Просмотр содержимого документа
«"Шұғылалы күн іздеп"»
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы ауданының Есіл қалалсының № 3 «Балбөбек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад №3 «Балбөбек» города Есиль при отделе образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области
Ашық сабақ
Тақырып:
«Шұғылалы күн іздеп»
Сәбилер «Құлыншақ» тобы
Дайындаған: Танашева Қ.Т.
мамыр, 2021ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:26.05.21ж. Тәрбиеші: Танашева Қ.Т.
Білім беру саласы:Таным
Бөлім: сенсорика
Тақырыбы: «Шұғылалы күн іздеп»
Мақсаты:. Оларға ұқыпты қарауға үйрету.
Міндеттері:
Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл.
Білімділік: Түстерді ажырата білуге баулу. Түстер туралы білімдерін кеңейту. Түстері бойынша топтастыру.
Дамытушылық: Балалардың коммуникативтік – ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой – түйсігін қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту. Ұсақ қол маторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды байқампаздыққа, жұмысын аяғына дейін орындауға, ұжымда ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу, шыдамшылыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: қызыл – красный, сары – желтый, көк – синий, жасыл - зеленый
Көрнекі-құралдар: Күн мен бұлттың суреті, үйшік, түрлі түсті доптар,шығыршықтар, қыстырғыштар, ойыншық әтеш, картоннан жасалған тауықтар, матадан өзен, аудиожазылым.
-Жолда бізді қиыншылықтар, тапсырмалар кездеседі, оларды жеңіп шығуымыз керек. Орындаымыз ба?
-Иә!
-Ендеше кеттік жолға!
1 тапсырма «Түсті доптар»
-Бұл не? Қолымызға алайық..
-Балалар, доптардың түсі қандай, пішіні ше?
-Көк, сары...
- пішіні дөңгелек
Доптармен жаттығу жасау. Допты алақанға салып, домалату.
Добым, добым домалақ
Шаршамайсың домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың
Балалар жәшікте жатқан доптарды шеңберлерге түстері бойынша ажыратып салады
2 тапсырма
«Көпір жасау»
-Бұл өзеннен қалай өте аламыз? -Үлкен жасыл тастарды аламыз!
Балалар өзеннен өту үшін жерде жатқан (үлкен, кіші) үлкен жасыл тастардан көпір жасайды.
Сергіту сәті
Аяқпенен топ-топ-топ!
Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп!
Бір оңға, бір солға
Айналайық, кел мында
Қолымызды бір сілкеп
Басымызды шайқайық
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы, кел мында
Секіреміз жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Секірейік, кел мында
Балалар тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды
3 тапсырма «Тауықтарға құйрық жасау»
-Әтештің отбасына келіп жеттік. Балалар,қу түлкі тауықтарға бас салып, құйрықтарын жұлып тастады. Екі ыдыста қыстырғыштар жатыр бірінде аз екіншісінде көп. Қайсысында көп қаысысында аз жауап береді.
Түсті қыстырғыштар арқылы түс түске қарай құйрық жасайды.
4 тапсырма «Тауыққа бұршақ»
Ыдыстарда бұршақ пен атбас бұршақ жатыр, атбас бұршақ бөлек ыдысқа теріп тауықтарға беру
-Қараңдаршы, балалар шұғылалы күніміз күлімдеп шықты. Ол бізге өте риза болыпты. Әтешіміз де риза. Күннің бізге сыйлығы бар..
Біз де Күнге сый тартамыз- жастық. Жастыққа жайлы жатып демалсын күніміз..
-Біз енді Күн мен Әтешпен қоштасып, балабақшаға оралайық.
III – кезең: рефлексиялық – түзетушілік.
Бүгінгі ашық оқу қызметін қорытындылау. Балалардан не істегендерін, қандай тапсырма орындағандарын сұрау. Мақтау, мадақтау. Оқу қызметінде белсенділік танытқан балаларды атау.