Просмотр содержимого документа
«Ойын арқылы балалардың тілін дамыту»
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылы «Алтын дән» балабақшасының тәрбиеші және қазақ тілі маманы-
Жанатай Райгүл Сағатқызы
Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы
Ойын-баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттан қарағанда, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойын-бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы. Өйткені, болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарының шындай түседі.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалар мен сөздік жұмысын жүргізу-тіл дамытудың негізгі бір міндеті. Біз балалар мен сөздік жұмысын жүргізе отырып, олардың айналасындағы заттар мен таныстырып, атына сай білуге, қасиеті мен сапасын , түр мен түсін, пішінін ажырата білуге, белсенді түрде тілдік қарым қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің негізгі міндеттері:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
-үйренген сөздерін тиянақтап айту.
Бұл міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмыс жүргізудебасшылыққа алып отыруы тиіс.
Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысын таңдап алады. Баланың бір қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік-барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Тәрбиеші балалармен ойынды үстел үсті, сөздік ойын және заттармен үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суреттіқ құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Кім байқағыш», «Бөлікті тап», «Ұқсасын тап», «Не артық?», «Есіңдесақта», т.б.
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата», «Сөз құра», «Сөз ойла», «Жұмбақ ойла», т.б.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындай ойынды тауып ал», «Салыстырда атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Осылайша балалардың сөздік қорларын дамытуда ойын арқылы тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын үйренеді, таным белсенділіктері артады, ақыл ойы өсіп жетіледі.
Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізігі мәселем.