Қажетті құрал-жабдық: қақпақтар, сары түсті бояу, сурет дәптер,
Әрекеттердің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
-Балалар, мен бір жұмбақ жасырамын, тауып көріңдерші?
Көктеммен жаз шыққанда,
Басына сары қалпақ киеді.
Көзге қарай қалпағы,
Қалқи ұшып кетеді.
Бұл не, балалар? (Бақбақ гүлі)
Балалар жұмбақтың шешуін таппай қиналса, тарбиеші жауабын өзі айтып, мағынасын түсіндіреді.
Балалар серуенде жүргенде қандай гүлдерді көргендерін әңгімелеп береді.
Ұйымдастырушылық
Ізденістер
Тәрбиеші балаларға бір неше гүл түрлерін және бақбақ гүлінің суретін көрсетеді.
-Суреттен қандай гүлді көріп отырсыңдар?
Бұл гүлдің қалай аталатынын кім біледі?
Бұл гүл қай кезде гүлдейді?
Бқліктерін түсіндіру.
Бүгін біз егістікте өсіп тұрған, енді гүлдеген бақбақ гүлінің суретін саламыз.
Тәрбиеші балаларға үлестермелі материал таратып береді. Қақпақты сары бояуға батырып, гүл сабағының жоғарғы жағына дөңгелек пішіндегі сары гүлді басып отырып салу керектігін түсіндіреді.
Бір парақтың бетіне бірнеше бақбақ гүлін салуға болатынын ескертеді.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Жел бетіне еседі.
Кіп – кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Тәрбиеші бақбақ гүлінің пішінін келтіруге қиналған балаларға көмек көрсетеді.
Балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыруын ұсынады.
-бақбақ гүлін
- роза
-қызғалдақ
-көктемде
Балалар тәрбиешінің айтуы және көрсетуі бойынша егістіктегі бақбақ гүлінің суретін салады.
Өлеңнін сөзіне сәйкес қимылдар жасайды.
Жұмыс аяқталған соң қақпақты ортаға тақтайдың үстіне жинап қояды.
Салған суреттерінен көрме ұйымдастырып, өздері қызықтайды.
Рефлексиялық- түзетушілік
Балалар, біз бүгін қандай гүлмен таныстық?
-Түсі қандай болады?.
Балаларды мақтап, мадақтау.
Мақтау, мадақтау.
Бақбақ
Сары
Күтілетін нәтижелер:
біледі: какпақпен дұрыс жұмыс жасай білуге дағдыларын;