«Ойын - мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілетін дамытуға ықпал ететін әдістердің бірі»
«Ойын - мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілетін дамытуға ықпал ететін әдістердің бірі»
Ойын - өзіндік көп жоспарлы педагогикалық құбылыс болып табылады. Ойын балаларды оқытудағы негізгі - әдіс, жеке тұлғаны жан - жақты қалыптастыруға ықпал етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ойын - мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілетін дамытуға ықпал ететін әдістердің бірі»»
«Самұрық қазына» ҰӘҚ қолдауымен құрылған Айлана ОО»
«Қасиетті жол»Қоғамдық қайырымдылық қоры
Баяндама
Тақырып:«Ойын - мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілетін дамытуға ықпал ететін әдістердің бірі»
Дайындаған:
дефектолог Жумадилова А.А
Астана 2016ж.
Ерте заманнан - ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып білудің, белсенді іс - әрекеттің алғашқы түрі заттық іс - әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс - әрекеттен бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап - сезу, байқап- тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшуін нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша, ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізгі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Ойын - бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын - балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретін қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойын балалардың негізгі іс - әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық- физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқаралы. Ойын - баланың даму құралы, таным- көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Педагогикалық маңызы
Ойын оқытудың алғашқы бастамасы болып, шынайы өмірлік тәжірибелерді меңгерудегі негізгі мектеп болып табылады. Баланың негізгі іс - әрекеті ойын» деп С.Л.Рубинштейн белгілеп кетті. Элькониннің айтуы бойынша, балаларға үлкендер әлемі идеалды форма болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі-ойын.
Л.Выготскийдің айтуы бойынша: бала ойнай отыра, қиялдау арқылы шынайы жағдай тудырып әрекеттейді. Жақын аймақты дамыту теориясына сәйкес, ойынның дамытушылығы мен оқытудың дамытушылық қатынасын салыстыруға болады.
А. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
Н.Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген», деген пікір айтқан.
«Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын - дегеніміз ұшқыш білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»
В.А.Сухомлинский
Біздің оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі орталығында мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, түзету - дамыту ортасы ұйымдастырылады. Егерде қарапайым бала үшін негізгі іс - әрекет ойын болса, мүмкіндігі шектеулі бала үшін ойын - оқу құралы болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балаларлың танымдық қабілетін дамыту, әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін ойнауға үйрету болып табылады.
Ойын - өзіндік көп жоспарлы педагогикалық құбылыс болып табылады. Ойын балаларды оқытудағы негізгі - әдіс, жеке тұлғаны жан - жақты қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, танымдық қабілеттерін дамытады. Ойынның мазмұнында мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілетін дамытудың ықтимал мүмкіндіктері бар:
Таным процесстерін белсендіреді, зейіні мен қызығушылығын тәрбиелейді.
Балаларды қоғамдық жағдайларға бейімдеу қабілетін дамытады.
Ережелер бойынша әрекет етуге үйретеді. Қызығушылығын дамытады.
Білім - дағдыларын бекітеді.
Ойын - құрылымын келесі компанентері бар:
Мотивациялық:балалардың қажеттіліктері, ойынға қатысу тілектері мен мотивациялық қызығушылығын анықтайды;
Бағытталған:ойын іс - әрекетінің тәсілін таңдау;
Орындаушы: ойынның мақстына жету үшін әрдайым әрекет ету;
Бағыттау бағалаушы: ойын іс - әрекетін түзету және белсендіру.
Ойын әлемнің құрлымы ойынның міндеті болып табылады. Оны балалар ойын іс - әрекеті барысында жүзеге асырады. Оқу мен ойынды бір - бірімен тығыз байланыстыратын екі міндет: дидактикалық және ойын болып табылады. Дидактикалық міндетке қарағанда дидактикалық ойындар міндеті ойын міндеті арқылы шешіледі. Ойын іс - әрекеттерін анықтай отырып, баланың өзбетімен міндеттерді шеше отырып, ойын іс - әрекеттерін белсендіреді. Ойынның жағымды жағы білімдердің жаңа ситуацияларды қолдану болып табылады.
Ойын бірнеше деңгейге бөлінеді.
Деңгей.
Баланың ойынға деген қызығушылығы пайда болуы, белсенді іс - әрекеттер байқалады. Ойынға деген қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі тәсілдерді қолдану мүмкін:
Әуен, санамақ, ұнаған ойынды еске түсіру. Мұғалім балалардың қызығушылығын оятып, қуанышты сезімін тудырады.
Деңгей.
Балаға ойын мақсаттарын, ережелерін, іс - әрекеттерін орындауға үйренеді. Мұғалім бақылаушы ретінде ғана болмай, сонымен қатар ойын серіктесі бола отырып, кез келген уақытта көмекке келіп, ойынды әділ бағалайды.
Деңгей.
Бұл деңгейде бала бойында адал, мақсатқа бағытталу, өзінің айтқанына жету, жетістіктері мен жеңілістеріне қуану сияқты мінез - құлықтар қалыптасады.
Ойлау операцияларындағы бар білімдерін қолдана отырып, балалар ойынның міндеттерін ұтымды шешеді.
Қоршаған орта құбылыстар мен заттардың белгілеріне қарай табу.
Салыстыру, топтау, классификациялау, дұрыс қорытынды жасау, жалпылау.
Сөздік ойындар балалардың сөйлеу тілін дамытуға көмектеседі: сөздікті кеңейтеді және белсендіреді, дыбысталуын дұрыс қалыптастырады, байланыстырып сөйлеу тілін дамыдаты, өз ойын дұрыс жеткізу, заттар туралы өзбетімен әңгіме құрастыру, табиғи құбылыстар мен қоғамдық өмір жайлы мазмұндау дағдысы қалыптасады. Мысалы мынандай ойындар арқылы: «Бір сөзбен ата», «Үш затты ата».
Көптеген ойындар процессінде ойлау мен сөйлеудің дамуы қатар жүреді. Мысалы: «Біз нені ойладық? Тап».
Ойын іс - әрекетінде балаларда адамгершілік түсініктері, қоршаған орта заттарына деген қарым - қатынасы қалыптасады. Құрбылары мен үлкендер арасындағы өзара қатынас, жеке тұлғаның жағымды және жағымсыз жақтары жетіледі.
Ойын кезінде балалардың мінез - құлықтары пайда болады. Жағымды жағы мақсатқа бағытталушы, адал. Жағымысыз өзімшіл, мақтаншақ. Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін педагог келесі компаненттерді дамытады:
Зияткерлігін (балалардың ақыл - ойын дамытады);
Мотивациялық (жаңа нәрсені білу құштарлығын ояту);
Тәжірибелік (алған тәжірибесін күнделікті өмірде пайдалану).
Жоғарыда айтылғанның барлығын қорытындылай келе, мынандай шешім жасауға болады:
Ойын - бұл жан жақты және күшті ынталандырушы;
Ойын - барлық психикалық процесстерді белсендіреді;
Ойында әрбір қатысушы белсенді қатысып отырады;
Ойын баланың өміріндегі шекараларды кеңейтеді. Яғни тәжірибесі жоқ бөтен біреудің ертегісін әңгімелеп беруі мүмкін.
Танымдық қабілеттерін дамытуға арналған ойындар.
Тақырып: «Жемістер мен көкөністер»
Зияткерлігін дамыту: Ойын : «Дүкен»
Мақсаты: Әртүрлі қарым-қатынастыға сөйлеу тілін меңгеру. Алған білімдерін жалпылау (жемістер, көкөністер).
Мотивациялық компаненті: Алдын - ала суреттермен жұмыс.
Тәжірибелік компаненті: өзбетімен нақты сөздерді жалпылау (мысалы: қызанақ, қияр көкөністер).
Тақырып: «Дене мүшелері»
Зияткерлігін дамыту: ойын «Сен өзінді білесің бе?»
Мақсаты: Дене мүшелері жайлы білімін бекіту. Есінде сақтау және оларды ойша сәйкестендіру.
Мотивациялық компаненті: Алдын -ала қуыршақпен жұмыс. Дене мүшелері туралы әңгімелеу.
Тәжірибелік компаненті: Аталған дене мүшелерін суретпен сәйкестендіру. Адам суретін салу.
Тақырып: «Жануарлар»
Зияткерлігін дамыту: ойын «Жануарлардың төлдерін тауып бер»
Мақсаты: Жануарлар және оларды төлдері жайлы білімін кеңейту.
Мотивациялық компаненті: Алдын - ала сурет немесе жануарлар ойыншығымен жұмыс.
Тәжірибелік компаненті: Жануарлар мен төлдер атауларын дұрыс атау. Төлдерін тауып беру.
Тақырып: «Түстер»
Зияткерлігін дамыту: ойын «Айдостың шарлары»
Мақсаты: Түстер туралы білім беру. Көру зейінің дамыту және ұсақ моторикасын жақсарту.
Мотивациялық компаненті: Алдын - ала түстерді түсі және атауы бойынша сәйкестендіру.
Тәжірибелік компаненті: Шардың контуры суреттелген суретке түрлі - түсті магнитті жапсыру. Педагогтың нұсқауы бойынша түстерді табу.