kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өзгеруге қорықпа!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Өзгеруге қорықпа!" мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған психологиялық тренинг

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өзгеруге қорықпа!"»

Өзгеруге қорықпа!.

(педагогтарға арналған психологиялық тренинг).


Жұмыс түрі: Балабақшалардың педагог-тәрбиешілеріне арналған психологиялық тренинг.
Мақсаты: Педагогтардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, стрестен арылту, педагог-тәрбиешілер арасында сыйластық қарым-қатынас орнату.
Міндеті: Жаңашыл педагогтың бейнесін ашатын үлгі құру, жұппен, топпен тұжырым жасап, қорытындыға келу. Қатысушылардың өз әсерлерімен бөлісуіне жағдай жасау.
Қажетті құрал-жабдықтар: баяу әуенді диск, қағаз бен қалам, үлестірмелі тапсырмалар және компьютер слайд тақтасы.
Тренинг құрылымы:
1. Психологтың кіріспе сөзі.
2. «Қадір-қасиет» жаттығуы.
3. «Айырмашылық пен ұқсастық» жаттығуы.
4. «Өзгеруге қорықпа!» слайд көрсетілімі.
5. «Оның есесіне мен …» жаттығуы.
6. Рефлексия (талдау).
7. Қорытындылау.

1. Психологтың кіріспе сөзі: Құрметті педагог-тәрбиешілер, әріптестер! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр, ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат – айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның даму көзқарасын анықтау. Педагог-тәрбиеші қызметін жүрек қалауымен таңдап еңбек етіп жүрген мамандарға, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, стрестен арылуға арналған «Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді» психологиялық тренингке сіздерді ұйымшылдықпен қатысуға шақырамыз. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
2. «Қадір-қасиет» жаттығуы.
Нұсқау: Жаттығу танысу үшін жасалынады. Педагогтар кезекпен аты-жөндерін және есімдеріне қоса өзінің бойындағы қасиетін айтады. Мысалы: Сабырлы – Дария, төзімді – Бибіфатима т.с.с.
Психолог: Өте жақсы, рахмет, енді әрі қарай тренингімізді жалғастырайық.
3. «Айырмашылық пен ұқсастық» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушыларға екі — екіден үлестірмелер беріледі. Сонан соң бұл жұптар жан-жаққа тарасады. Оларға 3 — 5 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде жұптар бір-біріне өзі туралы, соның ішінде ең маңызды дегендерін айтады. Жұптардың міндеті бір-бірін тыңдап болғасын біреуі екеуіне ортақ 3 ұқсастықты, ал екіншісі 3 айырмашылықты атайды.
4. «Өзгеруге қорықпа!» слайд көрсетілімі.
Нұсқау: Өзіңізге кішкентай өзгеріс жасаңыз, сіз өзгерсеңіз, сіздің өміріңіз, сізді қоршаған орта өзгереді. Әр адам өзіне жақсы өзгеріс енгізу, өз қолында екенін естен шығармаңыз. Әрдайым өз өміріңізді жақсы жағынан өзгертуге тырысыңыз.
5. «Оның есесіне мен…» жаттығуы.
Нұсқау: Барлық педагогтарға аяқталмаған сөйлемдері бар үлестірмелер таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
— Мен шаршадым, оның есесіне … .
— Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне …
— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне …
— Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне ….
— Мен Алматыда болған жоқпын, оның есесіне …
— Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне …
— Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне …
— Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне …
— Мен тым толықпын, оның есесіне …
— Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне …
— Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне …
— Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне …
6. Рефлексия (талдау).
Нұсқау: Түрлі-түсті қағаздан адам мүсінін қолмен қиып жасау. Адам мүсінін қиып болған соң, қағазға бүгінгі тренингтен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, тілектерін жазу, содан соң тақтаға магнитпен жабыстыру.
Психолог: Бәріміз осылай тату болайық! Бір-бірімізді әрқашан сыйлап, құрметтеп жүрейік!
7. Қорытындылау.
Психолог сөзі: Құрметті педагог-тәрбиешілер, әріптестер! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шуағын шаша берсін дегім келеді.
Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болып, болашақ ұрпақтарымыз аман болсын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Өзгеруге қорықпа!"

Автор: Тасбулатова Айжамал Орыновна

Дата: 06.02.2018

Номер свидетельства: 455188

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Рухани жаңғыру – кәсіби жаңғыру"
    ["seo_title"] => string(36) "rukhani_zhan_g_yru_k_sibi_zhan_g_yru"
    ["file_id"] => string(6) "441800"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1512230866"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Мектап жа?дайында?ы мектепалды даярлы?ты? сапасын ба?алау шы?армашылы?ын дамыту "
    ["seo_title"] => string(92) "miektap-zhag-daiyndag-y-miektiepaldy-daiarlyk-tyn-sapasyn-bag-alau-shyg-armashylyg-yn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "194131"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427729725"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Психологиялық тренинг сабақ"
    ["seo_title"] => string(32) "psikhologhiialyk_trieningh_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "406750"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491365157"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "«Жақсы көңіл-күй жан азығы» (мамандарға арналған тренинг)"
    ["seo_title"] => string(55) "zhaksy_konil_kui_zhan_azygy_mamandarga_arnalgan_trening"
    ["file_id"] => string(6) "505867"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1554288176"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства