kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ш дыбысын автоматтандыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсат: [Ш] дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету.

[Ш] дыбысының артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету.

[Ш] дыбысын дұрыс шығаруға көмектесу, үйрету.

Дем алу гимнастика жаттығулары арқылы ауыз қуысын [Ш] дыбысының артикуляциясын дайындау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ш дыбысын автоматтандыру"»

Тақырып: «Ш» дыбысын қою. 

Мақсат: [Ш] дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету.

[Ш] дыбысының артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету.

[Ш] дыбысын дұрыс шығаруға көмектесу, үйрету.

Дем алу гимнастика жаттығулары арқылы ауыз қуысын [Ш] дыбысының артикуляциясын дайындау.



Жаңа сөздер: Ағаш, шырша, алаша. 

Көрнекіліктер: орман суреті, жапырақтар (табиғи материалдар), желдің үрлеу суреті, артикуляциялық жаттығулар (тіл,тіс суреттері). 

Сабақ барысы: 


  1. Ұйымдастыру кезеңі. 


1) амандасу

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

2) сабаққа дайындалу кезеңі. 

Логопед :- Мен шықтым орманға,

-Тауып алдым тұқымды ,

-Жерге отырғыздым,

-Тұқымға су құйдым.

(балаларды бір-бірден залдың ортасына отырғызады) 

2.Жалпы моторика және қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.

1) Күн шықты, жерді жылытты

2) Ағаш өседі -балалар ақырындап тұрады

3) Жел ағашты тербетеді. –қолдарды тербетеміз

4) Ағаштың тамыры мықты, -аяқ басынан өкшеге дейін дөңгелету

5) Бұтақтары күнге тартылады -қолымызды жоғарыға көтереміз

6) Бұтақтарда жапырақ көп -саусақты сілкеміз

7) Орманда ағаш көп -жан-жақты көрсетеміз.



Жаңа сабақ:

ОРМАН 


 
-Кәне балалар суретке қарайық! (орман суреті)

-Орманда нелер тұрады? (түлкі, аю, торғай, үкі)

-Орманда не өседі? (Ағаш, ағаштар,саңырауқұлақтар)

-Қандай ағаштар өседі?(Шырша, қайың, )

-Шырша қайда?

-Шыршаның түсі қандай?(жасыл)



- Жапырақтардың түсі қандай? (сары) –табиғи материалдар (сарғайған жапырақтар) 
 
-Жапырақтар неге сары? (Өйткені күз келді) 

«Күз» туралы тақпақ тыңдайық!

Күз келді,

Жапырақ сарғайды,

Жаңбыр жауады,

Қатты жел соғады!!! 

3. Демалу гимнастика жаттығулары. (желдің үрлеу суреті) 

«Қатты жел».

-Жел қалай соғады? (Терең дем аламыз, шығарғанда үстел үстіндегі жапыраққа үрлейміз. Жапырақ арқарай ұшу керек).

-Орманда қатты жел соқты. Ағаштардың басы қозғалды (балалар

қолдарды жоғары көтеріп тербетеді: ш-ш-ш).

-Алдымен дұрыстап [Ш] дыбысын қайталайық. 


  1. Артикуляциялық жаттығулар. (Тіл,тіс суреттері) 


Айнамен жұмыс.

«Мықты тіс»- тістерімізді көрсетеміз.

«Тіс тазалау»- тілдің ұшымен, жоғарғы және астыңғы тістердің үстімен жүргізу. 


  1. Дыбысты қою және әріппен салыстыру (артикуляциялық профилін түсіндіру): 


- [Ш] дыбысын дұрыс айтайық!

[Ш] дыбысы-дауыссыз дыбыс. Аузымызда кедергі кездеседі.

[Ш] дыбысының артикуляциясы.

Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, бүйірлері жоғары азуларға тиеді. Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді. Тістер не қысылған, не жақындаған кезде арасында 1-2 мм санылау қалады тыныс тілдің арасынан бір қалыпты шығады: алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі.

(Балаларға [Ш] дыбысын артикуляциясын көрсетіп, логопедпен бірге қайталайды) 


  1. Сергіту сәті. «Ұшты-ұшты»ойыны. 


(Балалар ұшатын затты естісе қол көтереді, ұшпайтын затты естігенді қолды көтермейді) 

Ұшты-ұшты тұлпар ұшты 

Ұшты-ұшты қаз ұшты 

Ұшты-ұшты үйрек ұшты 

Ұшты-ұшты бүйрек ұшты 

Ұшты-ұшты ұшақ ұшты 

Ұшты-ұшты арба ұшты 

7. [Ш] дыбысын автоматизациялау.

-Енді кәне ұйқас тақпақ жаттайық!



Ұйқас жаттау. «Алаша». 
Ша, ша, ша 

Жерде жатыр алаша 

Ша, ша, ша 

Алашамыз тамаша 

Шық, шық, шық... 

Төрге шық! 

Іш, іш, іш... 

Сусын іш! 

Қорытынды:

-Балалар біз бүгін сабақта не істедік? (сурет қарадық, жаттығу істедік)

-Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?( [Ш] дыбысы)

- Жақсы балалар!



Балаларды бағалау. 

Үй жұмысы: [Ш] дыбысын артикуляциясын позициясын қайталау. «Алаша» ұйқасты жаттау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Ш дыбысын автоматтандыру"

Автор: Сауатбек Нұрдана Бүркітбайқызы

Дата: 27.02.2020

Номер свидетельства: 541300


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства