Просмотр содержимого документа
«"Поэзия әлеміне саяхат"»
Поэзия кеші
Армысыздар құрметті халайық! Жас бүлдіршіндер мен тәрбиешілер! Қадірменді жыр сүйер, өнер сүйер қауым...
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен, өлеңдерімен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Күләш Бисекеева апайымыздың шығармашылығына арналған «Атыңа лайық боп өс, балапаным» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер! Күләш Бисекеева апайымыз 1951жылы Ақсу ауданы, Қопа ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Апамыз ең алғашқы еңбек жолын Сарқан ауданындағы «Красный октябрь» колхозында сауыншы болып бастаған. Балалар апамыздың ақындық өнері де сол кезде бойына дари бастаған. Күләш апамыз қазіргі кезде бір ұл, жеті қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана. немересі, 13шөбересі бар. Апамыз қандай бақытты балалар. Бүгінде «Шегі үзілген домбыра » атты кітабының авторы осы Күләш апайымыз бізде қонақта.
Күләш апа осы сіздің ақындық өнерге деген махаббатыңыз қай кезден бастап оянды?
Апа балаларға арналған қандай өлеңдеріңіз бар?
Күләш апа өзіңіздің бала кезіңіздегі бір қызықты оқиғаңыз болса, балаларымызға айтып берсеңіз?
Біздің жас бүлдіршіндеріміздің өзіңіздің шығармашылығыңыздан алынған «Ана тілім» деген өлеңін қабыл алыңыз.
Мен қазақпын өзіндік бір үнім бар,
Жүрегімде отаным бар, жырым бар.
Анамыздың ақ сүтімен дарыған,
Бойтұмарым, киелі ана тілім бар.
Өз тіліммен мақтанамын бүгінде,
Әлем танып, айға жеткен үнімде.
Немеремнің жүрегіне жыр құйып,
Ән үйретем қасиетті тілімде.
3. Тілім тұрар дінімменен жаңғырып,
Бұлар барда атар әрбір таң күліп.
Аман болсын қазағымның ұрпағы,
Ардақтайтын ана тілім мәңгілік!
Ал енді Күләш апа тағы бір өзіңіздің шығармашылығыңыздан алынған «Анаға» деген өлеңіңізді айтып беруіме рұқсат етіңіз.
«Анаға»
Менің анам теңі жоқ, қымбат маған,
Нұр төгілген жүзінен, күн қақтаған.
Жөргегімді кептіріп, ән самалға,
Жыр бесікке, аялап құндақтаған.
Ата салтын сіңіріп санасына,
Бар байлығын арнаған баласына.
Балалық сый, балауса осы әнімді,
Арнадым ай келбетті анашыма.
Күләш апа өзіңізге арналған ән шашуымыз бар еді. Қабыл алыңыз.
Ән: Ал енді апабіздің кішкентай ғана бүлдіршініміз Серікбай Арунаның орындауындағы «Әжемнің шәйі» әнін қабыл алыңыз.
Осымен апа өзіңізге арналған «Атыңа лайық боп өс, балапаным» атты поэзия кешін қорытындылай келе, бұл кешті ұйымдастырудағы біздің басты мақсатымыз өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің болашақта өз орнын тауып, Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» дегендей, өмірдің бір саласына кірпіш болып қаланып, Қазақстанның жақсы бір азаматтары мен азаматшалары болып өссе екен деген үміттеміз. Болашақтағы жас мамандар, барлық өнер иелері біздің жас бүлдіршіндеріміздің арасынан табылып қалар деген сенімдеміз. Күләштай ақын апамыз бар еді деп, сізді көрген кезде танып,біліп жүрсін деген ниеттеміз.
Келіп көріп жатқандарыңызға көп рахмет. Кешіміздің қонағы Күләш апай денсаулығыңыз мықты болып, шығармашылық жолындағы еңбегіңіз жана берсін, қаламыңыз биіктерге ұштала берсін. Бізге қонақ болып келгеніңізге көптен көп рахмет. Келесі кездескенше аман сау болып тұрыңыз. Мен сіздермен қоштаспаймын, басқа кештерде кездескенше аман болайық.