kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мектеп жасына дейіңгі балаларға арналған дамытпалы ойындар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

публикация на тему о развитии ребенка дошкольного возроста с помощью логических игр

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мектеп жасына дейіңгі балаларға арналған дамытпалы ойындар»»



















Тақырыбы:

«Мектеп жасына дейіңгі балаларға арналған дамытпалы ойындар»


























ЖОСПАР



  • КІРІСПЕ. .................................................................

В.В.Воскобичтің өмірбаяны.

  • В. Воскобовичтің әдістемесі.................................

  • В.В.Воскобичтің дамытпалы ойындардың......... сипаттамасы.

  • Ойын үлгісі.............................................................

  • Ойын таңдаудағы басымдылығы.........................

  • Қорытынды.............................................................































І. КІРІСПЕ







Вячеслав Вадимович Воскобич 2 сәуірде Запорож қаласында туылды. Мектеп жылдары Херсонда өтті, ол қаладан Ленинградқа көшті, ол жерден инженер-физик мамандығы бойынша Политехникалық институтты бітіріп шықты. Екі жыл әскерде өз борышын атқарып, туған қаласына қайтып оралды. Сонымен қатар физикадан басқада параллельді құштарлығы болды: тақпақ, өлең жазды.

Вячеслав Вадимович Воскобович өзі айтқандай оны педагогикаға өз балалары, ұлдары тартты. В. Воскобовичтің әдістемесі 90-ж жарық көрді. Санк-Петербургқа В. Воскобовичті семинарға шақыра бастады. 1993 жылдары алғашқы іс-сапар семинары Краснодар қаласында өткізілді. 90-ж басында Вячеслав Вадимович Воскобович ойын шығару бойынша фирма ұйымдастырды. Қазіргі кезеңде бұл «Вячеслав Вадимович Воскобовичтің дамытпалы ойындары» – ең алғашқы ойындар мен құралдар өндіруші болып табылады; Ересек адамдарға әңдер жинағының екі дискісін жазғып шығарған.


Халық текке айтпайды, шебер адам-барлық жағынан шебер.











ІІ. В.В. Воскобовичтің әдістемесі

Вячеслав Вадимович Воскобович, мамандығы бойынша физик – балалар үшін алғашқы дамытпалы ойынды ойлап табушы. Өз баласымен ойнай отырып, отандық жаңашыл-педагогтардың басқа тәжірибесін зерттей отырып (Зайцев, Никитин), ол өз әдістемесін құрды, оған қызықты дамытпалы ойындар, ойын комплексі енгізілді.

В. Воскобовичтің дамытпалы ойындары- бұл ерекше, өзіндік, шығармашылық және жақсы әдістеме. Ойын негізіне үш негізігі принциптары жатады: қызығушылық, таным, шығармашылық. Бұл жәй ойын емес-бұл ертегі, қызық оқиға, көңілді кейіпкер, бұл ойын баланы ойлауға және шығармашылыққа баулиды.

В. Воскобовичтің әдістемесімен дамыған балалар, мектепке жақсы даярланған. Олар оқу, санау, логикалық ойлау қабілеттеріне бағытталған. В. Воскобовичтің танымал ойындарының бірі: «Игровой квадрат»и «Геоконт» және де «Цветные часы», «Чудо-головоломки», «Домино», «Математические корзинки», «Конструктор букв», «Ларчик» және т.б.

Бұл ойындар балалардың даму үрдісін арттырады.

ІІІ. В.В.Воскобичтің дамытпалы ойындардың сипаттамасы.

Ойынның ерекшелігі

Воскобовичтің ойындары несімен қызықты?


Құрастыру элементтерімен.

Мысалы, "Геоконтта" – қозғалысты «рәзеңке» құрастыру әдісі ретінде,

" Воскобовичтің шаршысында"- қаттылық пен икемділік бір уақытта, «Мөлдір шаршыда»- мөлдір пластинка, «Сауықшы-жіп»- бау және т.б.

Ойынға қатысушыларының кең жас ерекшелік ауқымы.

Сол және басқа да ойындар үш және жеті жасты, ал кей кезде орта мектептің оқушыларын да баулиды. Бұл дегеніміз сол ойындарда сәбилер үшін бір-екі амалмен жаттығулар және ересек балалар үшін көп сатылы күрделі тапсырмалар бар.

Бір ойынның көмегімен көптеген білім алу тапсырмаларын шешуге болады. Бала әріптер мен сандарды игереді, түстерді танып, форманы есте сақтайды, кішкене қол моторикасын жаттықтырады, тілді, ойлау, зейін салу, зерде, қиялды жетілдіреді. В. Воскобовичтің ойындарында зор шығармашылық мүмкіндіктер енгізілген. Бала өз шығармашылық ойын жүзеге асыру мүмкіндігі бар. В. Воскобовичтің барлық ойындары ертегіні суреттейді. Балаға шаршы мен ұшбұрышпен ойнаған қызық емес, оған ерімейтін мұз бен немесе түсті Юка атты өрмекшімен ойнаған қызық.

Бір бөлігін зерттеудің орнына бала Чудо-Цветиктің құпиясын шешеді, бұған оған Гео атты бала көмектеседі. Жаңа және ерекше ойын әрқашанда тез есте қалады. Ойынның ерекшелігі-жан-жақты бейнелілік. Ойын көңілге ықылас салып, баланың мүддесін, зейінін шешу үрдісін қалыптастырады.

Бала образ жағдайына түсіп, дербес өз әрекетін талдайды, қойылған мақсаттарды, мақсатты жетік білуі және шешу варианттарын табады. Ересек адамдар- бұл ойында тең серіктес. Әр сабақтың кейіпкерлерімен жаңа оқиғалар мен саяхаттарды ойластыруға болады.

В. Воскобовичтің ойындарын үй обстановкасында, сондай-ақ балабақшаларда, дамыту орталықтарында пайдалануға болады. Ойындар «оқу-санау»-ды үйрете ғана қоймай, олар осындай басты тұлғалық-жасаушы сапасын - ұқсамастық, шығармашылық ойлау, дивиргенттік пікір, сондай-ақ адамгершілік өзара қарым-қатынасты дамытады. Осыны тәжірибеде қалай болатынын түсіну үшін бәріне танымал екі ойынмен танысайық, олар бала қолының моторикасын, сенсорлық қабілеттерін, ойлау үрдісін, шығармашылығын дамытады.

Геоконт

Халықта оны «шегесі бар тақтайша» деп атайды. Шынында да фанерлі ойын алаңында пластмассы шегелер бекітілген, ол ертегідегі " Гео, Метр құзғыны және мен, Слава көке" «күмістей» деп аталады. «Күмістей» шегеде «паутинканы» бекітеді (түсті рәзеңке-ұстағыш), осыдан геометриялық фигуралар, пән нұсқасының контуры шығады. Балалар үлкендердің көрсетілген нұсқасы бойынша, өздік негізгі арқауы бойынша құрады, ересек балалар – үлгі-сұлбамен (сол сияқты ойынның айырмашылығы, "Геоконт" ойын алаңында, координатталық шілтер бар). Негізгі және орта мектептің оқушылары геометрияны үйренеді және теореманы дәлелдейді. "Геоконт" ойынмен ойнағандағы нәтижесі балалардың саусақ пен қол моторикасы дамиды, сенсорлық қабілеттері (түс, форма, көлемін игеру), ойлау үрдісі (ауызша үлгі бойынша құрастыру, симметриялық және симметриялық емес фигураларды құру, заңнаманы іздеу және анықтау), шығармашылық. Орта мектептің оқушылары осы ойынның арқасында теореманы дәлелдейді.

Воскобовичтің шаршысы немесе «Мәңгі орига» -бұл екі жақтан жабыстырылған 32 қатты ұшбұрыш. Шаршы көлемді фигуралар мен әртүрлі жазықтық фигураларды өзгертеді. Метро құзғынның құпиясы туралы ертегіге байланысты, шаршы үйге, кірпіге, ұшаққа, тышқанға, мысыққа және басқа да формаларға айналып кете алады. Шаршыны белгілі тәсілмен кесіп,ерекше, көлемді фигуралар немесе жеке элементтерді жасауға болады.

Ойын шаршысы (игровой квадрат). Шаршы мата негізіне жабыстырылған 32 түсті ұшбұрыштан тұрады. Шаршыны әртүрлі әдіспен майыстыра отырып, бала әртүрлі силуэттерді құрастырады: тышқан, үй, мысық.

Тұнық шаршы (прозрачный квадрат). Ойын шарты 30 пластилиннен құрайды, онда әртүрлі фигуралар: шаршы, трапеция, ұшбұрыш, ромб, тіктөртбұрыш енгізілген.

ІV. Ойын үлгісі

Дәстүрлі түрде ертегіден бастаймыз. Гео атты бала өз әжесіне қонақтап барады. Метр құзғыны оны алыс сапарға шығара отырып, оған ерімейтін Айс көлінің мұзын береді. Сонда: «Бұл маған керегі не?» деп таңғалады Гео. Метр құзғыны сонда мұздан фигура құрады. «Кімге ұқсайды?»-деп сұрайды ол баладан. Балалар воронның сұрағына жауап береді. Содан қайталап, олар сондай фигураны жасайды (Гео бала саяхатқа шығатын атты келтіреді). Ұзақ жолда Гео келе жатқанда,оған бұлақ кедеседі. Балалар сол бұлақтан қалай өту керек екендігін айтып, өз ұсыныстарын айтады. Оларға өздік кемені немесе қайықты құру ұсынылады. Аяғында әжеге сыйлық ойластырып, сыйлық беру керек.

Әріптер құрастырғышы (конструктор букв).

Алаңда фанерасы бар, онда әріптер құрастырылып, элементтер қойылады. Ойын тапсырмасының үлгісі. Балалар Гео баламен және оның достарымен орманға серуендеп шығады. Онда олар сиқырланған алаңға түседі. Онда барлық заттар сиқырланған. Оларды босату үшін, әріптер құрастырғышынан оның атауымен бірінші әріпті қою керек. Мысалы: «б»-бұлт, «к»-көбелек. Көк орманмен саяхаттап жүргенде, бала санды, әріпті, форманы, түсті, қол моторикасын дамытып, зейін, қиялын, ойлауын жетілдіреді. В.В. Воскобовичтің басты лайық әдістемесі-«сказочные лабиринты» болып табылады, ол баламен бірге қиялдау,армандау, жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

Автордың қоржыныңда қазір 70 астам (ақылдылар) ойыны бар, оны барлық балалардың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде пайдаланады. Воскобовичтің осы ойынның ең танымал ойындары: «Геоконт», «Игровой квадрат», «Чудо-цветик» и «Чудо-крестики», «Математические корзинки» және т.б. Осы ойын арқылы бала математика әлемімен танысады, оқу үйренеді, қиял, логика мен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады, құрастырғышты құрастыру үйренеді және бір мақсатты шешуде, бірнеше варианттар табады және де бала ойын кезіңде қол моторикасын дамытады, бұл деген мектепке дейінгі баланың маңызды бөлігі. Енді міне әртүрлі шығармашылық ойыннан бізге педагогикалық дидактикадан танымал Воскобовичтің дамытпалы ойындары – ерекше, шығармашылықпен ойын топтары пайда болды. Осы ойынның негізіне жататын негізгі принциптары- қызығушылық, таным, шығармашылық.

Вячеслав Воскобовичтің ойынды ойлап шығаруға әсер болған өзінің балалары. Олар инженер-физик Вячеслав Воскобовичтің дәуірді қайта құратын және ойыншық дүкеніндегі іс-сапарлар жас әкені аңсауға соққан кезеңінде туылды. Онда біздің әжелер ойнаған ойыншықтар сатылатын. Ал елімізде ол кезде алтернативті педагогика жайлы белсенді әңгімелер болып жатты. Содан Вячеслав Валерьевич Воскобович озық тәрбиелеу әдісін енгізуді шешті.

Воскобовичтің алғашқы ойындары 90-ж басында шықты. "Геоконт", "Игровой квадрат" (қазір бұл "Квадрат Воскобовича"), "Складушки", "Цветовые часы" сияқты ойындарға лезде назар аударды. Жыл сайын олар көбейе бастады - Прозрачный квадрат", "Прозрачная цифра", "Домино", "Планета умножения", серия "Чудо-головоломки", "Математические корзинки". Алғашқы әдістемелік ертегілері де жарық көрді.

Воскобовичтің тәжірибесі отбасы щеңберінен шықты. Оны тәжірибесімен бөлісу өтінішімен туған қаласында семинарға, (ол кезде Ленинградқа), сосын басқа қалаларға да шақырылды.

Көпфункционалдық.

Бір ойынның көмегімен көптеген білім алу тапсырмаларын шешуге болады. Бала әріптер мен сандарды игереді, түстерді танып, форманы есте сақтайды, кішкене қол моторикасын жаттықтырады, тілді, ойлау, зейін салу, зерде, қиялды жетілдіреді.

Ойындар оқуды үйрену, математикалық дағдыларды дамыту, құрастыру, шығармашылық қабілеттерді дамытады. "Цифроцирк ", "Ура! Мен оқимын "(Сөйлейтін тотықұстардың қаласы), "Үй игротекасы" сериялары сияқты ерте машықтандыратын дидактикалық материалдар болып табылады, олар нақты дағдыларды ғана біріктірмей, сонымен қатар маңызды тапсырмаларды орындауға – баланы оқуға үйретіп, өздік дағдыларын дамытады.

"Ура! Мен оқимын "- кешені фонетико-фонематикалық есту және зейінін дамытады, авторлық өлеңдер мен тақпақтарды, ойынды ынталандырып материалдарды оқуға үйренуге мүмкіндік беретін, оқуды үйрететін авторлық көзқарас. Басқа дидактикалық әзірлемелерге қарағанда материалды ата-аналар, мұғалімдер мен қосымша үйретусіз тәрбиешілер де пайдалана алады.

Шығармапшылық әлеует.

Бала қандай ойынмен көбірек ойнайды? Әрине, қойған мақсатты жүзеге асыру мүмкіндігі бар ойынды ойнайды. "Ғажап-головоломка", әртүрлі "Өрмекшінің ұясы" "Геоконт", "Мәңгі орига" " Воскобовичтің шаршы" бөлшектерінен көптеген нәрсені ойластырып, жасауға болады: мәшинаны, ұшақты, кемені, көбелек пен құстарды, рыцарь и принцессаны – нағыз ертегілер әлемі! Ойындар ересектерге шығармашылықты көрсетуге мүмкіндік береді.

Көркемділік және әмбебап.

Бұл Воскобовичтің басқа ойындардан ерекшеленетін маңызды бөлігі.

Бір күні Прометей патшасы Евклидадан сұрапты: геометрияны тануға қысқа және тез жалықтырмайтын әдісі бар ма? деп, Ғалым сонда айтыпты: геометрияға патшалық жол жоқ, ал ертегі-бар!- деп «Геоконттың» алғыс сөзінде айтылған. Ойындар біз ересектер тиімді сөзформасын ұмытқан, ерекше тілге, ертегі деген сезімге бай. Барлық ойындар басты қатысушы-балаға арналған. Ертегі-тапсырма, мейірімді бенейнелер, ақылды құзғын Метр, батыр бала Гео секілді, қу, бірақ қарапайым Всюсь, қызық Магнолик, ойын бойынша баланы сүйемелдеуге, математиканы ғана үйрете қоймай, сонымен қатар оқуға, логиканы дамытуға, және де адамгершілік өзара қарым-қатынаста болуға үйретеді.

"Цифроциркте" и " Сөйлейтін тотықұстардың қаласы " сан мен әріптер бейнесі, ертегі қахарманның бейнесін сипаттау- ассоциалы мен эмоционалды нысанды психологиялық көру қабылдаудағы салыстыру ғана емес, сонымен қатар, қызметтің ерекше мотивация технологиясы.

Ойынның тиімді мәдениеті

Күнделікті балалар, тәрбие мен дамуы туралы пікірлескенде біз ересектер түйінді болып қаламыз. Және көпшілік педагогикалық қабылдауды баяндағанда ойын жөнінде шартты, концепция, жарғы жинағын есіне салады. Бірақ ойын – көңілді іс. Сондықтан да осы ойынның ерекшелігі қатынастағы жеңілдік, жарқылдаған әзіл мен ирония болып табылады, ол дегеніміз балаға қиын болған кезде теңдік тілді, қолдау, ретінде қабылдайды. Егер де галош пен жылқыны байланстырса не болады? Галошадь болады. Бармалей, Буратино, Дюймовочка үшін қандай көлік ойластырсақ екен?

Бала ойнай, құрастыра, сөз қорының үлгісін жасай отырып, осындай ойындарда басты тұлғалық-жасаушы сапасын дамытады - ұқсамастық, шығармашылық ойлау, дивиргенттік пікір мен құру икемі және көпшілік вариантты таңдау. Оған көмекке безендірілген бейнелер келеді –

ертегі мәшиналары "Муррседес", "Бармалепель", "Лягуар" және т.б. Ең бастысы, бала ойнай отырып, оның жүзінен көңілді күлкісі кетпейді.

Ойын таңдаудағы басымдылығы

Көптеген педагогтардың тәжірибесі дәлелденді, баланың сабаққа деген ниеті «Воскобовичтің дамытпалы ойындары» ереже мен тапсырмаларын түсіндіру бір рет ұйымдастыру жеткілікті, ал қолжетімділік технологиясы балаға әр кезде ойынмен, өзіне жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мысалға, "Игровизор" машықтандыру ойыны, "Ларчик" үйрету комплекс ойыны педагог, тәрбиеші, немесе ересек адамға балалармен бірге қиялдап, өздік жүзеге асыру, оқу мүмкіндіктерін таңдауға қамтамасыз ету әдісімен әзірленген. Бірақ ойын-бұл дамыту технологиясы ғана емес. Жеткен жетістіктің принциптарын ескере отырып, ойын арнайы диагностика, жеке картаны құру, байқау арқылы, әлсіз жағын дамытуына мүмкіндік беретін дағды мен машықты қалыптастыру динамика диагностикасы мүмкіндігімен қоса жасалған. Воскобовичтің дамытпалы ойындарына мыналар жатады:

Чудо-Головоломки,Чудо-крестики, Чудо-цветик, Игровизор, "Долгоиграющая" папка, Лабиринты цифр, Лабиринты букв, Ларчик, сауат ашу бойынша ойындар:

Складушки,Теремки Воскобовича,Конструктор букв,Читайки 1 и 2, Копилка букв, Читайки на шариках. Воскобовичтің технологиясы-ойынның ертегі лабиринті.

«Шнур-малыш» туралы айта кетсек, бұл ойын 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған.

«Шнур-малыш» ойыншығы алғашқы көзқараспен қарағанда, оңай, қызықтырғыш, бірақ онымен қалай ойнау керек екендігін білгенде, өте-өте қызық болып көрінеді. Бұл үшін жиынтығында ата-аналар үшін схема мен дамытпалы ойындардың үлгісінің нұсқамасы көрсетілген.

Воскобовичтің авторлық әдістемесі жас оқушылардың мұқтаждығына сай. Ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, ұсақ моториканы жаттықтырады, осыған орай нәтижелері жақсы болады.

Балаларға бау арқылы кестелік диктантты жазуға қызық, ертегі кейіпкерлері үшін жол салуға, әріптер мен сан үйрену қызық.

Бала ойын арқылы ойлау, зейін салу және ынталылыққа бағыттауға үйренеді.

Ойыншық түсті пленкамен жабыстырылған сапалы фанерадан жасалған. Ойын алаңында кнопкалар бекітілген, сол кнопка арқылы бауды амалдап өткізуге немесе жан-жағына орауға болады.

Оқуды үйренуге арналған кубиктер.

2 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға арналған авторлық әдістеме

Кішкентай балаға сөздерді буынға бөлуге қиын. Воскобовичтің кубиктері- ерте оқуды үйретуге, балаларды мектепке даярлауға арналған тамаша оқу үлгісі. Көрнекілік, көркемдік және буынды құрастыруды үйрету, қызықтыратын ойынға айналады.

Алдымен балаға әр буынның дыбысы бар екенін ұғыну керек. Бұл құралдың барлық дауыссыз, дауысты дыбыстары 12 кубиктар-теремогында орналасқан.

Дауысты дыбыстармен балаларды көңілді әртістер таныстырады, олар өз өлеңдерін (дауысты дыбыстарды атап) әңдетеді.

Жиынтықта баламен өткізілетін ойын сипаттамасының толық нұсқамасы бар.Кубиктер найзаға салынған ыңғайлы платикті сөмкеде буып оралған.

Осы кубиктермен ойнағанда баланың сөз қоры артып, зейін, зерде үрдісі жетіледі. Материал: қағаз, қатты картон, фанера.

Қорытынды

Ойын қосу ертегі

«Ойынның ертегі лабиринті» технологияның алғашқы принципі мектепке дейінгі балалардың ойынды үйрету болып табылады. Ойында балалардың дамыту идеясы жаңашыл емес. Жаңашыл бұл жерде барлық үйрену үрдісі мектепке дейінгі баланы нақты ойынға енуі. «Ойынның ертегі лабиринті» технологиясы-бұл үлкен адам мен баланың белгілі сюжет (ойын және ертегіні) жүзеге асыру арқылы өзара әрекеттестік ойын формасы.



Дамытпалы ойындар баланы ұйымдастырылған іс-әрекетте қызықты өтеді, мотивациялық жоспар мәселесін шешіп, алған машық, дағды, білім мүддесіне қызығушылық пайда болады. Педагогикалық үрдістегі дамытпалы ойындарды пайдалану білім беру қызметін қайта құруына мүмкіндік береді: үлкендер мен өздері ұйымдастырған, балалардың бастапқы сабағынан таным ойын қызметіне ауысуға. Ересектермен бірге ойында жақсы қатынасудағы эмоциялар, қызық ойын тапсырмаларын орындау, көрнекті, ойын құралдарын бейнелілікпен безендіру баланың мектепке дейінгі мекемеге келуі көңілді етеді. Ереже бойынша ойындар балалардың да, ересектердің де, көңілін қалдырмайды және шығармашылық мүмкіндіктерге күш береді.


Қосымша ойын мотивацияны әдістемелік ертегілер құрайды. Олардың сюжетіне шектеусіз мақсаттар, жаттығулар, тапсырмалар, сұрақтар жүйесі енеді. Өте ыңғайлы-ертегі оқу, бала оны тыңдайды және білген сұраққа жауап береді, тапсырмаларды шешіп, орындайды.


Ойынды бастар алдында, автор мына шарттарды пайдалануын ұсынады:


  1. Алдын-ала дайындық: балаға ойнауды ұсынар алдында, толығымен әдістемелік құралы мен ұсыныстарымен таныстыру;

  2. Ойын кезіңде шамалы үзіліс жасау, бала үнемі орнында отырмауы керек. Ол үшін мына ойын сюжетін ойнап көруге болады: бала ұшбұрыштан қоянды жасайды-сосын орнынан тұрып, қоян секілді секіреді;

  3. Сөз қорын дамыту: ойын үдерісінде ауызша сөйлеу әрекетін тыңдау, ертегі кейіпкерлердің жаңа оқиғаларын балалармен бірге ойластырып, баланың сөз қорын дамыту.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Мектеп жасына дейіңгі балаларға арналған дамытпалы ойындар»

Автор: Коргамбекова Жанар Ормантаевна

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437362


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства