kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Саусақ ойыны" жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

" Саусақ ойыны" жинағы  көмекші  құрал  ретінде  тәрбиешілерге  қолдануға  ұсынылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Саусақ ойыны" жинағы»


Аманкелді орта мектебінің жанындағы «Балдәурен» шағын орталығы





САУСАҚ ОЙЫНЫН ОЙНАТА ОТЫРЫП,

БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ











































САУСАҚ ОЙЫНЫН ОЙНАТА ОТЫРЫП, БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ


Көмекші құралды жинақтаған: Шалова Г.К



Мектепке дейінгі мекемелерге және ата - аналарға арналған көмекші құрал.





Алғы сөз

Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен бар мәдени шығармашылық.Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең шумағын сахналау болып табылады.Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы , қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстары, жан- жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады.

Саусақтарының қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады,сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып есінде сақтайтын болады.

Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып оң, сол, жоғары, төмен т.б түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары , соның ішінде саусақ бұлщық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамиды.Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді

Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.

Саусақ ойыны — саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертсгіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз банланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.








«Саусақтар сәлемдеседі»

Ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады, Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.


«Моншақ».


Қызыл-сары көк моншақ,

Мен жасаймын көп моншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сақсаусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларлы тізбектеп қатарға тізе бастайды. Қыимылмен моншақ пішінін жасайды. Екі қолмен қатар жасай отырып, саусақтарды тізбектейді.

Сонымен катар қол саусақтары қиымылын жетілдіру үшін ұсақ таяқшалардан, жемістістердің дәндерінен, түймелерден әртүрлі бейнелерді тізбектеп жасау балалар үшін оте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінін жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Төмендегі көрсетіліп отырылған саусақ ойындарын балалар ақындарының өлең-тақпақтарымен байланыстырып, ұсынуға болады.



Ешкі

Күнде тәртіп бұзылты,

Балаларды сүзіпті.

Жемістерді үзіпті,

Мүйізіне тізіпті.

Міне, осындай алыпты.

Атам көріп қалыпты.

Мазаны ала бердің деп-,

Мүйізін қағып алыпты.

Мысық

Пеш үстінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Қоян

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Әтеш

Әдемі әтеш, Таң атпай тұрыпты. Ойқастап жүріпті.

Жан-жаққа қарапты.

Айдарын тарапты.

Қазым

Қазым, қазым қаңқылда,

Көлде жүзіп салқыңда.

Жем шашайын жейсің бе ? Көмпит берші дейсің бе ? Жоқ, жоқ, жоқ

Кәмпит тәтті болмайды ас, Арпаменен бидай шаш.



Ақ тауық

Ақ тауық-ау, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық

Ертеменен қыт-қыттайды,

Ауламыздан шықпайды.

Шеп-шеп десем келмейді, Берген жемді жемейді.

Ауруы қандай қауіпті,

Деп аяймын тауықты.

Деп жүрсем тауығым,

Ақ жұмыртқа тауыпты.


ДОП


Добым, добым домалақ?

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың,

Тентек болып кеттіңдеп-,

Тұрмын сені тепкім кеп.






ҚҰЛЫП


Орманда бір үй тұр,

Есігінде құлып тұр.

Айтыңдаршы балалар,

Құлыпты кім ашады




Торғай

Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда торғай тоңбайсың.

Қайық

Қәнық суда жүзеді,

Сақинасын тізеді.



Ойын. «Салат»

Сәбізді алып тазалаймыз

Үккішпен үгіп майдалаймыз

Қанттан сеуіп дәмдейміз

Қаймақ құйып сәндейміз

Міне, дайын нәр тағам-

Дәруменге байыған

Орындалуы:

1. Оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылады.

2. Екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды.

3. Саусақтардың ұшымен «қант себеді»

4. Қолды жұдырыққатүйген күйі (қаймақ құйған тәрізді) қол білезігін жоғары-төмен қозғайды.

5. Екі қолын алдына жайып көрсетеді.

6. Алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді.

Ойын.

«Қолтырауын»

Қолтыруын қонақ күтуде

Тістері тура шегедей

-Бұл жерден қой өтпеді ме?

Деп сұрадым ойын білмекке

Ал ол болса тымпиып жатыр

Көзін қысып қылпиып жатыр

Орындалуы:

1. Екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады.

2. Саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сол алақанның үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете «қолтырауынның аузын ашқан сияқты» ашып-жабады.

3. Қолдарды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді.

4. Алақандарын бір-біріне ысқылайды.

5. Көздерін қысады.

Ойын.

«Кім келді?»

Қане, қане кім келді? Біз, біз, біз!

Апа, апа, бұл сіз бе? Иә, иә,иә!

Әке,әке бұл сіз бе? Иә,иә,иә!

Ағатайым, бұл сіз бе? Иә,иә,иә!

Қарындасым, бұл сен бе? Иә,иә,иә!

Біздер тату жанұя Иә,иә,иә!

Орындалуы:

1. Екі қолдың басбармақтарының ұштарын соғады.

2. Екі қолдағы басбармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ ұштарын бір мезгілде соғады.

3. Екі қолдың басбармақтарының ұштарын соғады.

4. Сұқ саусақтардың ұштарын соғады.

5. Екі қолдың басбармақтарының

ұштарын соғады.

6. Ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады.

7. Екі қолдың басбармақтарының

ұштарын соғады.

8. Аты жоқ саусақтардың

(шылдыр шүмек) ұштарын соғады.

9. Екі қолдың басбармақтарының

ұштарын соғады.

10. Кішкене саусақтардыңұштарын

соғады.

11. Барлық саусақтардың

ұшымен бірге соғады.

12. Алақандарымен

шапалақтайды.

Ойын. «Үкі»

Орманда қараңғы

Бәрі-бәрі ұйқыда

Үкі ғана ұйықтамапты

Маңғазданып отыр қатты

Әрі-бері отырды да

Қараңғыға қанат қақты.

Орындалуы:

1. Екі қолдың білезіктерін біріктіре саусақтарды жан-жаққа ашады.(«Орман»)

2. Алақандарын беттестіре жақтарына таянып «ұйқыға кетеді».

3. Бас бармақ пен сұқ саусақтың біріктіре дөңгелентіп көздеріне қояды («үкінің көздері»).

4. Қолдарын артқа жинап, кеуделерін көтереді («маңғаз үкі»).

5. Қолдарын жан-жаққа жая ұшып, басқа орынға

ауысады.


Қолға, алып шарды,
Үрлеймін мен былай.
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты,
Жарып алдым шарды.
Пах.


Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.


Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.


Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.


Қуырмаш»
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – ешкіңе бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап, үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар.
Мына жерде қатық бар,
Қытық, қытық!



Қане, қайсы алақан,
Біз – кішкентай. (балапан)
Аралардың нәрі,
Бау-бақшаның сәні. (гүл)


Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Саусақ ойыны" жинағы

Автор: Шалова Гульжамила Каирбековна

Дата: 25.01.2018

Номер свидетельства: 452513

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Саусақ ойыны мен жаттығулар" жинағы"
    ["seo_title"] => string(36) "sausak_oiyny_men_zhattygular_zhinagy"
    ["file_id"] => string(6) "538654"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1581001966"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "«Сауса? ойындары ар?ылы балаларды? тілін дамытамыз» (Ата-аналармен ?ткізуге арнал?ан) "
    ["seo_title"] => string(86) "sausak-oiyndary-ark-yly-balalardyn-tilin-damytamyz-ata-analarmien-otkizughie-arnalg-an"
    ["file_id"] => string(6) "156172"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421390392"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "?аза? тілінен ойын-сауы?. Та?ырыбы: "Кел, ойнайы?, бала?ай!" "
    ["seo_title"] => string(58) "k-azak-tilinien-oiyn-sauyk-tak-yryby-kiel-oinaiyk-balak-ai"
    ["file_id"] => string(6) "174886"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424188485"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ойды жина?тау ойындары "
    ["seo_title"] => string(24) "oidy-zhinak-tau-oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "219267"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1434091132"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Баскетбол- спорт ойыны"
    ["seo_title"] => string(22) "baskietbol_sport_oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "381771"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484928709"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства