Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары»
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары
Алиева Гауһар Сагинбаевна
№32 ЖББОМ КММ, 0 - сынып мұғалімі
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың негізі болып отыр және басты мәселелердің бірі де осы. Бұл ХХІ ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі,технологиялық мәдениет пен интерактивті ресурстармен жұмыс жасайтын ғасыр. Білім беру үрдісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану ғасыры. Сол білімді мықты тұғырлы етіп ұйымдастырумен қалыптастыру үшін интерактивті оқытудың білім беру ісіне тигізер ықпалы мол. Сондықтан ұстаздар оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялардың мән- мағынасын терең түсініп, өз тәжірибесінде қолданудың маңызы өте зор. Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын», - деген қанатты сөзді еске түсіреді. Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту ұстаздың сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, балалардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында бала екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану баланың өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с. Электронды оқулық арқылы бала көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі болып табылады. Оқытудың интерактивті әдістері: интерактивті сабақ, видео-аудио материалдарды қолдану, компьютерлік оқыту, рольдік ойындар (оның ішінде бейнежазбаға талдау жасату арқылы), тренингтер, кейс-стади ( case-stady – нақты, практикалық жағдаяттарға талдау жасату), (нақты жағдаяттарды ( Fallstudie), іскери ойындар, шағын топтардағы жұмыс, топтық дискуссия, миға шабуыл жасау, жағдаяттық ойындар, жобалау әдісі, портфолио, проблемалық тапсырмалар, жарыстар, әркім-әркімді оқытады, мозайка, бағаланатын дискуссия, деңгейлік тапсырмалар т.б. Әрине, бұл әдістерді қолдану баланың жай дәрісінен гөрі көп уақытты талап етеді. Алайда, «оқыту пирамидасына» байланысты, нақ осы кезде ғана білімді жетік меңгеру жүзеге асады. Интерактивті әдістерінің мақсаттары: 1.Ақпаратты қабылдап, бағалай алуы; 2. Ақпаратты талқылауға қатыса алуы; 3. Шешім қабылдай алуы; 4. Өз пікірлерін топтың басқа мүшелеріне жеткізе алулары; 5. Ортақ мақсаттарға жету үшін топ мүшелерімен бірлесе әрекет ете алулары қажет. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану арқылы балалардың төмендегідей тұлғалық сапалары дамиды: - Белсенділік пен тапқырлықтың артуы; - Сын тұрғысынан ойлау, өз пікірін дәлелдей алу мүмкіндігінің дамуы; - Қабылдаған шешімдеріне жауапкершілік сезімдерінің артуы; - Қатысымдық дағдыларының артуы; - Адамның жасырын мүмкіндіктерінің ашылуы; - Ынтымақтастық пен топтық жұмысқа қабілеттіліктің қалыптасуы; - Одан әрі өз бетімен оқу қабілетінің дамуы. Жағымды атмосфера тудыратын, қатысымдықты ұйымдастыратын интерактивті әдістердің үдерісі ұстаз тарапынан өзге тілді ортаға енгізу кезеңінде жүзеге асырылатын « коммуникативтік шабуыл» өзара әрекеті арқылы сипатталады. Ондай әдістерге «Сұхбат», «Дөңгелек үстел» (дискуссияға үйрету кезінде), «Ассоциациялар», «Сөйлеу минутасы», «Рефлексивті шеңбер», «Тірек сызба», «Сергіту жаттығулар», «Фразаны аяқта», т.б. жатады. Интерактивті оқыту – адамдар қарым-қатынасының ынтымақтастықты негізіне құрылады. Жұпқа, топқа, ұжымға бөлініп бір мақсатқа жету үшін бір-бірімен түсінісіп, ортақ сөйлеу әрекеті іске асырылады. Оқытудың өзара әрекетінің түрлері мен тәсілдері тіл үйренушілердің қарым-қатынас жасауға, ақпаратпен алмасуға белсенді және үздіксіз жұмылуын қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісі. Әдетте мұндай қарым-қатынас балалар әлдебір мәселені талқылап соның шешімін табуға талпынған маңызды. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі - балалардың өз бетінше ой қорытып жауап табуға үйрету. Интерактивті технология өзара қарым -қатынастың мол ауқымын қамтиды. Білім берудегі интерактивті технология мұндағы интерактивті сөзі - «inter» - бірлесу, «aсt» - әрекет жасау ұғымын білдіреді. Сабақ барысында баланың топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық балалардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту әдісі. Интерактивті әдісімен оқытқанда, баланың: -ақыл-ойы дамиды, -еркін ойлауға мүмкіндік береді, -шығармашылық белсенділігі артады, -ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді, -тіл байлығы жетілдіріледі, -жан-жақты ізденушілігі артады.
Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісін мен өзіміздің тәжірибемізде қолданып келеміз. Мысалы біздің жобамның тақырыбы: "Балалардың мектепке даярлығын зерттеу ". Біз сол жобамыздағы тапсырмаларды интерактивті тақтаның арқасында орындаймыз. 1. Баланың бейнелі қиялын дамыту әдісі. Суретті аяқтап екінші жартысын сал. Нұсқау: Балалардан суретті аяқтап салуын талап ету. Салынып болған соң, баладан ненің суретін салғанын сұрау, әңгімелеп беруін өтіну.
2. Баланың мектеп жасына жетілгенін анықтау Куглер тесті Нұсқау: Қағазда 7 пішін бірте-бірте күрделене салынған . Балаға осы пішіндерді сол үлгіде көшіріп салу тапсырылады. 5-6 жасар баланың 5 пішін үлгісін салуы қалыпты жағдай. 7 жасар баланың 5 пішін үлгісін сала алмауы, көп жағдайда баланың дамуында тежеліс барын көрсетеді.
3. Балалардың мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс. «ҮЙШІК» Нұсқау: «Алдында қағазбен қарындаш жатыр. Тақтада суретте тұрған үйшікті көшіріп сал. Асықпа, жақсылап қарап ал, суретің дәл осындай үлгіде болсын. Егер қателесіп кетсен, өшірудің қажеті жоқ, жанынан дұрыстап сал. Саған тапсырма түсінікті ме? Баланың жұмысы барысында назар аударатын жағдайлар: А) Бала қай қолымен сурет салып отыр (оң қолымен,сол қолымен)? Ә) Үлгімен қалай жұмыс істеп отыр, үлгіге жиі қарай ма? Көргені бойынша салып отыр ма? Б) Сызықтарды тез немесе баяу жүргізе ме? В) Жұмыс барысында бала алаңдай ма? Г ) Жұмыс соңында салған суретін үлгімен салыстыра ма?
Жұмыс балдық жүйемен бағаланады.
А) Егер қандай да бір бөлшегі ұмытылып қалса 4 балл (шатыры,мұржасы, терезесі). Ә) Егер қандай да бір бөлшегін үлкейтіп салса 3 балл. Б) Егерде қандай да бір бөлшегі дұрыс салынбаса 2 балл. В) Егер қандай да бір бөлшегі кеңістікте дұрыс орналаспаса 1 балл.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісін мен өз тәжірибемде қолданып келемін.Мысалы «Құрманғазы»тақырыбында өткен сабақта «Адай»күйін көз жұмдыра тыңдатып,баланың ойын,түсінігін сұрап,басқа жолдастарының жауаптарымен салыстырып,содан соң бейнеклипті көрсеттім. Сабақтың жаңа ақпаратты қабылдау бөлімінде оқушылар тақтада берілген тапсырманы көріп, түсініп, жауабын тауып,тапсырманы толық,дұрыс орындауға тырысады. Тапсырманы орындауға барлық бала қатысады. Әсіресе тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу балалардың өздері жазбаша жұмысты қызыға орындайды.Өйткені интерактивті тақтаның келесі бетінде ол тапсырманың дұрыс жауабы беріледі,сол арқылы бала өзінің жауабын салыстыра тексеріп,өзін-өзі бағалайды. Топпен жұмыстану барысында белсенділік көрсете отырып,топтау,Венн диаграммасына түсіру,сәйкестендіру әдістерін интерактивті тақтада орындап,уақытты үнемдеуге болатынын көруге болады.Сабақты бекіту бөлімінде активпультті пайдаланып,уақытты үнемдеу,оқушының шапшаңдық қабілетін,өз білімінің нәтижесін көруді дағдыландыруға болады.Кластан тыс өткізген «Кім зерек?» интеллектуалды ойынында «Кім ойлы?» бөлімінде, «Шешендік өнер» бөлімінде берілген тақырыптар бойынша мәтін құрастыру,көпшілік алдында әңгімелеп айтып беру тапсырылды: а) «Тәуелсіздік айшықтары-еліміздің рәміздері» ә) «Желтоқсан құрбандары» б) «Отаным-Қазақстан» әдістерін қолдану арқылы баланың ойлау,еске түсіру,өз ойын жетік,түсінікті жеткізуге тәрбиелеу. Ұлы педагог М.Жұмабаев: «Баланы тәрбиелеу қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалын қайратымен шеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел адам етіп шығару. Бала мұндай адам қыла алу үшін тәрбиені бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек» деген болатын. Олай болса, ұстаздардың алдында тұрған бірден-бір мақсат балалар алған білімдерін пайдаға асырып, өзара әрекет ете алатын азаматтың ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу. Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш технология нәтижелі жетістік, балалар бірінші болып интерактивті тақтаның педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді қолдану тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде. Шынында да, интерактивтік тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, яғни оқытудың барлық кезеңінде, әсіресе балабақшадағы оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді. Баланы ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде интерактивті әдісі оқыту әдісінің бір түрі болып саналады.
Біз осы әдісті пайдалана отырып, балалардаң білімін жетілдіре алдық. Топпен жұмыстану барысында белсенділік көрсете отырып топтау, Венн диаграммасына түсіру, сәйкестендіру әдістерін интерактивті тақтада орындап, уақытты үнемдеуге болатынын көруге болады.Сабақты бекіту бөлімінде активпультті пайдаланып,уақытты үнемдеу, баланың шапшаңдық қабілетін, өз білімінің нәтижесін көруді дағдыландыруға болады. Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш технология нәтижелі жетістік, балалар бірінші болып интерактивті тақтаның педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді қолдану тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде. Шынында да, интерактивтік тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, яғни оқытудың барлық кезеңінде, әсіресе балабақшада оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді. Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде балалардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.
Интереактивті оқытудың тиімді жақтары:
Балалар ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп береді. Балалар ойларының тереңдігіне талпынады.
Ұстаздың жетекшілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады.
Осыған орай оқу іс - әрекеттерімде өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы - білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Сонымен қатар айтарым, ұстаз ізденісі білім кепілі. Демек жаңа технологиямен қаруланған ұстаз ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.
Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану балалардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан – жақты қолдану, ұстаздың қызметін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдердің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жолардың бірі – педагогикалық іс – әрекеттің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдіру болып табылады. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық мәселені шешуге көмектеседі. Яғни, базалық білімді меңгеру, алған білімді жүйелеу, өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, оқуға деген ынтасын арттыру, балаларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істеуге әдістемелік көмек беру, ақпаратты меңгеруін тексеру. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтауға көмектеседі. Сабақ уақытын үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдалануды қажеттілігі жоғары. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді.
Пайдаланған әдебиеттер. 1. Г.Кертаев.Оқытудың кейбір әдістері. Алматы,1991. 2. Б.Р.Айтмамбетова . Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы,1991. 3.Абраменко Н.К. Подготовка ребенка к школе. Минск, 1972. 4.Джеральдина Чейпи. Готовность к школе. М., 1992.
5.Оспанбекова Н.Ж.,Чанбаева М.Қ. Болашақ мұғалімдерді дайындауда ақпараттық технологияларды пайдалану. Алматы. 2013. 6.Авдарсолқызы С., Авдарсолұлы М. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқыту. Алматы. 2013. 7. Қармысова Л. Интерактивтік оқыту. Қазақстан мектебі. 3/2011. РЕЗ