Мария Мантессори -1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген.
Итальяндық педагок,әрі ғалым.Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.
Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.
1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен,ол саусақтардыңұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардыңөзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп,Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.
Мария Мантессори -1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген.
Итальяндық педагок,әрі ғалым.Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.
Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.
1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен,ол саусақтардыңұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардыңөзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп,Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мүмкіншіліктері шектелген балаларды түзете-дамыту жұмыстарында Монтессори әдісін қолдану
ІІІ. Қорытынды
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі жәнеоның маңызы
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым менБала – ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата-анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт. Туғаннан мүгедектікке душар болған, не есейе келе әртүрлі жағдайдың салдарынан денсаулығына, соның ішінде, жүйке жүйесіне зақым келген балаларды тек ата-анасы емес, мемлекет те бақылауда ұстап, қолынан келген жәрдемін аяп отырған жоқ. Өткен жылғы халық санағының қорытындысы бойынша еліміздегі осындай балалардың саны 58 мыңдай екені анықталды.ырғақтадамиды. Соңғы жылдардағы тағы бір жетістігіміз – Монтессори әдістемесін енгізуіміз. Бізде қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда жалпы білім беру, қосымша білім беру бойынша және психофизиологиялық дамуы тоқтап қалған балаларға арналған бағдарлама бойынша сабақ оқытылады. Мектепте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған медициналық және психологиялық негізде адам дамуы туралы білімдерден құрылған екі Монтессори-педагогика кабинеті жұмыс істейді. Мария Монтессори италиялық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты екеніне біртіндеп көз жеткізіп келеміз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отырғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдістемесінің біздің орталыққа енуі жақсы бастама деп ойлаймын. Бұл ауру балаларға қолданғанда Монтессори терапия деп аталады. Бізде осы терапия бойынша әдістемені арнайы үйренген 140 педагог жұмыс істеп жатыр. Оларды оқыту үшін грант ұтып алған болатынбыз. Соның арқасында біздің педагогтар осы бір жыл көлемінде науқас балалармен жұмыс жасауда қолайлы жүйені таңдап отыр.
Мария Мантессори -1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген.
Итальяндық педагок,әрі ғалым.Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.
Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.
1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен,ол саусақтардыңұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардыңөзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп,Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.
Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу,жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.
1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады.Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды.1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді.
1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды.Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды,оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы,докторлыққұрметті дәрежесі берілді.
Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,олар өз қателіктерін өздері көріп,соны өздері түзеп отырады.Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.
Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ,мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар,кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.
Монтессори әдісінің мақсаты:
балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
Монтессори ұстазының міндеті:
балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
ұсақ моториканы дамыту;
алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
зейінін тұрақтандыру;
тәртіпке үйрету;
Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:
1.Сенсорлық аймақ
2.Математика-лық аймақ.
3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.
4.Тілдік аймақ.
5.Ғарыштық
аймақ.
Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы
тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен
бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын
әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағыммен ырғақта дамиды.
Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған Білім беру дәстүріне деген көзқарасты елестетіңіз. Педагогтарды білім көзі ретінде емес, оқушылар сынамалар мен қателіктер арқылыпроблемалардышешетін, жаңалықтар ашатын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта ұйымдастырушы ретінде елестетіңіз.
Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған. Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болады. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдына қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалайша тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмысқана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан оқушының қолымен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшуі тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, бізоқытубарысындатабиғатпенүйлесімдежұмысістей аламыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену,жұмыспен тапсырма орындау барысында ләззат алу адамзат табиғатына тән. Туғаннан бастап жеткіншек шағы арқылы даму деңгейлері адамзат табиғатымен үйлесімде үйрену әдісіне сценарий бола алады. «Өзін-өзіқалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, Біз өзіміздің педагогтар ретіндегі роліміздің сәулет Инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз оқушылардың шығармашылығын, қиялымен дербестігін ынталандыру барысында дағдылары мен білімдерін қалыптастыратынжоспарлар,материалдар, құралдармен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек.
Монтессори методикасы
Еңбасты Монтессори Бағдарламаның Айырмашылығы сынып–сабақты
Жүйесінің жоқтығы: Бала өзінің қызығушылық саласын өзі таңдайды.
Ата – аналар мен педагогтар бұл үрдісте қараушы рөлін ойнайды, сезгіш және ықыласты болады,неге десе олар жас Зерттеушінің Түсіну үшін
Лайықты шарттар жасау керек. Біздің балабақшада Баланың әртүрл іәрекет
Салалары тек қана балаларда емес, олардың ата–аналар алдында үлкен
Танымалдығын білдіреді. Санау оқу, бөлу жәнет.б. сабақтарда тақырыптың презентациясы өтеді. Бұдан кейін бала өзі онымен жұмыс істеуге үйренеді, онымен қатар материалдың түсін,пішінін өзгерте алады.Жасалған материалды қолыңа алғың келе береді,өйткені ол өзі Әрекет жасауға магнит сияқты тартады. Одан қалды ол қауіпсіз және онда зор потенциалы бар.Әрине, біздің балабақшада балалар тек қана күнде жаңа материалмен таныса бермейді.Бізде балалардың қатысуларымен өте қызықтымерекелер болады.Сөйтіп маңызды мәдени оқиғалар балардың жанынан өтіп кетпейді.Бірақ, еңбекпен сабақты сауықтан айыра алады: іске уақыт—сауыққа бірсағат.Айтар болсақ, балабақшада педагогтар өт етәжиребел іжәне«жаныптұрған»адамдар,олар үнемі бір жаңа нәрселерге үйреніп жатады, өздері әртүрлімерекелерд іойлап табады, балалармен жұмысты қызықты формалардажүргізеді.Монтессори формасымен оқи отыра,балалар өз ойын білдірусаласында барынша көп еркіндік алады, мектепке дайындық мерзімдіжеңіл өтеді. Олар онда үйлеріне барған сияқты. Ең бастысы, олар өздіктүрде білім алады, және олардың құмарлықтарын тоқтата алмайсың! Әрине, бұнда ең маңызды рөлді мұғалімдермен ата–аналар ойнайды, олар баланың ерекшілігін қабылдау үшін тілектестікАтмосфера жасауларықажет. Баланыңер екшілік қасиеттерін бастапқылыққа қойып нақты адамды тәрбиелеуге болады.
«М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері» ХХІ ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық Технологиялық Бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар,тумысынан-ақ өсуге,жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтанда қарқынмен дамып бара жатқан мына замандаБалабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге,өздігінен шешім қабылдауына, топтада,жекеде жұмысжасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғимінезін, қабілетін,тәрбиешінің нұсқауымен емес,өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды.Бұлжастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім,қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында:зертханада, жаратылыстану,аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т.б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесінде өзі жөндеуі ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін–монтессори әдісін қолдану тиімді.Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады.Монтессори материалы қандайда бір іс-әрекетке итермелейді. Монтессори материалы төрттүрлі жолмен іске асады:
Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар.ең алғашқы жылында балақозғалыс жасау үстінде жүреді.Онда сензитивтік периодтың даму жолықалыптасады.Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторлықжүйесін қосу үшін тәрбиенің негізіне үлеседі.Моторлық даму жеке-дарақозғалыс темпін құлшындыруға әсерін тигізеді.Оған қозғалыс жасау үшінтүрлі жаттығулар жасалады, өзіндік іс-әрекетке итермелейді.Бір сызықтыңбойымен жүру тепе-тендік сақтауға итермелейді.Басқа да топтықжаттығулар балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі.Мысалы, рөлді койындар бір-бірін сыйлауға үйретеді.Жаттығуға арналған материал тәжірибе жасау барысында жас ерекшелігіне сай болу керек.Жаттығудың шарты түсінікті болу керек.
Нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйренеді.Жаттығулардың негізгімақсаты:баланы қоршаған ортаға деген жауапкершілік Қасиеттерін Қалыптастыру болып табылады.
Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулардың түрлері:
1.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю.
2.Металды тазалау.
3.Кесілген гүлдерді күту жолдары.
4.Бір сызықтың бойымен жүру.
5.Тыныштандыру жаттығулары.
6.Қоғамдық өмірге қатысы бар жаттығулар.
Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю
Керекті құралдар: поднос,шүберек,лейка
Мақсаты:Қозғалыс жүйесін дамыту,қоршаған әлем ішінде тепетендікті
сақтауға үйрету. Жас мөлшері 3жастағы балалар. Материалмен жұмыс жасау жолдары: лейка суға толтырылады.Мұғалім лейканы қолына алып
жоғары көтереді.Ыдысқа суды құяды. Лейканы қай
тадан үстел үстінеқойып,ыдыстағы суды қайтадан лейкаға құйды.Төгіліп қалған суды сүртіпотыру қажет.
Сезім мүшесін дамытаты материалдар: әр сезім мүшелерін дамытуды
ұсынады.Бұл материал арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін,
дыбысын ажырата алады.Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады.
Бала моторикасымен сенсорикасын жаттықтыру үшін материалды
қайталауға тура келеді. Материалды қолданған соң бала жоспарлау,дайындау, бір тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады.
Бірақ сабақ кезінде бала сол материалмен жұмыс жасау жолын
толығымен таныс болу керек.Мұнда жұмыс барысында балаға сөз
беріледі.Тапсырманы орындай алмайтындарға қайтадан тағы бір сабақ
өткізу керек. Алған білімін бекітіп, содан кейін жаңа сабақт өтілуі керек.
Сабақ 3 құрылымнан тұрады:
1. Көлемін анықтауға арналған материалдар;
2. Бір сызықтың бойымен жүру;
3. Тыныштандыру жаттығулары;
Сабақ балаға өзін-өзі танытуға талпындырады.
1.Көлемін анықтауға арналған материалдар:
Ойынның түрі «Қызғылт башня»
Керекті құралдар: «Қызғыл тбашня» 10 шаршыдан құралады (ауырағаш, қызғылттүс) шаршының мөлшері 1см-ден 10 –смге дейін барады.
Мақсаты: үлкен, кішкентай түсініктері қалыптасады.
Моторикасын дамытады. Жас мөлшері 3 жастағы балалар.
Материалмен жұмыс жасау жолдары:кілемнің үстінде шаршылар шашылып жатады.Тәрбиеші баланың алдына ең үлкен шаршыны қояды,
Ал бала сондай шаршыны сол шаршының үстіне қою керек.
1.Затты дұрыс атауға үйрету.
2.Заттың атына тауып бала сол затты алып келеді.
3.Затты атап жаттығады.
Математикалық материалдар математикалық материалдар ойлау
қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді.Бала ең алғашқыда көптеген
заттар мен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіреді.Монтессори
материалы сезімді дамытады, оған қоса математика әлеміне жетелейді.
Бала мұнда математикалық ұғымдарды тез игереді.Сан және онға дейін
санау жүйесін тез игереді.Математикалық монтессори материалы
баланы сенсоматорлық ішкі қажеттілігіне сүйене отырып қанағаттандыру
жолдарыніздеугетырысады.Математикалық материалды пайдалану
жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды.
Мысалы:ашық түсті моншақтарды пайдалану арқылы сан құрамымен
пішін туралы түсініктері пайда болады.Ойынның аты:«Сылдыр қағаздағы сандар»Керекті құралдар: ағаш кестелер, сылдыр қағазға 0-9-ға дейін сандардың атауларымен таңбаларымен таныстыру.Қол икемділіктерін
дамыту.Жас мөлшері: үш жастағы балалар.
Материалмен жасау жолдары: тәрбиеші 13 сандарды үстел үстіне қойып
бастырады.Балаға кез-келген санды тандауға рұқсат етіледі.
Психикалық дамуы тежелген топта өткен сабақ.(Монтессори әдісінде сабақ жоспарланбайды.)
Мақсаты:
балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер жасап тұрады.
Монтессори маман қолындағы қоңырауды сылдырлатып:
-Ал,қанеки,балалар
Ойнайықшы сылдырмақ.
Әдемі, бізге сылдырлат,
Келесіге ойнап-ап,
Бере салшы сылдырмақ.
Қоырауды балалар сылдырлатып, бір-біріне береді. Бұл жерде балалар бір затты бір-біріне беруді, өзара қарым-қатынасқа түсуді үйренеді.
Монтессори маман: Жарайсыңдар балалар. Енді қалаған аймақтарыңа барып, қалаған жаттығуларыңмен шұғылдануға болады.
Балалар еркін қимылдап, қалаған Монтессори құралын алып, ойнай бастайды.
Сол кезден бастап Монтессори маман бөлмеге үнтаспадан жәй әуенді жіберді.
Маман: Балалар,сендер өздерің де білесіңдер әуеннің басталғаны сабақтың басталғанын, ал тоқтағаны аяқталғанын білдіреді.
I- бала Райымбек.
Райымбек саусақ бассейнін үстел үстіне әкеліп ойнай бастады.
Мақсаты: Ішіне әр түрлі ақ , қызыл фасолдар толтырылған ыдыстың ішіне жасырылған кішкентай ойыншықтарды табу.
Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы және есте сақтау қабілетін дамыту.
Маманға бірге ойнайық дегенді ишарамен түсіндірді.
Монтессори маман: Райымбек, мынау ақ күшік пен қоңыр күшік. Мен осы күшіктерді бассейннің ішіне жасырамын, ал сен тауып аласың.
Райымбек бар ынтасымен екі қолын тесік арқылы бассейнге салып, күшіктерді іздей бастады.Тауып алып маманға беріп, енді өзі жасыратынын, ал маманға көзін жұмуды ыммен түсіндіреді. Ойынның Райымбекке ұнағаны сондай ол қайта-қайта осы ойынды ойнады. Осы ойыннан соң үстел үстінде тұрған қызғылт мұнараны құрастыра бастады.
Қызғылт мұнара.
Мақсаты:Көлемі әртүрлі кесектерден мұнара тұрғызу.
Жанама мақсаты: Көлемді көру арқылы қабылдауды дамыту.Үлкен-кіші деген ұғымдарды енгізу.
Райымбек маманның көмегімен мұнараны тұрғызып шықты.
II-бала- Әдемі.
Әдемі үстел үстіне күнделікті өмір жаттығулары аймағынан түймелі раманы алып келді.
Түймелі рама.
Мақсаты:Түймелерді ағытып және тағып үйрену.
Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту, зейін тұрақтандыру.
Әдемі түймелі раманы жасап болғасын орнына іліп қойды.Содан соң ішінде пинцеті, моншақтары бар подносты алды.
Мақсаты: Пинцетпен моншақтарды ұстап ұяшықтарға салу.
Әуен тоқтады. Балалар сонда да жаттығуларын жалғастыра берді. Осы кезде маман қоңырауды соғып, Райымбекті шақырды.
Маман: Райымбек, қане қоңырауды сылдырлатып,балаларға сабағымыздың аяқталғанын тағы да ескертіп қояйық. Содан кейін ғана балалар Монтессори құралдарын орнына қойып, топтарына беттеді.
Қорытынды
Заттарды тасымалдауға үйрену және қимыл-қозғалысты үйлестіру.
Монтессори бөлмесінде еркін жүріп, қандай аймаққа баратындары өз еріктерінде екенін сезінді.
М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.