Просмотр содержимого документа
«Оқыту - тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары»
Оқыту - тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің "Бала - балқытылған алтын", - деген қанатты сөзді еске түсіреді. Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан - жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту тәрбиешінің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов "Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер" - деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, балалардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында "Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу" деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі - интерактивті оқыту әдісі.
Әдетте мұндай қарым - қатынас балалар әлдебір мәселені талқылап соның шешімін табуға талпынған маңызды. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі - балалардың өз бетінше ой қорытып жауап табуға үйрету.
Интерактивті технология өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Білім берудегі интерактивті технология мұндағы интерактивті сөзі-«inter»-бірлесу, «aсt»-әрекет жасау ұғымын білдіреді. Оқу іс - әрекет барысында баланың топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес,бірін-бірі толықтыратын, оқу іс - әрекет барысында барлық балалардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту әдісі.
Интерактивті әдісімен оқытқанда, баланың:
- ақыл - ойы дамиды;
- еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- шығармашылық белсенділігі артады;
- ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеленеді;
- тіл байлығы жетілдіріледі;
- жан - жақты ізденушілігі артады;
Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісін өз тәжірибемде қолданып келемін. Мысалы, мен алған жобамның тақырыбы: "Балалардың мектепке даярлығын зерттеу". Мен осы жобамдағы тапсырмаларды интерактивті тақтаның арқасында орындай аламын.
1. Баланың бейнелі қиялын дамыту әдісі.
Суретті аяқтап екінші жартысын сал. Нұсқау: Балалардан суретті аяқтап салуын талап ету. Салынып болған соң, баладан ненің суретін салғанын сұрау, әңгімелеп беруін өтіну.
2. Баланың мектеп жасына жетілгенін анықтау.
Куглер тесті. Нұсқау: Қағазда 7 пішін бірте - бірте күрделене салынған. Балаға осы пішіндерді сол үлгіде көшіріп салу тапсырылады. 5 - 6 жасар баланың 5 пішін үлгісін сала алмауы, көп жағдайда баланың дамуында тежеліс барын көрсетеді.
3. Балалардың мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс.
"Үйшік". Нұсқау: Алдында қағазбен қарындаш жатыр. Тақтадағы үйшіктің суретін көшіріп сал. Асықпа, жақсылап қарап ал, суретің дәл осындай үлгіде болсын. Егер қателесіп кетсең, өшірудің қажеті жоқ, жанынан дұрыстап сал.
Баланың жұмысы барысында назар аударатын жағдайлар:
а) Бала қай қолымен сурет салып отыр (оң қолымен, сол қолымен)
ә) Үлгімен қалай жұмыс істеп отыр, үлгіге жиі қарай ма? Көргені бойынша салып отыр ма?
б) Сызықтарды тез немесе баяу жүргізе ме?
в) Жұмыс барысында бала алаңдай ма?
г) Жұмыс соңында салған суретін үлгімен салыстыра ма?
Жұмыс балдық жүйемен бағаланады.
а) Егер қандай да бір бөлшегі ұмытылып қалса 4 балл (шатыры, мұржасы, терезесі).
ә) Егер қандай да бір бөлшегін үлкейтіп салса 3 балл.
б) Егерде қандай да бір бөлшегі дұрыс салынбаса 2 балл
в) Егер қандай да бір бөлшегі кеңістікте дұрыс орналаспаса 1 балл.
Міне, осындай әдістерді пайдалана отырып, балалардың білімін жетілдіруде өз үлесімді қосамын. Топпен жұмыс жасау барысында белсенділік көрсете отырып, топтау, Венн диаграммасына түсіру, сәйкестендіру әдістерін интерактивті тақтада орындап, уақытты үнемдеуге болатынын көруге болады. Оқу іс - әрекетін бекіту бөлімінде активпультті пайдаланып, уақытты үнемдеу, баланың шапшаңдық қабілетін, ойлау қабілетін, зейіннің тұрақтылығын, өз білімінің нәтижесін көруді дағдыландыруға болады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш технология нәтижелі жетістік, балалар бірінші болып интерактивті тақтаның педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді қолдану тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде.
Шынында да, интерактивтік тақта оқу іс - әрекетті түрлендіруге көмегін тигізіп, яғни, оқытудың барлық кезеңінде, әсіресе балабақшада оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Г. Кертаев. Оқытудың кейбір әдістері. - Алматы, 1991. - 86 б.
2. Б.Р. Айтмамбетова. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы, 1991. - 16 б.
3. Н.К. Абраменко. Подготовка ребенка к школе. Минск, 1972.-26 б.
4. Джеральдина Чейпи. Готовность к школе. М.,1992.-19 б.
5.Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.-37 б.