«Салауатты өмір - табиғат аясында» жазғы сауықтыру жұмыстарын жүргізу
«Салауатты өмір - табиғат аясында» жазғы сауықтыру жұмыстарын жүргізу
Бағдарламада жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарымен таныстыра отырып,балалардың денсаулығын нығайту, денесін шынықтырып,дамытуды жетілдіру су және ауа көмегімен шынықтыру рәсімдерін пайдаланып жүзеге асырылады.Танымдық қабілеттері мен шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатында тақырыптар бойынша мәліметтер,жұмбақтар,қимыл-қозғалыстық тапсырмалар беріледі.
Сондықтан дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын оңтайландыру аса өзектілікке ие болып отыр.
Мектепке дейінгі ұйымның алдында тұрған жауапты міндет- күрделі, өмірден өз орынын таба білетін дені сау, мәдениетті,шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Салауатты өмір - табиғат аясында» жазғы сауықтыру жұмыстарын жүргізу»
«Салауатты өмір-табиғат аясында» жазғы сауықтыру жұмыстарын жүргізу
Бағдарламада жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарымен таныстыра отырып,балалардың денсаулығын нығайту, денесін шынықтырып,дамытуды жетілдіру су және ауа көмегімен шынықтыру рәсімдерін пайдаланып жүзеге асырылады.Танымдық қабілеттері мен шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатында тақырыптар бойынша мәліметтер,жұмбақтар,қимыл-қозғалыстық тапсырмалар беріледі.
Сондықтан дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын оңтайландыру аса өзектілікке ие болып отыр.
Мектепке дейінгі ұйымның алдында тұрған жауапты міндет- күрделі, өмірден өз орынын таба білетін дені сау, мәдениетті,шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сауықтыру жұмыстарын жүйелі өткізу:
-әрбір бүлдіршіннің қабілеттерін ашуға қажетті жағдай жасау;
-бала өмірін қызықты құрдастармен және ересектермен қарым –қатынаста жұмыс жасауға үйрету;
-дене және психикалық денсаулығығын нығайту,
- қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
-валеологиялық білімін іс-тәжірибеде өздігінен іске асыра және спорттың әртүрлі түрлерімен айналыса білуге мүмкіндік береді.
Жаз кезінде балалардың ағзасын сауықтыруға,эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытуға септігін тигізетін жағдай жасау үшін ересектердің (балабақша қызметкерлер мен ата-аналарды) күшін жұмылдыру,біріктіру.
Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарады, оқу сабақтарының саны қысқарады,сабақтар ашық ауда өткізіледі.Содықтан да балалардың жыл бойғы алған білімін ,біліктілік дағдыларын ,қабілеттерін көрсетуге еркіндік беріледі.
Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке , нәтижеге ие болады.
Бағдарлама мақсаты:
-жаз мезгіліндегі балалардың денсаулығын нығайтуда эмоциональдық, тұлғалық,танымдық дағдысын қалыптастыруда үлкендердің/ата-ана,қызметкерлер/
өзара әріптестігін, сабақтастығын біріктіру;
-бала денсаулығын сақтау мен нығайту;
-табиғи факторды пайдалана отырып шынықтыру;
-жеке тұлғаны қалыптастыру,эстетикалық тәрбиені жетілдіру
Бағдарлама міндеттері:
-балалар өмірі мен тұлға қауіпсіздігінің сақталуына жағдай жасау, түрлі аурулардың
алдын –алу,жарақаттануды болдырмау;
-сауықтыру,шынықтыру шараларын ұйымдастыруды жүйелі жүзеге асыру;
-әлеуметтік –мәдени сәйкестену мен төзімділігін тәрбиелейтін орта қалыптастыру;
-педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда ата-аналарды сауықтыру,шынықтыру
шараларымен сауаттандыру;
-балалардың қызығушылығын аттыру,балабақшадағы бала өміріне ұмытылмас қуаныш
сыйлау.
Күтілетін нәтижелер және оларды бағалау
Тәрбиеленушілердің қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру
Медициналық көрсеткіштер
Өз қызметіне баға беру
Іс-шаралар саны және әрбір іс-шараның тиімділігі
Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы
Мамандардың кәсіпқойлығы
Сауықтыру жағдайлары
Өз денсаулығын сақтау және нығайту құзыреттілігінің болуы
Балалар мен үлкендер қатынасында эмоциялық орта жасау.
Нәтижелерді бақылау
- таза табиғат аясында бала денсаулығының нығаюы;
-балалардың денсаулығына медициналық тексеру жүргізу;
-балалардың психологиялық денсаулығын:белсенділігін,көңіл-күйін бақылау;
-мамандардың:педагогтердің,медбикенің,әдіскердің өзара пікір алмасуы.
Жұмыс барысында саналуан тәсілдер мен жоғарыда аталаған терапияның түрлерін пайдалану балабақша мен отбасының дамуы үшін оңтайлы жағдайлар ұйымдастырады .
Жұмыс барысында қатысушылар өзара қарым-қатынаста ашықтық, сенім, өз-өзін басқару ұстанады.Жұмыстың түрлері табиғат аясында, табиғи материалдармен, саяхаттар арқылы табиғатпен тілдесетіндіктен экологиялық бағытқа бағдарланған.Жұмыс жасаушы топ, ұйымдастырушы топ та шығармашылық қабілеттерін көрсете білгендіктен мақсаттарға қол жеткізу үшін мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Мазмұны.
Сауықтыру жұмыстары 4 тақырыптық тарауды қамтиды:
1. Әдістемелік жұмыстар;
2. Сауықтыру, шынығу тәрбие жұмыстары;
3. Сауықтыру,шынықтыру шараларын басқару, бақылау;
Жазғы сауықтыру ,шынықтыру шараларының жұмысы балалардың дене тәрбиесінің негізгі ерекшеліктерінің құрылымына негізделіп,педагогтардың іріктеп алған әдістемелік ұсынымдарын басқара отырып құрылады.
Бағдарламаны іске асыру жоспары
мерзімі
Жұмыстың мазмұны
Дайындық кезеңі
сәуір-мамыр
алаңдағы балалар ойын құралдарын жөндеу
табиғат бұрышын, гүлзарларды даярлау
топтарды біріктіру үшін топтардың толықтырылуын тексеру
педагогтерге, техникалық жұмыскерлерге арнап жазғы мерекелерді,ойындарды,саяхаттарды ұйымдастыру кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелері бойынша нұсқама өткізу.
Балабақша аумағын абаттандыру үшін ата-аналарды жұмысқа тартып, сенбілік ұйымдастыру.
Ұйымдастыру кезеңі.
мамыр-маусымның басы
Тәрбиешілерге балаармен жүргізілетін жұмыстарға дайындалу және оларды өткізу туралы кеңес беру
Тәрбиешілердің жазғы кезеңге дайындық жөніндегі шығармашылық топтарын ұйымдастыру
Қызметтің барлық бағыттарын қамтитын бағдарлама әзірлеу
Бағдарламаның жоспарына сәйкес іс-шаралар ұйымдастыру
Қортынды кезең
тамыздың аяғы
Барлық қызметтердің жазғы кезеңдегі жұмысын талдау
Балалардың денсаулық жағдайын тексеру
Жазғы сауықтыру жұмысы бойынша презинтация өткізу
( Үлгі) 1-топтама. Күн тәртібін жазғы сауықтыру кезеңіне бейімдеу
Мақсаты: жазғы кезеңді ескере отырып,күн тәртібінің белгілі бір кезеңдерін балалардың қимыл-қозғалыс мұқтаждығын қанағаттандыру, барынша оң эмоциялық әсер алатын жағдай туғызу,ұйқының жеткілікті болуы, денсаулығын нығайту үшін қолайлы етіп ұйымдастыру.
Күн тәртібі кезеңдері
Ерте жас тобы
Кіші топ
Қабылдау, тексеру
8.00-8.20
8.00-.8.20
Ертеңгілік жаттығу
8.20-8.25
8.25-8.35
Таңғы асқа дайындық, таңғы ас
8.25-9.00
8.35-9.00
Шығармашылық сабақтар,шағын топтармен,толық топтармен,балалармен жеке жұмыс жасау, үйірмелер жұмысы