Саусақ ойыны - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе ойындардың бірі. Саусақ ойыны - саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Саусақтарың әйбат, былай-былай ойнат»»
Ақтөбе облысы
Қарғалы ауданы
Ш. Қалдаяқов ауылы
«Бөбек» бөбекжай-балабақшасы МКҚК-ның
І кіші топ тәрбиешісі
Камысбаева Маржан Калиевна
«Саусақтарың әйбат, былай-былай ойнат»
Саусақ ойыны - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе ойындардың бірі. Саусақ ойыны - саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету - тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттармен құбылыстарды жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және тақпақтағы үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен, артқа, алға сияқты түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мен өз жұмыс тәжірибемде балаларды саусақ ойындары арқылы рахаттануға, қуануға, демалуға, қызығуға тәрбиелеймін.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді» оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, «Аға-іні» саусақ ойынына өлең шумағын қызыға айтады:
«Ағасы інісіне доп береді,
Өйткені, інісіне көп сенеді» - әр саусақтың басын бір-біріне түйістіріп, доп бергендей әрекет жасайды.
Сол сияқты «Лақтар» ойыны да бір қолдың саусақтарының екінші қолдың алақанында секіріп ойнақтап:
«Лақтар келді жүгіріп,
Шөптен басын алмады.
Секіреді ойнақтап,
Алғаннан соң тойынып», - деп тақпақтап отырып, екінші қолды алмастырады.
Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).
Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
Балалардың сүйіп орындайтын тағы бір жаттығуы ол «От шашу» (салют), балалар алақандарын бір-біріне беттестіріп, төмен еңкейіп тұрып жәймен жоғары көтеріліп алақандарын шапалақтайды.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.