Просмотр содержимого документа
«Сенсорлық тәрбиеге арналған дидактикалық ойындар!»
Сенсорлық тәрбиеге арналған дидактикалық ойындар
1. «Саяхатшы ойыншық»
Ойын барысы. Бала өзіне ұнайтын ойыншықты алып ортаға шығады. Айналасына әр түрлі түстегі пішіндердің қоямыз. Тапсырма Балаға кеңістікте қайдай бағытта қалай жүру керек екенін айтып отырамыз. Саяхат барысында кездескен пішіндерді атау керек. Мысалы . Алмастың ойыншығы / қояны/ орманды аралауға шығыпты.Бір кезде адасып қалады. Үйге бару үшін бірлесе тапсырманы орындайық
1. Алмас қояныңмен бірге алдыға қарай 3 қадам жүресің.. Қандай пішінді кездестірдіңдер? 2. Оңға жүрсең алдыңнан бақшада өсіп тұрған көкөністерді кездестіресің.Қоян сәбізді ұнатады. Сәбіздерді сопақша ыдыстарға жинап алайық. 3. Солға жүрсең ойыншығыңа арналған әдемі үйшік тұр. Шатыры қандай пішінге ұқсайды?
Күтілетін нәтиже: Бала пішінді ғана емес кеңістік туралы ұғымын да толықтырады.
2. «ҰШҚЫШ КІЛЕМ»
Балаларға ұшқыш кілем туралы ертегіні айтамыз. Еденге әр түрлі пішіндегі қағаздарды қоямыз. Бұлар кілемдер. /Кіші топқа әр зат 3 талдан болу керек. /
Барысы. -Міне балалар бізде де ұшқыш кілем бар,кілемге өзінің түсіне сәйкес зат қойғанда ғана ұшады екен. 1. Мысалмен көрсетеміз. Көк кілемге көк түсті шарды, көк допты, көк қарандашты қоямын, енді кілем ұшуға әзір. 2.Келесі бір бала шығып өзінің іс-әрекетін көрсетеді.Түстерді бірлесе қайталаймыз. 3. Әр бала өзінің алдындағы заттарының түсіне қарай кілемге орналастырады.
Аяқ астынан боран соғып, кілемді басқа жаққа ұшырып кетеді, ал ойыншықтар құлап, шашылып қалыпты../Балалар ұайымдайды/ Сол кезде мейірімді сиқыршының дауысы естіледі. - «Балалар, егер сендер ойыншықтарды түсіне қарай дұрыс топтастырып, жинастырсаңдар, кілемдерің өздеріңе қайта ұшып келеді» Күтілетін нәтиже: Түстердің атауын қайталап, есіне сақтайды, тапсырманы өздері орындауға дағдыланады. ** 3. «МАГНИТТЕР ЖӘНЕ ҚАҒАЗДАР» Тапсырма. Магниттің түсіне қаорай сәйкес түсті қағазды магнитті тақтаға жапсыру. Барысы. Балаларға әр түстегі қағаздар таратылады. Тәрбиеші үлгімен таныстырады «Мынау қызыл магнит, енді мен осының түсіне ұқсас қызыл қағазды тауып, тақтаға орналастырамын» Күтілетін нәтиже. Түс туралы түсініктері дамиды, зейін қойып тапсырманы дұрыс орындауға тырысады, магнит қасиетімен танысады.
4. « БАҒДАРШАМ». Тәрбиеші сандыққа түстерін атай отырып, домалақ пішіндегі қағаздарды салады. Тақтаға Қызыл, сары, жасыл түсті парақ ілінеді. /Төртбұрышты/ Тапсырма. Балаларға сандықтан 3 қағаз алуға рухсат етіледі. Балалар өздеріндегі пішіннен апай көрсеткен пішінді тауып , тақтадағы сәйкес төртбұрышқа орналастырады.
Сұрақ. «Біз нені құрастырып шықтық?» Күтілетін нәтиже: Түстерді ажыратады, олардан белгілі бір зат құрастыруға болатынын ұғынады.
5. «Орнын тап»
Тапсырма: Адасқан кішкентай пішіндерді сәйкес ойықтарға салу. Күтілетін нәтиже. Түсті , пішінді ажыратады. Сәйкестікті табуға дағдыланады.
«Ойнайық та ойлайық» «Таным» білім саласы. Орта топ балаларына арналған дамытушы сабақтар № 1. Сабақ. Қораптағы қарандаштар таласып қалады. Көк қарандаш: -Балалар мені жақсы көреді. Мен ең қажетті түспін.Менімен аспан, теңізді бояйды. -Жоқ, ең қажетті түс менмін,-деді қызыл қарындаш. Жемістер, мерекелік жалаушалар менің көмегіммен боялады ! -Қарандаштар , бекерге таласапңдар,мен ғой ең қажеттісі, ағаш, гүл жапырақтары, жазы орман салу үшін мен керекпін!-деп жасыл қарындаш мақтанады. -Ия, таласа беріңдер мен өзім-ақ білемін кімнің қажетті түс екенін, ол мен! Менімен күнді бояйды. /Ол сары түс еді/
Ойын: Қандай сан қалып қойды? Ойынның шарты: Балалар көздерін жұмады, сол уақытта бір санды тығып қоямыз. Балалар сынайды, қандай сан қалып қойғанын айтады. Ойын: «Аз ба, көп пе» Ойынның шарты: Алма ағаштары суреттері тақтада ілулі. Оң жақ, сол жақ, астында, үстінде деген ұғымдарды қолдана балалар бұтақтағы алмаларды санайды. Аз ба, көп пе салыстырады. Ойын: «Топтастыру» Ойынның шарты: Балаларға геометриялық пішіндер үлестіріледі. Пішіндердің тақтадағы берілген пішіндермен салыстырып, топтастыру қажет. Ойын: «Кетті, кетті орамал» Ойынның шарты: Тәрбиеші: «Кетті, кетті орамал» шеңберді айнала ойынды бастайын, бір баланың қасында келіп орамал тастайын» деп бір балаға орамалды береді. Тәрбиеші сұрағы: Сенің саның неше? Осы саннан бастап тура сана. Ойын әрі қарай жалғаса береді. Дәл осылай сандарды кері санаймыз. Ойын: «Көршіңді тап» Ойынның шарты: Ойынды бала арқылы бастайды «ірімшік, ірімшік сен тұр, сен шық!» «Сен шық» деген бала ортаға шығады, көршілерін шақырады. Ойын әрі қарай басқа санамақпен жалғасады: «Бірім – екім, тығыл, бекім. Сен тұр, сен шық». Ойын: «Көңіл күйді көрсет» Ойынның шарты: Ағашқа балалар дөңгелектерді іле отырып, көңіл күйлерін білдіреді. Жақсы көңіл-күй – қызыл түс. Орташа көңіл-күй – көк түс.