Мақсаты: Балалар білмейтін көптеген оюлармен таныстыру, шығармашылықта қолдана білуге, ата-аналардың көмегімен ою-өрнекпен безендірілген ұлттық бұйымдарды қазақы бұрышты толықтыру мақстында ұйымдастрылған. Ою-өрнек балалардың бойындағы шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізеді, байқампаздығын, ойлау іс-әрекетін дамытады.Балалардың бойындағы ізденімпаздық қасиеттерін қалптастыру.ұжымдық жұмыс жасай білу, ақпаратпен бөлісе білу.Бірлескен тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі білімін арттыру.Ата-аналарды жоба жұмысына тарту.
Міндеттері:
1.Балаларды ұлттық ою-өрнек түрлерімен таныстыру.
2.Олардың бір-бірінен айырмашылығын, ерекшелігін салыстыру.
3.Эстетикалық талғамын дамыту.
4.Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Өтілу мерзімі – 1ай.
Жобаға қатысушылар: Балалар , олардың ата-аналары, музыка жетекшісі.
Жұмыс өткізу әдістері:
1.Ұлттық ою-өрнектермен таныстыру.
2.Ата-аналар көмегімен көрме ұйымдастыру.
3.Ою-өрнектер туралы ертегі, аңыздар оқу.
4.Ұлттық мұражайға саяхатқа шығу.
«Ою-ойғанның ойы ұшқыр»
2.Оқу іс-әрекетін ұйымдстыру.
Әңгімелеу. Өю-өрнектермен таныстыру, сурет, жапсыру, тіл дамыту, ою-өрнек туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер, ою-өрнектер туралы ертегі, аңыздар оқып беру.
Ойын әдістері «Өрнекті тап», «Шебер қолдар»,»Суретте қандай өрнек жасырылған».
Жобаны жоспарлау.
1.Ақпан айы.
1апта.
Балалар мен ою-өрнек туралы әңгіме.
Шығу тарихымен таныстыру.
2 апта.
Ұлттық ою-өрнек туралы сурет салу, мүсіндеу, тұзды қамырдан ою-өрнектер мүсіндеу.
3апта.
Ою-өрнектер туралы ертегіні сахналау, тақпақ құрастыру. Ата-аналары мен бірге.
4апта.
«Ұлттық мұражайға» саяхат арқылы балалар білімін қортындылау.
Ақтөбе қалалық білім бөлімі
№2 «Бұлбұл» мектепке дейінгі ұйымы
Жоба
Тақырыбы:«Ою ойғанның ойы ұшқыр»
Тобы: мекпепалды дарлау «А»
Мерзімі: 1 ай
Тәрбиеші:Ермекбаева М.Т.
Баймуханова Г.
Ақтөбе - 2014жыл
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық
Бөлімі: Аралас оқу іс-әрекеті.
Тобы: мектепалды даярлау»А»
Тақрыбы: Ұлттық ою-өрнектері.
Мақсаты: оюдың түрлері, шығу тарихы, әңгімелесу, тақпақ, мақал-мәтелдер арқылы тілдерін байытып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бұғы мүйіз, сынық мүйіз.
Билингвальдік компонент: ою – орнамент,
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалар әрекеті.
Мотивациялық – қозғаушылық
Қонақтармен амандасу.
Бір бала атқа мініп шауып келеді.
Әй, тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. Артынан естімедім демеңіздер.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы сайыс болайын деп жатыр.
Атсалысыңыздар, құрқалмаңыздар .
-Балалар біздің жобамыздың да аты ұлттық ою-өрнегі емес-пе еді.
-Қане, бәріміз атқа мініп, сайыс болатын жерге барайық.
Қонақтармен амандасады.
Балалар тыңдайды.
Балалар атқа мініп әндетіп барады.
Жүйрік атпен шабамыз.
Сайысқа біздер барамыз
Насихаттап оюды,
Жүлдеге ие боламыз.
Ұйымдастырушылық-
ізденушілік
-Балалар, мінекей сайыс болатын жерге де келдік.
Сайыс ұйымдастырушы қарсы алады.
Сайыс мәнін түсіндіру.
Үш топқа бөліп отырғызу.
1-топ:Қызғалдақ
2-топ:Қошқар мүйіз
3-топ:Бесжапырақ
Әділқазылар алқасын сайлау.
Ұлттық ою-өрнектің шығу тарихымен таныстыру(экраннан)
-Балалар тапсырманы экрандағы ұяшықтан таңдату.
Қызғалдақ тобына мынадай тапсырма:
Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?
-Ал,енді Қошқар мүйіз тобының балаларына өз ұяшықтарын таңдату.
Ою-өрнекті қандай заттарға пайдалануға болады?
3-топ: Бесжапырақ тобының балаларына мынадай тапсырма.
Ою-өрнектердің түрлерін, ажырата алу дағдыларын игеру;Ою-өрнекке байланысты мақал-мәтелдерді, тақпақтарды, ою-өрнекті ұқыпты боуды меңгеру керек;
Ақтөбе қалалық білім бөлімі
№2 «Бұлбұл» мектепке дейінгі ұйымы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
Білім беру саласы: Қатынас.Шығармашылық
Бөлімі: Аралас оқу іс-әрекеті.
Тақырыбы: «Ұлттық ою-өрнек»
Тәрбиеші: Ермекбаева М.Т
Ақтөбе -2014ж
Жоба тақырыбы:»Аспаптар сыр шертеді»
Мақсаты: Балалар білмейтін көптеген аспаптармен таныстыру. Аспаптар балалардың бойындағы шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізеді, байқампаздығын, ойлау іс-әрекетін дамытады.Аспаптардың түрлерін ажырата білуді үйрету. Балалардың бойындағы ізденімпаздық қасиеттерін қалптастыру.Ұжымдық жұмыс жасай білу, ақпаратпен бөлісе білу.Бірлескен тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі білімін арттыру.Ата-аналарды жоба жұмысына тарту.
Міндеттері:
1.Балаларды аспаптар түрлерімен таныстыру.
2.Аспаптардың бір-бірінен айырмашылығын, ерекшелігін салыстыру.
3.Эстетикалық талғамын дамыту.
4.Өнерге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Өтілу мерзімі – 2 апта
Жобаға қатысушылар: Балалар , олардың ата-аналары, музыка жетекшісі.
Жұмыс өткізу әдістері:
1.Аспаптарды таныстыру.
2.Ата-аналар көмегімен көрме ұйымдастыру, альбом жасату.
3.Аспаптар туралы ертегі, аңыздар оқу.
4.Аспаптар туралы видео – роликтер , мультфильмдер көрсету.
5.Аспаптардың суретін салдырту.
6.Аспаптарды мүсіндету.
7. Аспаптарды қиып жапсырту.
«Аспаптар сыр шертеді»
2.Оқу іс-әрекетін ұйымдстыру.
Әңгімелеу. Аспаптармен таныстыру, аспаптар туралы тақпақтар, ертегі, аңыздар оқып беру. Жұмбақтар шешкізу. Аспаптармен «үйшік» ертегісін сахналау.
Ойын әдістері «Аспаптардың дыбысын ажырат», «Біздің оркестр»,»Аспаптарды құрастыр».
Жобаны жоспарлау.
1.Қаңтар айы.
1апта.
Балалармен аспаптар туралы әңгіме.
Шығу тарихымен таныстыру.
2 апта.
Аспаптар туралы сурет салу, мүсіндеу, тұзды қамырдан мүсіндеу.
Аспаптар туралы ертегіні сахналау, тақпақ құрастыру. Ата-аналары мен бірге.
Ақтөбе қалалық білім бөлімі
№2 «Бұлбұл» мектепке дейінгі ұйымы
Жоба
Тақырыбы:«Аспаптар сыр шертеді»
Тобы: Ересек «Күншуақ»
Мерзімі: 2 апта
Тәрбиеші:Ермекбаева М.Т.
Сламгалиева Ж.А
Ақтөбе - 2017жыл
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Коммуникация, шығармашылық, таным
Бөлімі: Аралас оқу іс-әрекеті.
Тобы: Ересек »Күншуақ»
Тақрыбы: Сазды аспаптар сыры.
Мақсаты: Аспаптың түрлерін, шығу тарихын, әңгімелесу, тақпақ, жұмбақтар арқылы тілдерін байытып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу. Әр ұлт өкілдерін сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалар әрекеті.
Мотивациялық – қозғаушылық
-Сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Жарайсыңдар, балалар! Ал мен сендерге бір керемет ел туралы айтайын, сонау иір-иір жолдардың, қиыр-қиыр жерлердің аржағында «Аспаптар елі» бар екен, таудан асып, өткеннен кейін ғана ол ел көрінеді. Анда көптеген көңілді шулы және музыкалық аспаптар бар екен, үрмелі, ұрмалы және ішекті аспаптар бар екен. Мен сол елге сендерді алып барып көп аспаптармен таныстырғым келіп тұр, сендер менімен бірге барасыңдарма? Бірақ жолда кедергілер болу мүмкін, біз олардан қорықпаймыз, өйткені біз батылмыз солайма, балалар? Ол жақта күн жарқырап гүлдер жайнап жаз болып тұр екен.
Ендеше аттанайық
Біз олелге поезьдбен барайық.
Иә,барамыз.
Иә,біз қорықпаймыз.
Тастан өтеді, суды баспай өтеді, кемеге отырады.
(Жолда тастан балалар аттап өтеді, суды баспай өтеді, үлкен суға кездеседі, поезьға отырып барады.)
Балалар залға саппен кіреді.
- Сәлеметсізбе!
Ұйымдастырушылық-
ізденушілік
Балалар поезьдан түсіп орындарына жайғасады. Бір дыбыстар шығады. -Балалар бұл ненің дыбысы? Естіп тұрсыңдарма? Әуен деп айтайын десем әуенгеде ұқсамайды. Бұл дыбыстар сендерге ұнап тұрма? Ал, маған ұнамай тұр. Түсінбей тұрғаным. Кәне, тақтаға назар аударайықшы. (Аспаптардың айтысы көрсетіледі) -Балалар сендер түсіндіңдерме не болып жатқанын? Ал, енді түсіндім, әр ұлттың аспаптары мен мықтымын деп айтысып жатыр екенғо. Біздер мында босқа келмеппіз, аспаптарды татуластырайық. Сендер қалай ойлайсыңдар, ең мықты аспап қай аспап? Ендеше қай аспап мықты екенін көрейік.
Үстеліміздің үстіңде 4 түрлі аспаптың суреттері бар.Қазір 4 топқа бөлінеміз.
Балаларға әртүрлі аспаптың суретін таратып беру.Сол қолдарындағы аспаптың суреті бойынша осы үстелге бөлініп отырыңдар.Ол үшін біз тапсырмаларды орындап көрейік. Тапсырмларды орындауға дайынсыңдар ма?
1-Тапсырма:»Жұмбақтарды шеш»
1-жұмбақ:Аспаптар туралы жұмбақтар білесіңдер ме?
Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған
2-жұмбақ
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынасы көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып
3- жұмбақ
Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі
4-жұмбақ
Ел қорғаған ерлікке
Әуенімен шақырған
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған
2-Тапсырма (аспаптарды слайдтан көрсету)
Аспаптар туралы не білесіңдер?
Домбыра, қобыз, жетіген, гитара туралы шығып айтады.
Сергіту сәті
3-тапсырма
Аспаптар туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
4-тапсырма
Қандай ертегі білесіңдер?
5-тапсырма
Аспаптың қандай түрге бөлінеді ?
(ішекті аспап)
(ұрмалы аспап)
(үрмелі аспап)
6-тапсырма
Д/О:»Аспаптарды құрастыр»
Д/О: «Әр ұлттың аспабын тап »
1.Қазақтың ұлттық аспаптары;
2.Орыс ұлтының аспаптары;
3.Өзбек ұлтының аспаптары
4.Грузин ұлтының аспаптары;
Балалар мен ойлаймын аспаптардың барлығы керемет, барлығыда мықты аспаптарға жатады, өйткені әр аспаптың өзінше әдемі үні бар.
Д/О: «Біздің оркестр»
Аспаптармен ойнау: Енді аспаптарымыз татулассын деп, аспаптармен ойын ойнап жіберейік. Мына жерде әр ұлттың өкілдерінің аспаптары да тұр. Аспаптар үлестіріп, (шеңберде ойнату) Ой, рахмет балалар, аспаптар шынымен қуанып, барлығының үні, дыбысы әдемі екенін біліп татуласты. Орындарына жайғаса қойыңдар. Бізде топта тағы басқа да балаларымыз құр қол келмепті, олар өткен оқу іс-әрекетте тамаша аспаптар жасады. Кәне келе қойыңдар, Айсара,Еркеназ, Аян, Дильназ, Гүлназ , өз аспаптарыңды ала қойыңдар. Балалар қандай аспаптар жасағанын айтады.
Топтың жеңімпазын анықтау.
1-ші:Жұмбақтың жауабы «домбыра» екенін табады.
2-ші жұмбақтың жауабы «қобыз» екенін табады.
3- ші жұмбақтың жауабы
«сыбызғы»
Жұмбақтың жауабы «Дабыл» екенін табады.
Балалар аспаптар туралы шығып айтып шығады,
Сергіту сәтін жасайды.
балалар тақпақтарын айтады.
Аспаппен «үйшік»ертегісін сахналайды.
домбыра,қобыз, жетіген,
адырна, сазген, шертер
аса таяқ, даңғыра, дауылпаз.
сыбызғы, шаңқобыз, мүйіз сырнай.
Алдарына берілген сурет қиындыларынан аспаптарды құрастырып шығады.