қазақ халқының әшекей бұйымдары, оны зергер жасайды.
Бізді қазақ халқының әшекей бұйымдарының жанында қарсы алады.
Хилько Сергей зергер қазақ халқының әшекей бұйымдары туралы айтып береді.
Тақпақ
Ювелир обточит камень,
Изовьет металл тесьмой,
И металл послушно станет
Филигранью кружевной.
Людям всем на загляденье
Создает он украшения!
Балалар, сендер маған білезік жасауға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз!
Жеке жұмыс
Зергерге білезік жасауға көмектес. Балалар қолдарына білезік жасайды.
Қауіпсіздік техникасын естеріне түсіру!
Сымды көздеріңе жақындатуға болмайды!
Моншақтарды ауызға салуға болмайды!
Ұқыпты, абайлап жұмыс жасаймыз!
Балалар: әшекей бұйымдарды қарайды, атауларын атайды.
Сергіту сәті
Тәуелсіз елдің тірегі ( қолдарын жоғары көтереді)
Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)
Артқа қадам баспаймыз
Тек алға-алға бастаймыз
Қыран құстай қалықтап (құс болып ұшады)
Болашаққа самғаймыз.
Балалар: Сергіту сәтін орындайды.
3 үстел «Қазақ халқының ою - өрнектері»
Ою – өрнектер альбомын Исмагилов Адильдың анасы айтып береді, ол аудандық кітапханада жұмыс жасайды.
«Здравствуйте, уважаемые гости, ребята! Меня зовут - Гульмира Сапаргалиевна, я мама Адиля. Я работаю в районной библиотеке библиотекарем. Ребята, я расскажу Вам о казахском национальном орнаменте.
Казахские узоры имеют конкретное значение и отражают художественное видение окружающего мира. С давних времен орнаменты считались оберегами, которые защищали людей от злых сил, приносили счастье. Он придает изделию выразительность, красоту, подчеркивает его форму.Некоторая символика сохранилась до наших дней в неизменном виде. Даже через столетия эта символика не утратит своей актуальности, потому что в ней — культурная самобытность народа.
Ребята, я предлагаю нам всем вместе объедениться и сделать ковер дружбы из орнамента»
Гульмира Сапаргалиевна ою – өрнектерден «Достық кілемшесін» жасауды ұсынады.
Балалар: ою – өрнектерді алып, шаңырақтың бойына жапсырып шығады.
Көрдіңдер ме, қандай әдемі достық кілемшесі пайда болды. Біздің кентімізде де көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар бір – бірімен тату – тәтті өмір сүреді.
Енді біздің кіші Отанымыз Қарабалық жайлы сөйлесетін боламыз. Біз жігіттің дорбасынан бәйтеректі алдық, иә?
Ол қайда орналасқан?
Балалар: Ол Астана қаласында орналасқан ғимарат. Ал біздің кентімізде қандай ғимараттар және ескерткіштер бар екенін білесіңдер ме?
Балалар: жоқ, білмейміз!
Олай болса, қазір біз сендермен Қарабалық ауданының ескерткіштерімен танысатын боламыз.Презентациядан тамашалап өтеміз,біздің балабақшамыздыңжанында тұрған ескерткішке тоқталып өтейік! «Бұл ескерткіш Ауған соғысында мерт болған интернационалист –сарбаздарға арналған. Мүсінді мерзімдеуі –27 тамыз 2005 жыл. Ескеркіштің сипаттамасы: Орындалу материалы – бетон, тас, брусчатка. Ескерткіштің биіктігі – 5 метр, көлемі – 2 метр. Ескерткіш қара қызғалдақ және оқты бейнелейді.
Проектордың көмегімен, шығармашылық топта бірігіп жасалған альбомдарды пайдаланып, ескерткіштерді тамашалаймыз.
Ойын «Ойлан, тап!»
Балалар тек қана Қарабалық ауданының ескерткіштерін табуы тиіс!
ІІІ Қорытынды:
Бүгінгі оқу – әрекетімізді аяқтайтын уақыт та келіп қалды. Балалар, сендер өз Отандарыңа қандай тілек тілейсіңдер, сол тілектерді айтып, мына жүрекшелерді картаға жапсырамыз. Әрқашан өз Отанымызды сүйіп, құрметтеп, қорғап жүрейік, балалар!
Балалар кішкентай жүрекшелерді картаға мына тілектерді айтып, жапсырады. 1. Еліміз аман болсын!
2. Әрқашан күн күлімдесін! 3. Көк туымыз биік болсын! 4. Аспанымыз ашық болсын! 5. Елбасымыз жасай берсін! 6. Болашағымыз жарқын болсын! 7. Табиғатымыз сұлу болсын! 8. Астанамыз көркейе берсін! - Балалар сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын!
Балаларды мақтап – мадақтау.
Сандықты ашамын, ішінде сиқырлы асық пен жүзіктер бар екен. Асық балаларға, ал жүзікті қыздарға берсем, сендер өнерлі, шебер болып кетеді екенсіңдер – деп таратып беру.
Бүгінгі оқу - қызметімізге бәріңіз де жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар! Рахмет сендерге! Сау болыңыздар! До свидания! Good bye!