Мектепке дейінгі балалардың тілін, сөйлеу мәдениетін шығармашылық қабілетін, ұсақ моторикасын жіппен қалыптан тыс тәсілдерді қолданып қалыптастыру.
Мектепке дейінгі балалардың тілін, сөйлеу мәдениетін шығармашылық қабілетін, ұсақ моторикасын жіппен қалыптан тыс тәсілдерді қолданып қалыптастыру.
«Тілі дамымаған баланың ойы да дамымайды» деген халқымыз. Білім өмірде – таяныш, жолда – дос, қуанышта – бастаушы, күресте – құрал деп бекер айтылмаған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі балалардың тілін, сөйлеу мәдениетін шығармашылық қабілетін, ұсақ моторикасын жіппен қалыптан тыс тәсілдерді қолданып қалыптастыру.»
Мектепке дейінгі балалардың тілін, сөйлеу мәдениетін шығармашылық қабілетін, ұсақ моторикасын жіппен қалыптан тыс тәсілдерді қолданып қалыптастыру.
Қарағанды қаласы
КМҚК «Гауһар» б/б
Магрупова Кырмызы Жумагелдыовна
«Тілі дамымаған баланың ойы да дамымайды» деген халқымыз. Білім өмірде – таяныш, жолда – дос, қуанышта – бастаушы, күресте – құрал деп бекер айтылмаған.
Егемен еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, іздемпаз, барлық оқу қызметінде шығармашылық бағыт ұстнатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.
Бұл баламен тікелей қатынаста отырған педагогтарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әр маман иесінің өзінің саласы бойынша білімін тәжірибемен ұштастыра білуінің өзектілігі ешқашан мәнін жойған емес. Өйткені балаға берілетін білімнің ғылыми негізі жан –жақты айқындалып, өзіндік нақты ұстанатын болса, әр маман өзінің қойған мақсат – міндеттерінің игі нәтижесін көреді.
Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат, жан – жақты білімді өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру. Бұл ең алдымен балалардың жалпы педагогикалық көзқарастары мен сенімдері, өздерінің жалпы мақсат – белсенді қызметі негізінде ұйымдастыру керек, олар өз қызметінің мақсаты мен маңызын саналықпен түсіне білу, осы мақсатқа жетуге қажетті біліктері мен дағдыларын пайдалана отырып, белгіленген деңгейлеріне жету жолдары болу керек.
Әлем ақпараттық қоғамға аяқ басқан қазіргі заманда ақпараттық мәдениет кез – келген мемлекеттің басты дәлелі болып отырғаны сөзсіз. Егемен еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, іздемпаз, барлық оқу қызметінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр
Жаңа ақпараттық технологиялар білім мен мәліметтерді әр түрлі формада, әр түрлі күрделі деңгейде ұйымдастыруға қажетті модульге тез арада қол жеткізуге, қолайлы жылдамдықпен бірнеше рет қайталап отыруға мүмкіндік береді. Білімберу процесінде табиғи және дәстүрлі емес жағдайда кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, мотивацияны жоғарлататын материалдарды жақсы меңгеруге көмектесе алады, жаңа сапалық деңгейіне қол жеткізеді.
Сауалнамалар, диагностика тексеру қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ересек топ балаларында мынандай проблемалар анықталады: Біріншіден - тілдері нашар дамыған, сөздік қорлары аз, өз ойларын еркін жеткізе алмайды; Екінші мәселе – ол орыс тілді балалар. Сондықтан да «Жаңа технологиялық тиімді әдіс – тәсілдері қолдана отырып, сол арқылы балалардың тілдерін дамыта отырып шығармашылыққа баулу» .
Зерттеу нысаны: ортаңғы және ересек топтар. Зерттеу пәні: «Тіл дамыту», субъект-субъектілік қарым-қатынас (коммуникация). Болжам: Егер білім беру ортасында қарым-қатынас педагогикалық, психологиялық тұрғыда қолайлы ықпал ететін ахуал болса, тілі дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады. Педагог алдындағы балаға субъект ретінде қарап, оның ой белсенділігін, саналы әрекет белсенділігін күнделікті дамыта білуі керек. Сонда ғана тілі дамыған, өзіндік ой-тұжырымы, ұстанымы бар, өмір қағидаларына бейімделген, шығармашыл жеке тұлға қалыптасады. Күтілетін нәтиже: ақыл-ойы дамиды; танымдылық қызығушылығы артады; шығармашылық белсенділігі артады; коммуникативті құзіреттілігі артады. Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі құру ерекшеліктері, іс-әрекетті жүзеге асыру үшін ішкі және сыртқы ахуалдарды үйлестіру тәсілі, іс-әрекеттің объектілік және субъектілік мақсаттары мен міндеттеріне орай барлық психикалық процестерді, қасиеттерді, кейіпті байланыстыру орталығы. Қазіргі кезде жеке тұлға өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын, бәсекеге қабілетті және құзіретті ,білімді, жан-жақты болу үшін алдымен оның тілін дамыту керек. Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштердің бірі-оның тілі болып табылады. Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс.Бала тілін дамыту ең бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілікті, өз сұранысын айтуға талпынуынан туады.Тіл байлығынның мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс ,ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып табылады.
Балабақша психологымен бірге балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлей білу дағдылары ,зейін ,қабылдау, фонематикалық есту, ойлау, есте сақтауларын зерттеу жүргізілді. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мынадай қиындықтар кездеседі: 1. Сөздік қоры тапшы бала сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын дәл білдіруге қажетті сөз таба алмай, сасқалақтап қиналып қалады.Баланың сөздік қоры біршама мол болғанымен, ол актив емес пассив болып есептеледі,яғни бала көптеген сөзді біліп, ұғына тұра, оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмайды. 2. Балалар арасында дыбыстарды бұзып айтушылық, «Р» орнына «Л»/ ротацизм/, «С» орнына «Ш» /сигматизм/;
3. Ойларын шашыратып, байланыссыз айту.
Сондықтан дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану баланың тіл дамуына, шығармашылығының дамуына мүмкіндік береді. Техникалық дағды мен тәсілдерді меңгеруі дүниені өз сұлулығымен бейнелеуге әсерін тигізсе, ең маңыздысы сол. Жіппен сурет салу тәсілі үлкен көмегін тигізуі сөзсіз. Себебі жүргізілген жіппен сурет салу+тіл дамыту жұмыс барысында- мәтін құрату, мәтінді сөйлемге, сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жұмыстар жүргізіледі. Жіппен бейнелеу өнер түрі ретінде бірінші рет Англияда пайда болды. Ағылшын тоқымашылары жіптің тоғысуының аса бір керемет тәсілдерін ойлап тапты. Олар тақтайшаларға шегелер қағып, белгілі бір тәртіп бойынша жіпті тартқан. Бұның нәтижесінде сәнді шілтерлі бұйымдар дүниеге келіп, олар тұрған үйдің сән- салтанатын келтіріп тұратын болған.
Қазіргі уақытта жіппен бейнелеу өнері бұйымдарды және тұрмыс заттарын, интерьерді безендіруде, сыйлықтарды орындағанда кеңінен қолданылады.
Жіппен бейнелеудің орындалу техникасы түрлі жастағы адамдарға түсінікті және өте жай орындалатын жұмыс. Балаға ол қиын, оны қабылдау үшін екі негізгі қарапайым тәсілдерді меңгерген жөн: бұрышты толтыру; шеңберді толтыру; мүсінді жасау т.б.Соңынан мұндай тапсырмаларды балалар бірінен-бірі меңгеру оқу қызметі арқылы көркем әдебиет, тіл дамыту кезеңдерінде меңгереді. Сөйлем құрату-балаларды дұрыс та нақты сөйлеуге дағдыландырудың ең тиімді жолы. Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлу керек. Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу.Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді.Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады.Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, тапқырлыққа үйретеді.Қолданатын жұмбақты оңайынан бастап, бірте-бірте күрделендіріп отырамын. Балаға ертеден бастап мақал-мәтелдер көбірек үйретіліп, тілдерін дамытудың негізгі тәсілі- мақал-мәтелдер үйрету
Ашу- дұшпан., ақыл- дос..................... Туған жер,………………………………
Нәтижесінде баланың тілі,ойлау қабілеті дамиды.Мақал-мәтелдер балаларға ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын дамыта түседі, сөйлеу мәдениетін дамытады.
Балалардың ой-қиялын дамытып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі-ертегілер. Ертегілердің қай түрі болмасын баланың ой-өрісін, тілін, дүниетанымын дамытады, сөз байлығын арттырып , сөздік қорын кеңейте түседі. Сөз-тілдің негізгі өлшемі. Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Сөздік жұмысы балаланың ойын дамытумен тығыз байланысты. Ойы шашыраңқы балалармен айтар ойын тәртіппен, жүйелі сөйлеуге үйрету жұмыстарын сабақтан тыс уақытта жүргізу. Балаларды ойды білдіруге көмегі жоқ, артық сөздерді қолданбай, таза сөйлеуге дағдыландыруда жұмыс жүргізіліп жатыр. Балаланың сөйлегенде асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетіне де жаттықтыру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар әңгімелеу барысында сұрақ қоя білу, өзіне қойылған сұраққа тиянақты жауап қайтара алуға дағдыландыру. Балаларға көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету қажет. Қазіргі кезде «Жаңатехнологияны технологияның тиімді әдіс-тәсілдерді арқылы балалардың шығармашылыққа баулу білім беру жүйесін дамыту» ісіне берері ұшан теңіз.Сөйлеу тілін дамытуда ата-аналардың да көмегі зор.Сондықтан баласымен сөйлесуде ата-аналардың тіл шеберлігінің болуы, бала тіліне үлкен ілтипатпен қараулары жайында ата-аналармен ағартушылық жұмыстар жүргізу. «Ата-аналардың тіл мәдениеті» атты дөңгелек үстел өткізу.Аз да болса баланың тілін дамыту жайында білімдерін толықтырды деп ойлаймын Қорыта айтқанда, «Біздің заманымыз – жазу заманы....Сөздің жүйесін қиысын келтіріп жаза білуге,сөз қандай орынды қалай өзгеріліп, қалайша бір-біріне қиындасып,жалғасатын жүйесін білу керек»
Оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастыруда тілді дамытып оқытуды өне бойы өмір серік етіп алғанымыз жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Яковлев В.В.Метод проектов как спосов реализации компентентностного подхода к современному учебно-воспитательному процессу /В.В.Яковлев,С.Ф.Пачко //Образование в современной школе- 2008,-?1,-б.15-22 2. ҚазақстанРеспубликасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, 2006. 3. Абулханова К.А.О субъекте психической деятельности.-М. 1973. 4. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.-СПб.:Питер,2001 5. Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение.-М.-Воронеж,1996. 6. Истратова О.Н., Эксакусто Т.В. Справочник психолога начальной школы. –Ростов н/Д: «Феникс», 2004, 141-143 б. 7. Гоноболин Ф.Н. Психология.-Алматы, «Мектеп»,1976, 37,63,71 б. 8. Молдабеков Қ. Тілдамыту. Алматы, Республикалықбаспа кабинеті,1993.