Просмотр содержимого документа
««Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие берудегі үлкендердің ықпалы»»
Алматы облысы
Балқаш ауданы
Ақдала ауылы
«Балауса» балалар бақшасы
Тәрбиеші: Қонысбаева Гүлбахыт
Абдигалыковна
«Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие берудегі үлкендердің ықпалы»
Адамгершілік дағдыны қалыптастыру – бала мінез құлқын қалыптастырудың маңызды бөлігінің бірі. Баланың қалыптасқан адамгершілік дағдылары ең алдымен оның жүріс- тұрысында, сыртқы келбетінде, сөйлеу мәнерінде, оның заттарға деген көзқарасында, айналадағы адамдармен қатынасу мәдениетінде көрініс табады.
Балаға бұл дағдыларды үйренуді жеңілдету үшін оны бірнеше іс-әрекетке бөліп қарастырған дұрыс. Мысалы, ойыншыққа ұқыпты қарау- бұл: машинаны жіп тағып сүйреу, доңғалақтарын қатты баспау, оған отырмау, қуыршақты лақтырмау, егер сынып қалған жері болса, оны жөндеп беруді сұрау, ойыншықты кірлетпеу, ойнап болған соң орнына жинап қою т.б.Осындай нақты да қысқа ережелерді орындау арқылы бала тиянақтылыққа үйренеді.
Балаңыздың досының ойыншығы көмектесуіне, кішкентай сәбиге қамқор болуына, үлкендердің өтінішін аяқасты етпеуіне жағдай жасаңыз. Есіңізде болсын, тек үнемі ескерту арқылы дағдылар тәртіпті өмірдің ажырамас бөлшегіне айналады. Баланың ойыны мен әрекеттеріне үлкендер сыйластықпен, түсіністікпен қарауы тиіс. Мысалы, ұлыңыз кішкентай қарындасына ертегі кітапшасындағы суретті көрсетіп, оның мазмұнын айтып беріп отыр. Ата-ана балаларға кедергі келтірмей, оған сұрақ қоймай, қатты шуламауға тырысуы қажет. Балалар өз әрекетіне ата-анасының түсіністікпен қарайтынын білетін болады. Осыдан кейін олар да басқалардың жұмысына кедергі келтірмеуге тырысатыны анық.
Бәрі ыңғайлы орналасқан, таза бөлмеде бала ұқыптылыққа үйренеді. Егер бала ойыншықты өзі алып, өзі жинай алатын болса, ол тиянақтылыққа үйренеді.
Сонымен қатар баланың үлгілі тәртібін мақтап отыру қажет. 5 жасқа дейінгі баланы мақтауға ешбір сөз аямаңыз! Бұл олардың сезімін оятып, жаңа іске құлшынысын тудырады.
5 – 7 жастағы балаларға олардың қылықтарының қай жері дұрыс, немесе бұрыс екенін түсіндіріп, жеткізіп отыру қажет.
Көркем әдебиетті кеңінен қолданыңыз – әдептілік, қайырымдылық туралы әңгіме, тақпақтар, ертегілер көптеген жағдаяттар туралы хабар беріп, оларды бағалауға мүмкіндік береді.
Ересек балалармен әдептілік нормалары туралы сұрақ қоя отырып әңгімелесуге болады. Бұл жерде ұзақ сонар ақыл айтудан, моораль оқудан аулақ болыңыз. Бұндай әңгімелер балалардың қайырымдылық, мейірбандық, қайырымдылық туралытүсініктерінің қалыптасуынасеп болады.
Сонымен қатар тәртіп ережелері мен нормаларының орындалуын талап етіңіз. Бала түрлі талаптарды жеңіл орындайды егер олар дер кезінде және жүйелі талап етілсе. Баланың нені орындай алатыны да ескерілуі тиіс, ол шектен тыс көп болмауы тиіс немесе бала оны жеңіл орындай алатын болса, онда алға ұмтылыс тумайды. Және де үлкендердің талабының бірізді болғанын да атап өту керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларда іргетасы қаланатын маңызды әдеттердің бірі – шыншылдық. Шыншылдықты дамыту әділ талаптар болғанда ғана іске асады.
«Балауса»бабалар бақшасы
Баяндама
«Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие берудегі үлкендердің ықпалы»