Просмотр содержимого документа
«С дыбысы мен әріпі»
Павлодар облысы Лебяжі ауданы Аққу ауылы
Лебяжі аудандық білім бөлімі, әдіскер С.Е. Оразалинова
Сабақтың тақырыбы:«С» дыбысы мен әрпі.
Білім саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сауат ашу.
Мақсаты: Балаларға әріп, дыбыс туралы түсінік беру.
Міндеттері: «C» әрпі туралы түсініктерін қалыптастыру; өткен дыбысты қайталап, есте сақтау қабілетін арттыру; сөз ішінен бөліп айта білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру; достыққа тәрбиелеу; сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Ал, балалар шеңберге жиналып, мейірімді сөздерді сыйлайық.
Шаттық шеңбер: Балалар шеңберге тұрады. Жүрек ұсыну арқылы бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді ( м-ы: Мыңжасар сенің күлкің әдемі, Жасмина сен әдемісің, т.б. сөздер).
1 бөлім: Балалар екі топқа фишка арқылы бөлінеді.
1 топтың балалары «білім» үстеліне орналасады.
Екінші топтың балалары «манипулятивтің» үстеліне орналасады.
Бірінші топ апайдың жаңында отырып, сабаққа кіріседі (жарты дауыспен).
Тірек сызбалар арқылы өткен материалды қайталау.
Тәрбиеші: Балалар біз суретте не көріп тұрмыз?
Балалар: Алмұрт, апа, аққала.
Тәрбиеші: Қаңдай дыбысты біз жиі-жиі естіп тұрмыз?
Балалар: «А» дыбысы, дауысты, қызыл текшемен белгілейміз.
Тәрбиеші: Балалар, осы сөздерді буынға бөле беріңдер.
Балаларға тапсырманы беріп, екінші топты бақылау. (Екінші топтың тапсырмасы: пазыл арқылы сурет құрастыру).
Бірінші топқа келіп, тапсырманы тексеріп, жаңа сабаққа кіріседі.
Бірнеше суретті көрсету.
Тәрбиеші: Балалар біз ненің суреттерін көріп тұрмыз?
Балалар: Сағат, сиыр, саусақтар.
Тәрбиеші: Балалар, біз қандай дыбысты жиі-жиі естіп тұрмыз?
Балалар: «С»-дыбысын.
Тәрбиеші: Балалар «С» дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске кедергіге ұшырау арқылы шуылдап шығады. Біз айнаны алып, айнаға қарап «С» дыбысын қайталайық.
Тәрбиеші: Демек «С» дыбысын қандай дыбысқа жатқызамыз?
Балалар: Дауыссыз
Тәрбиеші: Қаңдай текшемен белгілейміз?
Балалар: Көк текшемен белгілейміз.
Тәрбиеші: Ал, енді осы «С» дыбысын айтылуына, біз не байқадық?
Суретпен жұмыс: Суреттен көргендерін айту, сөздерді буынға бөлу, буын санын анықтау, қанша дыбыс, «С» дыбысының орнын ажырату.
Балаларға тапсырманы беріп, екінші топты бақылау.
Бірінші топқа келіп, тапсырманы тексеріу.
Тәрбиеші: Сонымен бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
Балалар: «С» дыбысымен.
Тәрбиеші: Енді, балалар «С» әрпінің таңбасымен танысайық, бұл –«С» әрпі.
(хормен айту)
Тәрбиеші: «С» дыбысы қандай дыбыс?
Балалар: Дауыссыз.
Сергіту сәті:
Тәрбиеші ақырын тұрып, қоңыраумен белгі береді.
Балалар орындарынан тұрып, апайдың қасына келіп тұрады.
-Топ, топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса, алтын күн.
Жаса, жаса, алтын күн.
Сергіту сәтінен кейін, балалар топтарымен ауысады.
Тәрбиеші уақыт өткенде, қоңыраумен белгі береді.
Балалар тез орындарынан тұрып, апайдың қасына тұра қалады.
«С» дыбысын көрнекілік ретінде көрсету арқылы дыбыстық жаттығу жасау:
-Са-са-са
Ызылдайды маса
-Із-із-із
Бақшадағы сәбіз
-Ет-ет-ет
Алма, алмұрт салатын себет
Бекіту:
-Сақинаны салғызды,
Сарымсақты, сәбізді.
Бастап тұрған қай әріп?
-«С» әріп.
2 бөлім.
Ғажайып сәт:(Ілілу тұрған желаяқтың суретінде әр түрлі шамдар жанып тұр)
Тәрбиеші: Балалар бізге желаяқта келіп қапты!
Желаяқ бізге хатпен сыйлық - дорба алып келіпті. Кімнен екен?
Тәрбиеші оқи бастайды.
Тәрбиеші: Балалар, мына хатпен сыйлық - дорбаны бізге Алдар-Көсемен, Тазша бала жіберіпті. Мына хатта, Алдар-көсе мен Тазша бала бізге ойын ұсынады. Ойын тапсырмаларды көңіл-күймен орындасақ, сендерге сыйлық Тазша бала мен Алдар-көседен, мына дорбада сыйлық бар.
Ал, ойынды бастайық!
«Тез ойлап тап» дидактиқалық ойын.
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлініп тұрады.
Әр жерде әр түрлі ойыншықтар жатады.
Балалар шелектеріне «С» әріптен басталатын ойыншықтарды жинап алады. Содан кейін талдайды. (м-ы: Арыстан сөзінде «С» дыбысы бар, буынға бөлу т.б.)
Кімнің тобы көбірек ойыншықтарды жинайды, сол жеңеді.
Жұмбақ жасыру.
Балалар екі топқа бөлініп тұрады.
Үстелдің үстінде жұмбақ жасырынады (сурет-карточка арқылы).
Әр топтан бір- бір бала шығады. Бір-біріне жұмбақ жасырады
-Балалар, бүгінгі сабақ сәтті өтті деп ойлаймын. Барлықтарың қойылған сұрақтарға, тапсырмаларға дұрыс жауап бердіңдер, өте жақсы қатыстыңдар, рахмет сіздерге.
- Енді, бір-бірлеріңе баға бересіңдер.
-Мыңжасар, саған бүгінгі сабақта кім ұнады?
-Балалар, үстел үстінде жұлдыздар жатыр, осы жұлдыз арқылы қазір өз-өздеріңе баға қоясыңдар.
-Даниял, сен өзіңе қандай баға қойдың?
-Аурика, сен өзіңе қандай баға қойдың?
-Балалар, бәріміз қанаттарымызды жайып, бәріміз құс болып ұшып кетейік.