Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухни бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзін сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиелеушілер шешуші роль атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, иновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттерінің бірі – ізгілік бастамасымен тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Патриот ұрпақты тәрбиелеудегі қоғамның рөлі»
Патриот ұрпақты тәрбиелеудегі қоғамның рөлі
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухни бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзін сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиелеушілер шешуші роль атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, иновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттерінің бірі – ізгілік бастамасымен тәрбиелеу.
Патриоттық тәрбие дегеніміз – адамдардың өз елін, өз халқына, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі. Баланың алғашқы патриоттық рухта тәрбиеленуі, оның ата-анасына, жақын туыстарына, аға – апаларына, бауырларына деген сүйіспеншілік сезімнен басталады. Баланы отбасында өзі еңбек етуді сүйтіндей етіп және еңбекте даңқы шыққан халық қадір тұтып, сыйлайтын адамдарды құрметтеуге, сыйлауға, қарттарды қадірлеуге үйрету керек. Балада мұндай сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуы оның патриоттық сезімін оятудың бастамасы болып есептеледі. Сол секілді баланы өз елінің бай табиғатын, туған өлкесін, өмір сүрген жерін сүюге үйрету де патриоттық сезімін оятады.
Патриотизм – отандас, Отан, туған жер. Отанға сүйіспеншілік, бар күші жігері мен білімін отан игілігі үшін жұмсау. Ана тіліне, өз елінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік адамдарда ерте заманнан бастап –ақ қалыптаса бастаған.
Қазақстандық патриотизм ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол көздің қарашығындай сақтап келген жерін қорғау, елінің салт - дәстүрімен әдет – ғұрпын сыйлау, ана тіліне сый құрмет көрсету, туған жерінің өркендеуіне үлес қосу. Қазақстанда мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардын тұрады. Бүгінде жалпы білім беретін оқу тәрбие үрдісінде жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырудың жүйесін жасау мәселесі қарастырылуда. Балабақшаның жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтарында қазақстандық патриотизмнің негізгі мұраттарына мән беріледі. Пән маөмұнында мектеп жасына дейінгі балалардың бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге көңіл аудырылуда:
Ана тіліне сүйіспеншілік, яғни туған тілін білу, сөйлеу.
Туған жерге сүйіспеншілік яғни туған өлке табиғатын сүю, туған жердің орман көлі, тау – тасы, аң – құстарына қамқорлық көрсету, оны аялау мен қорғау, күтіп – баптау.
Туған елге сүйіспеншілік, яғни өз ұлтын сүю, Отанын сүю, ұлтының әдет – ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуі.
Өз отбасына сүйіспеншілік яғни ата-анасын, туыс – бауырларын құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу, кісілік қасиет қалыптастыру.
Қазақстанды мекен ететін халықтарға деген сезімін қалыптастыруда ұлт өкілдеріне түсінікпен қарау, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт – дәстүрін сыйлау.
М.Жұмабаев патриоттық тәрбиені оқумен байланыстыра келе: «Патриотизм мен ұлылықты қалыптастыру құрғақ сөзбен жасылынбайды. Оған жүйелі бағдарлама кемінде оқу – тәрбие жұмыстары қажет» - деп атап көрсетті. Отан үшін от кешкен жауынгер батыр ағамыз Б.Момышұлы да патриотизмді қолдап өз ойын шебер суреттеген: «Отан – біріккен елдердің біртұтас бірегей мерейлі мекені өз отанын сүймеген адамды халық отансыз деп жек көреді. Опасызда отан жоқ, Отанда оның орны жоқ. Нағыз патриот – Отанын қорғайды, Отанға қызмет етпеген, Отанын сатқан адамға өлім жазасы беріледі» - дейді.
Қазіргі кезеңдегі бала тәрбиесіндегі патриоттық тәрбиенің негізгі міндеттері – мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбиеге қойылатын талап, тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, баланың ұлттық сана сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарасын қалаптастыру болып отыр. Ұлттық патриоотық сезімді өзінің бүкіл елімен және халқымен тұтастай сезіну, адамды қолдап отыратын өзінің күшімен мүмкіндіктерімен сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып табылады.
Патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттары мыналар болуы тиіс:
Балаларда патриоттық сана қалыптастыру.
Балалардың патриоттық сезімдеріне түрткі беріп отыру.
Өсіп келе жатқан жас буындардың патриоттық іс өрекетін ұйымдастыру және оны өмір салтына ендіру арқылы әдет дағдыға айналдыру.
Әр баланың өз іс-әрекетін санамен талдауы (қадағалау, бақылау, байқау) арқылы өзін-өзі тәрбиелеуі.
Балабақша балаларының бойында осы құндылықтарды қалыптастыру барысында тұлғаның қалыптасу қуаты арта түседі. Ізгілікті, елсүйгіштік тұлға ғана жалпы адамзаттық құндылықтарды өз елінің қажетіне жаратарлық азамат болып тәрбиеленеді.
Балаларға патриоттық тәрбие беруде мақал – мәтелдер, жұмбақ – жаңылтпаштардың орны ерекше. Ертегілер, аңыз – өңгімелерді қолдану арқылы мектепке дейінгі балалардың ерлік, батырлық сезіміне құштарлығын арттыруға болады. Балалардың адамгершілік, үлкендер еңбегін қадірлеу, туған қаласын, өз отбасын, өз Отанын құрметтеуге деген сезімдерін оята отырып, балабақшада «Еліміздің рәміздері», «Тәуелсіздік тұғыры», «Елімізді қорғаған ерлер», «Ынтымақтастық күні», «Наурыз –думан» мерекелік іс – шаралары өткізіледі.
Патриоттық сезімге баулу
Білімділік: балаларды Отанды сүюге, елімізді қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекі құралдар: тақырыптық презентация, ақ қағаздар.
Ұйымдастыру:
Шаттық шеңбері:
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған телдің ұл - қызымыз.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүліміз.
Қайырлы күн қонақтар!
Балалар бүгінгі оқу іс—әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Бүгін біз «ОТАН» туралы әңгіме қозғамақпыз. Отан әнұраннан басталады. Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетімізді Әнұранмен бастайық.
Әнұран шырқалып болған соң балалар орнына отырады.
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып: Балалар, мен аулаға шығып демалып отыр едім. Менің жаныма өзара дауласып келе жатқан үш бала келіп отырды. Бір уақытта балалар мені де әңгімелеріне тарта бастады.
Апай айтыңызшы, сіз білесіз бе біздің Қызылорда әдемі қала ғой, - ия деді?
Жанында тұрған екінші бала:
Жоқ, біздің Шымкент ең әдемі қала, - деді.
Ал үшінші бала:
Біздің Алматы ең көрікті, ең сұлу, әрі үлкен, көп ұлт өкілдері тұрады, деді мақтана.
Менен ақыл сұраған балаларға:
Әрине балалар дұрыс айтасыңдар, әркім өз туған жерін мақтап жатыр. Кімге де болса өзінің туған жері, елі қымбат емес пе? Бірақ балалар сендер оған таласпаңдар! Біздің Отанымыз біреу, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Бәріміз бір Отанда тұрамыз. Біздің Отанымыздың барлық жнрі әдемі, көрікті дедім.
Ал балалар, сендер қалай ойлайсыңдар?
Балалар да өз Отанын мақтан етті.
Ал, сендер «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
(Балалардың жауаптары)
Олай болса бүгінгі біздің дәйек сөзіміз:
Батыр ағамыз Б.Момышұлының «Отаншыл болу – отбасынан басталады» деген аталы сөзі. Қане қайталайықшы:
Сендер осы сөзді қалай түсінесіңдер?
Сендер кісіңдер?
Қазақпыз?
Қайда туылдың?
Екібастұз қаласында.
Отаныңды білесің бе?
Білемін, менің Отаным Қазақстан!
Сендер қандай елдің азаматысыңдар?
Қазақ елінің.
Отаныңды жақсы көресің бе?
Отанымды жан-тәніммен жақсы көремін!
Ер жеткенде Отаныңа қызмет етесің бе?
Ия, бар күш-жігерімді Отаныма арнаймын!
Жарайсыңдар, балалар! Отаншыл болу, отанын сүю, отанын ардақтау, от басынан басталады. Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы!
Балалар енді біз көгілдір әкран арқылы отанымыздың байлығын тамашалайық.
Кең байтақ жері бар, үлкен биік таулар бар, терең теңіздері бар. Егістік даласында сыңғырлаған бидай үні бар, бақтарында иісі мұрын жарар алмалары бар, сылдырлаған бұлақ үні ән салып тұрады. Пайдалы қазбаларға өте бай Тәуелсіз Қазақстанды мақтан етуіміз қажет.
Сергіту сәті:
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер
Жарысып тұр әніміз,
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз!
Балалар біздің Отанымызда көп ұлтты мемлекеттер тату – тәтті өмір сүріп жатыр. Сол бейбітшіліктің символы көгершин. Елімізді тыныштық бейбіт өмір болсын деп сендер жасап жүрген көгершінді, бүгінгі іс-әрекетіміздің символы ретінде жасайық.
Жарайсыңдар дұрыс! Енді осы отан туралы кім маған тақпақ айтып береді?
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте досым қазақтың жерін.
Қамбаға жылда миллиард құйған,
Қазақстан Республикам менің!
Қазақстан жеңісті дана күндер,
Қазақстан толқынды лала гүлдер,
Қазақстан әлемді елеңдетіп,
Байқоңырдан зулаған корабльдер.
Балалар, денелеріңді бос ұстап, ыңғайланып отырып алыңдар, содан кейін көздеріңді жұмыңдар. (Музыка).
Біздің Қазақстан әсем, орман тоғайы қандай тамаша! Құстары сайрап, көбелектері гүлге тоймай, әрбір гүлге бір қонып жүр, қарасаң көзің тоймайды. Аңқыған таза ауа, терең дем алып , ауа жұтамыз.
Көздеріңді ашыңдар. Балалар көздеріне не елестеді? Балалар ойларын айтады.
Балалар, мен сендердің отан туралы мақал-мәтел білетіндеріңді жақсы білемін. Елімізді әрқашан бейбітшілік орнасын деген ниетпен жаңа жасаған көгершіндеріңді келген қонақтарға жылы лебіздеріңді мақал – мәтелге қосып, сыйға тартуларыңа болады. Қанеки, кім шығады?
Кісі еліне сұлтан болғанша...
Өз еліңде ұлтан бол – демекші өз еліміздің белді азаматы болыңыз!
Отан үшін отқа түс күймейсің- дегендей батыр болыңыз!
Туған жердің торғайы да сүйкімді – дегендей сіз де сүйкімді болыңыз!
Туған жерге ту тік – демекші туыңыз биік болсын!
Халық ұмтылса, аспанға да жетеді – демекші арманыңыз асқақтай берсін!
Ер туған жеріне – демекші ержүрек болыңыз!
Ел бақыты – ер қолында – демекші ер жүрек болыңыз!
Отанын сүйген – отқа жанбады, суға батпайды – демекші беделді болыңыз!
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық – демекші әрбір күніңіз жарқырай берсін!
Отан – оттан да ыстық- демекші күніңіз шуақты, ашық болсын!
Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей ел болмас – дегендей туған жермен мақтаныңыз!
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл – демекші жаұяңыз аман болсын!
Отанның ауасы да дәрі – демекші деніңіз сау болсын!
Қорытынды:
Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз не жайында болды? Отанды сүйсіңдер ме? Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабаққа сендер жақсы ат салысып отырдыңдар, жақсы жауап бердіңдер. Мен де өз Отанымды жақсы көремін. Мен де құр келген жоқпын.Отанымызда тыныштық пен бейбітшілік болсын деген ниетпен, сендермен бірге көгершініміз аспанда қалықтай берсін деп мына көгершінді ала келдім. Енді көгершінді далаға шығып бәріміз бірге ұшырайық, қонақтармен қоштасайық.