kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сайыс ?ажайыптар ала?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ажайыптар ала?ы

Бала т?рбиесіне, жалпы адам т?рбиесіне тере? м?н беріп, оны? с?тті ?а?идалары мен ережелерін жаса?андарды? бірі-?аза? хал?ы. Оны? т?рбие т?сілдерімен ережелері ?те к?п. Т?рбиені? негізі-ол ?ибратты, ??мырлы, ?асыр бойы бойымыз?а салт-д?ст?рмен берілген-?лтты? педагогика. Б?гінгі сайысымызды? та?ырыбы ?лтты? педагогика т??ірегінде ?рбиді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сайыс ?ажайыптар ала?ы»

Ғажайыптар алаңы

Қайырлы күн құрметті қонақтар, әріптестер! Ең алдымен баршаңызды қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған азаттығына қолын жеткізген күн-16 желтоқсан өткен тәуелсіздік күнімен құттықтағым келіп тұр, және де келе жатқан Жаңа жыл баршаңызға жақсылығын әкелсін деген жақсы тілекпен, бүгін «Айгөлек» ясли бақшасының киелі шаңырағында өткелі тұрған «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалды сайысқа қош келіңіздер!

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-қазақ халқы. Оның тәрбие тәсілдерімен ережелері өте көп. Тәрбиенің негізі-ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген-ұлттық педагогика. Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы ұлттық педагогика төңірегінде өрбиді.

Сан ғасырлар бойы шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиені жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толықанды тайға таңба басқандай жеткізсек, тапсырмас тағлым, болары сөзсіз. Сана-сезіміңді селт еткізер сенімді, ар ұятың ара жігін айқындайтын игі дәстүрді көненің көзіндей сақтап, келер ұрпақтың бойына сіңіретін мына сіздер мен біздер. Сондықтан, тәрбиенін деңгегін босатпай, тілімізді шұбарламай, тектілікпен бар игі мұрамызды негізге ала отырып, ұрпақ тәрбиелеу басты борышымыз.

Осы мақсатымызды іске асыру үшін бүгінгі «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалды ойынымызды біздің балабақшамыздың ата-аналары және қызметкерлерімен өткіземіз.

Бүгінгі ойынға қатысушылармен таныстыра кетейін.

  1. «Жауқазын» тобынан

  2. «Жұлдызша» тобынан

  3. «Күншуақ» тобынан

  4. «Бүлдіршін» тобынан

  5. «Құлыншақ» тобынан

  6. «Балапан» тобынан

Ойының шартымен таныстыра кетейін. «Ғажайыптар алаңы» атты интеллектуалды ойыны III турдан айналым, жартылай финал, суперфиналдан тұрады.

1,2,3 айналымдарда жеңіл сұрақтар беріледі және де қатысушылар жеребей суыру арқылы қай турға тап болатыны анықталды. Жартылай финалға алдыңғы III айналымның жеңімпаздары шығады. Суперфиналды ойнау-ойнамау өз еркі.

Келесі кезекте осы ойынға керекті құралдармен және де төрешілермен таныстыра кетейін.

Айналатын барабан: Оның бетінде мынадай белгілерді көруге болады.

А.Шаңырақ-отбасының белгісі ретінде танимыз, осы белгіге келіп тоқтаса сізге еріп келген отбасы мүшесі көмек бере алады, яғни тек бір әріп айтып көмектеседі. Өзіңіз дұрыс деп есептемесеңіз, өзіңіз басқа әріп айта аласыз.

Б.Телефон-осы белгіге келіп,көріп отырған көрермендер арасынан берілген бір нөмерге соғып көмек сұрай аласыз.

В. Семсер-сіздің жиналған ұпайларыңыз жойылып, ойнау кезегін келесі ойынға бересіз.

Г. Оюға келіп тоқтаса сізге сыйлық ұсынамыз, келісеңіз сыйлығыңызды алып ойынан шығасыз. Келіспесеңіз әріп айтып ойынды жалағастырамыз.

Д. Домбыра-осы белгіге келіп тоқтаса өзіңізге белгілі болғандай «Әу» демейтін қазақ жоқ. Әдемі ән орындасаңыз біздің балабақшаның саз жетекшісінің көмегіне жүгіне аласыз. Ән айтпай бас тарсаңыз, ойынды келесі қатысушы жалғастырады.

Ж. Асық-осы белгіге тоқтаса, сізге бір сәттілік тап болғандай болар еді. Себебі асықты барлығымыз ойнадық, асық ату ойынын ойнаймыз. Егерде асыққа тигізеңіз бір әріп ашу мүмкіндігіне ие боласыз. Ал тигізе алмасаңыз ойынды келесі қатысушы жалғастырады.

Ал егер 7 сандарға келіп тоқталса, әріп айтасыз, дұрыс айтсаңыз, дұрыс айтсаңыз сонша ұпайға ие боласыз. 3 әріпті қатарынан шешкен адамға сиқырлы қоржын таңдау мүмкіндігіне ие болады.Сандарды да бекерден бекер алынбаған қазақ халқының киелі сандары.

Мына жерде сөз жасырылған табло. Бәріне бір айтарым, құрметті көрермендер. Білгендерін дауыстап айтпаймыз ойын барысында сөйлемейміз, әріп айтып көмектеспеу өтіледі. Егерде дыбыстап жауап көрермендер арасынан айтылса сұрақты өзгертеміз, ал айыпты көрерменге залды босатуын өтінеміз.

Ренжімеңіздер шарт, тәртіп осылай.

Сіздерден сұрарым, барабан бар, қатысушылар бар енді кім жетіспейді?

Дұрыс ОРТ телеарнасының жүргізушісі Леонид Якубович жетіспей тұр. (Осы сәтте Айгүл Сергейқызы шығады)

Айгүл Сергейқызы образға кіріп Якубович ролін ойнайды:

-Қайырлы күн құрметті қонақтар! Ойынды бастауға рұқсат етіңіздер!

Айнагуль Амангелдиевна тоқтатады.

-Жоқ-жоқ мен де бекерге сәнденіп, қазақтың ұлттық киімін киіп келгенім жоқ. Сіз әріптерді ашасыз, ал мен жүргіземін. Келістік.

Айгүл Сергейқызы (Якубович) ата-аналарға жеребей ойнатады.

Тәрбиешілермен таныстыру.

Балабақша меңгерушісі: Құрманбекова Ляззат Сергейқызы

Әдіскер: Жұмағалиева Күнзия Айтқалиқызы

1айналым: Сұрақ: Ұзатылған қыз өзіне тектелес сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. «Бұл ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұндай дәстүр қалай деп аталады?

Жауабы: Шарғы



2айналым: Сұрақ: Ертеректе ауқатты адамдар киген, бұл күндері сирек кездесетін жағалы киімдердің бірі. Ол тек жылқы терісінен тігіледі. Оны тіктіру үшін жылқы ішінен қара , қоңыр (жылқы атауынан-торы) түсті мал таңдап алынады да арнаулы күтімде ұсталып, түбі әбден жетіліп, жылтырағанынан кейін сойып, терісінен еппен сыдырып алып илейді. Бұл киімді қалай атаймыз?

Жауабы : Жақы

3 Айналым: Сұрақ: Бұл дәмді тағам бірақ қазақтың бәрі біле бермейді. Бұл оңтүстікте, көбіне Сыр елінде жие кездесетін тағам. Ол қауының қағы мен сөк талқаның қоспасынан жасалады. Ол үшін қауын қағы мен талқанды келіге салып түйеді. Екеуі әбден араласып қою әрі дәмді ас пайда болады. Бұл тағам қалай деп аталады?

Жауабы: Ақтүймеш

Жартылай финалға сұрақ:

Бір-біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал (қозы, қой, бұзау т.б.) Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі болады. Кейбір малды аулдардың әлі де пайдаланып жүрген жақсы, жарасымды салттардың бірі. Бұл салт-дәстүр қалай деп аталады?

Жауап: Көгентүп

Супер финалға сұрақ

Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал-жылқы. Бұрынғы ел қорғаған ерлер жылқы ішіндегі таңдауларын ерекше дәріптеп бағалаған. Мына жерде жасырылған сөз сондай таңдаулы жылқының атауы?

Жауап: Қазанат




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сайыс ?ажайыптар ала?ы

Автор: Жанабаева Айнагуль Амангелдиевна

Дата: 26.09.2016

Номер свидетельства: 345939

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Технология  ?ажайыптар ?лемі" "
    ["seo_title"] => string(33) "tiekhnologhiia-g-azhaiyptar-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "172192"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423764272"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Технология - ?ажайыптар ала?ы "
    ["seo_title"] => string(34) "tiekhnologhiia-g-azhaiyptar-alan-y"
    ["file_id"] => string(6) "172199"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423765024"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Та??ажайыптар ?лемі" атты ашы? саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(48) "tan-g-azhaiyptar-liemi-atty-ashyk-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "181831"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425399274"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "" Урок по тему" «Физика – ?ажайыптар ?лемі»"
    ["seo_title"] => string(39) "urok-po-tiemu-fizika-g-azhaiyptar-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "286681"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454388830"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Химия ?ажайыптары"
    ["seo_title"] => string(19) "khimiiagazhaiyptary"
    ["file_id"] => string(6) "318377"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460564550"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства