Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның ынтымақтастығы
Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050» Стратегиясында белгілеген мына ұстанымдар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру қызметінің сапасын арттыру мәселесін шешу жолын айқындайды: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның ынтымақтастығы»
Балабақшада театр арқылы бала тіліндамыту
№134 «Гауһар» балабақшасы,
Магрупова Кырмызы Жумагелдыовна
Театр (грекше theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеуметтік міндеттерін орындай алады. Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұның өзі сахна мен көрермендердің рухани ой-сезім күйлерінің бір-бірімен өзара ұштасуын, оған қоса спектакльді жасаушылар мен көпшілік қауымның арасындағы жалпы мақсаттың ортақ болып, бір арнадан шығуын талап етеді.
Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрлері –тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір, мысқыл, тілінің көркемдігі шағын көлемдегі фольклорлық шығарманың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. әдебиеттің ең озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірлегендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді. Бүгінгі таңда театр тақырыбы өзекті тақырыптардың бірі. Себебі қазір адамдар театрға барғаннан гөрі ,үйде отырып, уақыттарын теледидар мен интернетке арнайды. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде,саусақ театрының алатын орны ерекше.Ежелгі мәдениетті сақтап қалудың бір жолы,балабақшадағы саусақ театры. Мысалы: Балабақшаға театр келеді немесе балалар қазір театрға барамыз дегенді естісе, балалар қуыршақ театрын көргенше тағатсыздана күтеді. Қуыршақтардың қолынан келмейтін нәрсе жоқ.. Олар таңғажайыптардың бәрін жасайды,балалардың көңілдерін көтереді, оқытады, тәрбиелейді. Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен роль атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп, біресе жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатын болсақ ; -Тілін дамытады. Себебі балалардың қолдарының, саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамыуына жауапты бөлігіне әсер етеді. Саусақ қуыршақтары, театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі. Онымен бір жастағы баланы да ойнатуға болады, саусақ қуыршағымен ойнатудың өзі баланы сөйлеуге итермелемейме?! -Есте сақтау қабілетін дамытады. Бала өз бетімен кейіпкердің ролінде ойнауға тырысады. -Эмоционалдық дамуына әсер етеді. Саусақ қуыршағы бөбекті мәдениетке сүйсінуге үйретеді. Кейіпкерлерге еліктеп, өзін-өзі дұрыс ұстай білуге, өз ойын ашық айтуға үйренеді. -Кішкентай балалар (2-4 жастағы) үшін ертегі кейіпкерлері,өмірдегі достарындай болып кетеді. Тәрбиешіге ыңғайлысы көп актердің керегі жоқ ,екі қолдағы он саусақ он актердің жұмысын орындайды.Саусақ қуыршақтары туралы сөз болса еріксіз сезімге бой алдырасың, өмірге жаңа келген сәбидің де алақанын ең алғаш қысатыны,ананың саусағы емеспе?! Бұл тек шартты рефлекс емес, баланың анасына деген сенімі болса керек. Қуыршақ театры – бір жастан асқан бөбектердің дамуына қажетті ойыншық . Басқа театрдан ерекшелігі, мұнда шүперекпен жасалған қуыршақты саусағына кигізіп,сөйлету арқылы, баланы спектаклге тартуға болады. Қуыршақ театры бөбекті тыңдай білуіне, қимыл қозғалысын жетілдіруіне,ашылуына септігін тигізеді. Тұйық баланың өзіде мұндайда белсенділік танытуы әбден мүмкін, ал өзі белсенді балаларға өздерін тағы бір көрсетуге мүмкіндік туады. Театрландырылған ойындардың мазмұнына ерекше мән бердік. Бұл – негізінен адамгершілік, достық, кішіпейілдік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық қасиеттерді уағыздаудан тұрады. Әдетте балалардың өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым ролдер, ал мінездері салмақты байыпты балаларға жағымсыз ролдер тапсырылды. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындырақ ұғынып, жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйренуге, өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы кейіпкерлерге еліктеуге үйреттік.
Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Осыны ескере отырып, бізде әрбір топта театрбұрыштары жасалды. Бибабо, саусақтар, үстелдік және саусақты- қолғап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.
Екінші кішкентайлар тобының балалары сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана бейнелеуге, өлеңдердің мағынасын қимылмен көрсетуге үйретіледі. Алғашында балалар жануарларға еліктеп, олардың сыртқы кейпін салып келтірді, бірақ жануарлардың мінез-құлқын ашуға қиынсынды. Мысалы: «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» деп аталатын ойындарда балаларға кішкентай көңілді құстардың қанаттарын қалай қағатынын, олардың балпаңдап жүретінін көрсеттік. Сабақтар мен күнделікті өмірде балалар тұрмысынан көріністер ойналды. Мысалы: қуыршақ пен қонжық балалардың орнына бала болды. Балаларға өз еріктерімен қуыршақ алып, осы ойыншық туралы кішкентай сюжет ойлап құрастыру және соны ойлап беру жаттығулары жүргізілді.
Театр, мерекелік және қуанышты ойындар балаларға еш теңдесі жоқ қуаныш әкеледі. Мектепке дейінгі балалар өте әсерленгіш, олар әсіресе эмоциялық ықпалға берілгіш. Сәбилер оброзды нақты ойларына көркем шығарманың сахнаға бейімделуі сол шығарманың мазмұнын дұрыс және анығырақ түсінуге көмектеседі. Алайда оларға спектакльде нағыз театрдан көру ғана емес, өздері қатысқан ойындары: декорациялар, қуыршақтар әзірлеу, сценарийлер жасап, оны талқылау да қызғылықты.ойыншықтар теартрының өзі кішкене көрермендерге түгел бір комплексті құрал ретінде әсер етеді: бұның өзі көркем оброздар, ашық безендірулер, дәл сөздер және музыка.
Нағыз театрдің өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахыналық ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді,балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата аналарына, жолдастарына әңгілеп беруге итермелеу. Бұның бәрі, сөз жоқ , сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде айтып жеткізуге себебін тигізеді.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп таралған түрі- ойыншықтар театрі(кукальный театр). Қысқа тақпақтарда жаттап, оны өзіне тән эстрадада-орындық үстінде орындау кезінен бастап ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнала бастағаны белгілі. Ондағы қатысушылар адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.егер ойыншықтар театрі ешқандай қосымша нәрселер жасауды керек етпесе, онда балалар тек көрермендер рөлінде ғана қатысса, б е с с а у с а қ т е а т р і немесе п е т р у ш к а л а р театрікәдімгі театрлық ойындар жағдайын талап етеді. Мұндай театрға балалардың ықыласы өте зор. Оның жалпы кішкентайлығы, петрушка-қуыршақтар қатысатын титімдей сахнасы, балдырғандардың бүкіл ойын алаңын көріп отыруына мүмкіндік береді. Бес саусақ театрында қуыршақтар дайындау процесі сәбилерді қатты еліктіреді, сондықтанда олар «премьераға» дейін-ақ жасампаздық әрекетпен шұғылдануда болады.
Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен жоғарыда айтылып кеткен арнаулы жаттығулар жүргізілді. Одан басқа «Сәлеметсіз бе?» және т.б. дағдылы сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып үйренуге жаттықтырамыз.
Естиярлар мен ересектер тобының балалары сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артты. Қандай да сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргіздік. 1. Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез- құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылды. 2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады. Мысалы: орыс ертегілерінде түлкі басына орамал тартады, қазақ ертегілерінде түлкіге жейде кигізіледі. 3. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырамыз. 4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалаймыз. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кіріктіріп отырдық. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастадық.
Қорыта келгенде , театр балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай олардың өзара қарым – қатынасын, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенімі артып, алғашқы өзіне арналған қол шапалақтауларды сезіне алады. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой - өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Қалай десек те театр – балалар үшін мереке, демалыс орны. Баламен бірге театрға барып, балалардың ертеңгіліктерде ойнаған рөлдерін көру ата – аналар үшін зор бақыт деп білеміз. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер тәрбиешілердің қолында.
Қолданылған әдебиеттер
Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
“Балалар Энциклопедиясы”, V-том
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006.