Сабақтың мақсаты: Баланың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін(таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін
атап білу. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жеті ханшасы, «Жеті хандығына» шақыру билеті, жеті түрлі сыйлық, эмблемалар, жұлдызшалар, қиылған геометриялық
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ойнайық та, ойлайық»
Сабақ жоспары
Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»
Сабақтың мақсаты: Баланың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін(таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін
атап білу. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жеті ханшасы, «Жеті хандығына» шақыру билеті, жеті түрлі сыйлық, эмблемалар, жұлдызшалар, қиылған геометриялық
пішіндер, фланелеграф, слайд суреттері, ведио.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Педагог:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
Жаңа сабақ
1. Тапсырма: «Кім шапшаң?» сұрақтарға жауап беру арқылы.
а) Біз қай қалада тұрамыз?
б) Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
в) Жыл мезгілдерін ата?
г) Қазір жылдың қай мезгілі?
д) Кемпірқосақта неше түс бар?
ж) Бағдаршамда неше көз бар?
Бала дұрыс жауап берсе, соған жұлдызша беріледі.
2. Тапсырма: Ойын: «Аңдарды құрастыр» Геометриялық пішіндермен аңдар құрастыру. Бала дұрыс жауап берсе, соған жұлдызша беріледі.
- мынау не? Неге аққайың дейміз? (Өйткені оның діңі ақ, үстінде қара дақтары бар). -аққайынның оң жақ, сол жағында, жоғары, төменінде не орналасқанын айтады.
Білім-дағдысын қалыптастыру.
4. тапсырма: Логикалық есептер шығару.
а) Қонжық екеу, табаны нешеу? (8)
б)Үш қоянда қанша құлақ бар? (6)
в) Ағашта төрт құс отыр,оған екі құс келіп қосылды.Ағашта қанша құс отыр?(6)
г) Бір шіңбер, бір шеңберді көтеріп тұр? (8)
Жұлдызшалар беру, мадақтау.
Сергіту сәті:
Сырға-сырға сырғалар, құлағымда ырғалар
Оң қолымда білезік, сол қолымда білезік.
Саусақтарда сақина, санап көрші қанеки?
Бір-екі-үш, бір-екі-үш, демалайық жинап күш.
5. Тапсырма: Жаңылтпаштар айту.Әр топ кезекпен айтады.
а) Төсек үстінде төрт бөрік, төртеуі де көк бөрік.
б) Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар.
в) Үш қарындаш үш түрлі, үш қарындаш үш қырлы, үш қарындаш ұшқырлы.
г) Көк тырна, көп тырна. Тыраулап көп тұрма. 6. Тапсырма: Дидактикалық ойын: «Қай сан жоқ?» Фланелеграфта жоқ сандарды тауып орнына қою.
Бекіту.
7.Тапсырма:«Уақытты бағдарлау».Жұмбақтар шешу.
а) Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз.
Әжемізге ереміз, бақшамызға келеміз.
Бұл қай кезде болады? (Таңертең)
б) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз,қыдырамыз.
Бұл қай кезде болады? ( Күндіз)
в) Күн батады қызарып,мамамызды күтеміз.
Бұл қай кезде болады? (Кеш)
г) Үйлерде шам жанады,дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем.