Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор.Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауымен шығармашылық ойлауы тәрбиеленип, қалыптасып дамиды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ойын арқылы баланың танымын қалыптастыру»
«ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»
«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор.Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауымен шығармашылық ойлауы тәрбиеленип, қалыптасып дамиды.
Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып кеткендей, мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін – өзі кінәлауы керек.Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіру керек деген екен.
Енді, әр түрлі ойын түрлерімен танысайық.Бұл ойындарды әр ұстаз өз мақсатына сай шығармашылықпен түрлендіріп, өзгертіп қолдануына болады.
Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған оқытушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті – оқытудың ойын формасы деп аталады. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой өрісінің дамуын,қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын арқылы оқушыны оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын түрлерін қолдану арқылы барлық мәсел ешешіле қалды деп айту дұрысемес. Дегенмен, қиындықтар азайады.Себебі, ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Сонымен қатар, кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады, танымдары қалыптасады.
Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек». Балалармен жұмыс істеу ойынында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты — баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Ойын процесі баланың қоршаған ортаға бақылау жасауы ретінде қарастырылады. Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырылады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді.
Кеңестік педагог А.С.Макаренко "Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі - ойыннан тұрады", -деген пікірімен сөзімді аяқтағым келеді. Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді қазақ халқы. Болашақтың іргетасын салатын балаәуелі отбасында, содан кейін балабақшада қалыптасады. Балдырғандардың негізі іс-әрекеті ойын болып табылады. Менің әдістемелік тақырыбым: «ойын әрекеті арқылы балалардыңтілін дамыту, дағдысын қалыптастыру» болғандықтан, негізгі мақсатым: ойын арқылы және көңіл-күй арқылы балалардың тілін дамыту,бір-бірімен байланыс қалыптастыру; оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру; ойын таңдаудағы, ойлағанын жүзеге асырудаға дербестігін жетілдіру; сабырлы әрі ынталы ойнауға тәрбиелеу; әртүрлі ойын түрінқолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру, жолдастарына деген қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Осы арқылы жұмыс істеу өте қызықты әрі тартымды болады. Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқынан қалыптасуында ойын әрекетінің елеулі мән атқаратынын жақсы білген. Ойында баланың ортамен қарым-қатынас кеңейіп, таным, қабілеті өседі, міне-құлыққалыптаса түседі.Балалар ойының түрі де, мазмұны да сан алуан.Көптеген ойындар баланы достыққа, жолдастыққа, қамқорлыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке баулиды. «Базар - қаланың ажары, ойын – баланың базары», «Баланыңойынын бұзба, өнегеңболса, ойын қозға», «Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі»,
құлыншақ» «Ойнай білмеген, ойлай да б ілмейді» деген халық даналығындағы мақал-мәтелдерде баланыңойынға аса құмар келетіні, ер бала мен қыз бала ойыны да түрліше болатынын, ойын арқылы баланың сана-сезімі, кәсіп таңдауы, ақыл-ойы жетілетіні көрсетілген. Әр бала өмірде көргендерін ойын ретінде ойнайды. Сондай-ақ қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына үлкен де бай мұра қалдырған. Соның бірі-ұлттық ойындар. Балалар ұлттық ойындар арқылы мінез-құлық қалыптастырады, өзіндік ерекше қасиеттерін айқындай бастайды. Ұлттық ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез-құлық қалыптастыруға аса көңіл бөлген жөн. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Сондықтан ұлттық ойын балаларды тәрбиелеудің ең тиімді жолы, тәрбие құралы екендігі дәлелденген.
Баланың бір сөзді, екі сөзді сөйлемдер деңгейі, оның заттармен қарым-қатынасына, ойнауәрекетіне сәйкес келеді. Үш сөзді, төрт сөзді сөйлемдер баланың ойын әрекеттері мен жоспарлы сөйлеуімен сәйкес келеді. Ойын әрекеттері -оның когнитивтік дамуының, тілінің жетілуінің және қалыптасуының қайнар көзі.Баланы жанұяда және балабақшада әртүрлі адамдармен араласу арқылы ойнайды. Ойын балаларды әртүрлі қоршаған заттардың сапасымен таныстырады. Бір сюжетті көбірекқайталайды. Мысалы: қуыршақты тамақтандыру, бала жақындарының қарым-қатынасыныңпішінін қорытындылайды. Бала ойыншықтардан жалықса тастай салып, басқа ойыншықсұрайды. Ондай сәттерде олармен тең ойнап және ойын тәртібін ақырындап немесе абайлапөзгертуіміз керек. Кейде аяқ киімнің қорабы балаға қымбат машинадан да маңызды болады. Онымен әртүрлі әрекеттер орындайды, яғни, құрылыс материалдарын тасиды, акырған аюдың төсегіне айналдырады, қуыршық киімдерін салатын чемодан қылады, сондықтан баланың ойынын тежеуге болмайды.
. «Базар - аланың ажары, ойын – баланың базары», «Баланыңойынын бұзба, өнегең болса, ойынқозға», «Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі»