Тәрбиешілердің күш, ерік-жігер қасиеттерін дамыту.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Әртүрлі пішіндегі заттар, доп,кедергілер,шар,секірме,таяқша, тақырып жазылған плакат «Спорт-салауатты өмір серігі»
Құрметті қонақтар және спорт сүйер қауым! Бүгін Тәуелсіздік күніне арналған салауатты өмір салтын ұстана отырып өткізгелі отырған «Намыс дода» эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр» деп атап көрсеткендей денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет.
Бүгінгі өткізгелі отырған «Намыс дода» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сөз кезегін салауатты өмір салтына баулуда өз тарапынан қолдай отырып, өзінің тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды шыңдап келе жатқан балабақша меңгерушісі Базилова Шара Сайлаубайқызына сөз береміз. Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.
1. Таныстыру кезеңі. Шарттары:топтың атын көңілді әнмен, бимен таныстыру керек, таныстыруға 5-7 минут беріледі.
2. «Кім жылдам?»кезеңітоп капитандарына арналған. Шарты: Бір себеттің ішіне газеттерге оралған әртүрлі пішіндегі заттар салынған. Осы оралған заттардың ішінен белгілі бір затты (мысалы, алма...) газеттен ашу арқылы тез-тез қарап, 2 минут ішінде табуы керек. Кім бірінші тапса, сол капитан жеңіске жетеде. Жеңімпазға берілетін - 5ұпай, қалып қойған капитанға - 3 ұпай.
3. «Пингвин»кезеңі. Шарты: Кеглиден қойылған кедергілер арасымен Бірінші тәрбиеші қаппен қосаяқтап секіріп, межеге барады да, қайтар жолында да осылай қайту керек, ал,екінші тәрбиеші екі аяқтың арасына допты қысып межеге барып, допты қолына ұстап кері қайтады. Үшінші тәрбиеші қаппен қосаяқтап секіріп, межеге барады да, қайтар жолында да осылай қайту керек,ал, төртінші тәрбиеші екі аяқтың арасына допты қысып межеге барып, допты қолына ұстап кері қайтады. Бесінші тәрбиеші қаппен қосаяқтап секіріп, межеге барады да, қайтар жолында да осылай қайту керек, ал, алтыншы тәрбиеші екі аяқтың арасына допты қысып межеге барып, допты қолына ұстап кері қайтады. Бірінші болып эстафетаны аяқтаған топ жеңіске жетіп 5 ұпай алады. Жеңілген топқа 3 ұпай.
4. «Кім шапшаң»кезеңі. Шарты: Әр команданың алдына бос шелек қойылады, команда мүшелері кезекпен крушкамен суды төкпей тасып шелекке құяды, кімнің қаншалықты көп су құйғаны сызғышпен өлшенеді (барлығы да уақытпен). Берілетін уақыт:
5.«Тұсау кесу» кезеңі
Команда мүшелері бірінің артынан бірі жіппен аяғынан байланады, олар бірге адымдап құламай, кедергілер арасымен межеге жетіп кері қайтулары тиіс. Қай команда бірінші келсе, солар жеңіске жетеді. Жеңімпазға – 5 ұпай, жеңілгенге – 3 ұпай.
6. «Есеп шығару» кезеңі. Шарты: Тәрбиешілер кедергілер арасымен жүгіріп келіп берілген есепті дұрыстап шығару қажет.
7. «Шынықтыру» кезеңі. Шарты: Әр топтан тәрбиешілер шығып, кезек-кезек уақытқа қарамай, еденге қолмен тіреп етбеттеп жатып-тұру жаттығуын жасау керек. Кім көп жаттығу жасаса, соның қорытынды жинаған ұпайының саны бойынша жеңімпаз анықталады.Жаттығуға кезекпен барлық тәрбиешілер қатысуы тиіс.
Қорытынды сөз бен марапаттау рәсіміне балабақша меңгерушісі Бақытгүл Өндірісқызыншақырамыз.
Жүлделеріңіз құтты болсын! Ізгі ниет,жақсы өнеге тозбасын деген тілекпен,бүгінгі сайысымызд