kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогтармен тренингтер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналармен педагогтар тарбиешілерге арналған педагогикалық мәдениет туралы тренинг туралы тапсырмалар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагогтармен тренингтер»











2018-2019 оқу жылы




Жоспар






































(пед ұжыммен)

















2018-2019 оқу жылы







Бойымызға сенімділікті қалай қайтарамыз? Сенімділік деген не нәрсе? Осы сұрақтардың жауабын көбіміз іздейміз.

Кезекті материалымыз осы тақырып аясында болмақ. Бойымыздағы сенімділік – табыстың кілті. Табысты адамдар жайынды сөз қозғаған кезде көз алдымызға өзіне барынша сенімді, бойын тік ұстайтын тұлға елестейді. Ол өзінің не қалайтынын жақсы біледі. Оның алдында биік қамалдардың өзі жасқанатындай көрінеді. Айналасындағы адамның барлығы оның мінезі мен жылдамдығына ерекше таң қалады. Өзіне қарсы пікірлерді елемейді. Ал бұл мінездің құпиясы неде? Мүмкін дәл солай туылған шығар? Олай болса, осы қасиетті еркін меңгерудің құпиясын бірге ашайық.

«Өзіне сенушілік» - адамның өз күшін жоғары бағалауы. Бірақ кез келген сенімнің ірге тасы ертеден қалануы тиіс. Ал сенімділік бізге не береді? Өзіне сенімді адам өмір атты ұзақ жолда жылдам қозғалады. Уақыт өте келе жылдамдығы үдей түседі. Ешқашан көңілі түсіп мұңаймайды. Қай бағытқа бара жатқанын жақсы біледі. Мұнымен қатар сенім мен өзімшілдікті шатастырмау керек. Өзімшіл адам бойындағы күшін артық бағалайды. Олай болса, бұл қасиетке қалай қол жеткізуге болады? Төменде тексеруден өткен 7 тәсілді ұсынамыз.

1. Бойында бұл қасиеті жоқ адамдардың басты кемшілігі – өзін дұрыс танымауы және бойындағы кемшіліктерін дұрыс білмеуі. Сондықтан бірінші өзімізден бастауды ұсынамыз. Қолыңызға қағаз бен қалам алып, 1000 кемшілігіміз бен 1000 жағымды қасиетіңізді тізіп шығыңыз. Кемшіліктердің қарма-қарсы тұсына өзгергіңіз келетінін қасиетті жазыңыз. Артынша осы тізімнің дұрыс орындалуын қадағалаңыз. Әрине, бірден 1000 жазу қиынға соғатын шығар. Әзірше 50-100 қасиетті жазудан бастауыңызға болады.

2. Бірінші баспалдаққа шыққан соң, «Табыс» журналын жасайық. Дәптер алып, ішіне күнделікті жетіп отыратын 5 жетістігіңізді жазыңыз. Ең бастысы күнде жазуды ұмытпаңыз. Қиналған сәтте осы табысыңызға арқа сүйеуге болады. Майда жетістіктердің арқасында жеңімпаздың рухы оянады.

3. Ақпаратты сараптау. Өміріңізден жағымсыз ақпаратты өшіріңіз. Оны орындау үшін не істеп жүргеніңізге, қандай кітап оқитыныңызға, кімдермен араласып жүргеніңізге назар аударыңыз. Үнемі артқа тартатын адамдарды сізді шыңға жетелейтіндерімен алмастырыңыз. Бұл жаныңызда жүрген жандарды біржолата ұмытыңыз деген сөз емес. Және табысты адамдардың өмірінен алынған мысалды оттегідей пайдаланыңыз.

4. Образыңызды ойлап табыңыз. Ақ қағаз алып, 1-2 жылдан кейін өзіңізді қандай тұлға ретінде елестетеніңізді жазыңыз. Және бойыңыздан көргіңіз келетін қасиеттерден бастаңыз. Олардың саны кем дегенде 20 болсын. Күнде ұйықтар алдында осы қағазды оқып, жаңа образыңызды көз алдыңызға елестетіңіз.

5.



Спортқа жақын болыңыз. Оның кез келген түрімен айналысуыңызға болады. Бастапқыда таңертең 15 минут жүгіруден бастаңыз. Небары 15 минутыңызды спортқа арнау арқылы үлкен жетістіктерге жете аласыз. Күш пен төзімді ақырындап ұлғайту керек.

6. Шығармашылықпен айналысыңыз. Би билеп, ән айтыңыз, қажет болса театр сахнасында өнер көрсетіңіз. Осылайша бойыңызға деген сенімділіктің артып келе жатқанын байқайсыз. Икемділік қашан да керек.

7. Үлкен асты қасықтап жеңіз. Адамдар үлкен іске бірден кіріседі де, қолдарынан келмеген соң, жылдам бас тартады. Сондықтан үлкен жұмысты бірнеше бөлікке бөліңіз. Олай болса, іске сәт дейміз! 





























МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайы
























2018-2019 оқу жылы









Тақырыбы: «Мен қандаймын»



Мақсаты: педагог-тәрбиешілерді өз–өзімен, өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым-қатынастарын нығайту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.

Қатысушылар: педагог-тәрбиешілер.

Қажетті құралдар: А4 форматтағы қағаздар, түрлі –түсті қарындаштар

Тренингтің ережесі:

•   Ойымызды ашық айтамыз;

•   Бір-бірімізді тыңдаймыз;

•   Бір-бірлеп сөйлейміз;

•   Белсенді қатысамыз;

•   Бір-бірімізге сый көрсетеміз

Тренинг жоспары:

1. Сәлемдесу «амандасып алайық» ойыны.
2. «Өзіңді білгің келсе» жобалық тест
3. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы
4. Кері байланыс

Бүгінгі таңда ΧΧΙ ғасыр талабына сай, жаңашыл, мейірімді, кәсіби шебер маман болуымыз қажет. Бүгінгі тренинг кәсіби шеберліктеріңіздің артуына,өздеріңізді тереңірек тануға, топпен жұмыс жасауды дамытуға ықпалын тигізеді деп сенемін.

1. Сәлемдесу «Амандасып алайық» ойыны.

Мен алақанымды соғамын, сіздер бір-біріңіздің қолдарыңызды қысасыздар. Мен қоңырау соғамын, мұрындарыңызбен амандасыздар.

2. «Өзіңді білгің келсе» жобалық тест.

Мақсаты: педагог-тәрбиешілер  жобалық тест арқылы өздерінің мінез- құлықтары мен жекелік қасиеттерін біле алады.

Нұсқау: А4 форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады.

Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.

Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, жол, жол, сақина.

Тау – дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.

Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құмар.

Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.

Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.

3. Релаксация: «ҚИЯЛДАҒЫ ӘЛЕМ»

Біз біраз жаттығулар орындап,сурет салып шаршадық. Ыңғайланып отырып, көздеріңізді жұмыңыздар. Үш терең дем алып, дәл солай терең дем шығарыңдар ... Сіздердің қолдарыңыз тыныштық қалпында тізелеріңізде жатыр. Сіздердің табандарыңыз еденді нық басып тұр. Сіздің бар дене күшіңіз босаңсып, қолдарыңыз бел аяқтарыңыз тыныштық қалпына түсіп, ауырлай бастады. Шаршағандығыңыз баяу басылып келеді. Сіздің денеңіз демалуда...Көз алдарыңызға, әрқайсысыңыз үлкен жасыл ағаштың астында, самал желмен, көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестетіңіздер. Сіз керемет бір түс көріп жатырсыз. Әрқайсысыңыз өзіңізді 5 жылдан кейін көріп жатыр...Назар аударыңыз, сіздердің 5 жылдан кейін сырт келбетіңіз қандай...Қай жерде тұрасыз...Не істеп жатырсыз...Сол өміріңізге өте риза, көңіліңіз толатындай деп елестетіңіз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кім бар? Көріп жатқан түсіңіздің кейбір жеке сәттеріне ерекше көңіл бөліп, есте сақтауға тырысыңыз. Соның арасында бір дауысты естіп қаласыз. Ол дауыс «сен кереметсің... біз сені өте қатты жақсы көреміз...» дейді. Бұл сөздер сізге керемет түсіңізді әрі қарай көруге көмектеседі.(1 минут пауза) Енді сіз біздің, біздің қазіргі әлемімізге оралу керек екенін сезесіз...Мен үшке дейін санағанда сіз көзіңізді ашып, өзіңізді күш қуатты, өз- өзіңізге сеніммен қарайсыз. Өзіңіз туралы көрген түсіңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бір – екі – үш...Ал енді біраз ойланып не көргендеріңізді айтып беріңіздер.

а) қай жерде тұрасыздар? Қайда жұмыс істейсіздер?

б) қасыңызда кімдер бар?

в) осының барлығына қалай қол жеткіздіңіздер?

г) көрген түсіңізге ризасыз ба?

д) ең қатты не ұнады?

е)  болашақтағы өміріңізден нені өзгертсем дейсіз?

ж)  ол үшін не істеу керек?

4. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

Нұсқау: педагог-тәрбиешілергеқағаз таратылады. Педагог-тәрбиешілер қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау, осыдан





кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында өзі жазған сөздерді рет–ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.

Қорытынды:

1. Мені жұрт .... деп ойлайды.

2. Мені ...... деп ойласа екен деп ойлаймын.

3. Дәл өзім .....

4. Мен жұмыста.....

5. Жолдасыңыздың алдында.....

6. Негізі........

6. Кері байланыс. Қорытынды.

Тренингтен кім қандай әсер алғандарымен бөліседі.









Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе –

оның басқа адамдармен қарым-қатынасы.

А. Линкольн


Тренинг тақырыбы: «Біз біргеміз!»

Мақсаты: педагогтардың ұжымда қарым-қатынас іскерлігін өзара байланыс негізінде дамыту,ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу, көңіл күйлерін көтеру.

Міндеттері:

- тәрбиешілер арасында бір-біріне жағымды жағдай орнату;

- адамдарды тыңдай білуге және өз ойын бөлісе білуге тәрбиелеу, өзіне деген сенімділігін дамыту.

1. Сәлемдесу

Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды көңіл-күй қалыптастыру, бір-біріне жақындастыру.

                                              Жүру барысы:

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады да, 1-2-ге саналады. Сол бағытта олар ішкі және сыртқы шеңберді құрайды.

Содан соң қарама-қарсы тұрғандар бір-бірімен психологтың нұсқауы бойынша сәлемдеседі:

  • Бір-біріңізбен жаңа танысқан адамша сәлемдесіңіз;

  • Бір-біріңізбен көптен кезбеспеген достар сияқты сәлемдесіңіз;

  • Бір-біріңізбен оқушы мен мұғалім сияқты сәлемдесіңіз;

  • Бір-біріңізбен көп ұнатпайтын адамдар сияқты сәлемдесіңіз;

  • Бір-біріңізбен үлкен бастықпен сәлемдескен сияқты амандасыңыз;

2.«Сағат бойынша достар» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің қасына әріптестерінің есімдерін жазып шығыңдар. 
Әр нөмірге жазылған қатысушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.
Күлімсіреңіз 
Қолын қысыңыз 
Арқасынан қағыңыз 
Комплимент айтыңыз 
Қол бұлғаңыз 
Көзіңізді қысыңыз 
Қол ұстасып 3 рет секіріңіз 
Бір тілек айтыңыз 
Послать воздушный поцелуй
Массаж жасаңыз 
Арқаларыңды сүйкеңдер.
Құшақтаңыз.

2.«Бәтеңкедегі тас» жаттығу
Мақсаты: Кедергілерді сезіне біле отырып, оларды болдырмау жолдарын үйрету.
Жүргізуші: 
-Ортаға кез-келген белсенді 3 қатысушыны шақырамын.Қазір сендер аяқ киімдеріңді шешіп, ішіне мына ұсақ тастарды салып, аяқ-киімдеріңді қайта киіңдер. Енді ары-бері жүріп көріңдер.Тағы да үздіксіз жүре береміз.
Талдау: Не сезіндіңдер?
Сендерге не кедергі болды?
Қатысушыларға жаттығу барысын түйіндеу: Көпшілігіміз басымызға түскен қиын сәттерде, қатты уайымдап, мазамыз кетеді, бойымызды жағымсыз эмоциялар, яғни өздерің жаңа ғана түйсінгендей кедергілер билеп алады.Бұл сезімді біз жеңу үшін ең алдымен бойымызға адамгершілік рухани құндылықтарды дарыта білуіміз керек. Өмір болғаннан кейін ол бізге бақыт пен байлық бере бермейді, алдағы уақытта өмірге шыңдалсын деп, не болмаса сабақ болсын деген ниетпен қиын сәттерді де береді екен. Сондықтан өз өмірлеріңдегі болған қуанышты сәттерді қанағат тұта біліңдер.


3. «Қошемет айтулармен алмасу» жаттығуы

Дөңгелене тұрып, педагогтар «Мен сен сияқты ... істей алғым келеді», «Маған сенің ... ұнайды» деген сөздермен допты жанында тұрған адамға береді

4.«Мидың жарты шарларын белсендіру» жаттығуы

  • Қатысушылар оң қолымен ауада шеңбер, сол қолымен – ауада крест сызады. Енді екі қимылды бір мезгілде орындау қажет.

  • Қатысушылар орындықтарда отырады және шамамен 30 секунд оң аяғымен ауада шеңбер сызады. Сурет салуды жалғастыра отырып, оң қолмен ауада өзінің атын жазуға тырысу керек. Сол аяғымен ауада шеңбердің суретін сала отырып, тағы да соны қайталауы тиіс.

5«Өз-өзіңе мақтау сөз» жаттығуы
Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділіктерін нығайту.
Нұсқау: Қатысушыларға өз есімдерін жазбай, алдарындағы бетке «Мен» деп басталатын өз-өздерін мақтайтын сөздер жазу ұсынылады. Жазып болған соң оны умаждап, қорапқа салу ұсынылады. Қорапқа жиналған қағаздарды араластырып, әркім бір қағаздан алып, онда не жазылғанын оқып беру.
Талдау: Жаттығу ұнады ма?









6.Жаттығу «Суретті аяқта және жалғастыр» 
Мақсаты: психофизиологиялық кедергілерді жою, топты біріктіру. 
Нұсқау: Бір-бір ақ бет алыңыз және ең жағымды түсті қарындаш алыңыз. Мен қол соққаннан кейін, тілегіңізге қарай сурет салуға кірісесіз. Тағы қол соқсам суретіңізді сол жақ көршіңізге бересіз, ол суретті толықтырып салады. Содан соң тағы қол соғамын, сурет әрі қарай шеңбер бойынша келесі қатысушыға беріледі, жаттығу сурет ең бірінші иесіне жеткенше жалғасады. 
Мүмкін өз суретін толықтырғысы келетіндер бар болса, өзгерткісі келсе мүмкіндік беріледі. 
Талдау: 
Туынды сізге ұнады ма? 
Сезіміңіз, көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз. 
Басқа адамның суретін, ойын жалғастыру қиын болды ма? 

7.«Әнді жалғастыр!»

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл – күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.

Уақыты: 10 минут

Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 ші жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3, 4 жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – ші топ өлеңнің 2 жолын айтады, ал 4 топ 3 – 4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңғы 2 жолын барлық топ орындайды».

  1. Әрқашан күн сөнбесін. (4 жол)

  2. Анашым. (4 жол)

  3. День рождения. (4 жол)

  4. Школьный вальс. (4 жол)

  5. Жан досым. (4 жол)


8.«Ертегіні сомда» драммалық қойылым

1.“Әже, әже сіздің аузыңыз неге үлкен”

2. “Ой қандай үлкен болып өскен”

3. “Жаның барында айт, үйіңде не бар?”

4. “Зәулім үйде кім бар? ”

5. “Мен сені жеймін”

6. “Қарақтарым, шырақтарым есікті ашыңдар”


9.«Болота» (батпақ) жаттығуы

Мақсаты: Ұжым мүшелерінің біріне берілген тапсырманы барлығы бірлесіп орындау арқылы ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа баулу және қойылған мақсатқа кедергісіз қиналмай жету.

Шарты: Барлық ұжыс мүшелерін тұрғызып аяқтарын қосып байлап берілген кедергілерден мүлтіксіз, дыбыс шығармай өту.

10.Әуенді терапия

Мақсаты: Тәрбиешінің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

Уақыты: 7-10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында көзін жұмуы тиіс.

Кіріспе:

- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, көзін ашады. Өз әсерлерімен бөліседі

11. «Әріптестер алға, қанаттарың талма»/Армандастар әнінің әуеніне салып айтады/

  1. Бәрімізде бір дәуірдің ұстазымыз.

Бірге өтуде талай – талай қыс – жазымыз.

Құрметтейік ең қадірлі ұстаз атын,

Әріптестер, әз жандар.

Қайырмасы:

Тренингте басты қостық бәрімізде,

Көп болсыншы айтар талай әнімізде.

Әріптестер алға, қанаттарың талма,

Биіктерге, биіктерге самғаңдар.

  1. Көбейсінші білім құмар шәкіртіміз,

Жақсылықпен ата – берсін әр күніміз.

Жалақымыз уақытында қолға тиіп,

Жете берсін бәріне.

Қайырмасы:

  1. Қаламдардың сиялары таусылмасын,

Азаймасын бастықтардың тапсырмасы.

Бітпейтұғын қағаздардың арасында,

Аман - есен жүрейік.

12.Рефлексия:

Бүгінгі тренинг туралы ойларын білдіреді. Ойларын кері байланыс парағына толтырады.

Тренингтің қандай деңгейде өткені сарапталады.

Қорытынды: Адамның өзіне деген қарым – қатынасы маңызды. Қарым-қатынас арқылы жеке адамды түсінеміз, дамуы мен жетілуін, мінез-құлқын, ерекшеліктерін біле аламыз. Үнемі жақсы қарым – қатынас орната білейік. Біз біргеміз, ажырамас іргеміз!
















































Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе –

оның басқа адамдармен қарым-қатынасы.

А. Линкольн

Мақсаты: педагогтардың ұжымда қарым-қатынас іскерлігін өзара байланыс негізінде дамыту, көңіл күйлерін көтеру.

Міндеттері:

- тәрбиешілер арасында бір-біріне жағымды жағдай орнату;

- адамдарды тыңдай білуге және өз ойын бөлісе білуге тәрбиелеу, өзіне деген сенімділігін дамыту.

Жоспары:

1. Танысу. «Менің саған айтқым келеді...»

2. «Менің ойымша, мен...», «Өзгелер мені...», «Мен келешекте...» осы сөздерді қолдана отырып өздеріне қысқаша мінездеме береді.

3. Тест «Өз – араңызда қандайсыз?»

4. «Мимикалық ситуация»

5. Сергіту сәті «Өтінемін»

6. Жаттығу «Мен ойлаймын...»

7. Коллаж «Менің таңбам»

8. Қорытынды «Бос микрофон» - тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.


Кіріспе

Қарым-қатынас дегеніміз, адамдар арасында біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын күрделі процесс. Адамдар бір-бірінен санасы мен ақылы арқылы ерекшеленеді. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, дамуы мен жетілуін, мінез-құлқын, ерекшеліктерін білу мүмкін емес. 30-шы жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген екен. Екі клиникада науқасы қауіпті, оңайлықпен жазыла қоймайтын балалар жатқан. Оның бірінде балалар туысқандарымен кездесе алады, ал екіншісінде ондай мүмкіндік жоқ. Екі жақты салыстырғанда – біріншісінде бала өлімі жоқ, ал екіншісінде – балалардың 1/3 шетінеген. Бұл жерде адамның бірі-бірімен қарым-қатынасының маңыздылығы көрініп тұр.


Танысу: «Менің саған айтқым келеді...» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып осы фразаны өз қалаулары бойынша жалғастырып, бір-біріне ойларын жеткізеді.

«



Бұл – мен!» өзіңді танығыңыз келе ме? Ортада үстелдің үстінде төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш пішіндері орналасқан 4 топ өздерінің таңдауларын жасайды.





Жағымды мінез

Жағымсыз мінез


- белсенді, қызба

- ізденгіш

- білімқұмар

- батыл

- тиянақсыз, тұрақсыз

- аңқау, көнгіш

- қысылып сасқалақтаған кезде абыржитын


- топбасшы

- батыл, намысшыл

- өзіне-өзі сенімді

- мақсатқа жететін

- жауапкершілікті

- өзіне қабылдайды

- өзімшіл

- шыдамсыз

- менмен

- атақ құмар

- үзілді – кесілді қарсы сөзді кешірмейтін


- мұқият, жинақы

- ұсақ – түйекке ұқыпты

- еңбексүйгіш

- табанды, өжет

- шыдамды, ұқыпты

- білімді, саналы

- қазымыр

- тым сақтанғыш

- қырсық, кер тартпа

- адам жатырқайтын

- салқын

- шешім қабылдай алмайтын


- жылы шырайлы

- жақсылық тілеуші

- жаны ашығыш

- кең пейілді

- сабырлы, сенгіш

- дау – жанжалды жақтырмайды

- қолы ашық, мырза

- қамқоршы, ақкөңіл

- біреуге көнгіш

- өзін-өзі кінәлауға шебер

- жалқау

- жасқаншақ

- тыртыншақ

- бейқам, мылжың

- әлсіз


Қатысушылар «Менің ойымша, мен...», «Өзгелер мені...», «Мен келешекте...» осы сөздер тізбегі бойынша өздеріне қысқаша мінездеме береді. Мысалы, менің ойымша мен... ақ көңілмін, өзгелер мені... қырсық деп ойлайды, мен келешекте... үлкен жетістіктерге жетемін т.б.

Тест: «Өз – араңызда қандайсыз?». Қатысушыларға жеке-жеке тест сұрақтары беріледі. Әрқайсысы өздеріне тән нұсқаларын білгелейді. Соңында қорытындысын шығарып айтады.

Ойын: «Мимикалық ситуация». Қатысушылар ортаға шығып ситуация тақырыптарын таңдайды. Олар: «махаббат», «қызғанушылық», «достық», «көреалмаушылық» т.б. Әр топ кезек-кезек өз тақырыбына байланысты мимика,




пантомимика арқылы ситуация құрайды. Қалған топтар қандай тақырыпта ситуация құрылғанын табады.

Сергіту сәті: «Бір-біріңе» және «Өтінемін» жаттығуы.

Нұсқау: Сіздер осы жерде еркін жүріп, менің айтқан тапсырмамды орындауларыңыз қажет. Мен «бір-біріңе» дегенде сіздер жұптарыңызды табуларыңыз керек. Жұптасқаннан кейін тапсырма беремін.

Сонымен бастадық: «бір-біріңе» енді бір-біріңіздің қолдарыңызды қысыңыздар, аяқтарыңызды – аяққа, басты – басқа, құлақты – құлаққа, беттеріңізді – беттерге тигізіңіздер. Залда қайта еркін жүрініздер, жаңа жұп табыңыздар. Ойын ары қарай жалғасады. «Өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. Ал, «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

- секіріңіздер

- оң аяқтарыңызды көтеріңіздер

- өтінемін, бір-біріңді құшақтаңыздар

- оң қолдарыңызбен сол құлақтарыңызды уқалаңыздар

- өтінемін, отырып, тұрыңдар

- өтінемін, шалқаямыз, еңкиеміз

- оң қолымызды көтереміз

- сол қолымызды көтереміз

- өтінемін, алақанмен шапалақ ұрамыз.

Жаттығу: «Мен ойлаймын». Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрқайсыларыңызға сұрақтар ұсынамын. Топтың әр қатысушысы сұрақтарды өз ойларымен аяқтайды.

Карточкадағы сөйлемдер:

Ең улкен қорқыныш – бұл...

Мен мынадай адамдарға сенбеймін...

Мен ренжимін, егер...

Мен ұмытпаймын, егер...

Маған көңілсіз, егер...

Егер маған дауыс көтерсе, мен...

Мен қарсыласқанда...

Егер мен сенімсіз болсам, онда... т.б.

Коллаж: «Менің таңбам». Сіздер ең алдымен нені істей аласыздар, соны бейнелеу керек. Екіншіден – өздеріңізді жақсы сезінетін орта (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.). Үшіншіден – ең үлкен жетістігім. Төртіншіден – сенімді үш адам. Осының бәрін кестеге сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңіздер. Бесіншісінде – өзің туралы естігің келетін үш сөз.

Қорытынды: «Бос микрофон» - қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.

Тақырыбы: «Мамандығым-мақтанышым»

Мақсаты: Педагог-тәрбиешілердің ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кәсіби құлшынысын арттыру, психикалық көңіл-күйлерін көтеріп, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, сыйластық қарым-қатынас орнату.

Қатысушылар: педагог-тәрбиешілер
Жұмыс түрі: топтық

Жоспары:
«Танысу» жаттығуы
Сұхбат
Ой жинақтау
Ән айту
Рефлексия «Тілек шамы»
Қорытындылау.

Тренингтің тәртібі:
Ойынның шартын орындау, белсенді қатысу
Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды
Қатысушыларға құрметпен, түсінушілікпен қарау
Ренжімеу
Уақыт үнемдеу
Басынан, аяғына дейін жұмыс істеу.

Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялау..
Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуіне бағытталған қарқынды даму кезінде біздің жас ұстаздарымыз көзқарасы жанжақты, өз мүмкіндігін толық пайдалана білетін, өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуі үшін ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат – жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кәсіби құлшынысын арттыру, психикалық көңіл-күйлерін көтеріп, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, сыйластық қарым-қатынас орнату.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
Қатысушыларды 4 топқа бөлу (кәмпит арқылы).

«Танысу» жаттығуы
Жаттығу барысы:
Бүгінгі жұмысымызды танысудан бастайық. Әркім өз есімін және есімдерінің бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш қасиетін айту керек. Осылайша шеңбер бойымен жалғастырып әркайсысы өздерін таныстырып шығады.







Сұхбат.
Әрбір қатысушы 3-5 мин ішінде топтың әрбір мүшесі бір-біріне сұрақ қою



арқылы мағлұмат алу қажет. Сұрақтар адамның ішкі, жеке ерекшеліктеріне байланысты болуы керек – мінез-құлқы, қызығушылығы, әдеті және т.б.
Ой жинақтау. Қарым-қатынаста қыңырлық, ақаулықтары бар балаларға одан арылу үшін қалай көмектесуге болады?
Агрессивті бала
Өтірікші бала
Ұялшақ бала
Беймаза бала
Сотқар бала

Ұстаздар әнұраны
Арман, мақсат, тілегі бір жастар едік,
Еңбек жолын бәріміз бір бастап едік.
Жастық жалын жігерімен шабыттанған,
Жаңа келген жас маман.

Шебер ұстаз болу да бар ойымызда,
Жастық оты лапылдаған бойымызда.
Арманымыз бірге, орындалсын күнде,
Бәрімізде бірдей мақсат, бір мүдде.
Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз,
Келешекте ісін жалғап біз барамыз.
Жас бүлдіршін, балғын бала, шәкірттердің
Ой санасын ашамыз.
Қайырмасы:
Білім беру жолында еш аянбаймыз,
Шәкірт үшін мәуелі бақ саяңдаймыз.
Тілегі бір жастар, жақсылыққа бастар.
Ісі үлгі, жаны ізгі ұстаздар!

Рефлексия «Тілек шамы».
От жылу береді, ал адам жылы сөз айту арқылы бір-біріне жылу береді. Шырақ жағылып, шын жүректен қатысушылар бір- біріне жақсы тілек айтады.

Қорытынды: Бүгінгі психологиялық тренингте қатысқандарыңызға көп- көп рахмет. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әр дайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шегі жоқ.













МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайы















Тренинг















Өткізген: М.Б. Дуйсенбаева







2018-2019 оқу жылы





















Мен жақсы істей аламын

Өзімді жақсы сезінетін орта

Өзім туралы естігім келетін

3 сөз


Мен сенетін 3 адам



Менің ең үлкен жетістігім




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Педагогтармен тренингтер

Автор: Дуйсенбаева Майра Бакытжановна

Дата: 25.05.2021

Номер свидетельства: 581590

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Т?рбие ісіні? ме?герушілеріне ?дістемелік ??рал"
    ["seo_title"] => string(50) "trbiieisininmienghierushilieriniedistiemielikkural"
    ["file_id"] => string(6) "316850"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460187039"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Алтын бесік жанұя""
    ["seo_title"] => string(21) "altyn_biesik_zhanu_ia"
    ["file_id"] => string(6) "436272"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1509621797"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства