ақыл-ойы бұзылған балалармен жұмыс жасауда қолдану»
Мария Монтессори - италиялық ғалым, Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы.
Монтессори методикасы.
Доктор Монтиссоридің оң қағидасы.
Монтессори дамыту жаттығулары.
Сәлемдесу рәсімі. «Мен Сізді көргеніме қуаныштымын, Сізге бақыт ---
(тілеймін сөзін үш рет шапалақтап көрсетеді)
Тренинг жаттығуы: «Күзгі жаңбыр» (жағымды психологиялық ахуал орнату,
музыка сүйемелдеуімен сергіту жаттығуын орындау)
Бүгінде қоғамда балаларды дамытудың сан түрлі әдістері қолданылуда. Алайда, қазақстандық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларды ерте дамытудың тиімді әдістемелерінің бірі ретінде Монтессори жүйесіне де назар аударылып отыр. Бұл жүйені ХХ ғасырда италиялық ғалым Мария Монтессори баланы бақылай отырып жасады.
Мария Монтессори 1870 жылы Италияның Кьяравалле атты қаласында дүниеге келген. Отбасында жалғыз бала болып өсті. Оның әкесі – жоғары дәрежеге ие болған мемлекет қызметкері, ал анасы – бұрыннан атақты итальяндық Стопани тегіне жатқан. Марияға оқу жеңіл тиді, 13 жасында қыз балалар оқымайтын техникалық лицейге қабылданды. Бұл жеңісін алған соң ол енді әйел теңсіздігіне қарамастан армандарын іске асырмақ еді. Өз елінде алғаш әйел – дәрігер атанды. Бірақ Марияға ақыл есі кем балаларды емдеуге тура келді. Кейін бұл балалардың жағдайы Марияны жаңа ашылыстар жасауға құлшындырды.
Мария ақыл есі кем балаларға арналған арнайы ұйым ашты. Ол Рим университетінің тәжірибелік Институтында зерттеулер жүргізген болатын. Соның нәтижесінде Римде 1900 жылы ортофрениялық мектепті ашты. Бұл Еуропа бойынша алғаш рет кемтар балаларға арналған мектеп еді. Келген балалардың көбі дұрыс сөйлей алмайтындықтан, Мария Монтессори жаттығуларды жүйелі түрде ұйымдастырды, бұл жаттығулар сөйлеуді саусақтың ұсақ моторикасына арналған тапсырмалар арқылы дамытты. Бұндай балалар педагог түсіндіргенін қиын түсінгендіктен, оларға арналған сенсорикалық кітаптар шығарылды. Мұндай жұмыстың нәтижесіне барлық адамдар да таң қалды, жаңағы кемтар балалар қалыпты балалардан ерте дамып кетті.
Енді осы Монтессори әдісі туралы тереңірек айтатын болсақ, ғалым зерттеу кезінде баланың дамуы үшін оған еркіндік беру керектігін ұсынды. М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.
Бұл әдістің мақсаты — балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. Мария Монтессоридің пікірінше, бала өзін қоршаған әлемді өзі танып білгісі, өзі игергісі келеді, сол үшін ізденеді. Баланы жазалауға немесе мадақтауға болмайды, тек дәл уақытында оған қажетті жағдайларды тудыру керек.
Монтессоридің ойынша оқыту — ол:
Дамытушы ортаны қалыптастыру;
Балалармен бірге бірнеше анық және қарапайым тапсырмаларды орындау;
Іс-әрекетке бала қажет етпеген жағдайда және оның өтінішінсіз араласпау, тек қана балалардың іс-әрекетін бақылау;
1896 жылы Рим университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылды.
Университеттің емханасынада ақыл – ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді. 1900 жылы Марияның өзі дамуын да ауытқушылықтыры бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сойлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірқатар уақыты өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу, есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.1909 жылдан бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910 жылы «Монтессори әдісі» атты кітап жарық корді.
Монтессори методикасы.
Монтессори әдісінің мақсаты:
- Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.
- Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
- Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкін діктер беру.
Монтессори педагогтың міндеті:
- Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.
- Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.
- Ұсақ моториканы дамыту.
- Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру.
- Зейінін тұрақтандыру.
- Тәртіпке үйрету.
Монтессори 5 аймақтан тұрады:
1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы.
2. Сенсорика аймағы.
3. Математика аймағы.
4. Тіл аймағы
5. Ғарыш аймағы.
1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы:
Күнделікті өмір жаттығулар аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӨЖ аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан. Материалдар бала өзі істейтін ісінің мақсатын айқын түсінген жағдайда таңдап алынады. Бала өзі киінуге (түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім – кешек жууға, шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға, аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне – өзі қызмет етуге үйретеді.
2. Сенсорика аймағы:
Бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді – осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (Түрлі түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар т.б). Сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар,маталардың қиындыларының жиынтығы т.б). Иіс сезу (иістері бар жәшікшелер). Дәм сезу (дәм сезу банкашалары т.б). Есту сезіміне (шуылдайтын қорапшалар, музыкалық аспаптар т.б) жетілдіреді, сол сияқты температураны ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады.
3. Математика аймағы:
Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Оның үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай ғана математикамен ұласатын дайындалған ортада өмір сүреді. Математикалық дамыту аймағы бала санауды, қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді, түбірге алу, мағыналы сандармен жұмыс істеу үшін барлық керекті материалдардан тұрады.
4. Тіл аймағы:
Балаға тілді алып жүруші ретінде тілді дамытуға арналған (онсыз толыққанды интеллектуалды өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Берілген аймақта жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің дамуы, жазу мен оқуға үйрету, т.б қарастырылады. Бұл жерде бала өзінің қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасына сурет салуға, сондай – ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйрене ді.
5. Ғарыш аймағы:
Жұмыс баланы қоршаған ортамен байланыстырады. Ғарыш аймағында балалар жер бедері, жер шары, әлем бойынша елдерді, олардың мәдениеті мен дәстүрін, өлі және тірі табиғатты, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді, биологиялық, географиялық, физикалық, химиялық түсініктерін толық алады. Бұл аймақта балалар тереңдетіле түсінік алады.
Доктор Монтиссоридің оң қағидасы
Бала саған өзі келмейінше, оған өзін соқтықпа (кез келген жағдайда)
Бала туралы ешқашан жаман сөз айтпа,ол барда да,жоқта да.
Баланың жақсы жаққа дамыуына көңіл бөл, сонда жамандыққа жол болмайды.
Ортаны дайындауда белсенді бол. Педанттық қамқорлықты үнемі көрсетуге тырыс, онымен конструктивті қарым- қатынасты жасауға көмектес. Әрбір даму материалынын орнын және онымен дұрыс жұмыс жасаудың әрекетін үйрет.
Баланың сізден қажет деген барлық сұрақтары мен сұрау, нұсқауларына көмектесуге дайын бол. Үнемі баланың сұрағына жауап бер және оны тыңда.
Қателескен баланы және ол қатесін қазір немесе кейін түзетуге тырысқан баланы сыйла; сондай –ақ материалды дұрыс пайдаланбағаны, кез-келге бұрыс іс-әрекеті үшін және баланың өзіне қауіпсіздік тудыратын жағдайда, дамуына кері әсер етсе шұғыл тоқтату керек.
Демалып отырған немесе басқаның іс – әрекетіне зейің қойып отырған баланың көңілін өзіне аудартпа немесе басқа жаққа жұмсама.
Жұмыс іздеп отырған және оны таңдай алмай отырғандарға көмектес.
Бала, бұрын орындаудан бас тартқан іс – әрекеттерді орындатудан шаршамай және оған үнемі жасай алмайтын іс – әрекеттерін жеңуге көмектесуге тырысыңыз. Оны үйрету үшін қоршаған ортаны қамқорлықпен,төзімдікпен, тыныштықпен және махаббатпен қабылдаңыз. Ізденістегі бала үшін үнемі көмектесуге дайын екеніңізді сездіріңіз, ал іс – әрекеттерді орындай білген баланы сырттай бақылаңыз.
Балаға көңіл бөлгенде үнемі жақсы қылықтарыңмен және өзіңдегі барлық жағымды жақтарынды пайдалануға тырыс.
Монтессори дамыту жаттығулары.
Құм терапиясы
Түсіне қарай жина,сұрыпта
Жармалармен жұмыс
Құтыларды ашу және жабу
Түймелі рама.
«Қасықпен салу»
Тікелей мақсат: Қасықпен салуға үйрету
Жанама мақсат: Қимылды үйлестіру және бақылау, тәуелсіздік Материалы: жайпақ табақ, екі табақша: сол жағында ірі дәндермен (бұршақ) толтырылған, оң жағында - бос табақша, қасық, майлық. Барысы:
Баланы біз қасықтың көмегімен қалай салатынымызды көрсететін тұсаукесерді көруге шақырамыз.
Баланы материалға алып келеміз, жайпақ табақты қалай алып жүруді көрсетеміз.
Балаға материалы бар жапақ табақты үстелге апаруды ұсынамыз.
Оң қолмен қасықты қалай алуды көрсетеміз: қолды ауада көтереміз, көтерілген қолдың саусақтарына қасықты салу үшін көрнекі дайындаймыз: сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты шығарып қоямыз, үлкен саусақты жоғары көтереміз.
Сол қолмен қасықты оң қолдың саусақтарына саламыз. Қасықты оң қолдың саусақтарымен қысамыз.
Қасықты жайлап дәні бар табақшаға саламыз, өзінен қасықты алып, батырамыз.
Қасықты көтереміз, дәні бар қасықты ауада алып жүреміз, қолды алып жүруді бос табақша үстінде тоқтатамыз, табақшаның түбіне төгілетін дәннің даусы естілетіндей жайлап өзіне қарай төгеміз.
Дәннің өзіне тән дыбыспен төгілгені маңызды.
Тағы да қасықты дәнге батырып аламыз.
Барлық дәнді қасықпен сол табақшадан оң табақшаға апармайынша осылай жалғасады.
Сол қолмен қайта салғанда дәні бар табақшаны қолмен ұстаймыз.
Сол жақтағы табақшада аз көлемдегі дән қалғанда қайта салатыны қанша қалғанын көруге баланы шақырғандай болып, біз ыдысқа қараймыз.
Дән түгелдей салынып болғанда қасықты жайпақ табақ пен баланың арасына қоямыз.
Оң жақтағы табақшаны жайпақ табақтан алып, оның оң жағына қоямыз.
Сол жақтағы табақшаны жайпақ табақтың оң жағына, жинап алынған сол жақ табақшаның орнына орналастырамыз.
Содан кейін оң жақтағы табақшаны сол жақ табақша орнына қоямыз.
Қасықты сол қолмен екі табақша арасындағы орынға жайпақ табаққа қоямыз.
Бала жұмысты бітіргеннен соң материалды орнына қоюды ұсынамыз.