kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл дыбыстарын айтуға үйрету дағдыларын қалыптастыруда фонетика мен орфографияның әдістемелік негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл дыбыстарын айтуға үйрет үйрету жұмысы балалардың оқуға дайындық жағдайларын алдын- ала зерттеуден басталады. Жас баланың оқу еңбегіне үйрену дағдысы тым баяу қалыптасады. Бұл жұмысты ұйымдастыру формасының үш кезеңі бар. Біріншісі – дайындық кезеңі. Мектепте оқу жылы басталмас бұрын керекті жабдықтар алынып қойылады. Сынып іші оқуға эстетикалық әсер ететіндіктей етіп жабдықталады. Сөйтіп бірінші сыныпқа  оқушы қабылдау мерекеге айналады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл дыбыстарын айтуға үйрету дағдыларын қалыптастыруда фонетика мен орфографияның әдістемелік негіздері»

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТІЛ ДЫБЫСТАРЫН АЙТУҒА ҮЙРЕТУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ФОНЕТИКА МЕН ОРФОГРАФИЯНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ


Дұрыс дыбыстау дағдыларын қалыптастырудың фонациялық аспектілері


Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл дыбыстарын айтуға үйрет үйрету жұмысы балалардың оқуға дайындық жағдайларын алдын- ала зерттеуден басталады. Жас баланың оқу еңбегіне үйрену дағдысы тым баяу қалыптасады. Бұл жұмысты ұйымдастыру формасының үш кезеңі бар. Біріншісі – дайындық кезеңі. Мектепте оқу жылы басталмас бұрын керекті жабдықтар алынып қойылады. Сынып іші оқуға эстетикалық әсер ететіндіктей етіп жабдықталады. Сөйтіп бірінші сыныпқа оқушы қабылдау мерекеге айналады.

Мектеп жасына дейінгі кезең мектептер тәжірибесінде шамамен бір апта уақытқа созылады, Осы шақта мұғалім балалардың әрқайсысының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін байқап, анықтайды.

Дайындық кезеңінде оқу- тәрбиелік мынадай жұмыстар атқарылады:

-Балалар оқушы тәртібіне үйрене бастайды. Олар мектеп, сынып, тақта жөніндегі түсінік алады, мектепте олар үшін экскурсия жасалады. Оқушылар бір- бірінің аты- жөнін біліп, таныса бастайды.

- Балалар басқалармен қарым-қатынас жасауға тәрбиеленеді.

Сонымен бірге сұраққа жауап беру, іркілмей сөйлеу дағдысын меңгере бастайды. Мектеп, отбасы, Отан, астана туралы әңгіме айту немесе қысқа қызықты мәтіндерді оқу арқылы ой- өрісі кеңейтіледі. Әліппедегі сурет атаулылар танытылады.

  • Балалар зейін қоя тыңдай білуге тәрбиеленеді. Мұғалімнің айтқан әңгімесін немесе оқып бергенін түсінуге және түсінгенін айтып беруге үйренеді.

  • Дұрыс дыбыстаумен жұмыс жасатылады. Әліппе кітабындағы суреттерге қарап екі, үш сөзден тұратын дұрыс дыбыстау құрастырады, бірнеше дұрыс дыбыстаунен ықшам әңгіме жасайды. Дыбыс туралы бастапқы мағлұмат алып, дайындық кезеңінің соңында «а» дыбысымен және әріпімен танысады.

  • Оқу жұмысы да жүреді. Көркем әдебиет мәтіндерін мұғалім мәнерлеп оқиды. Оның мазмұны бойынша әңгіме өткезіледі. Балалардың білетін өлеңдері жатқа айтқызылады. Ертегі, жұмбақ айтылады.

  • Жазу дағдысы үйретіледі. Ол дәптер, қалам сияқты жазу құралдарымен, оларды қолдану жолдарымен таныстырудан басталады. Партаға отыру, дәптерді алдына қою, қаламды ұстау тәртіптері өте мұқият қадағалап үйретуді қажет етеді. Дұрыс, көркем жазу дағдысы осы кезден бастап қалыптасуы тиіс. Жазуға үйрету жұмысы әртүрлі сызық, геометриялық пішін, таныс нәрселердің суретін салдыру арқылы басталады..

Сонымен оқушыларының дайындық кезеңінің өзінде-ақ тіл туралы жинақ мәнді ұғымды білдіретін «дұрыс дыбыстау, сөз, буын, дыбыс» деген терминдермен таныстығы тәжірибелік тұрғыда қалыптаса бастайды. Балалар шылау сөздер қатыспаған жеңіл дұрыс дыбыстауды есту үрдісі арқылы қабылдап, дұрыс дыбыстауды сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа ажыратып талдайды, одан кейін қайта құрастырып, жинақтайды. Белгілі бір заттың суреті бойынша дұрыс дыбыстау құрайды. Тиісті бір дыбыстан басталатын немесе санаулы буындардан құралатын заттың атына лайық суретті табады. Дыбыс пен әріптің арасын ажыратады. Дыбыстық талдау жасатқанда, екі дыбыстан тұратын ашық және тұйық буындар алынады, оларды дыбыстарға ажыратып, я керсінше, дыбыстардан буын құрау жаттығуларын жасатқанда, дауысты дыбысты тірек ету тәсілі қолданылады. Мысалы, ауызша талдау- жинақтау үлесі мына тәрізді үлгіде болады:

Алма - сөзі -

-А – л – ма. Екі дыбыс, бір буын.

-Ал – м –а. Бір буын, екі дыбыс.

Ал – ма, Екі буын.

Бала бақша өміріне оңай көндігіп кете алмайды. Сондықтан баланы оқу үрдісіне бірте-бірте дағдыландыру керек. Дайындық кезеңі дәл осыған қызмет етеді. Бұл кезеңде сабақтың ұзақтығы 25 минут болады. Сабақ үстідегі жұмыс түрі әрбір 10- 12 минут сайын өзгеріп отырады, ой еңбегі мен дене еңбегі кезектестіріледі. Ойын элементіне елеулі орын беріледі. Ертек айту, жұмбақ шешу, сурет салу, көңіл ашар сияқты жұмыс түрлері көп қолданылады.

Мұнда жеңіл айтылуына, айқын естілуіне қарай топқа айырып оқыту қағидасы қолданылады. Сонда дауысты дыбыстар ішінде жеңіл танылатындары: бірінші – а, екінші – у, (су, шу, лу), үшінші – о дыбыстары; дауыссыздардан созып айтуға келетін әрі сөз, буын аяғы дыбысы өзгермей естілетіндері (ш, с, л, р, н, ң, м) бірінше топқа өтуге белгіленген. Сауат ашудың Әліппе кезеңдерін, әр кезеңде өтілген әріптерді кесте арқылы жинақтап көрсетейік:

Кезеңдер

Мезгілі

Өтілген әріптер

дауысты

дауыссыз

І

ІІ

ІІІ

ІV

9/ІХ-22/ІХ

23/ІХ-4/Х

2/Х-25/Х

26/Х-12/ХІ


а, у, о

ы, ұ

е, і, е, ү, и, ә

я, ю, э, е

Ш, с, л, р, н, ң, м

Й, т, д, қ, ғ

Б, п, з, ж, к, г

Х, в , ф, ч, ц, щ, һ, ъ,

Әрбір жаңа дыбыс Әліппе кітабындағы сурет бойынша әңгімелесу тәсілімен таныстырылады. Суреттің аты анықталады. Сурет аты болған сөздің ішіндегі жаңа дауыс аңғарылып, ататылады, ол дыбыстың жазудағы таңбасы - әріпі көрсетіледі. Одан кейін Әліппе материалы оқытылады. Бағана түрінде жазылған буындар, сөздер жоғарыдан төмен қарай, ал, дұрыс дыбыстаудер жол бойымен оқылатыны үйретіледі.

Тәрбиеші балалардың дұрыс дыбыстауды, сөзді, буынды және әріптерді жаңылмай дұрыс оқуын қадағалап отырады. Алғашқы кезде балалар көрсеткіш пайдаланады. Тәрбиеші баланы тексеру үшін, арнайы тапсырма беру тәсілін қолданады. Жеке оқушыға «пәлен буынды көрсетші», «пәлен сөзді оқышы» деген сияқты тапсырма арқылы оның қаншалықты дұрыс танып оқи алатын машығын байқайды. Әліппе материалын бақылап, тез танып кетуге «Әліппе-плакатты» пайдаланудың тигізер көмегі аз емес. Әліппенің беті үлкейтіліп және айнытпай өрнек, жазумен жасалған плакат ілінеді. Соған қарай отырып материалдары таныстырылады, жазулары оқылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл дыбыстарын айтуға үйрету кезеңінде дыбыстарды ажырату үшін пайдаланылатын әдістің кейбіреулері мыналар:

- Буындағы не сөз ішіндегі үйретілетін дыбысты көтеріңкі әуенмен айқындап айту әдісі арқылы ол басқа дыбыстардан ажыратылады. Жаңа дыбысты балаларға меңгерту үшін сол дыбыс қатысатын сөздер алынады. Жаңа таныстырылатын дыбыс сөздің басында, аяғында және ішінде болуы ескертіледі. Жаңа дыбысы бар ауызша талданған соң оның баспа түрдегі әрпі көрсетіледі. Содан соң Әліппе – плакаттан, әліппеден оқуға ауысуға болады;

- Жаңа дыбысты таныту үшін сөздерді дыбысталу жөнінен салғастыру әдісі қолданылады. Салғастыру әдісін қолданғанда, екі сөз кезек айтылып, олардың дыбыстарына назар аударылады. Балалар тиісті сөзді мұғаліммен қосылып айтып, бәрі бірлесіп таңдайды. Мысалы, оқушыға «т» дыбысын таныстырылатын болса, әуелі бұрын өтілген дыбыстардан құралатын ас, ала, маса сияқты бірнеше сөз оқылады. Дыбыстық талдау жасатылады. Содан кейін «ат, ата, тал, мата» сөздері айтылып, бұл сөздерде қандай жаңа дыбыс естілетіндігі анықталады. Сөйтіп ас-та, ала-ата, мал-тал, маса-мата сөздері жұпталып айтылу тәсілімен салғастырыла келіп, жаңа дыбыс аңғартылады, әріп көрсетіледі;

- Жаңа дыбыс сөз аяғына қалдырылып айтып, оны оқушыларға таптыру әдісімен де танытылады. Бұл әдісті қолданғанда, мұғалім сыныпқа бір затты, не заттың суретін көрсетеді де, оның атын оқушыларға таптырады. Содан кейін ол сөзді өзі толық айтып береді. Енді әлгі сөздің соңғы дыбысын қалдырып айтады да оқушылардан ол сөздің қалайша толық айтылатынын сұрайды. Балалар мұғалім қалдырып кеткен дыбысты тауып, оны қосып айтып, сөзді толықтырып береді. Мәселен, «р» дыбысын таныстырғанда, мұғалім сыныптың назарын өзіне аудара тұрып на...дейді де, балаларға тындатып, сөз тұтас айтылуы үшін қандай дыбыс жетпей тұрғанын сұрайды. Оқушылар «р» дыбысын қосып, нар сөзін жасайды. Сөзді тұтас бірнеше рет айттырады, одан «р» дыбысын ажыратып та айтқызады. Соңына Р,р әрпі көрсетіліп барып, оқу жұмысына кіріседі.

- Ерін қатынасымен жазылатын дыбыстарды үйреткенде артикуляциялау тәсілін де пайдаланған жөн. Дауысты дыбыстардың езулік және еріндік болып ажырайтын түрлерін айтқанда, ерінің қалпын бақылауға болады. Ал, дауыссыз дыбысты жеке атағанда оның алды-артынан дауысты дыбыс қосарламай айтуға үйретіліп, балалардың дыбысты дұрыс атау дағдысы қалыптастырылады. Үйретілетін дыбыс бір буынды сөзден я буыннан ерекшеленіп айырылғаннан соң, оның дыбысталу белгісіне әбден жаттықтыру үшін, сөз аяғында келетін мысалдар іздестіріледі. Ол тәсілдің әрі әлгі дыбысты анық айыруға және оқушылардың сөздік қорын молайтуға пайдасы тиеді. Мысалы, «з» дыбысын таныстырғаннан кейін, «аз, өз, оз, ез, із, үз, ыз» секілді сөздерді балаларға қайталата айтқызу жолымен ол сөздердің аяғында «з» дыбысы естіліп тұрғаны ұғындырылады.

Сөзді толықтыру әдісін қолданғанда, балаларға таныс сөздің алдына немесе соңына тағы бір дауысты дыбысты қосу арқылы жаңа сөз танытылады. Бұл жұмыс қосу және алу тәсілін қолдану жолымен орындатылады. Мәселен, оқушыларға он, ор деген сөздерді оқытып, дыбыстарына талдатылады да, енді осы сөздердің орнына «т» әрпін қостырып, «тон», «тор» сөздері жасатылады. Жаңа танытылған дыбыстың әрпін оқушыларға белгілі сөздің аяғына қостырып және қайта алдырып тастау арқылы оқушыларға сөз мағынасын байқатуға болады. Мысалы, «қ» дыбысын өткен кезде сана, тара сөздерін буынға, дыбысқа талдап алып, оларға «қ» дыбысын қостырып, санақ, тарақ сияқты жаңа мағыналы сөздер пайда болғаны түсіндіріледі.

Балаларды оқуға, жазуға үйрету сабақтарында қолданылатын дидактикалық маңызды құрал – кеспе әліппе. Кеспе әліппені қолданудың кейбір жолдары мына сияқты. Белгілі бір сөз әуелі талданады, одан кейін қайтадан құрастырылады. Мысалы, балалар «тары» сөзін «та» және «ры» буындарына, әр буынды дыбыстарына талдайды.

Буындар айтқызылады. Әрбір буын кеспе әліппе әріптерінен құратылады және оқытылады. Ақырында, кеспе әріптерінен тары сөзі тіздіріліп, дауыстап оқытылады. Сөздерді ұқсастығына қарап оқу тәсілі қолданылады. Тәрбиеші балаларға таныс дыбыстардан құралатын сөздің бір әрпін басқа бір әріппенен алмастырып, ол үрдісті балаларға бақылата тұрып, өзі дауыстап оқып береді. Балалар да көз алдарында пайда болған жаңа сөзді оқиды. Олар өздеріне берілген сөздің кейбір әрпін ұқсастығына қарай басқа әріппен алмастырып, жаңа мағыналы сөз табады. Мысалы, балаларға «шана, дала, нар», сөздері берілген болса, олар бұл сөздердің не алдыңғы, не соңғы дыбыстарын басқа дыбыстармен алмастырады. Сөйтіп «сана, қала, нан» сөздерін жасайды. Өзгерістердің қалайша болғанын дәлелдейді. Осындай ойластырылған сөздерді бірінің астына екіншісін келтіріп «сөз тізгішке» тергізуге, я болмаса тақтаға баспа әріптермен жаздыруға да болады. Мысалы былайша: шана, дала, дала, нар, сана, қала, нан.

Осылайша, сөздегі кейбір әріпті өзгерту жолымен сөз мағынасын түрлендіру пайдалы, өйткені жұмыстың тапсырмасын түрлендіріп, балалардың ойлау қызметінің белсенділігін артыруға болады. Мысалы, «сан» сөзіндегі «а» орнына қандай әріп қолданылса, «сән» деген сөз жасалады, деп тапсырма беріледі. Балалар жаңа сөзді табу үшін, алдымен «сән» сөзінің дыбыстық құрамын ойлап, талдау жасайды. Содан кейін керекті әріптерді тереді (с-ә-н), ойдан құралған сөзді оқиды. Бұл операцияда анализ – синтез әдісі қатар қолданылады.

Яғни, жас бала буынды, не сөзді жазбақ болғанда, екі ситуацияны шешуі тиіс. Олар әуелі нені жазу керек екендігін ойлайды, екіншіден, оның қалай жазылатынын жорамалдайды. Ал, берліген тиісті материалды кеспе әріптерімен қарағанда, бала жоғарғы қиыншылықтың біріншісінен түгелдей құтылады, әрі екінші ситуацияны жеңіл орындайды. Демек құрастырылатын буынды я сөзді дауыстап айта тұрып, қандай – қандай дыбыс естілетіне қарай оны жазудағы таңбасын - әріпті тауып теру үрдісін бірден орындайды. Кеспе әліппемен жұмыс жасалған уақытта ажыратылған дыбыстардың әріптері баланың көз алдында тұрады. Әріптерді саналы түрде іріктеп және оларды топтастыруы баланың есінде жақсы сақталады. Алдын ала талдатылған буындарды, сөздерді құрау және оларды оқыту ісінде буын ішіндегі дыбыстардың не әріптердің, сондай-ақ сөз ішіндегі буындардың бір-бірімен байланысын жақсы ұғынады. Нәтижесінде балалар буын қызметін меңгеруге жақсы даярланады..Балалар белгілі мөлшерде бормен тақтаға, әсіресе қаламмен қағазға жазғандағыға қарағанда, кеспе әріппен әлдеқайда көп сөз теріп үлгереді. Бұл да кеспе әліппе қолданылудың артықшылығына жатады.

Мектеп жасына дейінгі балалалардың тіл дыбыстарын айтуға үйрету кезеңі дағдысын меңгертуге орай көзделетін мақсат – сөзге дыбыстық талдау жасау, әрі дыбыстарды тиісті жазу таңбасымен машықтандыру. Ақыл-ой және қол қимылы жұмыстары балалардан әріптерді дұрыс таңбалап жазғанда сөзден әріп тастап кетпеу және әріптерді өзара ұштастырып жазу, дұрыс дыбыстау құрамындағы сөздерді бір-бірінен бөлек және дұрыс дыбыстау басында, адам мен жануарлар, таныс жер-су атын бас әріппен жазу талап етіледі.

Мектеп жасына дейінгі балалалардың тіл дыбыстарын айтуға үйрету кезеңінде дұрыс дыбыстаудан ұғым-білім беру тұрғысында төмендегідей жұмыс түрлері атқарылады.

Өздігінен дұрыс дыбыстау құра алатын болу. Дұрыс дыбыстауді меңгеру.

  • Екі сөзден тұратын дұрыс дыбыстаунен жайылма дұрыс дыбыстауге дейін, толымсыз дұрыс дыбыстаунен толымды дұрыс дыбыстауге қарай кеңейтілген ұғымда меңгеру.

  • Дұрыс дыбыстау ішіндегі сөздердің өзара байланысын табу, әсіресе, баяндауышқа меңгерілетін сөздерді және сөз тіркесіндегі сөздердің байланысын табу дағдысын меңгеру.

Балалардың түсінігін байқау әрі білімдерін бекіту үшін оларға кеспе әріптеріне лу, уа, су, шу буындарын құраттырып олардағы «у» дыбысының дауысты не дауыссыз болып тұрғандығы анықталады. Бірақ, «уа» буынындағы «у» дыбысын балалардың бірқатары созбай айтса, енді біреулері созып айтып, бұл буындағы «у»дыбысының дауысты, не дауыссыз екендігін оқушыларға ұғындыру қиыншылық кездестірді. «Уа» буынын тап осы арада кітапқа ендірудің методикалық жағынан тиімсіз екені байқалады.

Сабақтың келесі сатысында «дұрыс дыбыстау» ойыны жүргізіледі, соңынан қорытындыланады.

Бұл арада тәрбиешінің «у» дыбысы тақырыбына өткізілген сабағына жазбасы әдейі келтіріліп отыр. Өйткені «у» дыбысы Мектеп жасына дейінгі балалалардың тіл дыбыстарын айтуға үйрету кезеңінде төрт дыбыстан кейін оқылады. Әсіресе дауысты дыбыс мәнінде жұмсалатынын үйрету көзделді. Сонымен бірге осы арада «у» дыбысын әрі дауысты дыбыстардан бұрын келгенде дауыссыз болатын жағдайы да осы беттегі «уа» буыны арқылы байқалып тұр. Сонымен бір ғана «у» дыбысының бойынан кездесетін үш түрлі қасиетті бірінші сынып балаларына ұғындыру – методикалық тұрғыдан қиын мәселе. «У» дыбысының дауысты не дауыссыз болып тұрғанын айыру үшін мұғалім пайдаланған бірден-бір тәсіл дауыстың созылып-созылмай айтылуын бақылау және оқушыларға «у» дыбысы қатысқан буындарды айтқызып жаттықтыру болды. Оның өзі де балаларға формальды білім бергеннен аса алмайды. Әйтпесе «у» дыбысның дауысты, дауыссыз екендігін ол қатысқан буын құрамындағы сапасына қарап тану үшін балалар тіліміздің дауысты және дауыссыз дыбыстарын әлі айыра алатындай білімді меңгерген жоқ. Егер графикамызда орыс графикасындағы «и» мен «й» дыбыстарына екі таңба алынған сияқты, «у» дыбысының дауысты және дауыссыз болып келетін мәндеріне арнайы екі таңба берілсе, онда әлгі қиыншылықтардан құтылған болар еді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл дыбыстарын айтуға үйретуде «дыбыс пен әріп» тақырыбын үйрету жұмысы ол жөнінде әліппе кезеңінде өтілген материалдарды қайталаудан басталады. Сауаттандыру кезеңінде дыбыс, әріп туралы түсінік алған оқушылардан олардың ерекшелігі тәжірибелік тұрғыдан жаттығу жұмыстарын орындату жолымен еске түсіріледі. Дыбыстың сөз бөлшегі екендігі дыбыстарды тыңдату, айтып жаттығу тәсілдерімен меңгертіледі.

«Бір сарынды және бір бағытта үзік жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан, әсіресе мектеп жасына дейінгі даярлық топтарындарда оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек», - дейді К.Д. Ушинский.

Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де, саналы да, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады. Сол үшін мектептерде, соның ішінде білім негізгі қаланатын мектеп жасына дейінгі даярлық топтарындарда оқу мен тәрбие сапасын арттыру қашан да назардан шыққан емес. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде мектеп жасына дейінгі даярлық топтарында қазақ тілдің оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің берік игерілуін, тәрбие жұмыстарының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүргізілуде.

Мектеп жасына дейінгі даярлық топтарында қазақ тілін оқытуда оқушылардың шалағай меңгеруін жою, оқу үрдісін сапалы ұйымдастыра отырып оқушы белсенділігін арттыру мұғалімнің әдістемелік шеберлігінде екендігі сөзсіз.

К.Д. Ушинский: «... өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі, белсенділігін оята білуі мұғалімнің көрсеткіші», - дейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісіне үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөлеуін дамыту дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан ұстаздар мен ата-аналардың бұл ойындары белгілі талапқа сай ұйымдастырып отырулары керек.

Әр тәрбиеші күнделікті жұмысына дидактикалық «деректіден – дерексізге, жеңілден –ауырға, жақыннан - алысқа» дегенді негізге ала отырып, бірте-бірте күделендіре жүргізуіне болады. Ойын оқушылардың фонетиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді, өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады, сөз қорларын молайтуларына көмектеседі. Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағын қызығушылығын арттырады. Оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

«Дыбыс және әріп», «Дауысты дыбыс», оның жуан және жіңішке түрлері. Дауыссыз дыбыс. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар, олардың үндесуі және емлесі.Буын және буын үндестігі. Тасымал. Қазақ алфавиті – сынды сөздің фонетикалық құрамымен танысады.

Осы кезеңді тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабақта болмасын талапқа сай дайындалған көрнекілік пен жұмбақ, ребус т.б. араластыра отырып ойын түрлерін кеңінен пайдаланған дұрыс. Айтылған пікір дәлелді болу үшін ересек топтарда сауат ашу ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысын да қолданылатын бірнеше ойын түрін көрейік.

  1. «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны Ересек топтарын да сауат ашу дыбыс пен әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар жуан және жіңішке дыбыстар тақырыптарын өткенде, ересек топта у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз, кейде жуан, кейде жіңішке болып келуі, ы, і, и, я,ю әріптерінің жазылуы тақырыптарын өткен кездерде, э, ц, в, ф, ч, щ, х, һ дыбыстары мен әріптерінің ерекшкшеліктері тақырыптарын өткен кезде пайдаланылады.

Ойынға сөз ішінде бір әрпі қалдырылып кеткен бірнеше парақшалар жасалынады. Жоғалған әріптер парақшаларын жасағанда сөдерінің басынан, ортасынан немесе соңынан әріптер қалдырылады. Парақшалар сыныптағы әр балаға 5-6-дан келетіндей мөлшерде әр тақырыптың мазмұнына қарай (бір ойынға лайықтап) жасалуға тиіс. Ойынға ең алдымен оқушы (жаттыққанға дейін) оңай орындай алатын суретті парақшаларды қолдану керек.

«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны сабақта жаттығудың бір бөлімі ретінде 4-5 минут көлемінде жүргізіледі.

  1. «Қай буынды жоғалттым?» ойыны. Бұл ойын ересек топтарын да әліппені үйрету кезеңінде және буын тақырыбын өткенде сөздерді буынға дұрыс бөле білуге төселдіру үшін қолданылады. «Қай буынды жоғалттым?» ойынына бір буыны қалдырылып кеткен сөз парақшалары жасалынады. Ойын сабақты пысықтау кезеңінде немесе сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

  2. «Бұл қалай өзгерген?» ойыны. Бұл ойын 1-сыныпта әліппені үйрету кезеңінде д-т, б-п, о-е және а-ә әріптерін салыстыру сабақтарында, қазақ тілінен дыбыс пен әріп: дауыссыз, дауысты дыбыстар: а-ә, ұ-ү,о-ө әріптері бар сөздер тақырыптарын өткенде, 2-сыныпта жуан және жіңішке дауыстылар ы-і әріптерінің жазылуы, дауысыз дыбыстар тақырыптарын өткенде пайдаланыланады.

Ойын барысында балалар сөз ішіндегі дыбыстардың дұрыс жазылуына (егер сөздің бір дыбысы дұрыс жазылмаса), сөздің мағынасының өзгеріп кеткеніне назар аударатын болады. Сол сияқты жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың дұрыс жазылуына да көңіл бөлінеді.

  1. «Ізде тап» ойыны.

Ойын кісі аттарының бас әріппен жазылуы тақырыбын өткенде қолданылады.

Ойынға кісі аттарына сай бас әріппен және кіші әріппен жазылған бірнеше буындар дайындалады. Әрбір қалтаға 10 кісінің атын құрап шығатындай бас әріп, 10 кіші әріп кеспе буындары және ойын бастаушы үшін кісі аттары толық жазылған карточкалар салынып қойылады.

Бұған сонда-ақ « Қай буынды жоғалттым?» ойнының кеспе буындарын қолдануға да болады. Кеспе буындар мен сөз парақшалар төмендегідей.

Са, Ро, Ша, Ра, Мұ, Са, Сә, Бо, Ду. Ай, ра, ре, за, я, рат, кен, лат, ман, дар.

Кісі аттары: сара, Шара, Роза, Рая, Мұрат, Самат, Сәкен, Болат, Думан, Айдар.

Осы сияқты бірнеше қалталар жасалады.

Ойын тәртібі:

А) тәрбиеші әрбір партаға (екі оқушыға) бір қалтадан таратып береді. Олардың біреуі бас әріп буындарын, екіншісі кіші әріп буындарын алады. Ал кісі аты толық жазылған парақшалар мұғалімнің өзінде қалады. Кісі аттарының бас буынын алған оқушы оның бірін парта үстіне қояды. Екінші оқушы парта үстіндегі буынға сәйкес келетіндей парақшаны іздеп туыпоның қасына қояды.

ә) Мұғалім сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп өткізуіне де болады.

Әр ойынға арналған парақшалар Жеке-жеке қалталарға салынады. Жоғарыдағы үлгіге арнап жуан, жіңішке болып келетін ұқсас буындардан ойындар ұйымдастыруға болады.

Осындай ойындар үстінде оқушылар тәжірибе жасайды, себеп- салдарлық байланыстар мен тәуелділікті анықтауға тырысады. Олай болса, сабақта ойын түрін тиімді пайдаланған жөн.

Тіл дыбыстарын дұрыс айта білуді, меңгеруді сөйлеу үрдісінен бөліп қарауға болмайды. Логопедия пәнін оқушыларға саналы меңгеруде тіл дамыту жұмыстарының маңызы зор. Оқу жүйесінің жаңаруына байланысты баланың тіл дамуына құрастырған әдістермен жұмыс жасап келемін. Ауыл балалары дыбысты, әріпті есте ұзақ сақтай алмайды. Сондықтан оқушылардың тілін дамытуда, сөз қорын молайтуға өлеңдер, тақпақтар жаттауға, жұмбақтар шешуге үйреттім.

Сабағымның тіл дамыту бөлігіне жабайы жануарлар тақырыбын ала отырып, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, сабаққа ынтасын қызығушылығын арттыру.

Тақырыбы: К және Қдыбыстарын ажырату.

Мақсаты: Балаларды К және Қ дыбыстарын ажыратуға үйрету.

К,Қ дыбыстарының сөз ішіндегі орнын анықтау.

К,Қ дыбыстарын сөз, дұрыс дыбыстау ішінде таба білу.

К,Қ дыбыстары бар сөздерден дұрыс дыбыстау құрастыру.

К,Қ дыбыстары бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Коррекциялау.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, ойлау, есте сақтау, көз алдына елестету қабілеттерін дамыту. Балаларды әдептілікке , адамгершілікке, табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: Үлкен плокатқа жаз мезгіліндегі орман суреті. Жабайы аңдар суреті плокатқа қалта арқылы алмалы етіп жасалынған, әрбіреуінің артында сұрақ не тапсырмалар бар;қоңырау сылдырмақ, перфокарталар.

Бүгінгі сабағымызда жаз мезгіліндегі ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Кәмшат қыз орманда саңырауқұлақ теруге барғанда кәрзенкесін ұмытып кеткен.

Кәне осы Кәмшатқа болысайық. Алдымызда көптеген қиындықтар кездеседі.

Алдымыздан қоян шықты. Егерде К мен Қ дыбыстарының артикуациялық кескіндерін айтып берсеңдер мен сендерге жол көрсетемін дейді.

Балалар: Қ дыбысы ерніміз ашық күрек тістер белгілі бір қашықтықта жатады. Тілдің ұшы тілмен, бірақ тіске тірелмейді, арты көтеріліп жұмсақ таңдайға тіреледі.

К дыбысы.

Ерніміз ашық. Күрек тістер белгілі бір қашықтықта сақталады.Тілдің ұшы төменде. Тілдің арты жұмсақ тандайға қабысады. Іштей келген ауа қысымының дүмпуінен тандаймен тілдің қабысқан жері серпіліп ауа сыртқа шығады. Қ дыбысын тамақпен айтамыз. К дыбысын тез айтамыз.

-Балалар, бұл дыбыстар қай жағынан ұқсас.

-Оқушылар: Екеуі де дауыссыз, қатаң, шұғыл.

-Балалар, мен сіздерге қоян туралы айтып берейін. Қоянның денесі иілгіш, ұзын, қарауға, секіруге икемді. Құйрығы қысқа “Қоянды аяғы құтқарады” деген мақал бар. Ол өз жауынан жүйріктігі арқылы құтылады, ұзын құлақтары дыбысты, жылыны жақсы сезеді. Қоян терісінің түсін екі рет өзгертеді. Жазда терісінің түсі шөп түстес, ол қыста ақ болады. Терісінің түсінің өзгеруі жаулардан қорғануы үшін.

Сіздер қоян тапсырмасын орындаңыздар. Жұмбақ шешу арқылы келесі алдымыздан шығатын аңды кездестіреміз.

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

Балалар: Кірпі.

Алдымыздан кірпі шықты, ол да тапсырма алып келген.

Кірпі жауларынан қалай қорғанады?

Балалар: Кірпі жауларынан тікенегі арқылы қорғанады.

Кірпінің өзі момын, әрі ешкімге зияны жоқ.

Дыбыстарды тыңдау: К дыбысына сөздер айтқанда қолдарыңа қоңырауды аласыңдар, ал Қ дыбысына сөздер айтқанда сылдырмақты аласыңдар.

А. (кітап, кілем, кеме, көз, көбелек. )

Б.(қарбыз, қалам, қара, аққу, қайын.)

Сөздік лото ойыны. Қарбыз, күн, ай суреттері.



К


Қ

Л


Қ

А. Қ дыбысына сөз айтқанда қарудың суретін алты лотқа жазу керек:

Ә. К әрпіне сөз айтқанда Қ және К дыбытарының суретін алып К лотоның жабу керек;

Б. К және Қ дыбыстары жоқ суретті алғанда ай суретін алып, бос лотоны жабу керек.

Кірпі тапсырмасын да орандадындар, кірпі сендерге рахмет айтып, жол көрсетті.

Бал жақсы көретін қандай аң?…Аю алдымыздан шықты.Мына буындарды оқысаңдар және сөздерге дыбыстық талдау жасасаңдар мен сендерге жол көрсетемін дейді.

А.Кә-кә-кә. Кәмшат. Әк-әк-әк. Әке.Ке-ке-ке. Кеме.Өк-өк-өк. Өкпе. Кү-ккү. Күн. Үк-үк-үк. Үкі.

Ә. Сөздерге тілдік талдау жасау.

Қала Кесе

Қызыл түс-дауысты дыбыс.

Көк түс дауыссыз дыбыс.

Балалар: қала, кесе сөздерінде 4 әріп. 4 дыбыс бар. Екі буын. 2 дауысты. 2 дауыссыз дыбыс бар.

Аю туралы сіздерге айтып берейін.

Аю жыртқыш аңдарға жатады. Аю екі түрге бөлінеді: ақ және қоңыр аю. Аюлар қыста апанда ұйықтайды. Ол үшін жазда май қорын жинайды. Аю жеміс-жидектермен, балықтармен қоректенеді. Ол бірақ араның балын бәрінен де жақсы көреді.

Аюдың тапсырмасын орындаңыздар.

Жұмбақ.

Сайқымазақ қулы ит бар, барған жерде ұры ит бар.

Балалар: Түлкі.

Енді түлкінің тапсырмасын орындаймыз.

Түлкі орта жолда келе жатқанда, дыбыстарды қоюды ұмытып кетеді.

А. Плакатта суреттер.(қарбыз, көйлек, қайың, кітап.)

…арбыз,…өйле,…айы,..ітап,..оржын.

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді суреттерге қарап қою керек.

Ә. Перфокартамен жұмыс.

Түлкі қандай аң?

Түлкі жыртқыш аң. Дене құрлысы ит пен қасқырға ұқсайды. Түлкі қысқы азық жимайды. Ол иісті жақсысезеді. Ауа райы қолайсыз болғанда үңгірде жатады.

Балалар, алдымыздан тиін шықты. Ол мынадай мынадай тапсырма алып келді. Орны ауысқан сөздерді дұрыс жазу.

Өріске, мал, жайылды.

Қаңқылдаған, қаз, үйрек.

Көлде, жүзе, олар, бастады.

-Тиін туралы не білеміз?

-Тиін өте еңбекқор. Ол өзінің терісін жазда, қыста өзгертеді. Сөйтіп ол жауларынан қорғанады.

Сергіту сәті.

Қазым, қазым қаңқылда,

Суда жүзіп салқында.

Балық ілгіш шағала,

Көп теңізді жағала.

-Оқушылар жауабы: Жабайы аңдар.

-Барлық қиындықтарды жеңе білдік. Кәрзенкемізді алып үйімізге оралдық. Сендерге Кәмшат қыз көп рахметін айтты.

Қорытындылау:

  1. Бүгін сабақта қандай дыбыстарды ажыратуды үйрендік?

  2. Біздер қайда саяхатқа шықтық?

  3. К мен Қ дыбыстардың сөздің қандай буындарында кездеседі?

  4. Сабақта қандай жабайы жануарлармен таныстық?

5.Сабақ соңында оқушылардың білімі бағаланады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Уалитова Айкун Аскатовна

Дата: 31.01.2018

Номер свидетельства: 453846


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства