kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологияларды енгізу жолдары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологиялардың тиімділігі үшін тәрбиешілерге әдістемелік құрал

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологияларды енгізу жолдары.»

«Әйтеке би кенті әкімі аппаратының №4 «Шұғыла» балабақшасы»














Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдарда

жаңа технологияларды енгізу жолдары.


Орындаған: С.М.Мухашова















2016 жыл


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтын жолдауында: «ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегі мінтеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру керек» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Жаңа технология үрдісінің талабы балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты балаларға сапалы білім саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту. Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге педагогтың де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Оған қойылатын талап та жоғарғы деңгейде болады. Жаңа технологияның дамуының арқасында балалардың дамуына да үлкен үлес қосылды. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді өз міндетімізге алып отырмыз. Сондықтан оқу- тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында бақша ішіндегі іс- шараларды бейне таспалар арқылы тамашалауға мүмкіндік жасалады. Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу да ұйымның алдына қойған мақсаттарының бірі.

Мектеп  жасына   дейінгі балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытудың  инновациялық  бағыттары. -       Жаңашыл  ұстаздар  тәжірибесін  тарату -       Шығармашылықпен  жан-жақты  жұмыстану. Жалпы  балабақшада  баланың  шығармашылық  қабілетін  дамыту. Жаңа стандарт негізінде білім беру үрдісі 5 салада ұйымдастырылады: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.

Ақпараттық технологиялар.Ойын технологиясы «Монтесори», «Мнемокесте», «Тәй-тәй», ТРИЗ техологиясы.

Ақпараттық технология мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.

Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.

Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.

Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.

Балабақшада биылғы оқу жылдық жоспардағы тақырып бойынша электронды көрнекіліктер дайындадық. Әр пән бойынша бұл электронды көрнекіліктің тиімділігі бала оқу іс әрекетіне қызыға, белсене қатысады.Электронды қазақ үй- бабаларымыздың бізге жеткен бай рухани мұраларын бүгінгі және келешек ұрпаққа жаңаша үлгіде насихаттайтын заманауи тәрбие құралын Алматы қаласындағы «Ұлас» ЖШС-нен электронды киіз үйді алғанбыз. Бұнда 1200 өлең, тақпақ, Абайдың қара сөздері және ертегілері бар.Электронды киіз үйді кез-келген оқу іс әрекетінде күннің ІІ жартысында, түскі ұйқы мезгіліндеде пайдаланамыз.

Cонымен қатар қазіргі заманның талабына сай интерактивті тақтаның функциясының «Активстудио» деп аталатын программамен де жұмыс жасауды қолға алып жатқан жайымыз бар. Яғни тәрбиешілеріміз флипчартпен жұмыста кез келген суретті түрлі фунцияға түсіріп балалардың қызығушылығын арттырып жатыр. Сонымен қатар тақырыпты жақсы түсіндіруге септігін тигізуде.

Ойын технологиясы. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

В.В.Воскобовичтың ойын әдісі - В.В.Воскобовичтың әдістемелік құралдарын пайдалана отырып, балалардың ой-танымын қызығушылығын, шығармашылығын дамыту, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарында В.В.Воскобовичтың ойын құралдарымен жұмыс жасай отырып балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Ойын барысында танымдық есептерді шешу арқылы зейін қоя білу, есте сақтау, байқағыштық қабілетін дамыту.

Өздігінен даму технологиясы-бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен  ойлау әрекетінің бірігуі.мұнда оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады.М.Монтесори педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі- оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.

Мария Монтессори (1870-1952) Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Өз ісінің бастапқы негізін ол жүйке- психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысумен бастайды. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі «зияты дамымаған балалар» емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы мүмкіндік береді. Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірибесі М.Монтесоридің көңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударады, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б белгілі философ, педагог және дәрігерлердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Қазіргі кезде М.Монтесори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады.

Біздің балабақшаның педагогтарының аса қызығушылығын туғызып отырған емін - еркін тәрбиелеу ұжымының практикалық тиімділігінің тамаша көрінісі болып табылатын М. Монтессори тәрбиелеу мен оқыту жүйесі болып отыр, бұнда басты назар бала болса, ал ересек адам – баланы жеке тұлға етіп тәрбилеуде кәсіби көмекші әрі бақылаушы есебінде болады. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздік 10 педагогиканың бірі болса, көптеген мемлекеттерде ең таңдаулы педагогика болып есептеледі. М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: «Мен өзім жасауыма көмектес». Ересек адамның атқаратын қызметі; әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін ашу; М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі: ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар.

Монтессори технологиясының 7 аймақтан тұратыны баршамызға белгілі. Міне осыған біздің балабақшада тың жаңалық идея қосып, 8 аймақ қылып «Халықтық педагогика» аймағын қостық. Мұндағы мақсатымыз- балалардың бойына қазақи салт – дәстүрімізді, тұрмыс – тіршілігімізді, әдет – ғұрпымызды дәріптеу, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Әр аймақтың өзіне сәйкес пайдаланатын құралдары болатыны анық. Сол сияқты осы аймақтың да құралдарын дайындадық.

Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету
3. -Сөйлем, әңгіме құрастыру
4. Әңгімені құрастыру
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу
6. Тақпақтарды жаттау
Мнемокестелерді  баланың деңгейіне байланысты беріге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға  қонымды болады.
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Біз өз тәжірибемізде жоғары топтарда оқу-іс әрекеттерді күннің ІІ жартысында тақырыпқа сәйкес қолданып отырамыз.Балалар суретте бейнеленген заттарды, құбылыстарды, көре отырып, сөздік байланыс құрады. Тақпақтар, жұмбақтар құрастырады.

«Тәй-тәй»  технологиясының мақсаты: балалардың бірегей қабілеттерін дамытуға бағытталған айрықша әдістерді  пайдалану арқылы балаларды тәрбиелеу мен білім беру істерін қолдау әрі дамыту, балаларды құбылмалы әлемдегі өмірге бейімдеу, олардың өз бетінше оқып үйренуге үнемі талпынысын қалыптастыру.

«Тәй-тәй» технологиясының міндеті:

Тәрбиелеу мен білім беру ісіне отбасынтарту, ата-аналарды педагогикалық үрдістерді жоспарлау мен ұйымдастыруға қатыстыру.

Технологияның ерекшелігі

Орталықтарға бөлініп, шағын топпен жұмыс атқару болады. Яғни,  балаларды бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің сөзін тыңдауға, ынтымақта болуға дағдыландырады. Кіріктірілген сабақтар мен оқыту барысында балалар зерттеу жұмыстарынжүргізуге үйренеді.

ТРИЗ технологиясының ұраны «Барлығын айтуға болады?»

Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген  технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.  

   Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдіс-тәсілдер төмендегідей:

·      . Бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік беру, объектінің осы шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп ала отырып, уақыт және кеңістік туралы ұғым беру.

·        Каталог әдісі

Балаларды кез-келген таңдалған сөздің белгілерді екінші бір кез-келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету.

·            Қарама-қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;

·  Сиқырлы объектілер әдісі – балаға  таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;

·  Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.

  Жүйелік жақындау

Осы әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады.1-10 дейінгі өткен және өтетін сандарды бекітуде «Не жетпейді?» «Ертегі түстері», «Бейне құрастыр» ойындары кең қолданылады.

Бала тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану арқылы балалардың түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, тілдерін ширатып, өз бетімен жұмыс жүргізуін дамытамыз.

Осы жаңа технологияларды балабақшамызда пайдаланып жұмыс жүргізіп, көп нәтижелі жетістіктерге жете білдік.Атап айтатын болсақ:

2012 жылы Аудандық «Ботақан» өнер фестивалінен ән жанрынан «Бас жүлдені» иеленді;

2012 жылы Көкшетау қаласында Халықаралық «Ақ көгершін» өнер фестивалінен балабақша тәрбиеленушісі Аманбай Нұрай «Мисс Подиум» номинациясымен марапатталды;

2012 жылы Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік мектепке дейінгі ұйым – 2012» байқауында І орынды иеленді;

2013 жылы Облыстық «Ботақан» балалар – шығармашылық өнер фестивалінде балабақша тәрбиеленушісі Сердалы Айя жүлделі орынды иеленді;

2013 жылы Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген аудандық «Балабақшада пайдаланылатын дидактикалық материалдар» көрмесінен І орынды иеленді;

2013 жылы «Білім беру жүйесіндегі психологиялық – педагогикалық мәселелері ізденістер, тәжірибе, шешімдер» тақырыбындағы Республикалық ғылыми – педагогикалық конференцияда

Нұрдалы Зинегүлдің жұмысы жинаққа енді;

2013 жылы Қазалы ауданында көркейту, абаттандыру мақсатында өткізілген «Гүл – ғажайып дүние, табиғат байлығы» гүл көрмесінде «Балабақша дақылдарының компазициясы» номинациясымен марапатталды;

2013 жылы ІХ Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияда «Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым – қатынас тренингін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында Мұхашова Сәуле, Серікбаева Гүлмираның үздік жұмыстары жарияланды;

2014 жылы Аудандық «Ү Ботақан» балалар шығармашылық фестивалінен І орынды иеленді;

Аудандық білім бөлімінің, облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Үздік мектепке днйіінгі ұйым тәрбиешісі – 2014» байқауынан Ережепова Гүлнұр бас жүлдені иеленді;

Облыстық «Үздік мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі – 2014» байқауында тәрбиеші Ережепова Гүлнұр ІІІ орынды иеленді:

2014 жылы Облыстық мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог тәрбиешінің іс – тәжірибесінен әдістемелік жинағына Орыналиева Алтынның «Топжарған» интеллектуалды сайысы жарияланды.

2014 жылы «Мектепке дейінгі жастағы балаларға мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі» тақырыбында педагогикалық оқуда Жолмырзаева Айнұр І орынды иеленді;

2014 жылы Ережепова Гүлнұр «Мектпеке дейінгі білім беру ұйымдарына инновациялық технологиялар мен ерте жастан дамыту әдістемелерін енгізу тәжірибесі тақырыбындағы облыстық педагогикалық жұмысына белсене қатысқаны үшін, Облыстық «Өрлеу» білім жетілдіру институтының «Алғыс хатымен» марапатталды;

2014 жылы Сұлтанова Дәметкен «Мектпеке дейінгі білім беру ұйымдарына инновациялық технологиялар мен ерте жастан дамыту әдістемелерін енгізу тәжірибесі тақырыбындағы облыстық педагогикалық жұмысына белсене қатысқаны үшін, Облыстық «Өрлеу» білім жетілдіру институтының «Алғыс хатымен» марапатталды;

2015 жылы Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен

«М. Монтессори», «Н. Зайцев», «Тәй – тәй» білім беру технологиясы мен әдістемелерін қолдану жолдары» атты семинарда «Зерде» интеллектуалды сайысын көрсеткені үшін Орыналиева Алтын марапатталды.

2015 жылы Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының «Алғыс хатымен» және «Дипломымен» тәрбиеленушілері жүлделі орындарды иеленгені үшін Орыналиева Алтын марапатталды.

2015 жылы Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының «Алғыс хатымен» және «Дипломымен» тәрбиеленушілері жүлделі орындарды иеленгені үшін Жайлханова Салтанат марапатталды.

2015 жылы Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының «Алғыс хатымен» тәрбиеленушілері белсенді атсалысқаны үшін Мешитбаева Мархабат марапатталды. Сондай- ақ балабақша тәрбиеленушілері де Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының «Алғыс хатымен» 15 бала марапатталды.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты сайыста Арманұлы Әльтайыр І орын иеленді.

2016 жылы Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік тәрбиеші - 2016» байқауында тәрбиеші Орыналиева Алтын І орын иеленді.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологияларды енгізу жолдары.

Автор: Мухашова Саулегул Мырзабаевна

Дата: 06.02.2018

Номер свидетельства: 455159


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства