Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту бағыттарын қоғам сұраныстарына сәйкес құру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, мктепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби білімдерін жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға бағыт-бағдар беру, озық іс-тәжірибелер мен идеяларды насихаттау негізінде жүргізіледі. Инновациялық іс-әреткеттің мазмұны мектепке дейінгі білімберу ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі педагогика мен психология, әлеуметтану, медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде анықталды. Инновациялық технологияларды меңгеру педоготың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік, т.б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді. Қазіргі заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы. Балабақшадағы инновацияға не жатады? Педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, оден кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.Бұдан кейін іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде педагог оқу – тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысыгның нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек. қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжіриблік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет. Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі болуы қажет. Қазіргі педагогикадағы инновация – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады. Инновация құрал мен процесс ретінде қандай да бір жаңалық өндіру жұмыстарын көздейді. Мысалға алатын болсақ, бала тұлғасы жалпы азаматтық құндылық ретінде қарастырылатын, ізгілікті педагогика теориясында «жеке бағытталған оқыту», «жеке бағытталған тәрбие», «жеке көзқарас» сияқты түсініктер бар. Жеке бағытталған педагогика балалардың жеке тәжірибе жинақтап, олардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктері іске асырылатындай оқыту ортасын жасайды. Жеке бағытталған технологиялар: - топтық оқыту технологиясы; - Ш.А.Амонашвилидің ізгілік-жеке технологиясы; - Интерактивті оқыту; - Ойын технологиялары; - М.Монтессори технологиясы; - Дамыта оқыту технологиясы; - Мәселелік оқыту технологиясы; - Денсаулық сақтау технологиясы; - Жобалы – іс шығармашылығы; - Ізденіс – шығармашылық технологиясы; - Қатынастық – ақпараттық технология; - Жеке тұлға бағыттау технологиясы; - ӨТТШ (ТРИЗ) шығармашылық технологиялары бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, компьютер, интербелсенді тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электоронды оқулықтар мен әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Кез-келген педагогикаылқ ұжым кез-келген педагог инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн. Инновацияны ұйымдастыру барысында алға қойылған міндеттердің жүйелі және бірізді болуы маңызды. Оң нәтиже алу үшін келесі шарттарды ұстанған жөн. Бірінші – инновацияны енгізуге деген мотивациялық жағдай, жаңа іс-әрекетті қабылдауға, әрі қарай меңгеруге деген себеп салдардың туындауы. Екінші – инновациялық іс-әрекетке дайындық – бұл құзыреттілікті қалыптастыру деген сөз. Осы құзыреттілік ақпаратты қабылдау, жеткізу және оны шынайы бағалаудан тұрады. Педагогтың инновациялық іс-әрекетінің белгілері төмендегідей: - өзінің жеке қасиеттерін еске ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті; - жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен; - педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасауымен сипатталады. Педагогтардың инновациялық әлеуетін дамытуда құрылған жоспар мектепке дейінгі ұйымның әдістемелік жұмысының инновациялық бағытына қатысты. Әдістемелік жұмыс мазмұны ұйымның даму стратегиясына бағынышты болып табандылықтан, осындай әдістемелік жұмыс ұйымның даму стратегиясының іздену және айқындау құралы болып табылады. Инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыратын МДҰ-әдістемелік жұмысын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану. Бұл – инновациялық қызметті ақпараттық тұрғыдан қамту үрдісінде бірінші кезекте тұрған мәселе. Алайда, жалпы алғанда, материалдық база жеткілікті түрде жабдықталғанымен, бүгінде бұл үдеріс баяу дамуда. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері жоғары: - ақпараттық қорды құру (сыртқы қор: нормативтік – құқықтық құжаттар, оқу-әдістемелік, педагогикалық орта туралы мәліметтер, ғылыми-әдістемелік материадар; ішкі қор: білім беру қызметінің нәтижелері, бала денсаулығын медициналық – сауықтыру іс-шаралары, ата-аналармен жұмыс, мамандармен қамтамассыз ету т.б.) -жұмыс нәтижесін мекеме, аудан, облыс, ел деңгейінде көрсету (озық тәжірибені білім беру мекемесінен тыс тарату); - әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысу; - кәсіби педагогикалық байланыстарды кеңейту (интернет желісі арқылы хабар алмасу, біліктілікті арттыру курсында қашықтықтан оқу). Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі мен негізгі бағыттар анықталған. Оқу үдерісін технологияландыру бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралардың қадамдық жоспары құрастырылған. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеуде келесі инновациялық технологиялар жүйелі түрде іске асырылуда: - «Тәй-тәй» инновациялық технологиясы; - Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-тұлғалық дамуына бағытталған Волбдорф педагогикасы; - М.Монтессори ерте дамыту әдістемесі; - Г.Альтшуллердің (ӨТТШ) озық оқыту теориясы және т.б. Барлық педагогикалық инновацияларды МДҰ-да балалрдың жас ерекшеліктері мен әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процесстері тұрақсыз келеді. Сондықтан лар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осы орайды, «Егер айтып берсең, ұмытамын. Егер көрсетсең мүмкін есіме сақтаймын. Егер еліктіре тартсаң, расымен, ұмытпаймын» деген ежелгі қытай ойшылы, философ Конфуцидің нақыл сөзі барша балалардың тәрбиешіге жолдауы іспеттес деп айтуға болады. |