kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогтың эмоциялық мәдениеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагогтың эмоциялық мәдениеті»

Тренинг «Педагогтың эмоциялық мәдениеті»

Мақсаты: педагогтардың қабілетін, қызығушылығын, ынта-жігерін, қарым-қатынастарын жақсарту

Барысы Кіріспе бөлім Амандасу: ойын «Атомдар» Қатысушылар музыка ырғағымен бар кеңістікте қозғалып жүреді. Музыка тоқтағанда жүргізуші атомдар екі-екіден деп айтса екі адамнан біргіп тұра қалады. Ал атомдар үш- үштен десе үш кісіден бірігіп тұра қалады т.с.с.

Сәлемдесу.

Жаттығу: «Кір машинкасы»

Жаттығу «Сезімдер көрінісі»

Жүргізуші әдетте эмоциялық мимикамен, қимылмен, ырғақпен айтылатын бегілі бір сөзді айтады. Ал қатысушылар осы сөздің шын мағынасын және оның қай уақытта айтылатындығын, сонымен қатар осы сөзді айтқан адамның сол кездегі сезімдерін ашып берулері керек. Мысалы: «Сіз ғана осы жерде жетіспеп едіңіз!», «Ойбай, шошыттың ғой мені!». Әрі қарай қатысушылар осындай мысалдарды өздері келтіреді. Осы сөзі шетелдіктер қимылды көріп қалай түсінетіндігі немесе кішкентай балалар қалай түсінетіндіктері талқыланады. Сонымен қатар сөзден басқа қандай жолмен ақпаратты жеткізуге болатындығы әңгімеге салынады. Айтылған ойларды қорытындылай келе жүргізуші педагогқа эмоциялық мәдениеттің қаншалықты қажеттігін баса айтады. Негізгі бөлім Педагогтың жемісті еңбегі бұл – эмоциялық түрақтылықпен тікелей байланысты. Эмоциялық тұрақтылықты көтеру эмоцияоналдық иілгіштікке, яғни өзгені түсіне білуге , өз ойын барабарлық (адекваттық) түрде жеткізе білуге өтуге мүмкіндік беретін эмоциялық мәдениетті көтеруге әсер етеді. Сонымен мәселе эмпатия мен экспрессия жайында болады. Эмоциясы енжар педагог ашық эмоциясы жоқ болып көрінеді және бұл жағдай балаларды түрлі жаман әрекеттер жасауға итермелеп, келеңсіз оқиғалардың тууына себепкер болады. Неліктен балалар өздерінің нашар қылықтарымен педагогтан өздеріне таныс мимикаларды, қимылдарды шығарып алуға тырысатындықтарын талқылау. Көбінесе, ересек адамдар сұсты болып көріну арқылы балаларды тәртіпке келтіруге болады деп есептейді (қатысушылар осындай бейнені келтірту). Кейіннен бұл бейне педагогтың жүзінен ұзақ уақытқа орын алып, педагогтық барлық қылықтырына басшылық жасайды (осындай бейне жасап отырған адамның сезімдері жайында қатысушыларға айтқызу). Бұл қандай қылықтар? Күмәндану, сенбеу,қызбалану. Осының барлығы балаалрға беріледі. Балалар да педагогқа осындай қылықтармен жауап береді. Экспрессия бұл – шынайы сезімдерді жандандыру. Ол шығармашылықтың оянуына, бастамашылық көрсетуге, эмоциялық байланысты жеңіл орнатуға, жағдайдың өзгерісін байқай алуға және өзінің педагогиялық әсер ету стратегиясын өзгерте қоюға әсер етеді. Эмоциялық иілгіштіктің екінші бір құрамдас бөлігі бұл – эмпатия. Бұл өзге адамның эмоциялық жағдайын түсіне білу қабілеті. Эмпатиясы бар педагог ешуақытта педагогикалық мәдениетсіздікке жол бермейді. Педагогтың балаға деген эмпатиялық қарым-қатынасы және осы қарым-қатынастың экспрессивті көрінісі баланың өзіндік бағасының көтерілуіне, жағымсыз жағдайларды азайуына әкеледі.



Жаттығу «Сүйіспеншілікке толы көзқарас»

Мақсаты: өзінің эмпатиялық-экспрессивтік қорын сезіну. Қатысушылардың ішінде бір адамды сыртқа шығарады. Қалған адамдардың ішінен оған сүіспеншілікпен қарайтын бір адам таңдалынады. Сыртқа шыққан адам кірген кезде, оның мимикасынан кім екенін тауып алуы керек. Өзгертуге де болады,ұнатпаған кейіп таныту т.с.с.(Талқыға салу, дұрыс табуға не көмектесті, сол сезімді білдіретін бейнені қалай жасады).

Баяндама

Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.

Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі.

«Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адами сыпайылықты да айқын көрсетеді».

Сыпайылық ағыл. politeness – әңгімеге қатысушылардың Тілдік практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мыс., Сен-Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын (мыс., доктор, профессор), қазіргі кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің) мәдениетін көрсететін ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін (мыс., әдебиеттің ақсақалы) шынайы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін әңгіме барысында қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады.

Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде  сирек сақталады. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады.

Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын  сөйлеу сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.

Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері:

1.    Ортаның әсері;

а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді

ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл)

2.    Сөйлеу дағдыларының жоқтығы  (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);

3.    Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.б.)

«Сөйлей білу – өнер». Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.

Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны.

. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір адам әртүрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары үшін – әке, ал өзінің анасы үшін ол – ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін – тұрғылықты жерімен   айқындалады. Бұдан да басқа нұсқалары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.  Тағы да бір үлкен  ерекшелік – тұлғаның сөйлеу әдебімен байланысты. Яғни, тұлғаның  тілі, сөзі, сөйлеу әдебі оның  әлеуметтік мәртебесін анықтауда үлкен рөл атқарады.

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы бнлгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.

Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.

Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады.

Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі. Сөз мәдениеті орыс. культура речи — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі тутқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы,М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді. Кенестік орыс тіл білімінде Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді. Сөз дұрыстығы, байлығы, тазалығы, көрнекілігі –сөйлеу мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы – шешендік өнер.

Еліміз егемендік алып, көк байрағымыз көкте желбіреп, елтаңбамыз елдігімізді айқындап, әнұранымыз асқақ шырқалып, ел алдына мақсат қойып, бағытын айқындар жолды таңдап, жарқын болашаққа бет бұрған шақта ең басты назарда ұстағанымыз – ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, тілімізді биік тұғырдан көру, сөз мәдениетін, шешендік өнерімізді дамыту, бәсекеге қабілетті, сөйлеу мәдениеті жоғары ел болу екені баршамызға мәлім болды. Міне, егемендік алған 20 жыл ішінде еліміз межедегіден де артық іс тындырды. Бұл қазақ ұлтына ғана тән қасиет. Жетістігіміз ұшан – теңіз.
Жоғалтқанымызды қайта тауып, тілімізді дамытып ескімізді жаңарттық. Ұлтымыздың өзгеден ерекше қабілетті, дарынды, ынтымағы, бірлігі жарасып,
батыр, мықты ел екенін бүгінде әлем аренасына шығып тағы бір мәрте паш еттік. Бұл біз үшін зор қуаныш. Ал, осы өрлеу, өркендеу жылдары халқымыз, біз, кейінгі ұрпақ өз еншімізге ғана бұйырған баға жетпес ешбір елдің тіл байлығы тең түспес «сөз байлығымызды, саф алтын – сөз өнерімізді, шешендік өнерімізді» дамытуға қаншалықты ат салысып, қандай үлес қостық,

Тест «Сіздің қарым қатыныс стіліңіз?»


Қорытынды : Рефлексия

«Сіздің ойыңыз қайда бағытталған?» суретті тест.

Суретті тесттер- өзіңді білу мҥмкіндігі ғана емес, қандайда бір жаңалық, уақытты қызықты өткізу, жақсы демалудың бір тҥрі, теріс күйзелістен арылудың жолы болып табылады. Сіздің алдыңызда тіктөртбүрыш, ортасы дөңгелекше диагоналдармен бөлінген. Тапсырма: сіз құстың суретін салуыңыз керек.Оны қай жерге салатыныңызды өзіңіз қалайсыз. Кілті: 1.Егер сіз құсты ортасындағы шеңбердің ішіне салсаңыз : онда сіздің ойларыңыз өзіңізге және өзіңіздің армандарыңыз бен қажеттілігіңізге бағытталған.Сізге керегі өзіңізді қуантатын және пайдасы тиетін істер. Өзгелердің ісімен керегі сізді қызықтырмайды. 2. Егер сіз құсты сол жақтағы (1-4) секторға салсаңыз, онда сіздің жауапкершілігіңіз және тәрбиелігіңіз жоғары екенін, жақын адамдарыңыз ҥшін жанып-кҥйетініңізді, достарыңызды жолда қалдырмайтыныңызды көрсетеді. Сіз ескеретін жағдай: өзіңіздің болашағыңызды ойламайсыз, өткен өміріңізге кісенделіп қалғансыз. 3. Егер сіз құсты жоғары секторға салсаңыз (1-2), онда сіздің ойларыңыз биікке және қызаққа, түрлі-түсті армандарға бағытталған.Сізді жердегі істер қызықтырмайды,сізді барлық аспан әлемі қызықтырады. 4.Егер сіз құсты оң жақтағы секторға салсаңыз (2-3), сіз өз болашағыңызды ойлайсыз және қолдан келгеннің бәрін жасайсыз. 5. Егер сіз құсты төменгі секторға салсаңыз (3-4) , онда сіздің барлық ойларыңыз шынайы, жердегі іс-әрекеттерге бағытталған. Сізді қолмен ҧстап, дәмін татып, түс –түрін ашып көрмеген заттар қызықтырмайды. Сіз жерде нықты тұрсыз. 6.Егер, сіз құсты шеңбер жасай отырып денесін осы барлық сектордың ішіне салсаңыз, онда сіз ертеңгі кҥніңізді ойлайсыз, өткеніңізді де ҧмытпайсыз.

Ситуациялық сурақтар

"Көпір" ойыны.
Еденді бормен "көпір" (түзу) сызылады. Екі топ, бір-біріне 
қарсы шыққан педагогтар "көпірден" құлап қалмай өтуі керек.
педагогатар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-
бірін өткізіп жіберулері керек.
Рефлексия 
Тыныс алу жаттығуы: Жеті май шам
Мақсаты : релаксация.
- Денеңізді барынша бос ұстап, көзімізді жұмып ыңғайлы отырамыз. Сіздерге ыңғайлы және жайлы орын… Сіз терең ,бірқалыпты тыныс алудасыз.Көз алдыңызға елестетіңіз, сіздің алдыңызда ,бір метр қашықтықта жеті май шам орналасқан… Жәй , бірқалыпты терең тыныс шығарамыз. Ал енді сіз сол шамдардың бірін сөндіру керек .Ішімізгі терең тыныс алып шамды өшіруіміз керек. Май шам сөнді… Осылай барлық май шамды сөндіруіміз керек…»
Жәй әуен ырғағымен орындалады.
Талқылау :
• Орындаушылардың бұл жаттығуда өзгерістер болды ма?
• Осындай ситуация болған жағдайда шыға білуге бола ма?
Тренинг жаттығулары сіздерге ұнады ма?
Сендерде қандайда болсада өзгеріс пайда болды ма?
Күнделікті өмірде бұл ойындарды ойнау арқылы ішкі жан дүниелеріңді дамытуға бола ма?
Бүгінгі тренингіде біздер ойындар ойнау арқылы өзгелерді дұрыс қабылдап, өздеріңді еркін сезіне алуға тұлғаны дамытуға жұмыстандық..













Психологтар педагогтарға қарым қатынас кұру жетістіктерін бірнеше түрін үсынады:

1.Өзіңізді басқа адамның орнына қойып көріңіз. Олар өмірге қалай қарайды.

2. Ол өзінің күш-жігерін қайда жұмсайды, соны ойлаңыз.

3. Бұл адамның мінез-құлқына не әсер ететінің байқаңыз. Оның өміріне өзгеріс еңгізетін жағдайлар бар ма екен?

4. Ашық қарым-қатынас құруды жоспарлаңыз. Тәрбиеші жұмысында түрлі жағдайлар кездеседі: көңіл-күйді көтеру,қоласыз эмоциональды немесе басқа да жағдайларды тоқтатуға тура келеді.


Р.Л. Кричевский өзінің «Егер сіз жетекші болсаңыз ...»кітабында жақсы көңіл-күйдің бірнеше түрін көрсетеді.

Жаксы көңіл-күйдің компоненттері:

. Адами қарым-қатынас

. Бақытты адамдар ортасында болу

. Өзіңнің әңгімеңмен жұртты қызықтыра білу.

. Жолдастарыңның ортасында болу

. Адамдарға бақылау жасау

.Ашық әңгімелесулер

. Өзіңнің махаббатыңды көрсете білу

.Біреуге мақтаулар, мадақтаулар айта білу

. Шәй үстінде әңгімелесу

. Басқаларға көмек көрсете білу

. Жаңа достар таба білу

. Күлкі

. Жақсы бірнәрсе ойлау

. Әдемі пейзажды тамашалау

. Таза ауаны жүту мүмкіндігі

. Таза киімді сезіну

. Түнде жақсы түстер көру

. Сүйікті әнді тыңдау

. Жымию

. Отбасыңның және жақындарыңның қолдауын сезіну

.Дене шынықтырумен айналасу

. Өз пікіріңді ұстана білу

. Қандай да бір шараны жоспарлау және ұйымдастыру

. Өз ойыңды дәлдеп жеткізу

. Мақтаулар мен мадақтамалар алу

. Өз жұмысыңды сапалы орындау

Ұжымда жұмыс істей жүріп әріптестеріңізбен және басшылармен қарым –қатынасыңызды оңтайлы жолға қоя біліңіз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Педагогтың эмоциялық мәдениеті

Автор: Сыдыкова Айдана Абдыкадыровна

Дата: 24.01.2018

Номер свидетельства: 452079

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "А?ылшын тілі п?нінен мектеп алды даярлы? сыныбына арнал?ан о?у ба?дарламасы"
    ["seo_title"] => string(84) "ag-ylshyn-tili-p-ninien-miektiep-aldy-daiarlyk-synybyna-arnalg-an-ok-u-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "313115"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459434437"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Музыка саба?тарында т?й-т?й технологиясын ?олдану "
    ["seo_title"] => string(55) "muzyka-sabak-tarynda-t-i-t-i-tiekhnologhiiasyn-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "194287"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427740855"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Маманды?ым- ма?танышым" эссе "
    ["seo_title"] => string(30) "mamandyg-ym-mak-tanyshym-essie"
    ["file_id"] => string(6) "191876"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427378274"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства