Просмотр содержимого документа
«"Орманға саяхат" Ұйымдастырылған оқу қызметі»
«Орманға саяхат»
Мақсаты:Балаларға жануарлар туралы түсіндіру.Орман жануарлары туралы білімдерін кеңейту.Заттарды топтастырып ажыратуды,сөздік қорларын молайту және есте сақтау қабілеттерін дамыту.Түзеу жолмен жүруді үйрету, гимнастика лық тақтайшадан жүруді дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: Ойыншық аю,қоян,орманда өсетін ағаштар,шыр шалар,гүлдер,саңырауқұлаққтар,ұзын тақтай,гимнастикалық тақтай,қоржан, үнтаспа,хат,себетке салынған жаңғақтар.
Тәрбиеші:Балалар бізге бүгін қонақтар келіп отыр.Кәне қонақтармен амандасайық.
Балалар:Сәлеметсіздерме қонақтар.
Қуаныш шеңбері:
Арайланып таң атты.
Алтын сауле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң апайлар!
Тәрбиеші:Балалар кәне күннен жылу алайық,қонақтармен жылыуымызды бөлісейік(балалар қолдарын көтеріп,аяқтарының ұшымен тұрып,күннен жылу алады,алақандарын жәйып үрлейді)
-Балалар орманға жету үшін ұзақ жол жүреміз,сондықтан балалар біздер мықты,шыдамды,ақылды болуымыз керек.
(Жәй әуенмен орманға келеді)
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы орманда көп ағаштар бар,орманда түрлі жануарлар бар,сондықтан сіздер ақырын,абай болып жүріңдер,менің қасымнан алысқа кетпеңдер әйтпесе адасып қаласындар.
-Балалар мына жолмен жүрейік,қараңдаршы біздер бір үйшікке келдік.Бұл үйшікте кім тұрады екен?
Балалар: Бұл үйшікте аю тұрады.
Тәрбиеші:Кәне амандасайық.Сәлеметсіңбе аю жан.Балалар қараңдаршы қандай ол әдемі,сондай сүйкімді,жұмсақ.(балалар қолдарымен ұстап көреді) Балалар аю себетке көп жаңғақтар жинап қойыпты(байқаусыз жаңғақтар шашылады) Ой балалар жаңғақтар шашылып қалды,қане барлығымыз жинап орнына салып қояйық әйтпесе аю іренжеп қалады.(Балалар жаңғақтарды жинап сипаттайды қатты үлкен,кішкентай деп)
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы біздер тағыда бір үйшікке келдік.Қалай ойлайсындар,бұл үйшіктте кім тұрады екен?
Балалар:Қоян!
Тәрбиеші: Ия шынымен қоян тұрады екен,қараңдаршы қоянда әдемі оның көздері бар,мұрыны бар,құлағы бар.
-Алсізде көз,мұрын,құлақ барма?(балалар өз мүшелерін көрсетеді)
-Балалар қоянның құлағы қанндай?
Балалар:Ұзын.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасындар балалар,қоянның құлағы ұзын.Ендеше кәне барлығымыз «Ұзын құлақ сұр қоян» сергіту сәтін айтып сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбырды.
Ойлы,қырлы жерлермен,
Ытқып,ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,қйығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап көжегі екен өзінің.
Тәрбиеші:Балалар орманның ауасы сондай керемет кәне терең демалып тыныс алайық.Ал енді балалар топқа оралатын уақыт болып қалды,жол ұзақ сондықтан отырып демалып алайық.
-Балалар мына жерде бір нәрсе жатыр кәне көрейік.
-Бүл деген сандық қой! Деп қолымен түрткен кезде(сандықтан баланың күлкісі естіледі)Балалар қосылып күледі.Сандықша ашылады ішінен үнтаспа шығарылады.
-Үнтаспада не бар екен көрейік(үнтаспа қосылады)жануарлардың суреттері көрсетіледі(түлкі,аю,қасқыр,қоян,тиін,кірпі) Балалар танып жануарларды атайды.
-Балалар бұл жануарлардың барлығыда орманда мекендейді.
-Ой балалар мында хат та бар екен.Бұл хатты сіздерге жаңағы үнтаспада көрсетілген жануарлар жазып жіберіпті.(Хат оқылады) Біздер орман жануарлары,сүйкімді Айгөлек тобының балаларының келгендеріне өте қуаныштымыз,сіздерге топтарыңа тез жетулеріңізге біздер өзеннен өтетін көпір жасап қойдық және көпідің арғы бетінде сіздерге сыйлық дайындап қойдық) Балалар көпірден өтіп,сыйлықтарын алып тақпақ айтады(сыйлықтар себетке салынған алмалар)