Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Достар бері, келіңдер, Қолдарыңды беріндер. Шаттық толы шеңберге Қуанышпен еніңдер. (Г.Абдрахманов) Шығармашылық сәт: «Егер..., онда...» Допты бір балаға беріп, сөйлемді бастап айтады: -Егер досың сенен жақсы көретін ойыншығынды сұраса, ... -Егер досынды ренжетіп қойсаң, ... -Егер досын сенімен ойнамай қойса,... Соңғы сұрақ арқылы баларды ойлануға жетелеу, әртүрлі жауаптарын тыңдау. | Шеңберде қол ұстасып тұрып өлең жолдарын бірге айтады. Допты алған бала жалғастырады : -онда мен ойыншығымды беремін, -онда мен кешірім сұраймын. -Онда «не болды?» деп сұраймын. |
Ұйымдастыру-іздестіру | Әңгімелесу. Бүгін біз достық туралы «Екі дос» деген әңгіме оқимыз. Бұл әңгіме орыс халқының жазушысы Лев Толстой жазған. Ол орыс жазушысы. Әңгімені оқып шығу, мазмұны бойынша сұрақтар қою : -Әңгімеде кімдер туралы айтылған? -Неліктен достардың біреуі ағаш басына шығып кетті? -Қалай ойлайсындар, ол дұрыс істеді ме? -Оның орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер. | Мұқият тыңдайды. Жазушының суретін қарап, атын қайталап айтады. Әңгімені тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.Өз ойларын айтады. |
| Дидактикалық ойын : «Орысшан қалай балақай?» Бірнеше сөз айтып, орысша баламасын сұрайды. -Дос -Достық -Аю -Ағаш Маркермен тақтаға оқиға желісін бейнелейтін белгілерді сыза отырып, әңгімені екінші рет оқып беру. Әңгімелеп үйренеміз. Тақтаға сызған белгілерге қарап отырып, әңгімені айтуды ұсынады. Жетелуші, демеуші сұрақтар бере отырып сызба белгілер бойынша мазмұнын әңгімелетеді. Сергіту сәті: Дидактикалық ойын: «Қандай? Не істейді?» Аюдың суретін тақтаға іледі. Біз аюдың қандай екенін, не істейтінін айтсақ, ол бұдан кейін ешкімді қорқыпайтын болады. -Айтыңдаршы, аю қандай? Балалардың сын есімдерді мүмкіндігінше көбірек қолданғандарын қадағалайды, қажет сөздермен толықтырады. -Аю не істейді? Аюдың қимылына сәйкес келетін етістіктерді дәл тауып айтуларын қадағалайды. -Жарайсыңдар, аю енді ешкімді қорқытпайтын болады. Дидактикалық оыйн: «Қай дыбыс жоқ?» Тәрбиеші тақтадағы «дос» сөзінің дыбыстық талдау үлгісінен бірінші дыбысты алып тастайды, балаларға оның қай дыбыс екенін табуды ұсынады. Бір баланы тақтаға шығарып, қалған екі дыбыстың ішінен «д» дыбысын тауып, алып тастауды ұсынады. -Қандай дыбыс қалды? Кел, сөйлесейік! Балаларға сұрақтар қойып, достары туралы сөйлеседі. -Асхат, сенің досың кім? -Досың туралы не айта аласың? | -Друг -Дружба -Медведь -Дерево Әңгімені екінші рет тыңдайды. Сызба белгілерге қарап отырып, әңгімені қайта тыңдайды, мазмұнын айтады. Қорбаңдайды аюым, Секеңдейді қояным. Бәрінен де жоғары, Керік бойын созады. Аю – үлкен, түсі қоңыр, ашулы, даусы жуан. Аю жүреді, қорбаңдайды, ақырады, бал жейді. Бір бала тақтада, қалған балалар орындарында отырып жасайды. Тәрбиешінің қай дыбысты алып тастағанын табады. «с» дыбысын тауып, алып тастайды. Бір бала тақтаға шығып, д дыбысын тауып алып тастайды. «О» дыбысы қалды. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз достары туралы әңгімелеп береді. |
Рефлексивті- түзетушілік | Қорытынды: -Бүгін біз не жайлы әңгімелестік? -Сенің досың кім? -Досың туралы айтып берші, ол қандай? -Сен оны жақсы көресің бе? -Досты орысша қалай айтады? «Жұректен-жүрекке» 01-«Ж»№1 Жүректен шыққан жылы сөз, Жүрекке барып жетеді. Жылы сөзден дос жүрегі, Мейрімге толып кетеді. | Достық жайлы әңгімелестік. Сұрақтарға жауап бере отырып,өз достарын туралы әңгімелеп береді. «Друг» деп атайды. Бәрі бірге айтады. |