Монтессори жүйесі мен дәстүрлі білім берудің салыстыру сипаттамасы
Монтессори жүйесі мен дәстүрлі білім берудің салыстыру сипаттамасы
М.Монтессори жүйесі Дәстүрлі оқыту Мақсаты Когнитивті құрылымның дамуы, баланың әлеуметтік-мәдени бейімделуі Білімнің белгілі бір шамасын жасау, баланы әлеуметтендіру. Оқытушының рөлі Ойын әрекетінде керекті кезінде көмектесу Доминантты, белсенді әсер Баланың рөлі Оқу үдерісіне белсенді қатысушы Оқу үдерісіне енжар қатысушы Тәртіп Қоршаған дайындалған орта мен оқыту әдісі ішкі тәртіптілікті күшейтеді Оқытушы сыртқы тәртіптің көзі болып табылады Топтағы балалардың жасы Әр түрлі Бірдей Оқу бағдарламалары Баланың жеке қызығушылығы мен қабілеті ескеріледі Балалардың жеке қызығушылықтарын ескермейді Білім базасын құру Оқыту материалдарының көмегімен бала өзінің тұжырымдамасын жасайды Баланы белгілі бір ұғымдарға педагог жетелейді Материалдармен жұмыс істеу уақыты Бала өзі таңдап алған тақырыппен қанша қаласа, сонша айналысады Балаға педагог белгілеген шектелген уақыт береді Жаңа ұғымдарды үйрену Жеке ерекшеліктеріне байланысты хабарды ұғынады Оқыту жылдамдығы «топтық нормалар» талаптарымен келісіледі Қателіктерді түзеу Бала өз бетімен кері байланыс механизмінің көмегімен өзінің қателіктерін түзейді Көбіне жұмысты тексергенде педагог түзейді Оқыту нәтижесін пысықтау Ішкі үдеріс: Өзі таңдап алған, өзін құрметтеу сезімдері болған кезде нақты әрекетті қайталау арқылы Сыртқы үдеріс: өтілген материалдарды механикалық түрде қайталау арқылы Балалардың қимылдық белсенділігі Бала өзіне ыңғайлы жерде жұмыс істейді, бөлменің ішінде еркін қозғалады, басқаларға кедергі жасамас үшін қатты сойлемейді, топтық жұмыс балалардың қалауымен болады Шектелген. Бала негізінен өз орнына отырады, сабақ кезінде ол тыныш отырып, педагогтың айтқанын мұқият тыңдайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Монтессори жүйесі мен дәстүрлі білім берудің салыстыру сипаттамасы»
Монтессори жүйесі мен дәстүрлі білім берудің салыстыру сипаттамасы М.Монтессори жүйесі Дәстүрлі оқыту Мақсаты Когнитивті құрылымның дамуы, баланың әлеуметтік-мәдени бейімделуі Білімнің белгілі бір шамасын жасау, баланы әлеуметтендіру. Оқытушының рөлі Ойын әрекетінде керекті кезінде көмектесу Доминантты, белсенді әсер Баланың рөлі Оқу үдерісіне белсенді қатысушы Оқу үдерісіне енжар қатысушы Тәртіп Қоршаған дайындалған орта мен оқыту әдісі ішкі тәртіптілікті күшейтеді Оқытушы сыртқы тәртіптің көзі болып табылады Топтағы балалардың жасы Әр түрлі Бірдей Оқу бағдарламалары Баланың жеке қызығушылығы мен қабілеті ескеріледі Балалардың жеке қызығушылықтарын ескермейді Білім базасын құру Оқыту материалдарының көмегімен бала өзінің тұжырымдамасын жасайды Баланы белгілі бір ұғымдарға педагог жетелейді Материалдармен жұмыс істеу уақыты Бала өзі таңдап алған тақырыппен қанша қаласа, сонша айналысады Балаға педагог белгілеген шектелген уақыт береді Жаңа ұғымдарды үйрену Жеке ерекшеліктеріне байланысты хабарды ұғынады Оқыту жылдамдығы «топтық нормалар» талаптарымен келісіледі Қателіктерді түзеу Бала өз бетімен кері байланыс механизмінің көмегімен өзінің қателіктерін түзейді Көбіне жұмысты тексергенде педагог түзейді Оқыту нәтижесін пысықтау Ішкі үдеріс: Өзі таңдап алған, өзін құрметтеу сезімдері болған кезде нақты әрекетті қайталау арқылы Сыртқы үдеріс: өтілген материалдарды механикалық түрде қайталау арқылы Балалардың қимылдық белсенділігі Бала өзіне ыңғайлы жерде жұмыс істейді, бөлменің ішінде еркін қозғалады, басқаларға кедергі жасамас үшін қатты сойлемейді, топтық жұмыс балалардың қалауымен болады Шектелген. Бала негізінен өз орнына отырады, сабақ кезінде ол тыныш отырып, педагогтың айтқанын мұқият тыңдайды. Ата-ананың қатысуы Оқыту үдерісіне белсенді қосылу үшін ата-аналарға арналған арнайы бағдарламалар бар Қалауы бойынша. Ата- аналар оқыту үдерісінің белсенді қатысушылары болмайды
Монтессори технологиясының мектепке дейінгі білім беру салаларында алар орнының орасан зор екендігін көрсетеді. Монтессори технологиясының әдіс-тәсілдерімен таныса келе, мен педагог ретінде өз тобыма күнделікті балаларды қызықтыру және жан-жақты дамыту мақсатында қолдануды енгізе бастадым. Балалармен Монтессоридің топта қолданылатын бірнеше материалдарын пайдаланудамын. Атап айтатын болсам, І сәбилер тобының тәрбиешісі болғандықтан, жас мөлшеріне сәйкес түймелері, сыдырмасы, жапсырмасы, бауы бар рамкаларды балалардың ұсақ қол моторикасының дамуы үшін және күнделікті өмірде кездесетін аяқ киімбауын байлауға, киімдерінің түймесін түймелеуге, сыдырмаларын өз еріктерімен қадай алуларына көп септігін тигізері анық. Сонымен қатар геометриялық денелерді көру және сипап сезу мүшелері арқылы ажыратуға тырысады. Манна жармасында сурет салуға арналған қақпағы бар қорапша, қыстырғыштарды түр-түсімен қадау т.б. қолданысқа енгізебастадым. Балалардың өз- өзімен болуына, өзі қалай қаласа солай жасауына кедергі келтірмеу керектігін де басты назарда ұстанудамын. Болашақта өз ісіне жауапты, шешім қабылдай алатын тұлға қалыптассын десек, тәрбие үдерісінде одан әрі бекітіліп, қолдауға ие болу керек. Сөз соңында М.Монтессоридің кейбір өсиеттеріне тоқтала кеткенді жөн көрдім: - Егер өзі қажет етпесе, ешқашан баланы мәжбүрлеме. - Ешқашан бала туралы жаман сөз айтпа. - Бала бойындағы жақсы қасиеттерді дамытуға талпын, нәтижесінде оның бойындағы жаман қасиеттер азая бастайды. - Баланың үндеуіне назар аудар, әрқашан сауалмен келген баланы мұқият тыңдап, жауап бер. - Қателескен баланы сыйла, өйткені ол өз қатесін қазір немесе артынан түзей алады. - Демалып не басқалардың жұмысын бақылап отырған баланы сыйла, ешқашан оның атын атап шақырып, белсенді іске мәжбүрлеме. - Баламен қарым-қатынаста әдепті мінез-құлық үлгісін көрсет және балаға өзіңнің бойыңдағы барлық жақсы қасиеттеріңді ұсын. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып дамытса, оның нәтижесі де жемісті болмақ. М.Монтессори технологиясы бойынша «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу қажет. Монтессори әдістемесінің балабақшаларымызға енгізіле бастауы жақсы бастама деп ойлаймын. Жоғарыдағы аталған өсиеттерді балалармен қарым-қатынаста қолданып, бала жан-дүниесіне үңіліп, оны түсінуге барынша тырысуымыз қажет. Бала өсіп келе жатқан жас өскін, оның бойындағы жақсы қасиеттерді ашып, оның қабілетін шыңдай түсу үшін, тек дұрыс ұйымдастырылған тәрбие мен білім беру қажет екенінестен шығармағанымыз абзал.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Монтессори М. Балалар үйі. Ғылыми педагогика әдісі. – Гомель, 1993. 332б. 2. Сорокова М.Г. Система М.Монтессори. Теория мен практика. Москва, 2005. 3. Венгер Л.А. 6 Пилюгина Э.Г. Воспитание сенсорной культуры ребенка.- 1988. 146ст. 4. Поддьяков Н.Н. Способы сенсорного воспитания в детском саду. 5. Курашова Р.А. Сенсорное развитие дошкольников, - М. Новое знание, 2006. Тәрбие.орг сайтынан М.Монтессори технологиясының тәжірибедегі ерекшеліктері Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес