kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Программа по патриотическому воспитанию в детском саду.

Нажмите, чтобы узнать подробности

В дошкольном учреждении работа с детьми по формированию основ патриотизма, уважения к Родине, ее ценнностям начинается с раннего возраста и представляет собой целенаправленную систематическую деятельность по созданию духовно-нравственного начала, патриотического сознания, чувства любви к Отечеству

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Программа по патриотическому воспитанию в детском саду.»

Қарағанды облыстық білім Басқармасы

Сәтбаев қалалық білім бөлімі спорт бөлімі



КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН

№1 «Ертегі» балалар бақшасы №1 «Ертегі» балалар бақшасы

әдіскері басшысы

____________/Кузьмина Х.Б./ ___________/Исабаева А.Д./

«_____»___________20____ж. «_____»___________20____ж.





« ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ




























Сәтбаев- 2017 ж.




Құрастырған:

Сәтбаев қаласы №1 балалар бақшасы

Әдіскері

________________/Айтмағанбетова Қ.А./



Рецензия жазған: ____________/ Исабаева А.Д./

Біліктілігі жоғары, бірінші санатты

№1 «Ертегі» балалар бақшасы басшысы







№1 «Ертегі» балалар бақшасы

Әдістемелік кеңес отырысында

ұсынылды

Хаттама №____« ____» ______20 ж.

Хатшы:

Әдіскер ____________/Кузьмина Х.Б./
























1. Бағдарламаның төлқұжаты.


Бағдарламаның атауы: «Мен және менің Республикам».

Әзірлемеге негіз

Қазақстан Республикасы

«Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы

«Бала құқығы» Заңы

Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру

стандарты-2016 жыл, мектепке дейінгі тәрбие

беру мекемесінің Жарғысы.

Негізгі әзірлеуші:

Қ.А. Айтмағанбетова- әдіскер,


Мемлекеттік сұраныс: «Сәтбаев қалалық білім бөлімі» ММ.


Іске асыру мерзімі: 2017-2018 – 2018-2019 оқу жылдары.






















Бағдарламаның мазмұны:

1. Түсініктеме.

2. Бағдарламаның маңыздылығы.

3. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.

4. Күтілетін нәтижелер.

5. Бағдарламаның орындалу принциптері.

6. Бағдарламаның этаптарының орындалысы.

7. Педагогтармен жүргізілетін жұмыстар.

8. Балалармен жүргізілетін жұмыстар.

9. Отбасымен жүргізілетін жұмыстар.

10. Пайдаланылған әдебиеттер.









































ТҮСІНІКТЕМЕ


Отан . . . Бұл сөз әрбір адамның ұлы да қымбатты, терең де мықты сезімін білдірсе керек. Отанға деген сүйіспеншілік, өз халқына деген шексіз берілгендік, Отан үшін қандай да болса ерліктерге бару- ол патриотизм, біздің қоғамымыздың дамуының сарқылмас бұлағы.

Өз Отанымен тығыз байланысты сезінбей, біздің ата-бабамыз, әкелеріміз қорғаған Отанды шексіз сүймей патриот болу мүмкін емес.

Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің қандай мемлекетте тұратынын, басқа мемлекеттен қандай айырмашылығы бар екендігін білу қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр. Балалар бақшасындағы үнемі мақсатты түрде жүргізіліп отыратын жұмыстың арқасында баланың бойына азамат болудың алғашқы ұшқындары қалыптасып, ақыл-ойлары дамиды. Мектепке дейін балалар Отан, туған жер деген ұғымдармен жақсы таныс болуы қажет. Бала (атқару керек), (қажетті) деген сөздердің мағынасын түсіне білуі керек..

Отанға деген сүйіспеншілік балаларға ата-аналары мен тәрбиешілерінің көрсеткен үлгісінен, Отан, халық туралы әңгімелерден, отандық кинофильмдерден, патриоттық тақырыптардағы әндер, өлеңдерді үйренуден, осы мақсатта ұйымдастырылатын ойындардан бастау алады.

Бұл бағдарламада педагогтардың балаларға патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстары мен педагогтарды осы проблема бойынша теориялық және практикалық жағынан қаруландыру, ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында атқарылатын іс- шаралар қамтылған.

Бағдарлама жеті бөлімнен тұрады:


I. «Туған ел, біз сенің балаңбыз». Бұл бөлімнің негізгі бағыты:– басқа ұлт балаларына толерантты көзқараста тәрбиелеу.

II. «Біз қайда тұрамыз?» Бұл бөлімнің негізгі бағыты:– балаларға «Кіші Отан» (туған көшесі, балалар бақшасы, туған қала) туралы білім беру,– «Үлкен Отан» (Қазақстан қалалары, Қазақстан астанасы, Қазақстан Республикасы –біздің Отанымыз) Отанға деген сүйіспеншілікке, өз еліне деген мақтанышқа тәрбиелеу.

III. «Мен тұратын қала». Бұл бөлімнің негізгі бағыты:– туған қаласына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу, үлкендердің еңбегін бағалау.

IV. «Мен азамат болуға тиістімін». Бұл бөлімнің негізгі бағыты:– азаматтық қасиеттерді қалыптастыру (педагогтар мен ата-аналар – тәрбиеленушілер үлгі алатын тұлғалар), Қазақстан Республикасы рәміздері, адам құқығы туралы білім беру.

V. «Табиғат – Отан жүрегі». Бұл бөлімнің негізгі бағыты: –балалардың танымдық қызығушылығын арттыру, туған табиғатты қорғауға тәрбиелеу (аңдар мен өсімдіктер әлемі, пайдалы қазбалар).

V I. «Туған үйдің жылуы». Бұл бөлімнің негізгі бағыты:-балалардың отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалыптастыру.

VII. «Қазақстан халқының мәдени мұралары». Бұл бөлімнің негізгі бағыты: өз халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, өз халқының жетістіктеріне қуана білуге тәрбиелеу.

«Мен және менің Республикам» бағдарламасы төмендегідей бағыттардан тұрады:

  • Педұжыммен жүргізілетін жұмыстар.

  • Тәрбиеленушілермен жүргізілетін жұмыстар.

  • Отбасымен жүргізілетін жұмыстар.

«Мен және менің Республикам» бағдарламасында балалар туған қаласының тарихи тамырларымен, әртүрлі халықтардың өмірі мен тұрмыс ерекшеліктері, атақты адамдар, Ұлы отан соғысы ардагерлерінің еңбектері жайлы, мәдениет пен өнер туралы, туған елдің байлығы жайлы, олардың қазіргі уақыттағы маңызы жайлы айтылған.

Баланың тәрбиесі тәрбиешінің үлесінде. Ешқашанда баланың болашақ иесі, аталар мен аналардың еңбегін жалғастырушысы екендігін ұмытпауымыз қажет. Балалар өмірімізді нұрландыра түсуі қажет. Біздің міндетіміз- балалардың соғысты көрмей, бақытты да жарқын өмір сүруіне жол ашу.



















БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Соңғы уақытта патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы артып, патриоттық тәрбие қоғамдық маңыздылыққа ие болып, мемлекеттің алға қойған міндеттірінің бірі болып отыр. Патриоттық тәрбиені баланың бойына сіңіру үшін оларға Отан туралы алғашқы түсініктерді, туған жер, ел, тарих, салт-дәстүр, мәдениет туралы білім негіздерін қалау қажет.

Патриоттық тәрбиенің адамгершілік-имандылық табиғатын түсу үшін, әртүрлі ұлт өкілдеріне толерантты көзқарасты қалыптастырылып, патриоттық тәрбие жайлы зерттеу жұмыстары жандана бастады. Этнопедагогикалық зерттеулерге сүйене отырып, азамматтық, өлкетану жұмыстары мектепке дейінгі білім мекемелерінде қолға алына басталды. Бұл проблемаға деген әдістемелік көзқарас өзгерді. «Ескі» проблемаға деген жаңа көзқарас қалыптасты.


Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің қандай мемлекетте тұратынын, басқа мемлекеттен қандай айырмашылығы бар екендігін білу қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр. Балалар бақшасындағы үнемі мақсатты түрде жүргізіліп отыратын жұмыстың арқасында баланың бойына азамат болудың алғашқы ұшқындары қалыптасып, ақыл-ойлары дамиды. Азамат болу, патриот болу- интернационалист болу деген сөз. Өз Отанына деген сүйіспеншілік арқылы бүкіл адамзат баласын бауырмалдыққа шақырып, жұртты бір-біріне бауыр ету, бір-біріне мейірімді ету, ұлтына, түр-түсіне, нәсіліне қарамай, бүкіл жер бетіндегі ақыл-ой иелерін адамгершілікке тәрбиелеп, қоғамда тыныштық пен бейбітшілік орнатып, адамзат баласына қалыпты өмірді, лайықты тұрмысты қамтамасыз етуге ұмтылуға жол ашу қажет.

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру- мемлекетіміздің бірқалыпты дамуының кепілі. Патриотизм- Отанға, туған жерге, туған тілге, алдыңғы қатарлы мәдениет пен салт-дәстүрге, туған жердің байлығына, алдыңғы қатарлы мемлекеттік қоғамға деген сүйіспеншілік. Жалпы азаматтық, ұлттық, интернационалдық тәрбие түрлері бір-бірімен тығыз байланыста. Ұлттық тәрбие- өз ұстанымы, жеке қасиеттері бар тұлға қалыптастырады.













Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:

Бағдарламаның негізгі мақсаты балалардың адамгершілік- патриоттық тәрбие беру үшін баланың отбасы жайлы, туған қаласы, табиғаты, мәдениеті ұлттық-тарихи және туған өлкенің табиғи байлығы жайлы білімдерін жетілдіру. Өз халқының бір мүшесі ретінде өткенге құрмет, туған өлкенің болашағына жанашыр, басқа ұлт өкілдеріне деген толерантты көзқарасы бар тұлғаны тәрбиелеу.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  1. Туған қала, туған өлкемен таныстыру арқылы баланың адамгершілік қасиеттерін жетілдіру.

  2. Туған өлкенің өткені мен бүгіні, ертеңі жайлы, өзінің кіші Отаны жайлы мақтан сезімдерін, азаматтық көзқарасы және патриоттық сезімдерін жетілдіру.

  3. Балаларға қоғамдық дағдыларды, тәртіп нормаларын сақтауға, үлкендер мен достарымен тіл табыса білуге, бір-біріне көмектесуге, негізгі бірлескен қызметті жетілдіруге көмектесу.

  4. Балалардың тарих, мәдениет, мамандық, адамдар еңбегі жайлы білімдерін кеңейту, туған қала, туған өлкенің қоғамдық-экономикалық маңыздылығы жайлы білімдерін кеңейту.

  5. Туған өлкенің байлығы мен жетістіктері жайлы білімдерін жетілдіру.

  6. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

  7. Үлкендердің мамандығы мен еңбегіне деген сыйластық қасиеттерге тәрбиелеу.

  8. Ұлттық құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерге деген құрметке тәрбиелеу.




















Күтілетін нәтижелер.

Бағдарлама мектепке дейінгі дайындық Концепциясын сұраныстарын орындай отырып, білім беру саласының барлық түрін қамти отырып, балаларға патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізуді іске асырады.

Бағдарламаның соңғы қорытындысы бойынша қоғамдық-мәдени өмірге, мектепте білім алуға дайын, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.


Балалардың білуге қажетті оқу, білім дағдылары:


  • Кіші Отаны- туған қаласы Сәтбаев жайлы білуі.

  • Балалардың бойына туған өлкенің өткені мен бүгіні, ертеңі жайлы, өзінің кіші Отаны, туған Республикасы жайлы мақтан сезімдерін, азаматтық көзқарастарын және патриоттық сезімдерінің қалыптасуы.

  • Балалардың қоғамдық дағдыларды, тәртіп нормаларын сақтауы, үлкендер мен достарымен тіл табыса білуі, бір-біріне көмектесуі, негізгі бірлескен қызметті атқаруы.

  • Туған өлке жайлы білімді болуы.

  • Балалардың тарих, мәдениет, мамандық, адамдар еңбегі жайлы білім кеңейтуі, туған қала, туған өлкенің қоғамдық-экономикалық маңыздылығы жайлы білімдерін кеңейтуі.

  • Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білуі.

  • Үлкендердің мамандығы мен еңбегіне деген сыйластық қасиеттердің болуы.

  • Балалардың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыру.

  • Балалардың бойына ұлттық құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерге деген құрметке тәрбиелеу.




















Бағдарламаны орындау принциптері:

Бағдарламаның мазмұны жалпы педагогикалық принциптер негізінде құрастырылған:

  • Адамгершілік-патриоттық тәрбиені аймақтандыру.

Бұл принцип баланың бойына адамның қоршаған ортамен байланысын нығайтуды жетілдіруді қамтамасыз етеді. Аймақтық көзқарасты пайдалану баланың адамгершілік-патриоттық тәрбиенінің мақсаттарын түсініп, оларды ізденімпаздық, практикалық қызметке қатысуға талпындырады.

  • Түсініктілігі.

Түсініктілік принципі оқу материалдарының мазмұны мен жүктемелері балалардың дамуы мен дайындық деңгейін көрсетеді.

  • Үзіліссіздігі.

Өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді жетілдіріп, ақыл-ой дамуына тұрақты қызығушылықтың артуы- білім берудің қазіргі заман сұранысы.

  • Біртұтастығы.

Бұл принцип баланың қазіргі замандағы патриоттық тәрбиені түсінуі және адамгершілік пен патриотизм туралы білімдерін кіріктіруге қызмет етеді.

  • Ғылымилығы.

Бағдарламаның негізгі принциптерінің бірі оның ғылымилығында. Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті негізінде қоғамдық және педагогикалық идеяларды ерекшелеуге болады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста бола тұра жеке мағыналары да бар.

Қоғамдық идеялар. Адамгершілік ойлаудың негіздерін қамтамасыз ететін білім негіздері, оны қалыптастыратын идеялар. Бұлардың арасында адам мен қоғам, адам мен табиғат маңызды орынға ие болуда.

Педагогикалық идеялар. Бұл бағдарлама жүйелілік және баланың тұлғалық (ойлау, қызмет, қарым-қатынас) қасиеттерін жетілдіру қажет. Психология (К.А.Абульханова-Славская, В.Н.Мясищев) мен педагогикада тұлғаның және баланың дамуының жүйелі және біртұтас екендігі дәлелденген.

  • Жүйелілік.

Жүйелілік принципі патриоттық тәрбие беру бағытының басқа бағыттармен байланысының қорытындысын көсетеді. Бұл принцип баланың адамгершілік- патриоттық қасиеттерін барлық қызмет түрлері мен айнала қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады.

  • Байланыс.

Бастауыш сыныпта адамгершілік-патриоттық тәрбие беру одан әрі жалғасын табады.

  • Бесенділікке ынталандыру.

Адамгершілік бағытты ұстанған жобалау қызметі- балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие берудің негізгі этаптарының бірі. Балабақшада берілген біліммен шектелмей баланың түрлі қызмет түрлеріне деген көзқарасын нығайтып, алған білімдерін практикада пайдалана алуға үйретеді (бірлесе жұмыс атқарудағы ізденіс, қала тарихы, қарттардың естеліктері, сурет альбомдарына материалдар жинақтау т.б. ). Бала субъект ретінде өзін еңбек ету кезінде, қызметтің басқа да түрлерінде (кітапханаға саяхат, мектеп, қала өлкетану музейлерін көру, өнер мектебіне бару, қызметтің барлық түрлеріне қатысу).

  • Мәдениеттілік.

Ұлттық- мәдени дәстүрлерді үйрену, оның негізінде құндылықтарды бағдарлауды тұжырымдау арқылы бағдарламаның мазмұнын құрастыру принциптері дайындалады.

















Бағдарламаны құрастырудың логикалық принциптері:


1. Ирек принципі (әр жыл бойы жаңа сапалық дәрежеге жету үшін, ирек –ирек қозғалысын қайталаудағы процесс мазмұны ).


2. Ортақ тақырып принципі (оқу мазмұны циклдер тақырыбына сай болуы қажет).


3. Жас шамасының принципі (бала дамуының ерекшеліктеріне байланысты тақырыптар алынады).










































Бағдарламаның орындалу этаптары.


Бұл Бағдарламаны орындау этаптары:



Этаптар мен орындалу мерзімі

Жұмыс мазмұны

Зерттеу әдістері

І. Дайындық этапы

Мақсаты: кездесетін проблемаларды тауып, оның маңыздылығын негіздеу.

Мерзімі: мамыр-шілде

2017 жыл.

Бағдарламаны енгізу мақсатында тиімді педтехнологияларды пайдаланып, ақпараттық қорды жинақтау, балалар бақшасындағы әртүрлі оқу-тәрбие бағдарламаларын салыстыру.


Әдебиеттерді оқып-үйрену

ІІ. Болжау этапы.

Мақсаты: бағдарламаның құрылымының мақсаттары, міндеттерін анықтау, қажетті құжаттарды дайындау.

Мерзімі: шілде- тамыз

2017 жыл.


Бағдарламаның құрылымының мақсаттары, міндеттері.

Әдебиеттерді оқып-үйрену, нормативті

құжаттарды қорытындылау

ІІІ. Жетілдіру этапы.

Мақсаты: Алға қойған міндеттерді орындау.

Мерзімі : 2017-2018, 2018-2019 оқу жылы


Бағдарламаның мазмұнын орындау

Бақылау.

ІV. Қорытындылау этапы.

Мақсаты:

Бағдарламаның орындалысының қорытындысы

Мерзімі: сәуір –мамыр

2019 жыл.


Бағдарламаның орындалысын жүйелілеу және қорытындыны негіздеу.

Сапалы қорытынды шығару.

Шығармашылық қорытынды.













Педұжыммен жүргізілетін жұмыстар

Іс-шаралар

Тақырыптар, жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1.

Теориялық семинар.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негізі»

2017-2018

оқу жылының

І жартыжылдығы

Айтмағанбетова Қ. А


2.

Проблемалық семинар.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру»

тәжірибені енгізудің уақытында

Айтмағанбетова Қ. А.


3.

Тұрақты өткізіліп тұратын семинар

«Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру»

тәжірибе

енгізу

уақытында


Айтмағанбетова Қ. А

4.

Практикалық семинарлар

«Балаларға бойына патриоттық қасиеттерді дарыту».

тәжірибе

енгізу барлық уақытында


Айтмағанбетова Қ. А.

5.

Консультациялар

Алға қойған міндеттерге байланысты педагогтардың сұраныстары

қажеттігіне қарай көмек

Айтмағанбетова Қ. А.


6.

Әдістемелік кеңес отырысы

«Балалармен патриоттық тәрбие беру бағытында жүргізілетін тәжірибе жұмысында күтілетін нәтижеге жету үшін қазіргі заман талабына сай педтехнологияларды, әдіс, тәсілдерді енгізу».

жылдық жоспарға байланысты

Айтмағанбетова Қ. А.

7.

Әдістемелік бірлестік отырысы

«Балалар бақшасында патриоттық тәрбие беру және тұлғаның азаматтық қалыптасуы».

жылдық жоспарға

байланысты

Айтмағанбетова Қ.А.

8.

Шығармашылық және проблемалық топтардың отырысы

Педагогикалық процестің жекеленген

түрлерін жетілдіру

жылдық жоспарға байланысты



Айтмағанбетова Қ. А.

9.

Педкеңес отырыстары

«Мен және менің

Республикам» бағдарламасын енгізуде атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдарларын, даму жолдарын бірлесіп анықтау».

тәжірибе енгізу

уақытында

Айтмағанбетова Қ. А.

10.

Психологиялық-педагогикалық оқулар.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің психологиялық негіздері».

тәжірибе енгізу

уақытында


Айтмағанбетова Қ. А.

11.

Психологиялық

семинарлар.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің психологиялық негіздері».


тәжірибе енгізу

уақытында

Айтмағанбетова К. А.

12.

Педагогикалық біліктілік аптасы.

«Барлық білім беру салалары арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру».


тәжірибе енгізу

уақытында

Айтмағанбетова Қ. А.

13.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жинақтап, қорытындылап, енгізу.

«Мектепке дейінгі білім ұйымында патриоттық тәрбие беру»


тәжірибе енгізу

уақытында


Айтмағанбетова Қ. А.

14.

Әдістемелік идеялар жиынтығы».

Проблема бойынша әдістемелік идеяларды жинақтау


тәжірибе енгізу

уақытында

Айтмағанбетова

Қ.А.

15.

Педагогтармен жүргізілген сауалнамалар.

Сұраныстар


тәжірибе енгізу

уақытында

Айтмағанбетова

Қ.А.


16.

Тақырыпты және перспективалық жоспарларды дайындау.

«Патриоттық тәрбие беру»

тәжірибе енгізу

уақытында

Айтмағанбетова

Қ.А.


17.

Картотекаларды дайындап, безендіру.


«Қазақстан халқының ойындары».


тәжірибе енгізу

уақытында

Айтмағанбетова

Қ.А.


18.

Тәжірибені енгізудегі педагогтармен жүргізілетін мониторинг қызметі.

Мониторинг бағдарламасы


Айтмағанбетова Қ. А.

19.

Педагогтар қызметіндегі үзілістер.


үнемі

Айтмағанбетова Қ. А


20.

Қалалық дәрежеде

өткізілетін ашық сабақтар.

«Патриоттық тәрбие беру»

жыл бойы

Айтмағанбетова Қ. А



21.

Шығармашылық күні.

«Тәжірибені енгізу»

2017 жыл мамыр

Айтмағанбетова Қ. А.

























Балалармен жүргізілетін жұмыстар


Іс-шаралар, жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауатылар

1.

Диагностика жұмыстары (алғашқы, ортаңғы, қорытынды).

жыл сайын

педагог-психолог, әдіскерлер, тәрбиешілер

2.

Барлық білім саласын пайдаланып, тәжірибені енгізу.

тәжірибе уақытында

педагог-психолог,

әдіскерлер, тәрбиешілер

3.

Ойын қызметін пайдаланып, тәжірибені енгізу.

тәжірибе уақытында


педагог-психолог, әдіскерлер, тәрбиешілер

4.

Еңбек қызметін пайдаланып, тәжірибені енгізу.

тәжірибе уақытында

педагог-психолог,

әдіскерлер, тәрбиешілер

5.

Еңбек қызметін пайдаланып, тәжірибені енгізу.

тәжірибе уақытында

әдіскерлер,

тәрбиешілер

6.

Шығамашылық қорытындылар

тәжірибе уақытында

әдіскерлер,

тәрбиешілер


7.

Тақырыпты экскурсиялар.

тәжірибе уақытында

тәрбиешілер


8.

Тақырыпты ертеңгіліктер, мерекелер, ойын-сауықтар.

тәжірибе уақытында

әдіскерлер,

тәрбиешілер

музыка жетекшілері

9.

Есте қаларлық кездесулер.

тәжірибе уақытында


басшы

әдіскерлер, тәрбиешілер

10.

Туған өлке бұрышын безендіру.

тәжірибе уақытында

әдіскерлер, тәрбиешілер


11.

Халық қолөнері музейін ашуға қатысу.

тәжірибе уақытында


әдіскерлер, тәрбиешілер


12.

«Еркетай», «Тілашар» қалалық байқауларына үнемі қатысу.

жыл сайын


Басшы,

әдіскерлер, тәрбиешілер, музыка жетекшілері,

қазақ тілі мұғалімі

13.

Тақырыптық көрмелерді безендіру.

тәжірибе уақытында



көркем сурет тәрбиешілері, әдіскерлер.

Отбасымен жүргізілетін жұмыстар


Іс-шаралар, жұмыс мазмұны


Мерзімі

Жауаптылар

1.

Кездесетін қиыншылықтар бойынша ата-аналармен сауалнамалар өткізу.


жылына І рет

педагог-психолог, әдіскелер, тәрбиешілер

2.

Ата-аналардың педагогикалық сауаттылықтарын анықтау үшін отбасы жағдайларын бақылау.

үнемі

басшы,педагог-психолог,

әдіскелер, тәрбиешілер

3.

Тәжірибе туралы ата-аналарды ақпараттандыру.

үнемі

басшы,педагог-психолог,

әдіскелер, тәрбиешілер

4.

Тәрбиеленушілердің ата-аналарының ақылы білім беру қызметіне сұранысы.

жыл сайын

басшы,педагог-психолог,

әдіскелер, тәрбиешілер

5.

Консультациялар, тренингтер, практиктикалық семинарлар, семинарлар.

тәжірибе барысында

басшы,педагог-психолог,

әдіскелер, тәрбиешілер

6.

Ата-аналар жиналыстары.

жылдық жоспарға байланысты

басшы,педагог-психолог,

әдіскелер, тәрбиешілер


7.

Ата-аналардың сұрақтары бойынша ұйымдастырылатын лекторийлер.

жылдық жоспарға байланысты


басшы,педагог-психолог,

әдіскелер, тәрбиешілер

8.

Отбасылық клуб отырысы «Отбасылық академия», «Бірлестік».

жылдық жоспарға байланысты

басшы,педагог-психолог,

әдіскелер, тәрбиешілер


9.

Ата-аналар комитеті отырыстары.


жылдық жоспарға байланысты

басшы,

педагог-психолог, әдіскерлер, тәрбиешілер,

ата-аналар комитетінің төрағасы


10.

Салауатты өмір салтын насихаттау

үнемі

басшы,

педагог-психолог, әдіскерлер, тәрбиешілер


11.

Халық қолөнері музейін ашу үшін бірлескен жұмыстар.

тәжірибе уақытында

басшы,

педагог-психолог, әдіскерлер, тәрбиешілер


12.

Қызықты адамдармен кездеу.

тәжірибе уақытында


басшы,

педагог-психолог, әдіскерлер, тәрбиешілер


13.

Ашық есік күні.

жылдық жоспарға байланысты


басшы,

педагог-психолог, әдіскерлер, тәрбиешілер

14.

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар.

жылдық жоспарға байланысты


әдіскерлер, тәрбиешілер


15.

Тақырыпты көрмелер мен экскурсияларды бірлесіп ұйымдастыру.

үнемі

әдіскерлер, тәрбиешілер


16.

Бірлескен шығармашылық байқаулар.

тәжірибе уақытында


басшы,

педагог-психолог, әдіскерлер, тәрбиешілер музыка жетекшілері.


17.

Ең үздік отбасылық тәрбие беру үлгісін тарату.

тәжірибе уақытында

басшы,

педагог-психолог, әдіскерлер, тәрбиешілер









Пайдаланылған әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Алматы, 2007ж.

2. «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2010ж.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Астана, 2008ж.

4. «Әдіскер» журналы № 2, Москва, 2010ж.

5. «Мектепке дейінгі тәрбиені басқару» Журналға қосымша, Москва, 2010ж.

6. «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі» журналы № 2, Москва, 2010ж.

7. «Балалар бақшасы баласы » журналы № 2, Москва, 2006ж.

8. «Мектепке дейінгі тәрбие» журналы № 3, Москва, 2006 ж.

9. «Баланы патриот етіп тәрбиелейік». А. Д. Жариков, Москва «Просвещение», 1990ж.

10. 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың ұзақ мерзімге арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2008ж.

11. «Ойын психологиясы», Эльконин Д.Б., Москва 1999 ж.

12. «Психологиялық зерттеулер», Выготский Л.С., Москва.,1956 ж.

13. «Психология», Немов Р.С., Москва, 2002 ж.






























Балаларға патриоттық тәрбие беруден тәжірибе бағдарламасына

РЕЦЕНЗИЯ


Білім беру ұйымы: Сәтбаев қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты №1 «Ертегі» балалар бақшасы.

Авторы: Айтмағанбетова Қ. А.

Тақырыбы: «Мен және менің Республикам».

Соңғы уақытта патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы артып, патриоттық тәрбие қоғамдық маңыздылыққа ие болып, мемлекеттің алға қойған міндеттірінің бірі болып отыр. Патриоттық тәрбиені баланың бойына сіңіру үшін оларға Отан туралы алғашқы түсініктерді, туған жер, ел, тарих, салт-дәстүр, мәдениет туралы білім негіздерін қалау қажет. Этнопедагогикалық зерттеулерге сүйене отырып, азамматтық, өлкетану жұмыстары мектепке дейінгі білім мекемелерінде қолға алына басталды. Бұл проблемаға деген әдістемелік көзқарас өзгерді. «Ескі» проблемаға деген жаңа көзқарас қалыптасты. Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің қандай мемлекетте тұратынын, басқа мемлекеттен қандай айырмашылығы бар екендігін білу қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр. Балалар бақшасындағы үнемі мақсатты түрде жүргізіліп отыратын жұмыстың арқасында баланың бойына азамат болудың алғашқы ұшқындары қалыптасып, ақыл-ойлары дамиды. Азамат болу, патриот болу- интернационалист болу деген сөз. Өз Отанына деген сүйіспеншілік арқылы бүкіл адамзат баласын бауырмалдыққа шақырып, жұртты бір-біріне бауыр ету, бір-біріне мейірімді ету, ұлтына, түр-түсіне, нәсіліне қарамай, бүкіл жер бетіндегі ақыл-ой иелерін адамгершілікке тәрбиелеп, қоғамда тыныштық пен бейбітшілік орнатып, адамзат баласына қалыпты өмірді, лайықты тұрмысты қамтамасыз етуге ұмтылуға жол ашу қажет.

«Мен және менің Республикам» бағдарламасы

  • Педагогтармен жүргізілетін жұмыстар.

  • Балалармен жүргізілетін жұмыстар.

  • Отбасымен жүргізілетін жұмыстар.

бағыттарын қамтыған.

Бағдарлама мектепке дейінгі дайындық сұраныстарын орындай отырып, білім беру саласының барлық түрін қамти отырып, балаларға патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізуді іске асырады.

Бағдарламаның соңғы қорытындысы бойынша қоғамдық-мәдени өмірге, мектепте білім алуға дайын, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру- мемлекетіміздің бірқалыпты дамуының кепілі. Патриотизм- Отанға, туған жерге, туған тілге, алдыңғы қатарлы мәдениет пен салт-дәстүрге, туған жердің байлығына, алдыңғы қатарлы мемлекеттік қоғамға деген сүйіспеншілік. Жалпы азаматтық, ұлттық, интернационалдық тәрбие түрлері бір-бірімен тығыз байланыста. Ұлттық тәрбие- өз ұстанымы, жеке қасиеттері бар тұлға қалыптастырады.

Бұл бағдарламада педагогтардың балаларға патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстары мен педагогтарды осы проблема бойынша теориялық және практикалық жағынан қаруландыру, ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында атқарылатын іс- шаралар қамтылған. «Мен және менің Республикам» бағдарламасында балалар туған қаласының тарихи тамырларымен, әртүрлі халықтардың өмірі мен тұрмыс ерекшеліктері, атақты адамдар, Ұлы отан соғысы ардагерлерінің еңбектері жайлы, мәдениет пен өнер туралы, туған елдің байлығы жайлы, олардың қазіргі уақыттағы маңызы жайлы айтылған.

Патриоттық тәрбиенің адамгершілік-имандылық табиғатын түсу үшін, әртүрлі ұлт өкілдеріне толерантты көзқарасты қалыптастырылып, патриоттық тәрбие жайлы зерттеу жұмыстары жандана бастады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: балалардың адамгершілік- патриоттық тәрбие беру үшін баланың отбасы жайлы, туған қаласы, табиғаты, мәдениеті ұлттық-тарихи және туған өлкенің табиғи байлығы жайлы білімдерін жетілдіру. Өз халқының бір мүшесі ретінде өткенге құрмет, туған өлкенің болашағына жанашыр, басқа ұлт өкілдеріне деген толерантты көзқарасы бар тұлғаны тәрбиелеу. Туған қала, туған өлкемен таныстыру арқылы баланың адамгершілік қасиеттерін жетілдіру. Туған өлкенің өткені мен бүгіні, ертеңі жайлы, өзінің кіші Отаны жайлы мақтан сезімдерін, азаматтық көзқарасы және патриоттық сезімдерін жетілдіру.

Бағдарлама ортаңғы, ересектер топтары балаларына арналып 3 жылға жоспарланған. Бағдарлама жаңа, қалалық білім жүйесінде осындай бағдарлама жоқ.

Бағдарламаның мазмұны жалпы педагогикалық принциптер негізінде құрастырылған: Адамгершілік-патриоттық тәрбиені аймақтандыру, түсініктілігі, үзіліссіздігі, біртұтастығы, ғылымилығы.

Бағдарламаның безендірілуі талапқа сай.

Рецензия жазған: ____________/ Исабаева А.Д./

Біліктілігі жоғары, бірінші санатты

№1 «Ертегі» балалар бақшасы басшысы












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Программа по патриотическому воспитанию в детском саду.

Автор: Айтмаганбетова Капиза Айтмаганбетовна

Дата: 25.05.2017

Номер свидетельства: 418435

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "Нравственно-патриотическое воспитание в старшей группе "В" МБДОУ № 8 "Сказка" "
    ["seo_title"] => string(80) "nravstvienno-patriotichieskoie-vospitaniie-v-starshiei-ghruppie-v-mbdou-8-skazka"
    ["file_id"] => string(6) "220380"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1434614055"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) ""Духовно-нравственное и гражданско-патриотическое воспитание через краеведение в ДОУ ""
    ["seo_title"] => string(80) "dukhovno_nravstviennoie_i_ghrazhdansko_patriotichieskoie_vospitaniie_chieriez_kr"
    ["file_id"] => string(6) "407794"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491721419"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Консультация для  воспитателей «Духовно нравственное воспитание в детском саду»"
    ["seo_title"] => string(86) "konsul-tatsiia-dlia-vospitatieliei-dukhovno-nravstviennoie-vospitaniie-v-dietskom-sadu"
    ["file_id"] => string(6) "290991"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455039258"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Я люблю свой детский сад"
    ["seo_title"] => string(28) "ia_liubliu_svoi_dietskii_sad"
    ["file_id"] => string(6) "369634"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1481721903"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "роль музыки в патриотическом воспитании детей дошкольного возраста"
    ["seo_title"] => string(63) "rolmuzykivpatriotichieskomvospitaniidietieidoshkolnoghovozrasta"
    ["file_id"] => string(6) "282790"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453734699"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства