2 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Саңырауқұлақты алқап.
Мақсаты: балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттарды біріктіріп мүсіндей алу дағдыларын бекіту, оларға мазмұн беру, мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: саңырауқұлақ суреттері, тақтайша ермексаз, арнайы кескіш таяқша.
балалар үшін: тақтайша, ермексаз, кескіш таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: саңырауқұлақ – грибы
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Кіріспе әңгіме: Тәрбиеші балаларға саңырауқұлақ, олардың түрлері туралы түсінік беріп, қайда өсетіні, атауы, оның тамақ ретінде пайдаланатыны, улы түрінің болатыны жайында мағлұматтар береді.
2. Тәрбиешінің түсіндіруі: Балалардан кімнің саңырауқұлақты өз көзімен көргені, жинағаны туралы сұрап, жұмыс дәптеріндегі саңырауқұлақты мүсіндеудің әдіс – тәсілдерін көрсете отырып түсіндіреді:
* Алдымен ақ және қоңыр түсті ермексаз кесегін екіге бөліп, алақан арасына салып жұмсартамыз.
* Қоңыр түсті кесегін алақан арасына салып домалақтап, шарик жасаймыз. Оның ортасын басбармағымызбен басып, саңырауқұлақтың қалпағының пішініне келтіреміз.
* Ақ түсті ермексазды цилиндр шұжық пішініне келтіреміз, ол саңырауқұлақтың аяғы болады. Енді екі бөлікті бір – біріне біріктіріп, олардың сырттарын тегістейміз.
* Саңырауқұлақты жасыл түске боялған қатырма қағаздың үстіне орнатамыз.
3.Балалардың жұмысы: үлгіге қарап отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды.Аяқталған жұмыстардың орындалуына талдау жасап, ең жақсы жасалғандарын атап өту.
Әңгімені тыңдайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Жұмыстың орындалу сапасына назар аудару, балалар жұмыстарын бағалау, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттарды біріктіріп мүсіндей алу дағдыларын бекіту, оларға мазмұн беру
Қандай түсініктерді игерді: мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қол орамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Үстел үстін, киімін бүлдірмей материалмен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында тақтайшада мүсіндеу үшін қажетті материалды қалай қолдану керектігін түсіндіреді.
3. Ермексазбен жұмыс аяқталғаннан кейін, қолды орамалмен сүртіп, сабынмен тазалап жуу керектігін ұғындырады. Балалар жұмыс орындарын дайындайды.
4. Педагогбалаларды мүсіндеудің негізгі жұмсарту және есу тәсілдерімен таныстырады. Бүтін ермексазды жұмсарту, есу қиын болатындықтан ермексазды кесетін арнайы кескіш таяқшамен бірнеше бөлікке бөліп алып, алдымен алақанға салып жұмсартып, сосын тақтайшада ұзын жіңішке шиыршық пайда болғанша есу керектігін көрсете отырып түсіндіреді.
5. Балаларжұмысы. Педагогтың көрсеткені бойынша өздері қайталап мүсіндеу жұмысын орындайды.
6. Педагог балаларға бедерлі мүсіндеу тәсілімен жұмыс жасау жолын түсіндіреді:
* Көк түсті қатырмақағазға жай қарындаштың көмегімен күн мен бұлттың суретін салып шығамыз.
* Ақ және сары түсті ермексаздың кесегін жұмсартамыз.
* Ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып, әр бөлігін тақтайшаның үстіне салып ұзынша, жіңішке ширатпалар есеміз.
* Ширатпаларды сұлбаның өн бойына салып, қатырмақағазға жабыстыра бастырамыз.
* Күн мен бұлттың ішін сәйкес түсті ермексазбен толтырып, бетін тегістеп шығамыз.
* Жекелеген ширатпалардан күннің сәулелерін жасап шығамыз.
7. Балалар жұмыс дәптерінің көмегімен өз бетінше жұмысты орындайды.
Әңгімені тыңдайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Жасаған мүсіндеу жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Талдау, бағалау. Педагог дұрыс әрі тиянақты орындалған жұмыстарды атап көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мүсіндеу жұмысында қолданылатын материалдармен, құралдармен таныстыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қатырмақағазға бедерлеу тәсілін орындау дағдыларын қалыптастыру.
Бекітемін: күні:
2 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Саңырауқұлақты алқап.
Мақсаты: балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттарды біріктіріп мүсіндей алу дағдыларын бекіту, оларға мазмұн беру, мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: саңырауқұлақ суреттері, тақтайша ермексаз, арнайы кескіш таяқша.
балалар үшін: тақтайша, ермексаз, кескіш таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: саңырауқұлақ – грибы
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Кіріспе әңгіме: Тәрбиеші балаларға саңырауқұлақ, олардың түрлері туралы түсінік беріп, қайда өсетіні, атауы, оның тамақ ретінде пайдаланатыны, улы түрінің болатыны жайында мағлұматтар береді.
2. Тәрбиешінің түсіндіруі: Балалардан кімнің саңырауқұлақты өз көзімен көргені, жинағаны туралы сұрап, жұмыс дәптеріндегі саңырауқұлақты мүсіндеудің әдіс – тәсілдерін көрсете отырып түсіндіреді:
* Алдымен ақ және қоңыр түсті ермексаз кесегін екіге бөліп, алақан арасына салып жұмсартамыз.
* Қоңыр түсті кесегін алақан арасына салып домалақтап, шарик жасаймыз. Оның ортасын басбармағымызбен басып, саңырауқұлақтың қалпағының пішініне келтіреміз.
* Ақ түсті ермексазды цилиндр шұжық пішініне келтіреміз, ол саңырауқұлақтың аяғы болады. Енді екі бөлікті бір – біріне біріктіріп, олардың сырттарын тегістейміз.
* Саңырауқұлақты жасыл түске боялған қатырма қағаздың үстіне орнатамыз.
3.Балалардың жұмысы: үлгіге қарап отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды.Аяқталған жұмыстардың орындалуына талдау жасап, ең жақсы жасалғандарын атап өту.
Әңгімені тыңдайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Жұмыстың орындалу сапасына назар аудару, балалар жұмыстарын бағалау, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттарды біріктіріп мүсіндей алу дағдыларын бекіту, оларға мазмұн беру
Қандай түсініктерді игерді: мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Бекітемін: күні:
3 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Тасбақалар.
Мақсаты: бүтін бөліктен созу тәсілі арқылы тасбақаны мүсіндеуді үйрету; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.
Керекті құралдар мен материалдар:
тәрбиеші үшін: тасбақа бейнеленген суреттер, ермексаздан жасалған дайын үлгі, тақтайша, ермексаз, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: тасбақалар – черепахи.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
Асты тас, үсті тас,
Ортасында жалғыз бас. (тасбақа)
Балалардың дұрыс жауабынан кейін тасбақаның суретін немесе ойыншық тасбақаны көрсету арқылы оның құрылысына, дене бітіміне назарларын аударады.
3. Тәрбиешінің түсіндіруі: Ермексаздың бүтін кесегінен созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысының барысымен таныстыру.
4. Тәрбиеші үлгіні көрсете отырып, балаларға тасбақаның жасалу жолын көрсетеді:
* Қоңыр ермексаз кесегін жұмсартып аламыз.
* Үлкен домалақ жасаймыз.
* Созу тәсілімен басын, мойнын және аяқтарын шығарып аламыз.
* Жіңішке ширатпалар дайындап аламыз.
* Тасбақаның сауытын ширатпалармен безендіреміз.
5.Балалар жұмысы: Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіге қарай отырып, тасбақаны мүсіндеуге кіріседі. Көрсетілген созу тәсілін қолдана отырып, жұмысты орындайды.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар жұмыстарын бағалау, мадақтау. Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: бүтін бөліктен созу тәсілі арқылы тасбақаны мүсіндеуді үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Бекітемін: күні:
4 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Киттің балалары.
Мақсаты: балаларға ермексаздың бүтін бөлігінен созу тәсілін қолдану арқылы киттің балаларын мүсіндеу жұмыстарын үйрету; тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Керекті құралдар мен материалдар:
тәрбиеші үшін: киттер және олардың балалары бейнеленген суреттер, ермексаздан жасалған дайын үлгі, тақтайша, ермексаз, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға кит, басқа да балықтар туралы жұмбақ жасырады.
Су оның мекені, Суда жүзеді,
Көрінеді бедері. (балық) Құрғақта өледі. (кит)
3. Тәрбиешінің түсіндіруі. Балалардың жауабынан кейін киттердің баласының суретін көрсетіп олардың дене мүшесінің құрылысына басы, қанаттары, құйрығының орналасу ретіне назарларын аудартады.
4. Ермексаздың бүтін бөлігінен созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысын тағы көрсете отырып түсіндіреді. Тәрбиеші үлгіні басшылыққа ала отырып, киттің баласын жасау жолын көрсетеді:
* Көк түсті ермексаз кесегін жұмсартамыз.
* Үлкен домалақ жасаймыз.
* Созу тәсілімен киттің құйрығын шығарып аламыз.
* Құйрығының дәл ортасынан тілік жасаймыз да, ұшын сүйірлеп, тегістеп, пішінін келтіреміз.
* Тісшұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын белгілейміз.
5. Балалардың жұмысы: Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіге қарай отырып, киттің баласын мүсіндеуге кіріседі. Шымшу, созу тәсілдерін қолданып, жұмысты орындайды.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар жұмыстарын бағалау, мадақтау. Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: бүтін бөлігінен созу тәсілін қолдану арқылы киттің балаларын мүсіндеу жұмыстарын үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту,
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Бекітемін: күні:
5 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Көкөністер.
Мақсаты: күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын – терін болатынын түсіндіру, заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту, ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар:
тәрбиеші үшін: жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.
балалар үшін: түрлі – түсті ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: көкөністер – овощи.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. «Көкөністер мен жемістерді ажырат» дидактикалық ойынын ойнату. Шарты: ойын ойнау арқылы балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады.
3. Тәрбиешінің түсіндіруі. Балаларға күз мезгілі жайлы айтып түсіндіру. Көкөністерді ермексаздан жасайтындарын айтып, түсіндіреді. Жұмыс барысында қай бала көкөністің қай түрін жасайтынын айтады. Жұмыс дәптердегі жасалу жолдарын көрсетіп, түсіндіру:
* Қызыл күрең, қызыл, жасыл, қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.
* Көкөністің түріне қарай шарик немесе цилиндр пішіндерді мүсіндеп аламыз.
* Көкөністі жасау: қызанақ – қызыл домалақталған ермексаздан жасаймыз.
* Қияр – жасыл ермексаздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз.
* Қызылша – күрең қызыл досалақтанған ермексаздан жасаймыз.
* Сәбіз – цилиндр пішінді ермексаздың бір ұшын аздап созып жасаймыз.
* Бұрыш – жасыл түсті ермексаздың бір ұшын аздап созып, домалақтап тегістейміз.
4.Балалардың жұмысы. Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеулің орындалу ретімен танысып, жұмысты орындайды.
5.Жеке баламен жұмыс. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылайды.
Ойынды ойнайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар жұмыстарын бағалау, мадақтау. Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын – терін болатынын түсіндіру,
Қандай түсініктерді игерді: заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту,
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.
Бекітемін: күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Кеселер.
Мақсаты: ширату тәсілі арқылы ыдыс мүсінін жасау тәсілін үйрету; заттың сыртын ою-өрнекпен безендіруді меңгерту; жұмыс барысында өзін дұрыс ұстап, жұмысты тиянақты орындауға дағдыландыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
тәрбиеші үшін: үлгі ретінде алдын-ала дайындалған кесе, ермексаз, тақтайша, таяқша.
балалар үшін: ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: кеселер – пиялушки.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға ыдыстар туралы жұмбақ жасырады. Балалардың жауабынан кейін ыдыстардың неден жасалатыны туралы түсінік беріп өтеді.
3. Үлгі ретінде дайындалған кесені көрсетіп, оның пішінінің ерекшеліктеріне тоқталады. Кесенің өте ертеде жасалып, қолданылып келе жатқаны туралы түсіндіріледі. Мүсін жасау үшін қолданылатын айналып тұратын құрал жоқ кезде адамдар саз балшықтардан ширатпалар есіп, ыдыс жасаудың оңай тәсілін ойлап тапқандығы туралы айтылады.
4. Тәрбиеші жасалу жолын жұмыс дәптерінен көрсете отырып түсіндіреді. Ширату тәсілінің орындалуын еске түсіреді:
* Бір кесек ақ түсті ермексазды және жарты кесек түсті ермексазды илеп жұмсартып аламыз.
* Ақ түсті ермексаздың бір кесегі мен түсті ермексаздың жартысын жұмсартамыз. Ақ түсті жұмсартылған ермексаздың шағын бөлігін жомалақтап, оны алақанға салып жалпақтап, тақтайшаға қойып, кесенің дөңгелек түбін жасау.
* Ақ түсті ермексаздың қалған бөлігінен есу арқылы орташа қалыңдықта ширатпалар жасаймыз.
* Тақтайшадағы кесенің түбіне ақ түсті ширатпаларды айналдыра орай отырып, кесенің пішініне келтіреміз.
* Кесенің сыртын саусақпен тегістеп шығамыз.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар жұмыстарын бағалау, мадақтау. Тәрбиеші жасалған мүіндерді бағалайды, талдайды. Кесемен
жұмыстың келесі сабақта жалғасатынын хабарлайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ширату тәсілі арқылы ыдыс мүсінін жасау тәсілін үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: заттың сыртын ою-өрнекпен безендіруді меңгерту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмыс барысында өзін дұрыс ұстап, жұмысты тиянақты орындауға дағдыландыру.
Бекітемін: күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Кеселер.
Мақсаты: дайын мүсінделген кесені сәндік ою-өрнектермен безендіруді үйрету; мүсіндеу барысында балаларды өз ісіне ұқыпты және шыдамды болуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: алдын ала дайындалған кесе, ермексаз, ою-өрнектердің суреті, тақтайша, таяқшалар, қолорамал, т.б.
балалар үшін: жұмыс дәптері, алдыңғы сабақта жасалған кесе, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал,
Қостілділік компонент: келер – пиялушки.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға кесені безендіруге болатын ою-өрнек түрлеріне қарауды ұсынады. Ою-өрнектің таныс емес түрлеріне назар аударуды сұрайды.
4. Тіс шұқығыш шидің көмегімен кесеге ою-өрнек саламыз:
* Түрлі түсті ермексаз кесегінен жіңішке ширатпалар жасаймыз.
* Жіңішке ширатпаларды кесеге салынған ою-өрнектің үстіне жүргізіп, жайлап бастырып жапсырамыз.
5. Балалардың жұмысы. Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеулің орындалу ретімен танысып, жұмысты орындайды.
6. Жеке баламен жұмыс. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылайды.
Ою - өрнектердің атын атайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Сабақты қорытындылау кезінде балалар кесені қандай тәсілмен жасағандарын, жұмыстың орындалу барысын айтады. Бір-бірінің жұмыстарына талдау жасап, бір-біріне пайдалы кеңестер айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: дайын мүсінделген кесені сәндік ою-өрнектермен безендіруді үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: мүсіндеу барысында балаларды өз ісіне ұқыпты және шыдамды болуға тәрбиелеу;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Бекітемін: күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Кірпілер.
Мақсаты: балаларға табиғи материалдар мен ермексазды пайдаланып, кірпінің мүсінін жасауды үйрету; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: кірпінің дайын үлгісі, шырша қылқандары, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал, т.б.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, шырша қылқандары, тақтайша, таяқша, қолорамал, т.б.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға кірпі туралы ертегі немесе әңгіме оқып беріп, оның тіршілігі, немен қоректенетіні туралы түсінік береді. Балалардан кірпі туралы не білетіндерін сұрап, әңгімеге тарту.
3. Тәрбиеші балаларға кірпінің дайын жасалған үлгісін көрсете отырып, оны ермексаздан мүсіндеу тәсілін көрсетеді:
* Қоңыр түсті ермексаздың бір кесегін жұмсартып, оның кішкене бөлігін үзіп аламыз.
* Үлкен бөлігінен домалақ жасаймыз. Созу тәсілімен кірпінің тұмсығын жасаймыз.
* Ермексаздың кішкентай бөлігін төртке бөліп, цилиндр тәрізді пішіндер жасаймыз, бұл – кірпінің аяқтары. Аяқтарын денесіне біріктіреміз.
* Кірпінің инелерін шыршаның не қарағайдың қылқандарынан жасаймыз. Қара түсті ермексазды домалақтап кірпінің мұрнын, көздерін жасап, оны бас бөлігіне жапсырып біріктіреміз.
4. Жұмыс дәптерден орындалу ретін көрсетіп, жасалу жолын түсіндіру. Балалар өз беттерінше кірпіні мүсіндеу жұмысына кіріседі.
5. Балалар кірпінің жасалу жолын еске сақтап, өз беттерінше орындайды.
6. Педагог балалардың жасап жатқан жұмыстарын бақылап, қиналған балаларға көмектесіп, бағыт-бағдар береді.
Ертегіні тыңдайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Дайын болған мүсіндерді қарап шығып, жақсы, дұрыс орындалған жұмыстарды үлгі ретінде балаларға көрсетіп, бағалау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балаларға табиғи материалдар мен ермексазды пайдаланып, кірпінің мүсінін жасауды үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Бекітемін: күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Балықтар.
Мақсаты: кесек ермексазды созу тәсілі арқылы мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; әртүрлі әдіс-тәсілдермен балықтың сыртын безендіру; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; бейненің сипатын аша білуге бағыт беру; ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: аквариумдағы балықтар, әртүрлі балықтардың суреттері, ермексаз, тақтайша, таяқша,
қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал, т.б.
Қостілділік компонент: балықтар – рыбы.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға балық туралы жұмбақ жасырып, балалардың балық туралы не білетіндерін анықтайды.
3. Содан соң балаларды аквариумдағы балықтардың қасына шақырып, оның дене құрылысындағы ерекшеліктерге назарларын аударады.
4. Балалар балықтың қандай түрін мүсіндегісі келетінін өздері анықтайды.
5. Педагог жұмыстың орындалу ретін көрсетіп, созу тәсілімен балықтың жүзбеқанаттары мен құйрығын қалай шығарып алуға болатынын көрсетеді. Әртүрлі тәсілдермен безендіру жолдарын үйретеді:
* Көк түсті ермексаз кесегін жұмсартып аламыз.
* Ермексазды домалақтап алып, аздап жаншып, жалпайтамыз.
* Созу тәсілін пайдаланып, құйрығы мен жүзбеқанаттарын жасаймыз.
* Ермексаздың бірнеше түсін пайдаланып, жіңішке ширатпалар мен домалақтар жасап аламыз.
* Балықтың дене бөлігін шиыртпалар және домалақтармен әшекейлейміз.
* Көздерін мүсіндеп алып, бас бөлігіне бекітеміз.
* Таяқшаның көмегімен аузын белгілейміз.
6. Балалар жұмыс дәптеріндегі реттік орындау үлгісіне қарап отырып, әдемі балықтарды мүсіндейді.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалардың жасаған жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастырылады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: әртүрлі әдіс-тәсілдермен балықтың сыртын безендіру;
Қандай түсініктерді игерді: кесек ермексазды созу тәсілі арқылы мүсіндеу дағдыларын жетілдіру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Бекітемін: күні:
10 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Көңілді күшік.
Мақсаты: балаларды әртүрлі көлемдегі цилиндрді біріктіру арқылы мүсіндеу жұмысын жасауды үйрету; ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: күшіктердің суреті мен фотосуреттері, үлгі ретінде жасалған күшік, тақтайша, ермексаз,
таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Балаларға жұмбақ жасырып, жауабын дұрыс тапқаннан кейін, күшіктің суретін көрсетіп, балалармен бірге күшіктің дене құрылысын анықтайды.
3. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын түсіндіру.
4. Педагог ермексаздан күшіктің жасалу жолдарын рет-ретімен түсіндіріп көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды:
* Бір кесек ақ ермексазды және жарты кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөліп аламыз.
* Ақ ермексаздан домалақтап басып, цилиндр пішінінде мойнын, денесін, шұжық пішінінде аяқтарын (4 дана), құйрығын, сопақша пішінде құлақтарын, түрлі түсті ермексаздан денесіндегі дақтарын мүсіндейміз.
* Домалақтап жасалған басын аздап созып, күшіктің тұмсығының пішінін келтіреміз.
* Кеудесіне күшіктің мойнын, басын біріктіріп, біріктірілген жігін тегістейміз.
* Аяқтарын денесіне біріктіріп, төмен жағын аздап иіп, табанын шығарып аламыз.
* Қара ермексаздан мұрны мен көзін жасап алып, бас бөлігіне жапсырамыз.
5. Жұмыс барысында педагог балаларға көмектеседі, жұмыс дәптеріндегі суреттердің орындалу кезеңіне назарларын аударады.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог дайын жұмыстарды балалармен талдап, бағасын береді, кемшіліктерді түзету жолын өздерінен сұрайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балаларды әртүрлі көлемдегі цилиндрді біріктіру арқылы мүсіндеу жұмысын жасауды үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру;
Бекітемін: күні:
11 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек.
Мақсаты: балаларға ермексаздан ширату әдісін қолдану арқылы ұлттық ою-өрнектерді жеңіл түрдегі бедермен орындауға үйрету; қазақтың ою-өрнектерінің элементтерімен таныстыру; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру; ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуге, әсемдікті қабылдай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, ұлттық ою-өрнектер үлгілері, ермексаз,
тақтайша, таяқша.
балалар үшін: ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: ою - өрнектер – орнаменты, ұлттық – национальность.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға қазақ халқының күнделікті тұтынатын тұрмыстық бұйымдарының үлгісін көрсетіп, олардың ою-өрнектеріне көңілдерін аударады: – Балалар қандай ою-өрнектерді көріп отырсыңдар? – Қошқар мүйіз, қызғалдақ, құс қанаты (балалар білетін ұлттық ою-өрнектерінің атын айтады). – Бұл өрнектер неге ұқсайды?
– Құстардың қанатына, гүлге, малдың мүйізіне (жауаптарды тыңдау, түзету).
3. Педагог балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінде осындай ұлттық оюларды ермексаздан ширату тәсілін пайдаланып, бедерлейтіндерін айтады. Бұл сабақ екі сағатқа есептелген, сондықтан педагог бедерлеп
мүсіндеудің бірінші кезеңі қалай орындалатынын көрсете отырып түсіндіреді:
* Ақ және қоңыр түсті ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.
* Ермексаздың үлкен кесегін алдымен домалақтап алып, содан соң алақанға салып жалпақтаймыз.
* Содан кейін тақтайшаға жапсырып, ою-өрнек салынатын негізгі өң бетін дайындап аламыз.
* Саусағымыздың көмегімен ермексазды тегістейміз.
* Өң бетіне тіс шұқығыш таяқшамен оюдың үлгісін сызып саламыз.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіні басшылыққа ала отырып, жұмыстың алғашқы кезеңін орындайды.
Кіріспе әңгімені тыңдайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Сабақ соңында педагог балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, бедерлеп мүсіндеу жұмысы келесі сабақта жалғасатындығын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балаларға ермексаздан ширату әдісін қолдану арқылы ұлттық ою-өрнектерді жеңіл түрдегі бедермен орындауға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: қазақтың ою-өрнектерінің элементтерімен таныстыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру;
Бекітемін: күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектер.
Мақсаты: ермексаздан ширату әдісін жетілдіру мақсатында балаларға ұлттық ою-өрнектерді бедерлеп мүсіндеуді үйрету; балаларды жұмысты тиянақты, ұқыпты орындауға дағдыландыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
балалар үшін: ермексаздар, тақтайшалар, таяқшалар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: ою - өрнектер – орнаменты, ұлттық – национальность.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға жұмбақтар жасырады. Балалар жұмбақтың жауабын тапқаннан кейін, ою-өрнектердің «өрнек» немесе «бедерлі өрнек» деп аталатынын түсіндіру.
3. Өрнектерді таяқшамен батырып жасауға болады. Бүгінгі мүсіндеу оқу іс-әрекетінде дәстүрден тыс оюларды ермексаздан ширату тәсілімен мүсіндейміз.
4. Педагог балаларға бірнеше ою-өрнектердің элементтерін атауды және оны өрнектеуді ұсынады. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма беріледі:
* Қалған ермексаздан жіңішке ширатпалар жасаймыз.
* Жіңішке ширатпаларды салынған оюлардың үстіңгі жағына саусағымызбен баса отырып, жапсырамыз.
* Бедерлі өрнекті тіс шұқығыш шидің көмегімен әртүрлі таңбалар түсіріп, әшекейлейміз.
5. Балалар жұмыс дәптеріндегі бедерлі мүсіндеудің орындалу ретіне қарай отырып, тапсырмаларды орындайды.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Ең жақсы жасалған және өздері өрнектер ойлап тапқан балаларды мадақтап, ерекше атап өтеді, шағын көрме ұйымдастырады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ермексаздан ширату әдісін жетілдіру мақсатында балаларға ұлттық ою-өрнектерді бедерлеп мүсіндеуді үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: балаларды жұмысты тиянақты, ұқыпты орындауға дағдыландыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылық қабілеттерін дамыту.
13 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Көжектер.
Мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден мүсін құрастыру; құрастыру тәсілімен көжекті мүсіндеуді үйрету; тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру; мүсіндеу дағдыларын арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: ойыншық қоян, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, тұзды қамыр, таяқша,
қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: көжектер – зайчаты.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог қоян туралы жұмбақ жасырады. Өзі қорқақ, көзі қызыл, құлағы ұзын. Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқаннан кейін, ойыншық көжекті көрсетіп, балалармен бірге көжектің дене құрылысын анықтайды.
3. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын айтады. Педагог ермексаздан көжектің жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу тәсілін түсіндіреді:
* Цилиндр пішініндегі басының жоғарғы бөлігін аздап қысып, жалпитып құлағын шығарып аламыз. Құлақты ортасынан таяқшамен бөліп, екі құлақтың пішінін жасап, саусақтарымызды аздап сулап алып, тегістейміз.
* Денесін бас бөлігімен біріктіреміз. Біріктірілген орынды сұйық қамырмен сылап, тегістейміз.
* Денесіне аяқтарын біріктіреміз және біріктірген жерді сұйық қамырмен сылаймыз. Осы тәсілмен құйрығын біріктіреміз.
* Қамырдың шағын бөліктерінен домалақтап мұрнын, көздерін жасап алып, басына орналастырамыз
* Қоянның пішіні кепкеннен кейін, оның көзін, мұрнын бояуға болады.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретіне қарап, көжекті мүсіндейді.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндерді балаларға көрсетіп, бағалайды, талдайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден көжектің мүсінін құрастыруды үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.
14 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Түлкі.
Мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден түлкі мүсінін құрастыруды үйрету; ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша қолорамал.
Қостілділік компонент: түлкі – лиса.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқаннан кейін, ойыншық түлкіні көрсетіп, балалармен бірге түлкінің дене құрылысын, түсін анықтайды.
3. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрлерден мүсіндеуге болатынын түсіндіру. Педагог ермексаздан түлкінің жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды:
* Бір кесек қызыл сары, аздаған көлемде қара және ақ ермексазды жұмсартып аламыз.
* Қызыл сары ермексаздан домалақтап басын, цилиндр пішінінде денесін, кішкене цилиндр пішінінде мойнын, шұжық пішінінде аяқтарын (4 дана), шұжық-цилиндр пішінінде құйрығын, үшбұрышты жалпақ пішінде құлақтарын дайындап аламыз.
* Ақ ермексаздан құйрығына дақтар дайындаймыз.
* Домалақ басын аздап қысып, созу тәсілімен ұшы сүйір болып келген түлкінің тұмсығын мүсіндейміз.
* Денесін, мойнын, бас бөлігін біріктіріп, біріктірілген жерін тегістейміз. Аяқтарын денесіне біріктіріп, төменгі жағын аздап иіп, табанын шығарып аламыз.
* Құйрығын біріктіріп, құйрығына ақ ермексаздан дайындаған дақты жапсырамыз. Құлақтарын басына біріктіреміз.
* Қара түсті ермексаздың кішкене бөлігінен домалақтап мұрнын, көзін жасап алып, тұмсығына орналастырамыз.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, түлкінің дене мүшелерін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсінделген жұмыстарды балаларға көрсетіп бағалайды, талдайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден түлкі мүсінін құрастыруды үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ойын жүзеге асыруға қол жеткізу
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.
15 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Аязата мен Ақшақар.
Мақсаты: мүсіндеуде айқын бейнені конструктивті тәсілмен беруге, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ойын жүзеге асыруға қол жеткізу; ой-қиялын, шығармашылығын дамыту.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: Аязатаның суреті, дайын мүсінделген жұмыс үлгісі, ермексаз, тақтайша, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: Аязата мен Ақшақар – Дедмороз и Снегурочка.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Жаңа жыл қандай мереке екенін, Жаңа жыл мерекесіне кімдер келетінін сұрайды. Содан кейін балалардан Жаңа жыл туралы ән айтуды сұрайды. Балаларға Жаңа жыл мерекесінің басты қонағы – Аязатаны ермексаздан мүсіндейтіндерін айтады.
3. Педагог ермексаздан жұмыстың жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындалуын түсіндіреді:
* Көк, ақ және қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.
* Көк ермексазды бөліктерге бөліп, үлкен цилиндрден денесін (тон), кішілеу екі цилиндрден қолдарын, домалақтап бас киімін мүсіндейміз.
* Цилиндр пішініндегі денесін конус пішініне келтіреміз. Денесінің жоғары жағына қолдарын біріктіреміз.
* Домалақ көк ермексаздан бөрігін мүсіндейміз. Домалақты конус пішініне келтіреміз де, төбе бөлігін аздап дөңестеп, тегістейміз.
* Ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, бес шұжық пішін мүсіндейміз. (тоны мен бөрігінің терімен сәнделетін бөліктеріне), аздаған бөлігін мұрты мен сақалына және бетінің ұсақ бөлшектеріне қалдырамыз.
* Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып, домалақтап илеп, басын мүсіндейміз, осы ермексаздан домалақтап мұрнын жасауды ұмытпаңдар.
* Толық мүсінді құрастырамыз: денесіне басын біріктіреміз, басына бөрігі мен мұрнын орнатамыз, ақ ермексазды ширатып, Аязатаның тоны мен бөрігін сәндейміз, ширатылған ақ ермексаздан сақалы мен мұртының пішінін келтіріп, басына орналастырамыз.
* Тіс шұқығыш шидің көмегімен Аязатаның көзін саламыз.
4.Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіннің орындалу ретіне қарап, Аязатаны жасайды.
Әңгімені тыңдайды
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог ең жақсы жасалған жұмыстарды және өз қиялдары мен шығармашылығын пайдалана білген балалардың еңбектерін атап өтеді, мадақтайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мүсіндеуде айқын бейнені конструктивті тәсілмен бере білу;
Қандай түсініктерді игерді: әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ойын жүзеге асыруға қол жеткізу
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ой-қиялын, шығармашылығын дамыту.
16 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Портрет.
Мақсаты: бедерлі мүсіндеуде адамның бет әлпетіне тән ерекшеліктерді бере білу; әртүрлі тәсілмен мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: портрет мүсіндердің фотосуреттері, дайын мүсіннің үлгісі, тұзды қамыр, тақтайша,
таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, тұзды қамыр, тақтайша, таяқша, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: адам – человек, бет – лицо, портрет – портрет.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, назарларын оқу іс - әрекетке аудару, балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балалардың біреуінің бет-әлпетіне сипаттама береді де, кімді сипаттағанын сұрайды. Балалар өз достарын мұғалімнің сипаттауы бойынша табады. Осылайша бір-бірін сипаттау негізінде басқа адамның суреті, яғни портреті шығатынын түсіндіреді.
3. Суретші адам бейнесін сөз арқылы емес, сурет арқылы береді. Суретшілер майлы бояумен салынған суреттерінде адам келбетін жиі бейнелейді. Әртүрлі портреттерді қарастырады. Суретші адам бейнесін салғанда, оның сезімін және көңіл күйін сурет арқылы бере біледі. Суретшілер салған әртүрлі портреттерге талдау жасалады.
4. Педагог бүгінгі сабақта адамның портретін тұзды қамырдан бедерлі мүсіндеу тәсілін қолдану арқылы орындайтындарын айтады. Ол жұмыстардың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма береді:
* Тұзды қамырдан бастың пішінін келтіріп, домалақ немесе сопақша пішін илеп аламыз.
* Домалақтап немесе цилиндр пішінінде мұрынды келтіріп алып, оны бетінің ортасына жапсырамыз, біріктірілген жерін сұйық тұзды қамырдың көмегімен сылаймыз.
* Көздерін жасап алып, оны да мұрынды біріктірген тәсілмен бетіне орналастырамыз. Шағын ширатпа илеп, мұрыннан төмен орналастырып, біріктіреміз.
* Шұжық тәрізді бірнеше ширатпа жасап алып, оларды бастың жоғары бөлігімен біріктіреміз. Бұл шашы болады.
* Кішкентай шелпектер жасап, құлақ пішініне келтіреміз. Оларды бастың екі жағына мұрынмен деңгейлестіріп біріктіреміз.
* Жұмысты кептіреміз. Дайын болған бедерлі мүсінді гуашь бояуымен бояймыз.
5.Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретін басшылыққа ала отырып, тапсырманы орындайды.
Әңгімені тыңдайды
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог ең жақсы жасалған портреттерді тақтаға іліп, балаларды мадақтап, ерекше атап өтеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: бедерлі мүсіндеуде адамның бет әлпетіне тән ерекшеліктерді бере білу;
Қандай түсініктерді игерді: әртүрлі тәсілмен мүсіндеу дағдыларын жетілдіру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылық қабілеттерін арттыру.
17 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қысқы ойындар
Мақсаты : жеке тұлғаларды мүсіндей отырып, мазмұнды композиция құрастыруға үйрету; бірігіп ұжымдық жұмыс жасауға, жасайтын бейнені қимыл-қозғалыс үстінде беру дағдыларын жетілдіру; таяқша арқылы заттың бейнесін айқындау тәсілін үйрету.
Қостілділік компонент: қысқы ойындар – зимние игры
балалар үшін: жұмыс дәптері, қатырмақағаз, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагогтың кіріспе әңгімесі: Педагог балалармен «Қыс қызығы» тақырыбындағы картиналарды құрастырып, суреттегі әр кейіпкердің қозғалысына, киімдеріне, тұрған тұрысына назар аударады. Қар атысып, аққала жасап жатқан немесе шаңғы теуіп жүрген, шана сүйретіп дөңнің үстіне шығып бара жатқан балалардың қысқы ойындарының суретін тамашалайды.
3. Педагогтің түсіндіруі: Жұмысты бастар алдында балалардың әрқайсысы нені мүсіндейтінін біліп, шешіп алу керек. Педагог бірінші сабақта жұмыстың қандай түрі орындалатынын айтып, мүсіннің орындалу тәсілін көрсетеді:
* Әр түсті ермексазды жұмсартып аламыз.
* Ермексаздың бір бөлігінен үлкен цилиндр – денесін (күртеше), басқа бөліктерінен кішірек екі цилиндр – қолдарын, домалақ – басын (шапкасы) дайындаймыз.
* Цилиндр пішініндегі денесін конус пішініне келтіреміз (бас бармағымыздың көмегімен цилиндрдің жоғары бөлігін төменгі бөлігіне қарай аздап жаншимыз), дене бөлігінің жоғары жағына қолдарын біріктіреміз.
* Домалақ ермексаздан бөрігін мүсіндейміз. Ол үшін домалақты конус пішініне келтіреміз (бас бармағымыздың көмегімен ермексазды аздап жаншимыз).
* Аяқтарын мүсіндеу үшін екі цилиндр пішініндегі ермексазды дайындаймыз. Екі цилиндрдің төменгі жағын аздап иіп, етігін мүсіндейміз.
* Ақ және қызыл сары ермексаздарды әбден араластырып, домалақтап илеп, басын мүсіндейміз, осы ермексаздан домалақ мұрнын жасауды ұмытпаңдар.
4. Балалардың жұмысы: Педагог балаларға жұмысты орындауға кеңес беріп, мүсіндеуде қиналған балаларға көмектесіп, жұмыстарын талқылап отыру керек.
Әңгімені тыңдайды
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
5. Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог орындалған, аяқталған жұмыстарды бағалап, талдау жасауды балалармен бірге жүргізеді. Талдау барысында ең жақсы, сапалы орындалған мүсіндерді үлгі ретінде тақтаға іліп, балалардың еңбектерін бағалау, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жеке тұлғаларды мүсіндей отырып, мазмұнды композиция құрастыруға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: бейнені қимыл-қозғалыс үстінде беру дағдыларын жетілдіру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: таяқша арқылы заттың бейнесін айқындау тәсілін үйрету.
18 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қысқы ойындар.
Мақсаты : жеке тұлғаларды мүсіндей отырып, мазмұнды композиция құрастыруға үйрету; бірігіп ұжымдық жұмыс жасауға дағдыландыру; жасайтын бейнені қимыл-қозғалыс үстінде бере білу; мүсіндеуге деген қызығушылығын арттыру; таяқшалар арқылы заттың бейнесін айқындау тәсілін меңгерту.
Қостілділік компонент: қысқы ойындар – зимние игры
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: балалардың қысқы ойынын бейнелейтін үлгі суреттер, ермексаз, тақтайша, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагогтың кіріспе әңгімесі: Педагог балалармен «Қыс қызығы» тақырыбындағы картиналарды құрастырып, суреттегі әр кейіпкердің қозғалысына, киімдеріне, тұрған тұрысына назар аударады. Қар атысып, аққала жасап жатқан немесе шаңғы теуіп жүрген, шана сүйретіп дөңнің үстіне шығып бара жатқан балалардың қысқы ойындарының суретін тамашалайды. Балалардан өздері аулаға шыққанда қандай ойындар ойнағанды жақсы көретіндерін сұрап біледі.
3. Педагогтің түсіндіруі: Үлгі ретінде балаларға жұмысты қалай бастау керектігін педагог көрсетіп, түсіндіріп береді. Бұл сабақта өткен сабақта бастаған мүсіндеу жұмысын жалғастырып, жасаған мүсіндерін біріктіріп, ұжым болып мазмұнды композиция құрастырады.
* Денесіне басын біріктіреміз.
* Басына бас киімін кигізіп, мұрнын жапсырамыз.
* Аяғы мен аяқкиімін біріне-бірін жабыстырып, біріктіреміз.
* Басын, денесін, аяғын біріктіреміз.
* Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын саламыз.
* Шаңғы, шана, конькилерді қатырма қағаздан қиып жасап, кейіпкердің мүсінімен біріктіреміз.
* Дайын мүсіндерді алдын ала дайындалған қатырмақағазға орналастырып, мазмұнды композиция құрастырамыз.
4. Балалардың жұмысы: Педагог балаларға жұмысты орындауға кеңес беріп, мүсіндеуде қиналған балаларға көмектесіп, жұмыстарын талқылап отыру керек.
Әңгімені тыңдайды
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
5. Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог орындалған, аяқталған жұмыстарды бағалап, талдау жасауды балалармен бірге жүргізеді. Талдау барысында ең жақсы, сапалы орындалған мүсіндерді үлгі ретінде тақтаға іліп, балалардың еңбектерін бағалау, мадақтау. Педагог ең жақсы жасалған мүсіндерді мадақтап, ерекше атап өтеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жеке тұлғаларды мүсіндей отырып, мазмұнды композиция құрастыруға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: бірігіп ұжымдық жұмыс жасауға дағдыландыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: мүсіндеуге деген қызығушылығын арттыру;
Бекітемін: күні:
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Ұйқыдағы мысықтар
Мақсаты : әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсін құрастыру; мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру; ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқаннан кейін, ойыншық мысықты көрсетіп, балалармен бірге мысықтың дене құрылысын, түсін анықтайды. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын түсіндіреді.
3. Педагогтің түсіндіруі: Педагог ермексаздан ұйқыдағы мысықтың жасалу жолын ретімен көрсетет отырып, мүсіндеу тәсілін түсіндіреді.
* Бір кесек қызыл сары және жарты кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, қызыл сары ермексазды бірнеше бөлікке бөліп аламыз.
* Қоңыр ермексаздан жіңішке шұжық пішінді жолақтар жасап аламыз.
* Денесін, мойнын, басын біріктіріп, біріктірілген жерді саусағымыздың көмегімен тегістейміз.
* Аяғын денесін біріктіреміз.
* Құйрығын біріктіреміз.
* Жолақтарды жапсырамыз.
* Қара ермексаздың кішкене бөлігінен домалақтап мұрнын жасап алып, басына біріктіреміз.
* Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын саламыз.
4. Балалардың жұмысы: Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, ұйықтап жатқан мысықтың дене мүшелерін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
5. Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог орындалған, аяқталған жұмыстарды бағалап, талдау жасауды балалармен бірге жүргізеді. Талдау барысында ең жақсы, сапалы орындалған мүсіндерді үлгі ретінде тақтаға іліп, балалардың еңбектерін бағалау, мадақтау. Педагог ең жақсы жасалған мүсіндерді мадақтап, ерекше атап өтеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсін құрастыру.
Қандай түсініктерді игерді: мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
Бекітемін: күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қой
Мақсаты: бедерлі мүсіндеу және тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілдері бойынша алған дағдыларын жетілдіру; қойға тән ерекшеліктерді (жүнінің көлемі, сыртқы келбеті) бере білуге үйрету; шығармашылық белсенділігін арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: ойыншық қой, дайын мүсіннің үлгісі, тұзды қамыр, тақтайша, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, тұзды қамыр, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: қой - овца
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін жасату.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға төрт түлік мал туралы, оның ішінде қойдың қасиеттері жайында түсінік береді. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп бұрынғы аталарымыз айтып кеткендей қойдың пайдасы өте көп. Қой бағатын адамды шопан деп атаймыз. Қойды жазда жайлауда, қыста қыстауда бағады. «Ауылға барғанда аталарыңның үйінен кім қойды көрді?» деп, жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тартады. Қойдың суретін көрсетіп, дене мүшелерінің орналасу ерекшеліктеріне түстерінің әртүрлі болатынына мән береді. Қойдың жүнінен киім тігетінімізді, терісінен аяқкиім жасалатынын айтып кетеді.
3. Педагогтің түсіндіруі:. Педагог бүгін осы қойды тұзды қамырдан мүсіндейтіндерін айтып, онымен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіреді. Қойдың жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау тәсілін көрсетеді.
* Тұзды қамырдан тіктөртбұрышты негізін дайындап аламыз.
* Тұзды қамырдан цилиндр – басын, цилиндр – денесін, 4 шұжық – аяқтарын домалату тәсілімен жасап аламыз.
* Цилиндрден денесінің пішінін келтіріп жалпақтап, негізге жапсырамыз.
* Цилиндрден бастың пішінін жасап, денесінің жоғары бөлігіне сұйық тұзды қамырдың көмегімен біріктіреміз.
* Басына құлағы мен кекілін біріктіреміз.
* Аяқтарын денесін сұйық тұзды қамырдың көмегімен біріктіреміз.
* Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен тұмсығын белгілеп, денесіндегі, кекіліндегі жүннің түрін келтіреміз.
4. Балалардың жұмысы: Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, мүсіндейді.
Қой туралы әңгімені тыңдайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
5. Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген қойларын балаларға көрсетіп, бағалайды, талдайды. Ең жақсы жұмысты таңдап алып тақтаға іліп көрсетеді. Шағын көрме ұйымдастырады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: бедерлі мүсіндеу және тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілдері бойынша алған дағдыларын жетілдіру;
Қандай түсініктерді игерді: қойға тән ерекшеліктерді (жүнінің көлемі, сыртқы келбеті) бере білуге үйрету;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылық белсенділігін арттыру.
21 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнекпен безендірілген тәрелке.
Мақсаты: қағаз немесе пластик ыдыстарды ұлттық ою-өрнекпен безендіруді үйрету; безендіру дағдыларын бекіту; ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін қалыптастыру; тиянақтылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: ыдыс түрлерінің суреті, дайын жұмыстың үлгісі, ою түрлері, ермексаз, тақтайша, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: тәрелке – тарелка, ою - өрнек – орнаменты, ұлт – национальности
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін жасату.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог алдын ала қағаздан немесе пластиктен жасалған табақ түрлерін балаларға көрсетеді. Олардың құрылысы, қандай тамақ ішкенде қолдану керектігін, түстерін сұрайды. «Осы табақтарға не жетіспейді, не істеуге болады?» деген сұрақтармен балаларға ой тастайды. Балалар ою-өрнектермен безендірілген ыдыстардың әдемі көрінетінін айту керек.
3. Ою-өрнек элементтерін еске түсіреді: құс қанаты, бұғы мүйіз, қызғалдақ, қошқармүйіз, т.б. Оларды ширату тәсілі арқылы жасауды, иіп өрнекке келтіру жолдарын және ыдысты әшекейлеуде қандай бөлігіне орналастыру қажеттігін айтып, бағыт-бағдар береді.
4. Педагог балаларға тәрелкені ою-өрнекпен безендіру әдіс-тәсілдерін көрсетеді:
* Тәрелкенің бет жағына қарындашпен ою-өрнек салып аламыз.
* Түрлі түсті ермексаздан ширатпалар жасап аламыз.
* Жіңішке ширатпаларды ою-өрнек салынған суреттің бет жағына орналастырып, аздап саусағымызбен жапсыра басамыз.
* Бедерлі ою-өрнекті кереғар түсті жалпақталған ермексазбен толтырамыз.
* Ою-өрнекті сәндік элементтермен толықтырамыз.
5. Педагог ою-өрнектің берік, әдемі орналасуын қадағалайды.
6. Балалар мүсіндеуді өз беттерінше орындайды.
Табақ туралы әңгімені тыңдайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген тәрелкені балаларға көрсетіп, бағалайды, талдайды. Ең жақсы жұмысты таңдап алып тақтаға іліп көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қағаз немесе пластик ыдыстарды ұлттық ою-өрнекпен безендіруді үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: безендіру дағдыларын бекіту; ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін қалыптастыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тиянақтылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Бекітемін: күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Тышқандар.
Мақсаты: қаңқасы фольга болатын тышқанды тұзды қамырдан жасауды үйрету; тышқанның пішінін және дене мүшелерін дәл беруге үйрету; шығармашылық белсенділігін арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: тышқанның суретінің үлгісі, дайын жұмыстың үлгісі, тұзды қамыр, тақтайша, кескіш таяқша.
балалар үшін: тұзды қамыр, фольга, жұмыс дәптері, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: тышқандар – мыши.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін жасату.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға тышқан жайында жұмбақ жасырады. Жұмбақтың дұрыс шешімінен кейін, тышқанның суретін көрсетіп, түсіне, дене құрылысына назарларын аударады. Балалардан тышқанға байланысты. Қандай ойындар, ертегілер білетіндерін сұрап, балалардың әңгімеге тартады.
3. Педагог тұзды қамырдан тышқанның жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды:
* Тұзды қамырдан дайындамалар жасап аламыз.
* Умаждалып домалақ пішінге келтірілген фольганы тұзды қамырдан жасалған шелпекке орап, дене жасаймыз.
* 4 шұжық пішінді ермексаздан аяқтарын, дөңгелектенген екі пластинкадан құлақтарын жасап аламыз.
* Құйрығын терінің кшікене бөлігінен немесе жіптен жасаған дұрыс.
* Цилиндр тәрізді денесінің жоғарғы бөлігін аздап қысып, тұмсығын келтіріп аламыз және саусағымызды аздап сулап алып, тегістейміз.
* Аяқтарын денесіне сұйық тұзды қамырдың көмегімен біріктіреміз.
* Құлағы мен құйрығын біріктіреміз.
* Қамырдың шағын бөлігінен домалақтап мұрнын, көзін жасап алып, басына орналастырамыз.
* Тышқан кепкеннен кейін, гуашь бояуымен бояуға болады.
4. Балалар өз қалаулары бойынша (жұмыс дәптерінде көрсетілгендей) тұзды қамырдан ірімшікті жасауына болады.
5. Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, тышқан мен ірімшікті жасап шығады.
Тышқан туралы жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген тышқандарын балаларға көрсетіп, бағалатады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қаңқасы фольга болатын тышқанды тұзды қамырдан жасауды үйрету
Қандай түсініктерді игерді: тышқанның пішінін және дене мүшелерін дәл беруге үйрету;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылық белсенділігін арттыру.
Бекітемін: күні
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Ұлттық киімдегі арулар.
Мақсаты: ұлттық киім үлгісімен балаларды таныстыруды жалғастыру; ұлттық киім киген қыз баланың дене бітімін мүсіндеу тәсілін үйрету; мүсіндеуге адамның сырт келбетін, сымбатын бере білуге дағдыландыру; шығармашылығы мен ой-қиялдарын дамыту.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: ұлттық киімдердің суреттері, қыздың үлгі суреті, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша.
балалар үшін: ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамалдар.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балалардан ұлттық киімдерге нелер жататынын, «ұлттық киім» дегенді қалай түсінетіндерін сұрайды. Өзі балалардың жауабын толықтырып түсіндіреді. Ұлттық киімдердің аттарын сұрайды, толықтырып атап береді. Шапан, сәукеле, бешпет, тақия, мәсі. Қыз балалар, аналарымыз, апаларымыз қандай киімдерді көбірек киіп жүреді.
3. Педагог ермексаздан ұлттық киімдегі қыздың жасалу жолдарын рет-ретімен түсіндіріп, көрсете отырып мүсіндеу жұмысын орындайды:
* Түрлі түсті ермексаздардың кесектерін жұмсартып аламыз.
* Негізгі түске таңдалған ермексазды бірнеше бөлікке бөліп аламыз: үлкен цилиндр – денесі, екі кішілеу цилиндр – қолдары.
* Денесін саусағымыздың көмегімен жоғары жағынан төменге қарай ығыстыра мүсіндей отырып конус пішініне келтіреміз, екі жанына қолдарын біріктіреміз.
* Шағын домалақ жасап алып, аздап жалпайтыңқырап бөркін жасаймыз.
* Шағын домалақтан бөріктің жоғарғы бөлігін конус формасына келтіріп жасап аламыз, жоғарғы жағын дөңестеу етіп тегістеп бөріктің орта бөлігіне орналастырамыз.
* Ермексаздың бір кесегін жалпайтып илеп, сопақшалаймыз, көйлегіне біріктіреміз (камзол).
* Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып домалақтап илеп, басын мүсіндейміз, осы ермексаздан домалақ мұрнын жасауды ұмытпаңдар.
* Мүсінді құрастырамыз:
* Денесіне басын біріктіріп орналастырамыз, басына мұрнын біріктіреміз, қара түсті ермексазды жалпақтап жұмсартып алып, шашын мүсіндеп басына жапсырамыз, содан кейін бөрігін орнықтырып, оған қоңыр ермексаз жолақшаларынан тері жасап біріктіріп, бөрікті сәндейміз, үкісін де осы ермексаздан жасап біріктіреміз.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, қызды және киімін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.
Ұлттық киім-
дердің атын
атайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог жасаған жұмыстарын қарап, ұлттық үлгідегі киім киген қыздардың мүсінін көрсетіп, талдау жүргізеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ұлттық киім киген қыз баланың дене бітімін мүсіндеу тәсілін үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: мүсіндеуге адамның сырт келбетін, сымбатын бере білуге төселдіру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылығы мен ой-қиялдарын дамыту.
Бекітемін:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Жылға.
Мақсаты: мүсіндеудің «ермексазбен сурет салу» тәсілімен таныстыру; ермексаздың әртүрлі түсін араластыру арқылы жаңа түс салуды үйрету; тақырыптың түсін және түс айқындығын бере білуге үйрету; балалардың шығармашылық талпынысын қалыптастыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: табиғатты бейнелейтін картиналар мен фотосуреттер; дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, қатырмақағаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: ермексаз – пластилин, су – вода, табиғат – природа.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін жасату.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға аспан, су туралы өлең тақпақтар оқып беріп, мағынасынан не түсінгендерін сұрайды. Судың пайдасы туралы не білетіндерін анықтайды.
3. Педагог балаларға жұмыстардың орындалу ретін түсіндіріліп, тапсырма береді:
* Қатырмақағазға жай қарындашпен табиғаттың көрінісін саламыз.
* Түрлі түсті ермексаз кесектерін жұмсартып, дайындап аламыз, кейбір жетпей тұрған түстерді екі түсті араластыру барысында алуға болады (мысалы, ашық көгілдір түсті алу үшін, ақ және аздап көк түсті араластырамыз).
* Ермексаздың кішкене бөліктерін шымшып алып, суреттің үстіне жағындылар түрінде жапсырамыз.
* Суретті қосымша – гүл, жапырақ, тастармен сәндеп толықтырамыз.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретіне қарап, тапсырманы орындайды.
5. Педагог балаларға түстерді дұрыс таңдап, «ермексазбен сурет салу» тәсілін дұрыс орындалуларына көңіл бөледі, саусақтың көмегімен тегістеу тәсілінің орындалуын, қалай орналастырғандарын қадағалайды.
Өлеңді тыңдайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог ең жақсы жасалған жұмыстарды тақтаға іліп, орындалу барысын талдайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мүсіндеудің «ермексазбен сурет салу» тәсілімен таныстыру;
Қандай түсініктерді игерді: ермексаздың әртүрлі түсін араластыру арқылы жаңа түс салуды үйрету;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалардың шығармашылық талпынысын қалыптастыру.
Бекітемін: 25 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Алдаркөсе.
Мақсаты: адам денесін мүсіндей алуға және ертегі кейіпкерінің бейнесін бере білуге үйрету; еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: адам – человек, ертегі – сказка, кейіпкер – образ.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін жасату.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға үнтаспадан Алдаркөсенің «Мен Алдармын, Алдармын» әнін тыңдатады. Балалар Алдаркөсенің кім екенін, ол туралы қандай ертегі естігендерін айтады. Алдаркөсенің жағымды немесе жағымсыз кейіпкер екенін, оны неге елдің бәрі жақсы көретінін сұрайды. Педагог толықтырып айтып, тереңірек мағлұматтар береді.
3. Педагог балаларға жұмыстардың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма береді:
* Әр түсті ермексазды жұмсартып аламыз.
* Бір кесек ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып, денесі үшін үлкен цилиндр, қолдары үшін екі кішілеу цилиндр дайындап аламыз.
* Денесін саусағымыздың көмегімен ермексазды жоғары жағынан төменге қарай ығыстыра мүсіндей отырып, конус пішініне келтіреміз. * Екі жанына қолдарын біріктіреміз.
* Жоғары жағын дөңгелектеп, бөріктің пішініне келтіреміз.
* Шағын екі цилиндрден аяқтарын жасаймыз.
* Шағын цилиндрлер жасап алып, бір жағын бүгіп, етіктерін мүсіндейміз.
* Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып илеп, осы ермексаздан домалақтап басын мүсіндейміз.
* Шағын бөлігінен дөмалақ мұрнын жасауды ұмытпаңдар.
* Денесіне басын біріктіріп орналастырамыз.
* Басына бөркін біріктіріп, қоңыр ермексаз жолақшасынан тері жасап, етегіне жапсырамыз.
* Аяғы мен аяқкиімін бір-біріне біріктіреміз. Бас, дене, аяқтарын біріктіреміз.
* Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын саламыз.
* Қатырмақағаздан кішкентай домбыра қиып алып, Алдаркөсенің денесіне бекітеміз.
4. Балалар жұмыс дәптерлеріндегі үлгіге қарап, ретімен тапсырманы орындайды.
Әнді тыңдайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог ең жақсы жасалған жұмыстарды тақтаға іліп, орындалу барысын талдайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: адам денесін мүсіндей алуға және ертегі кейіпкерінің бейнесін бере білуге үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: ермексаздың әртүрлі түсін араластыру арқылы жаңа түс салуды үйрету;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Бекітемін:
26 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсінде
Тақырыбы: Сиырлар.
Мақсаты: мүсіндеу кезінде төрт түлік малдың өзіне тән ерекшеліктерін бере білу; әртүрлі пішіндегі цилиндрлерді мүсіндей білу дағдыларын бекіту; жекелеген пішіндерден мазмұнды композиция құрастыра білуге дағдыландыру.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: сиырлар – коровы.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін жасату.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға төрт түліктің бірі сиыр жайында жұмбақ жасырады. Жұмбақтың дұрыс шешімінен кейін, сиырдың суретін көрсетіп, дене құрылысына, түр сипатына назарларын аудару. Педагог төрт түлік малдардың пайдасы, олардың адам өмірінде маңызды орын алатыны жайында әңгіме жүргізеді. Бүгін осы сиырды мүсіндейтіндерін айтып, мүсіндеу тәсілін түсіндіреді.
3. Педагог ермексаздан сиырды мүсіндеу тәсілін ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды. Балалар бірге ілесе отырып жасайды:
* Бір кесек ақ және жарты кесек қара ермексазды жұмсартып аламыз.
* Ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөлеміз.
* Ақ ермексаздан домалақ – басын, домалақ – тұмсығын, цилиндр – мойнын, цилиндр – дене бөлігін, шұжық – аяқтарын (4 дана), жіңішке шұжық – құйрығын, сопақшашелпек – құлақтарын дайындаймыз.
* Қара ермексаздан шағын шелпектер жасаймыз. Бұл денесіндегі дақтар болады.
* Осы ермексаздың бір бөлігінен мүйізін жасаймыз.
* Домалақтап жасалған басының бір жағынан аздап жалпақтап, тұмсығын орналастырамыз.
* Басына мүйізі мен құлақтарын бекітеміз.
* Денесіне мойнын және басын біріктіріп, біріктірілген жерлерін саусақтарымызбен сипап тегістейміз.
* Қара ермексаздың шағын домалақтарынан мұрны мен көзін жасап, сиырдың тұмсығына орналастырамыз.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, сиырдың дене мүшелерін ермексаздан илеп, біріктіреді, толық мүсінді жасап шығады.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Сабақ соңында жасалған мүсіндерді бір жерге жинап, бір-бірімен салыстырады, орындалған жұмыстарды талдайды, пікірлерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мүсіндеу кезінде төрт түлік малдың өзіне тән ерекшеліктерін бере білу;
Қандай түсініктерді игерді: әртүрлі пішіндегі цилиндрлерді мүсіндей білу дағдыларын бекіту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жекелеген пішіндерден мазмұнды композиция құрастыра білуге дағдыландыру.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қойлар.
Мақсаты: мүсіндеу кезінде төрт түлік малдың өзіне тән ерекшеліктерін бере білу; әртүрлі пішіндегі цилиндрлерді мүсіндей білу дағдыларын бекіту; жекелеген пішіндерден мазмұнды композиция құрастыра білуге дағдыландыру.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент:қойлар – овцы.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін жасату.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға төрт түлік мал, оның ішінде қой жайында жұмбақ жасырады. Жұмбақтың дұрыс шешімінен кейін, қойдың, ешкінің суретін көрсетіп, дене құрылысына, түр сипатына назарларын аударады, екеуінің бір-бірінен қандай айырмашылығы барын айтады. Балаларға қойдың пайдасы, олардың адам өмірінде алатын орны туралы әңгімелеп береді. Бүгінгі сабақта осы қойды мүсіндейтіндерін айтып, мүсіндеудің қандай тәсілі қолданылатынын анықтайды.
3. Педагог ермексаздан қойдың жасалу жолын ретімен түсіндіріп, көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды:
* Цилиндр пішінді басының бір жағын аздап жалпақтап, денесіне біріктіреміз. Басына құлағын, кекілін, мүйізін біріктіреміз.
* Дөңгелек немесе сопақша шелпек тәрізді пішіндерді жүнінің түріне келтіріп, жапсырамыз.
* Аяқтарын денесіне біріктіреміз.
* Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын, мұрнын белгілейміз.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, қойдың дене мүшелерін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді, мазмұнды композиция құрастырады.
Жұмбақты шешеді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Сабақ соңында қойдың мүсінін бір жерге жинап, бір-бірімен салыстырады, орындалған жұмыстарды талдайды, пікірлерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мүсіндеу кезінде төрт түлік малдың өзіне тән ерекшеліктерін бере білу;
Қандай түсініктерді игерді: әртүрлі пішіндегі цилиндрлерді мүсіндей білу дағдыларын бекіту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жекелеген пішіндерден мазмұнды композиция құрастыра білуге дағдыландыру.
28 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Тауық және оның балапандары.
Мақсаты: әртүрлі домалақ пішіндерден мүсіндеу жұмысын жасауды үйрету; мүсіндеу кезінде бейненің өзіне тән ерекшеліктерін, оған қатысты көлемін беру дағдысын бекіту; мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, пішінін және дене мүшелерін дәлірек беруге үйрету; шығармашалық белсенділігін арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: ойыншық тауық пен балапандары, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: ермексаз, жұмыс дәптері, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Балалар үнтаспадан «Шөжелерім» әнін тыңдап, қосылып ән салып, қимыл-қозғалыстарды орындап, би билейді.
3. Педагог тауық пен оның балапандарының суретін көрсетіп, дене құрылысына, түр-түсінің сипатына назарларын аударады, олардың айырмашылықтарының неде екеніне көздерін жеткізеді.
4. Педагог ермексаздан тауық пен балапандарының жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды:
* Сары және қоңыр ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.
* Тауықтың мүсінін жасау үшін бір кесек сары ермексаз бен жарты кесек қоңыр ермексазды араластырып илейміз.
* Одан домалақ – басын, жұмырланған цилиндр – денесін, жалпақ шелпек – қанатын және қызыл ермексаздан сақалы мен айдарын мүсіндеп аламыз.
* Балапанның мүсіні үшін бір кесек ермексаздың үштен бір бөлігін жұмсартып аламыз.
* Одан домалақ – басын, жұмырланған цилиндр – денесін, жалпақ шелпек – қанатын жасаймыз.
* Аяқтарын жасау үшін тіс шұқығыш шидің бөліктерін пайдаланған дұрыс.
* Денесінің бір шетін сәл созыңқырап құйрығын жасап аламыз.
* Домалақ басын денесімен біріктіреміз. Денесіне қанаттарын жабыстырамыз.
* Балапанның аяқтарын денесіне біріктіреміз. Тұмсығы мен көздерін мүсіндеп, басына орналастырамыз.
* Тауықтың басына айдары мен сақалын жапсырамыз.
5. Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, тауық пен оның балапандарын өз қалаулары бойынша бөліп алып, дене мүшелерін ермексаздан илеп, біріктіреді, мүсіндейді, мазмұнды композиция құрастырады.
Әнді тыңдап, оған билейді.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Сабақ соңында мүсіндерді бір жерге жинап, бір-бірімен салыстырады, орындалған жұмыстарды талдайды, пікірлерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: әртүрлі домалақ пішіндерден мүсіндеу жұмысын жасауды үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: мүсіндеу кезінде бейненің өзіне тән ерекшеліктерін, оған қатысты көлемін беру дағдысын бекіту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, пішінін және дене мүшелерін дәлірек беруге үйрету; шығармашалық белсенділігін арттыру.
29 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Ұлттық ыдыстар.
Мақсаты: бір-бірімен келісімге келу дағдыларын қалыптастыру; өздерінің қалыптасқан іскерлік дағдыларын жаңа затты мүсіндеуде пайдалану; қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту; ұлттық өрнектерді тұрмыстық заттар ауқымында дұрыс орналастыра білу.
Керекті құралдар: педагог үшін: қазақтың ұлттық ыдыстары немесе фотосуреттері, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.балалар үшін: ермексаз, жұмыс дәптері,тақтайша
Қостілділік компонент: ұлттық ыдыстар – посуды по национальностю
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін жасату.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балалармен «Дастарқан» әнін тыңдайды, әннің мағынасын түсіндіреді, қазақтың дастарқаны туралы білімдерін толықтырады. Суреттерді көрсете отырып, дөңгелек үстел үстіндегі ұлттық ыдыстарды көрсетіп, аттарын атап таныстырады. Ыдыс-аяқтардың адам денсаулығына зиян келтірмес үшін, пайдалы материалдардан жасалатынын түсіндіріп, айтып кету керек. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қолдануға ыңғайлы, сәнді етіп жасалған ыдыс түрлерімен таныстырады. Ыдыстар ағаштан, теріден, қыштан жасалатындығы туралы мәліметтер беріледі. Оны шеберлер жасайтынын атап өтіп, сол шеберлер тәрізді бүгін ыдыстарды мүсіндейтіндіктерін айтады. 3. Кесе жасау үшін: * Бір кесек ақ және жарты кесек басқа түсті ермексазды жұмсартып аламыз. Ақ ермексаз-ң
кішкене бөлігін домалақтап алып, алақанымызға салып жалпақтап, тақтайшаға қойып, кесенің түбін жасап аламыз.* Ақ ермексаздан орташа қалыңдықтағы ширатпалар, ал түсті ермексаздан жіңішке ширатпалар дайындаймыз. Ыдыстың түбінен бастап, ақ ермексаздан жасалған ширатпаны кесенің пішініне келтіре айналдыра отырып, біріктіреміз. Саусағымызбен пиаланың сыртқы тегіс емес жерлерін тегістейміз.4. Қымыз құятын табақ жасау үшін:* Бір кесек қоңыр және жарты кесек түсті ермексазды жұмсартып аламыз.Ақ ермексаздың кішкене бөлігін домалақтап алып, алақанымызға салып жалпақтап, тақтайшада ыдыстың түбін жасап аламыз. Қоңыр ермексаздан орташа қалыңдықтағы ширатпалар, ал түсті ермексаздан жіңішкерек ширатпа дайындаймыз.* Ыдыстың түбінен бастап, қоңыр ширатпаны табақтың пішініне келтіре айналдыра орап, біріктіреміз. Саусағымызбен қымыз құятын табақтың сыртын тегістейміз.5. Торсық жасау үшін:* Бір кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, екі бөлікке бөлеміз. Үлкендеу бөлігі – негізгі бөлігі, кіші бөлігі – мойны. Үлкен бөлікті домалақтап, алақанымызға салып жалпақтаймыз, ал кіші бөлігінен ширатып, шұжық дайындаймыз.* Торсықтың негізгі бөлігін тақтайдың үстіне орнатып, мойнын біріктіріп, сыртын тегістейміз. Кескіш таяқшаның көмегімен торсықтың негізгі бөлігінің жоғары жағынан мойнын біріктірген жерден аздап кесіп, ұшын иіп, торсықтың пішініне келтіреміз.* Торсықтың сыртын ермексаздан жасалған ою-өрнекпен сәндейміз.
6. Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретіне қарап, өздері білетін торсық, кесе, ожау, т.б. ыдыстарды жасауға кіріседі.
Әнді тыңдайды
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар жасаған әртүрлі ыдыстарынан мазмұнды композиция құрастырып, көрме ұйымдастырады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ұжымдық жұмысқа баулу, бір-бірімен келісімге келу дағдыларын қалыптастыру;
Қандай түсініктерді игерді: қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұлттық өрнектерді тұрмыстық заттар ауқымында дұрыс орналастыра білу.
30 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты: әртүрлі геометриялық денелерден адам денесін құрастыруды үйрету; кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын бере білу; мазмұнды композиция құрастыру дағдыларын бекіту.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: толық тұлғасы бейнеленген адамдар суреттері, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: менің отбасым – моя семья.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін жасату.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балалардан өз отбасы туралы айтып, әңгімелеп берулерін сұрайды. Отбасында неше адам тұратынын, үлкен отбасында кімдер болатынын, олардың туыстық атауларын атап берулерін, бір-бірімен қандай қарым-қатынаста өмір сүріп жатқандарын әңгімелету. Әр баланың өз отбасы туралы айтқан ойларын кейін педагог бүгін ермексаздан осы отбасы мүшелерін мүсіндейтінімізді айтады. Алдыңғы сабақтарда («Қысқы ойындар», «Алдаркөсе», «Ұлттық киімдегі арулар») адам денесін қандай тәсілмен мүсіндегендерін естеріне түсіреді.
3. Педагог балаларға адамның дене құрылысын ермексаздан жасау жолдарын көрсетіп, жұмыстың орындалу ретімен таныстырады. Ер адамның мүсіні:
* Түрлі түсті ермексаз бөліктерін жұмсартып аламыз. Ермексаз кесегін бірнеше бөлікке бөліп аламыз: үлкен цилиндр – кеудесі (күртеше), екі шағын цилиндр – қолдары.
* Кеудесін жасау үшін, ермексаздың көбірек көлемін бас бармақтың көмегімен төмен қарай ысырып, конус пішініне келтіреміз. Кеуденің жоғарғы екі жақ жанына қолдарын орналастырып, біріктіреміз.
* Екі шағын цилиндрден шалбар киіп тұрған аяғын жасаймыз. Екі шағын цилиндрден аяқкиімін жасаймыз.
* Ақ түсті ермексазды қызыл сары ермексазбен түсі дене түстес болғанға дейін жақсылап илеп, араластырамыз. Алынған ермексаздан домалақтап басын, мұрнын жасап аламыз. Кеудесіне басын, басына мұрнын орналастырамыз.
* Қара түсті ермексазды жұмсартып, шаштың түріне келтіріп, басына жапсырамыз. Аяқтарына аяқкиімін жабыстырып, бекітеміз.
* Басын, кеудесін, аяқтарын біріктіреміз. Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын бейнелейміз.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретімен, тәсілімен танысып, өздерінің отбасындағы адамдарды ермексаздан жасауға кіріседі.
Әңгімені тыңдайды
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалардың мүсіндеген жұмыстарын тексеріп, балалардың өздеріне талдату, бағалату.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: әртүрлі геометриялық денелерден адам денесін құрастыруды үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын бере білу;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: мазмұнды композиция құрастыру дағдыларын бекіту.
31 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты: әртүрлі геометриялық фигуралардан адам денесін құрастыру дағдыларын жетілдіру; кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын, көңіл күйін бере білу.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: толық тұлғасы бейнеленген адамдар суреттері, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Қостілділік компонент: менің отбасым – моя семья.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін жасату.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балалардан отбасы мүшелері, олардың аты-жөндері және олармен араларындағы қарым-қатынас жөнінде әңгімелеп берулерін өтінеді. Балалардың әңгімелерінен кейін педагог бүгінгі сабақта отбасы мүшелерін мүсіндеуді жалғастыратындықтары жөнінде айтады.
3. Педагог жұмыстың орындалу барысын көрсетіп, ерлер мен әйелдердің денелерін мүсіндеудегі айырмашылықтарды түсіндіреді.
Әйел адамның мүсіні:
* Түрлі түсті ермексаз бөліктерін жұмсартып аламыз.Ақ түсті ермексазды қызыл сары ермексазбен түсі дене түстес болғанға дейін жақсылап илеп, араластыру. Алынған ермексаздан домалақтап басын, мұрнын жасап алу, цилиндр пішінінде аяқ-қолдарын жасау.
* Негізгі түсті (көйлектің түсі) ермексаз кесегін бірнеше бөлікке бөліп алу. Үлкен бөлігінен цилиндр жасаймыз. Цилиндр пішінді ермексаздың көбірек көлемін бас бармақтың көмегімен төмен қарай ысырып, конус пішініне келтіреміз. Бұл кеудесі болады. Кішкене бөліктерден жалпақтап, көйлектің жеңдерін жасаймыз.
* Түсті ермексаздан кішкене цилиндрлер илеп, туфлиін жасаймыз.
* Мүсінді толық құрастыру: кеудесіне басын біріктіреміз; басына мұрнын жапсырамыз; қара түсті ермексазды жұмсартып, шаштың түріне келтіріп, басына жапсырамыз;
* Кеудесіне қолдарын біріктіріп, дайын жеңдерді орналастырамыз;
* Денесіне аяқтарын, аяқтарына туфлиін біріктіреміз;Киімін әртүрлі тәсілмен безендіруге болады;
* Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын бейнелейміз.
4. Балалар жұмыс тәртібімен танысып, мүсіндеу жұмысын орындайды.
Әңгімені тыңдайды.
Педагогтың түсіндірмесін тыңдап, жұмыс барысын бақылайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Жақсы жасалған жұмысты және өз қиялымен шығармашылығын пайдалана білгендердің еңбегін атап өту.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: әртүрлі геометриялық фигуралардан адам денесін құрастыру дағдыларын жетілдіру;
Қандай түсініктерді игерді: кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын, көңіл күйін бере білу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, пішінін және дене мүшелерін дәлірек беруге үйрету; шығармашалық белсенділігін арттыру.