«Мүмкіндігі шектеулі балаларға психокоррекциялық көмек көрсету түрлері»
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға психокоррекциялық көмек көрсету түрлері»
Психологиялық-педагогикалық коррекция – бұл баланың оқудағы, тәртібіндегі, басқа адамдармен-балалармен және ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі мүмкіндіктерін жоғарлатуға, оның потенциалдық мүмкіншіліктерін, шығармашылық резервтерін анықтауға бағытталған психолог пен педагог-дефектологтың біріккен іс-әрекеті. Педагог пен психологтың біріккен іс-әрекеті, баланың психологиялық ерекшеліктерін түсіну негізінде, балаға деген жеке ықпал жасауын қамтиды, дер уақытында баланың психикалық дамуындағы және тәртібіндегі бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік береді және оған қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің берілуін қамтиды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Мүмкіндігі шектеулі балаларға психокоррекциялық көмек көрсету түрлері»»
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
«Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық көмек көрсету түрлері»
Тексерген: №2бөлім меңгерушісі:
Байжуманова Б.С
Жауаптылар: Айтжанова Т.Ш
ӘмрееваД.Е
Семей 2021ж
Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыстың негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету.
Психологиялық коррекцияның негізгі сипаттамасы
Психологиялық-педагогикалық коррекция – бұл баланың оқудағы, тәртібіндегі, басқа адамдармен-балалармен және ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі мүмкіндіктерін жоғарлатуға, оның потенциалдық мүмкіншіліктерін, шығармашылық резервтерін анықтауға бағытталған психолог пен педагог-дефектологтың біріккен іс-әрекеті. Педагог пен психологтың біріккен іс-әрекеті, баланың психологиялық ерекшеліктерін түсіну негізінде, балаға деген жеке ықпал жасауын қамтиды, дер уақытында баланың психикалық дамуындағы және тәртібіндегі бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік береді және оған қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің берілуін қамтиды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы психикалық процестердің, қасиеттердің пайда болу, даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін, қарым-қатынасын игеру үшін жалпы және жас ерекшелік психологиясы, жас ерекшелік педагогикасы, жас ерекшелік физиологиясы, дифференциалды және практикалық диагностика пәндерін оқып-үйрену арқылы жүзеге асады.
Коррекция» терминінің бір мәні, латын тілінен аударғанда – түзету, жартылай түзету немесе өзгерту (лат. correctio). Психологиялық коррекция дегеніміз жас ерекшелік психологияда қабылданған критерийлар (бағалау) жүйесі бойынша нормаға немесе жас ерекшелік бағдарға, онтогенездің бір сатысындағы бала дамуының дұрыс варианты ретінде, аталмыш дамудың гипотетикалық «оптималды» моделіне сәйкеспейтін психикалық дамудың ерекшеліктерін түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің белгіленген түрі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыстың негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету. Негізгі міндеті — әр бала тұлғасының потенциалдық мүмкіндіктерін дамыту үшін оптималды психологиялық-педагогикалық жағдайларды туғызу негізінде, мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық дамуындағы (ақыл-ойындағы, эмоцияларындағы, мотивацияларындағы, мінез-құлқындағы, ерік- жігеріндегі, қимылындағы және т.б.) ауытқуларды психологиялық-педагогикалық коррекциялау (түзеу). Коррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндеті мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген қатынастың психологиялық-педагогикалық позициясын көрсетеді: арнайы білім беру жүйесіне баланы келтіру, түзеу емес, ал аталмыш арнайы білім беру жүйесін, мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуын, тәрбиеленуін, оқуын қамту үшін, коррекциялау, түзеу (бейімдеу) қажет. Психологиялық бейімделудің басты құралы-тәрбие, білім, еңбек және кәсіби даярлық болып табылады. Психологиялық адаптация, адам өміріндегі кез келген өзгерістерде жүзеге асады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады. Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесі көмігімен түзету. Көршілес мемлекет Ресейде түзету жұмысының теориясы мен тәжірбиесін дамытуда жетекші рөлді А.Н.Граборов (1885-1949) атқарды. Ол ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін жұмыстың біртұтас жуйесін жасады. Бұл жүйенің құрамына нелер кіреді? Оған ойлау, есте сақтау үдерістерін дамытуға ықпал ететін әр түрлі ойындар, шыдамдылықты, төзімділікті қажет ететін қол еңбегі, топтық саяхаттар тәрізді маңызды әлеуметтік мазмұндағы жұмыстар енеді.
Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психикалық дамуын жетілдіру негізінен үш бағытта жүргізіледі: 1. Балаларға жан – жақты диагностикалық тексерулер мен мамандардың консультативтік кеңестерін ұйымдастыру, негізгі зақымданулардың дәрежесін анықтау; 2. Емдеу, сауықтыру, әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру; 3. Түзету және дамыту бағыттарында арнайы әдістемелерді құрастырып, оларды қолдану .
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жанұясымен жұмыс істеу жолдары Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жанұясының негізгі проблемалары
Қарым-қатынасты мақсатты шектеуі: ДМШ балалардың ата-аналары қарым-қатынас аясын шектейді ( өздерінің және баланың), жаңа танысулардан қашқақтайды. Осылайша, ДМШ баланың әлеуметтік ортасы отбасылық шеңбермен шектеледі, бұл баланың әлеуметтенуіне кері әсер етеді.
Гиперопека: ДМШ баласы бар ата-ана үшін өз-өздерін ата-ана ретінде жүзеге асырудың шамадан тыс өбектеу бір ғана жолы болып табылады.
Кемісутішілік сезім: ата-аналар осы мәселеге өздерінің «жазасы» ретінде қарайды.
Білім мен дағдының жоқтығы , үй жағдайында баланы тәрбиелеуге оңтайлы және арнайы жағдай жасауға мүмкіндік бермейді .
психологиялық-педагогикалықжұмыстың сатылары
Бала мен оның отбасын алғашқы диагностикалау.
Мектептегі мамандармен ата-аналардың танысуы, тығыз қарым-қатынас орнату.
ДМШ әр балаға жеке сүйемелдеу мақсатында жоспар мен бағдарлама құру.
Ата-аналармен тікелей серіктестік жұмыс жасау.«Сенімді құлау» жаттығуы Мақсаты: топ мүшелерін жақындастыру, өзара сенімді қарым-қатынас орнату. Тапсырма: қатысушылар шеңберге тұрады. Ортаға бір қатысушы шығып көзін жұмады да арқасымен құлайды. Топтың әрбір мүшесі кезекпен орындайды. Жаттығуды талқылау сұрақтары: Нені жасау оңай болды, құлаған адамды тосу ма, әлде өзіңіз құлау ма? Қандай сезімде болдыңыз? Шынайы өмірде осындай жағдайларды қай кезде басыңыздан өткердіңіз? Қатысушылар тапсырманы орындауда ненің көмектескенін немесе не кедергі болғаны туралы ой бөліседі.
«Су толы тәрелке» жаттығуы Мақсаты: топта өзара түсінісушілікті қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларды арттыру. Тапсырма: тренигке қатысушылар көздерін жұмып, үндемей отырып шеңбер бойымен отырып су толы тәрелкені бір-біріне береді. Жаттығуды талқылау сұрақтары: Сіздің ойыңызша қолыңыздан не келмеді? Оны қалай түзетуге болады? Жаттығу орындау барысында қандай эмоцияларды басыңыздан өткердіңіз?
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Дубровина И.В. Психокоррекционная и развивающая работа с детьми. – М., 2001. 2. Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Оқу құралы. Қарағанды: „САНАТ–Полиграфия“, 2008. 3. Захаров А.И. Психотерапия неврозов у детей и подростков. — М., 1982.