Сабақтың тақырыбы: Негізгі пішіндер. Домалақ. Үшбұрыш. Шаршы
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Баланы негізгі пішіндер: домалақ, ұшбұрыш. Шаршы ұғымдарымен таныстыру. Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне баланың көңілін аудару.
2.Түзете-дамытушылық: Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Баланың тілін,тойын, танымдық қабілетін дамыту.Жасалу жолдарымен құрылысына мән беріп, айырмашылықтарды, ұқсастықтарды ажырату.
3. Тәрбиелік: Балаға домалақ, шаршы, дөңгелек жайлы мағлұмат бере отырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Негізгі пішіндер. Домалақ. Үшбұрыш. Шаршы»
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Негізгі пішіндер. Домалақ. Үшбұрыш. Шаршы
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Баланы негізгі пішіндер: домалақ, ұшбұрыш. Шаршы ұғымдарымен таныстыру. Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне баланың көңілін аудару.
2.Түзете-дамытушылық: Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Баланың тілін,тойын, танымдық қабілетін дамыту.Жасалу жолдарымен құрылысына мән беріп, айырмашылықтарды, ұқсастықтарды ажырату.
3. Тәрбиелік: Балаға домалақ, шаршы, дөңгелек жайлы мағлұмат бере отырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
А) Математикалық жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, санамақтар мен баланың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын дайындау.
II. Жаңа материалдың мазмұны.
Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.
Бұл геометриялық фигуралар балаға бұрыннан таныс. Мұнда олардың айнала дүниеде қолданысы салыстырмалы түрде түсіндіріледі.
Әңгіме «Көшеде жүру ережесі» туралы болады. Көше қиылыстарында жолаушылармен көліктердің жүрісін реттер тұратын бағдаршам. Олардың үш көзі бар(қызыл, сары, жасыл)Көздері неге ұқсас? (дөңгелекке) Әр көзінің өз сыры түсіндіріледі. Жол бойында «Жол белгілері» дөңгелектің ішінде көрсетілген. Әр белгінің мәні ашылады. Сондай-ақ балалардың өздері ойнайтын қарапайым доптар, шарлар, олардың түрлері т.б.
Сонымен жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі болады.
Бірінші шеңбер сызамыз. Сол шеңбердің ішкі бөлігін қиып аламыз.
Екінші суреттегі дөңгелек. Балалар траферетті пайдаланып шеңбер сызып, оның ішкі бөлігін бояйды.
Үйлердің суретінен үшбұрышты табады.
«Жол белгілері» олардың мәнін ұғындыру. Берілген үйшіктерге ұқсас жапсырма жұмыстарын жүргізу. Үшбұрыштың қабырғалары үш кесіндіден тұрады. Үшбұрыш-тұйықталған сынық сызық. Ол: сүйір бұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты үшбұрыштар болып бөлінеді.
Тапсырмада берілген құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Үйшіктерден шаршыны тапқызу.Текшенің әрбір қабырғасы өзара 4 кесіндіден тұрады. Текшенің беттері шаршылардан тұрады. Текшенің беттері шаршылардан тұрады. Текшенің неше беті бар екенін өздері табады. Текшені жазғанда практикалық жұмыс кезінде көз жеткізуге болады. Жазылған текшені қайта жинастыруға тапсырма беріледі. Сонымен, дөңгелек –тұйықталған қисық сызықпен шектелген фигура. Шаршы тұйықталған төрт бірдей сынық сызықпен шектелетін фигура. Текше-өзара тең алты текшеден тұратын дене.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Оқулықпен жұмыс.
Балаға оқулықтағы негізгі пішіндерді көрсетіп, өзінен қайта атауларын сұрау. Мысалы, ол жерде үшбұрыштың, төртбұрыштың, шаршының, дөңгелектің, текшенінің т.б. суреттер салынған. Ол оның түсін, пішінін атап беруі керек.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерде көрсетілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттардың суретін бастырып салып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, өзі салған суреттерді атап,салыстырады.