kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі мекемелердегі денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды кешенді қолданудың тиімді жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

МД кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезең екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелерімен дене мүшелерінің және жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түсен кезі. Ал жекелеген жүйелер, мүшелер - жүрек, тамыр, жүйке психологиялық тыныс алу, имуналдық жүйелері толыққанды жетілмесе, онда бала ағзасының қорғаныс күші және ауруға қарсылықты көрсете алуы әліде жеткіліксіз болып келеді. Және де ауруға бала аз қимыл-әрекеттерінгендіктен жиі ұшырайды.

Сондықтан да МДМ-де осы денсаулық сақтау іс-шаралары міндетті түрде кешенді және жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі мекемелердегі денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды кешенді қолданудың тиімді жолдары»

МДМ-дегі денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды
кешенді қолданудың тиімді жолдары


МД кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезең екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелерімен дене мүшелерінің және жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түсен кезі. Ал жекелеген жүйелер, мүшелер - жүрек, тамыр, жүйке психологиялық тыныс алу, имуналдық жүйелері толыққанды жетілмесе, онда бала ағзасының қорғаныс күші және ауруға қарсылықты көрсете алуы әліде жеткіліксіз болып келеді. Және де ауруға бала аз қимыл-әрекеттерінгендіктен жиі ұшырайды.

Сондықтан да МДМ-де осы денсаулық сақтау іс-шаралары міндетті түрде кешенді және жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.


^ Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты

МД балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіре отыра, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.


^ Дені сау баланы өсірудеі бірнеше бағыттар алынды.

Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби-шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру

Осындай кешенді іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталып барлық білім салаларымен өзара байланысты және әрекеттеседі.


^ Шынықтырудың негізгі міндеттері

Баланың тұлғалық ерекешелігін ескере күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге тек қана шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізіп қана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні, оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды, қимыл-әрекетті үйлесімді ұйымдастырылды.

Тіпті, баланың қимыл-белсенділіктерін арттырудың апталық кестесін туғыздық. Таңертең және кешкі мезгілдерде допты домалату, лақтыру, тебу, еңбектеу, өрмелеу, сеіру-жүгіру, кеңістікті бағдарлау қабілеттерін жаттықтыру және де танымдылық қабілеттерін дамытуға арналаған ойын-жаттығуларды еңгіздік.

Ал күндізгі серуендегі қимыл ойындарын негізгі қимыл-белсенділік әрекеттер түрлеріне бөлінді(эстафеталық ойындар, қызықты-ермекті ойындар, т.б.)

^ Баламен шынықтыру шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек:

Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі де оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдедіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қадағалауында болуы керек.


^ Денсаулық сақтау технологияларын жалпы екі топқа бөлуге болады:


  1. Медициналық –бұл мед. қызметкерлердің емдік-дене тәрбиесі, физио-массаж, су процедуралары және т.б өткізілуі).


2. Педагогикалық- бұл амалдар, әдіс-тәсілдер және адымдар жүйесінің бірізділігі, яғни әрекеттің жүйесін анықтау, педагогикалық процесіндегі әрекет жүйесінің түрлерін өңдеу, кепілдемелі нәтижеге қол жеткізу болды.


Денсаулық сақтау технологияларын біз, өзіміздің қалыпты балабақшамызға сәйкес және алдын-ала әр педагогтың кәсіби-шеберліктерін жетілдіргеннен кейін ғана таңдап алдық


Олар: (Ынталандыру, салауатты өмір салтын үйрету, түзету (коррекциялық) технологиялар


  1. Ынталандыру- бұл технология өзінің атына сәйкес, яғни баланың ағзасын шаршатпай, қалжытарпай үнемі қызықтырып, алға тарту(хатха-йога жат-ры-айға ұшу, арыстан, бүркіт, мерген, т.б.)


  2. Бұл технологияда бала өзбетімен дербес әрекеттеніп бір мәселені шешіп барып өз ағзасын бекітеді, жетілдіреді. Нақты бір талапты орындауға тырысады. Осыған балабақшада арнайы жағдайлар туғыздық. Яғни, топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залында дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік және балабақша алаңында спорт алаңын жабдықтадық.


  3. Түзету (коррекциялық) технологияларда баланың әліде жаңа жетіліп келе жатқан ағзасындағы жағымсыз мінез-қылықтарына кедергі болу, баланың тұйықтық, өз-өзіне сенімдіздік, гипер-белденді, дөреклігін жоя отыра, оның эстетикалық-шығармашылық талғамдарын тәрбиелеу, жетелеу.


Өзіміздің білім беру мекемесінің жұмысында денсаулық сақтау бағыттын сипаттау үшін «Денсаулық сақтау іс-әрекеті» деген тұжырымдаманы қолданып жүзеге асыруды арнайы мамандармен (мед. қызметкерлері, психолог, т.б.) байланыстыра ұйымдастырдық.

^ Және де баланы сауықтыру және аурудың алдын-алу емдік жұмыстарының жүйесін өңдеп құрастырдық:


  • Нүктелі және қарындаш массаж


  • Ұйымдастырылған оқу-әрекеттер үстінде көзге арналған жаттығулар кешені


  • Хатха-йога элементтерімен гимнастика


  • Жалпақ табандықтың алдан-алу кешені


  • Сымбаттың бұзылуының алдан-алу кешені (жастықсыз ұйықтау)


  • Тыныс алу жаттығулары


  • Ұйымдастырылған оқу-әрекеттер үстінде ақыл-ой шаршауын жою(редаксациялық үзіліс, сергіту сәттері, құлақ шеттерін уқалау)


  • Серуен + динамикалық сағат


  • Шынықтыру шаралары (Майкасыз ұйықтау, жалаң аяқ жүру, кеңінен жуыну, рижский әдісімен шынығу)


  • Күн тәртібінде ұтымды қимыл-қозғалыстар.


Тымау және жұқпалы ауруларының жоғарлау кезіндегі өткізілген іс-шаралар


  • Пияз, сарымсақпен хош иістендіру


  • Пияз, сарымсақ


  • Серуен алдында ауыз қуысын сарымсақ тұнбасымен шаю



Балабақшада сонымен қатар баланың денсаулығын нығайту және аурудың алдын-алуға мүмкіндік беретін, күн тәртібіндегі шынықтыру шараларына ерекше назар аудардық. Шынықтыру шаралары баланың балабақшадағы болған барлық кезіндегі ағымында қамтамасыз етілгенде ғана тиімді болатыны көрінді.


Ескерілетін жағдайлар:


  1. Мекемеде жылу және ауа тәртібін нақты ұйымдастыру


  2. Балаларды ұтымды үзіліссіз киіндіру


  3. Жылдың барлық маусымында серуен тәртібін сақтау


  4. Дене тәрбиесі мен ертеңгілік гимнастиканы жалаң аяқ өткізу



Біздің сәбилер бақшасындағы қолданылатын шынықтыруларға тоқталсақ:


Сымбаттының бұзылуы


Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбаты да түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Өз денесін емін-еркін ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады.

Адам денесінің сымбаты жас кезден бастап қалыптаса бастайды. Бұл тек сұлулық жағынан ғана емес, анатомия және физиологиялық тұрғыдан қаралады. Демек, дене құрылысы сұлу да сымбатты келген адамдардың ішкі мүшелері дұрыс жұмыс істейді деген сөз. Әсіресе, жүрек, өкпе, бауыр мүшелері дұрыс, қалыпты жағдайда жұмыс істегенде адамның жүріс-тұрысы, әрбір қозғалыстар артық жүктеме түсірмей еркін орындалады. Ал мүсін келбеті бұзылған кезде, басын салбыратып еңкейіп жүреуі, жүріс-тұрысы епсіз, қозғалысы сылбыр болады. Себебі, ішкі органдардың функцияналдық қызметінің бұзылуынан бала өзінің қозғалысын және аяқ-қолдарының қимылын үйлестіре алмайды.

Адамның сымбаттылығы негізінен алғанда омыртқаға байланысты болады, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйектерін і біріктіріп тұрған негізгі буын.

Сымбаттың бұзылуы - омыртқаның бүгіліп-жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі біріншіден мешел ауруына, екіншіден, адамның омыртқа жотасы қисайып сколиоз ауруына әкеп соғады.

^ Жалпақ табандылықты қалаай анықтауға болады?

Бұл сұрақтың жауабы: аяққа сұйық май жағып, қағаз бетіне тұру, 1-1,5 минуттан кейін алып қарау. Егер табан екі шеңбер тәрізді құраса, жалпақтабан жоқ, ал толық табан жасалса жалпақтабандылықтың бар болуы не жаңа басталуын көрсетеді. Өлшемі бойынша 1:4 – дұрыс, 2:4- жалпақтау , 3:4 – жалпақ.

Жалпақтабандылықты алдын алудын ең тиімдісі дұрыс аяқ киім алу. Баланың аяқ киімі аяғымен бірдей және тақасының биіктігі 5-8 мм болу керек Біз жалпақтабандылықты алдын - алу үшін «Денсаулық жолы» деген жолақшаны қолданамыз.

Арт-терапия

Шығармашылық әрекетте баланың өз-өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым-қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады.

Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмір көрінісі. Өзі туралы айтуға тырысатын өзінің сезімдерін қуанышы мен мұңын білдіретін өзіндік «тілі».

Арт-терапияның элементтері мен жаттығуларының негізідері:


  • өзі жайлы танымын қалыптастыру


  • сезімі мен эмоциясын білу және өзгеге білдіру


  • позитивті қабылдауды қалыптастыру


  • коммуникативтік дағдыларын дамыту


  • отбасының эмоционалдық жақындастығы


  • психоэмоциялық кернеуді шешу


Арттерапияның тағы бір саласы – психо –терапия.

1930-шы жылдары психолог Фредрик Аллен арттерапияны кеңінен қолданып, оның «Қатынас терапиясы» депте атаған. (Өз сөзімен)

(Стретчинг)Созылу

Стретчинг алғаш Швецияда пайда болып, 20 жыл ішінде бүкіл әлемге белсенді түрде таратылды. Стретчинпен айналысқанда сіз денеңіздің жоғары жұмыс істеу қабілеттігіне ие боласыз және жүрек жүйесінің жұмысын жақсартатынына көздеріңізді жеткізе аласыз. Ағылшын тілінен аударғанда «to stretch» етістігі «созылу» деген мағынаны білдіреді.


^ СТРЕТЧИНГ АКТИВТІ, ПАССИВТІ, ДИНАМИКАЛЫҚ, БАЛИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СТАТИКАЛЫҚ БОЛАДЫ.


  • адамның өз денесімен өздігімен созылмалы жаттығулармен айналысуы.


  • адам қозғалмай жатады, ал екінші адам оған жаттығуларды жасап тұрады.


  • айналмалы әрекеттер


  • статикалық бір жаттығудың ұзақ уақыт бойы жасалуы.


Егер сіздер стретчингпен айналысатын болсаңыздар, мынаны ескерулеріңіз жөн – жаттығулардан шығатын қорытынды тек өзінің денесіне ғана тән болады.жаттығуларды тастамай уақытында жасап тұру және оған тырысу керек. Әрқашанда тек мүмкіндігінше ғана созылыңыз. Өзіңізді жағымды әрі еркін сезінуіңіз керек. Егер ауруды сезінсеңіз – онда жаттығулар жасағанда шектен тыс созып жібергеніңіз.


  • Ешқашан жиырылмаңыз, бірақ жаттығуды «кідіртіп» тұрыңыз.


  • Созылу жаттығуларына ең ыңғайлысы шаршаған кезде жасалады. Сонымен стретчинг бұлшықеттердің артық қысымын алып тастау үшін кез-келген уақытта жасауыңызға болады.


  • Созылмалы жаттығуларын жасап жатқанда дұрыс демалуды ұмытпаңыз. Ең бастысы – дем алуды және дем шығаруды көпке созбаңыз. Ең дұрыс әдісі қарапайым және еркін түрде дем алып, жаттығулар арасындағы үзілісте дем алу мен дем шығаруды терең жасауға болады.


Қарындаш-массажы- саусақты және алақанды уқалай отырып қимыл мүмкіндіктерін жетілдіріп қана қоймай, қарындашпен ойнау барысында айтылатын әзіл-сқақ өлеңдер баланың тілдерін дамытуға өте қолайлы.

Әлбетте, баланың денсаулығы мен қимыл белсенділіктерін дамытуда дене тәрбие сабағы ерекше орын алады.


Ендеше, МДМ-дегі өткізілетін дене тәрбие сабақтарының түрлеріне нақтырақ тоқталып кетейік.Мынадай түрлерін қолануға болады:


  • Дәстүрлі сұлба бойынша


  • Өсімталдығы үлкен, орташа және баяу ойындар жиынтығынан құралған


  • Негізгі қимыл түрлерін үйрету


  • Ырғақты гимнастика


  • Жарыс(балалар екі топқа бөлініп әртүрлі жарыс арқылы жеңімпаздарды айқындайды)


  • Сынақ – сабағы(балалар дене тәрбие мөлшерін тапсырады)


  • Мазмұнды ойын немесе дәстүрден тыс сабақ



Баланың жас шамалық ерекешелігіне қарай дене тәрбие сабағының бағыттары да әртүрлі болады:


  • Сәби балаларына ол – рақаттанушылық туғызу, кеңістікті бағдарлай білу, құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс істеу, сақтану тәсілдерінің элементтерін үйрету


  • Ортаңғы жаста – Физиологиялық сапаны дамыту (ең бастысы төзімділік пен жігер)


  • Ересек топтарында – Қимылдың сұранысын қалыптастыру, қимыл және дербестік қабілеттерін дамыту және т.б.




Осы жоғарыдағы айтылып кеткен МДМ-дегі денсаулық сақтау педагогикалық технологияларын кешенді қолдану арқылы бақшамыздағы тәрбиеленушілердің лы ауру көрсеткіштерін үш ай мезгілінде 60-75 % көтердік


Жалпы барлық топтарда егер, қаңтар айында балабақшаға 50-60 пайызы ғана қатыса, енді 80-90 пайызы қатысуда. Шынықтыру-сауықтыру шараларының тиімділігін осыдан көруге болады.

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерістің тұтастылығы бала дамуы туралы, соның ішінде физикалық дамуы туралы жаңа түсінікті айқындайтын қандай да бір бағдарламаны іске асырумен қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі ұйымда (бұдан әрі – МДҰ) бала денсаулығын, оның физикалық дайындық деңгейін қалыптастыру, меңгерілетін қозғалыс машықтарының көлемі оның немен және қалай шұғылданатындығына, яғни, педагогтардың қандай бағдарламаларды қолданатындығына байланысты. Балабақша мен ата-аналар алдында ауқымды міндет тұр – баланың дұрыс физикалық дамуына жағдай жасау, мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, белгілі қимыл машықтарын дамытуға арналған сезімтал ерекшеліктерін ескере отырып, моторлық функцияларының уақытылы дамуына, маңызды органдары мен жүйелерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ететін қимыл белсенділігінің оңтайлы режімін қамтамасыз ету. «Балабақшада денсаулық сақтау технологиясын іске асыру» жобасы Сипаттау керек: денсаулық сақтау технологиялары арқылы мектепке дейінгі балаларды сауықтыру жобасын. Әзірлеу керек: денсаулық сақтау технологияларын қолдану әдістемесін. Объектісі: мектеп жасына дейінгі балаларды физикалық тәрбиелеу. Пәні: физикалық дайындық деңгейі мен мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық көрсеткіштері. Жұмысты зерттеу әдістерінен бастадық: сауалнама, әңгімелесулер, тестілеу. Тақырыптың көкейкестілігі: XXI ғасырда өмір бізге көптеген жаңа мәселелерді айқындады, оның ішінде денсаулық сақтау, саламатты өмір салты (бұдан әрі – СӨС) әдеттерін тәрбиелеу ең өзекті мәселе болып табылады. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін, артық жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтайтын білім беру технологияларын таңдау білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңінің басты міндеттерінің біріне айналды. Денсаулық сақтаушы педагогикалық технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі болып табылады. Болашағы: егер педагог денсаулық сақтау технологияларын, яғни СӨС әдеттерін қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмыстың жаңа белсенді формаларын қолдану арқылы дене шынықтыру және сауықтыру бойынша балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу жүйесі әзірленсе, балалардың денсаулығы сақталады, нығаяды және дамиды, ал физикалық қасиеттері тиімді түрде жетілдіріледі. Жобаның мақсаты: балабақшаға денсаулық сақтау технологиясын енгізу, бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру; педагогтарды, ата-аналарды және олардың балаларын дене шынықтыру мен СӨС тарту. Ғылыми-әдістемелік негіздеме: дене шынықтырудың (дене жаттығуларының, ұтымды режімнің, шынықтырудың) тек барлық құралдарын кешенді қолданған жағдайда алға қойылған міндеттерді сәтті шешуге және Мемстандарттың талаптарын орындауға болады. Сондықтан да дені сау баланы тәрбиелеу жұмысы денсаулық сақтау технологияларының кешенінен тұратын дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жаңашылдық: денсаулық сақтаушы сауықтыру технологияларын ойын нұсқасында қолдану: оқыту мен сауықтыру оңай жүзеге асады, жаттығулар мен сауықтыру техникалары ұзақ уақыт бойы баланың есінде сақталады. Балабақша мен отбасы әрекеттестігінің жаңа түрін қалыптастыру, ол педагогтардың, мамандардың ата-аналармен қарым-қатынасымен ерекшеленеді және отбасының тәрбиелік әлеуетіне дұрыс ықпал етуге көмектеседі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Байманова Марзия Базарбаевна.

Дата: 17.04.2018

Номер свидетельства: 466499


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства