kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сергіту сәті жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сергіту  сәті  жинағы  мектепке дейінгі  мекеме  тәрбиешілеріне  қолдануға көмекші  құрал  негізінде  құрастырылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сергіту сәті жинағы»

Аманкелді орта мектебінің «Балдәурен» шағын

орталығы


\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\




















Сергіту сәті

Көмекші құралды жинақтаған: Шалова Г.К


Мектепке дейінгі мекемелерге және ата -

аналарға арналған көмекші құрал.








Алғы сөз

Мектеп жасына дейінгі балаларды заман талабына сай тәрбие беру,бағдарлама бойынша білім беру - әрбір тәрбиешінің міндеті. Бағдарлама бойынша берілген білімді баланың бойына дұрыс сіңіру тәрбиешінің шығармашылық қабілетіне байланысты.

Баланың сапалы білім алуына дұрыс ұйымдастырылған сергіту сәттерінің де әсері мол. Сергіту сәті балалардың шаршағандығы байқалған, эмоциялық көңіл-күйлері төмендеген жағдайда олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады. Сергіту жаттығуларының алуан түрлі болуы баланың көңіл- күйін көтеріп , іс - әрекетке белсенділігін арттырады.

Сергіту сәттеріің маңыздылығы.

Ұрпақ тәрбиесі адамзат баласының асыл мұрасы. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болу керек деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Баланың өнегелі, тәрбиелі болуы алдымен отбасына байланысты болса, содан кейін оған ықпал жасайтын ортаға байланысты екені белгілі.

Сергіту сәттері баланың жұмысқа қабілеттігін арттырып, шаршауды ысырады. Қимыл- қозғалыс арқылы жаттаған тақпақ баланың ойында тез

жатталып, көпке дейін естерінде сақтайды.

Сергіту сәті- балалардың дене бітімін, ой өрісін, миын тынықтыру,мүсінін қалыптастыру, сымбаттау, шаршағандықты басу т.б, экологиялық адам ағзасына жайсыз әсерінің алу құралы ретінде әр түрлі физиологиялық жаттығулар және ол әсерлердің зардаптарын болдырмау, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.

Сергіту сәттерінің басты міндеттері:

  • Дене жаттығуларымен шұғылданудың мәдени-тарихи, физиологиялық негіздері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.

  • Саналы түрде қимыл- қозғалыстар орындауға, оларды дене мүшелеріне нақтылы ықпал ету жолдарына үйрету.

  • Таныс жаттығуларды күрделендіріп, жаңа жаттығуларды үйрету арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту.

  • Дене жаттығуларын орындау біліктілігін арттыру арқылы дене бітімін қалыптастырып, қимыл -қозғалыс мәдениетін, қабілетін жетілдіру.

  • Дене жаттығулармен өз беттерімен еркін шұғылдандыру жағдай жасап, ұйымдастырушылық біліктілігін қалыптстыру.

Сергіту сәті.

Қырау қатып жағаға,

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді. /қатты тоңады/

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар ,

Біп-биік боп өседі. /тербеледі, отырады, тұрады/

Жел улейді: у-у

Құйын келіп зулейді: зу-зу

Қатты- қатты жел соқты: гу-гу,

Жапырақтар қол соқты: ду-ду. /қолмен оңға, солға шапалақтау/

Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды,

Найзағай сарт-сұрт етті

Біз бұға қалдық. /қолмен, саусақпен соғу, отыра

қалу/

Қар астында сығалап,

Күлімдейді жауқазын.

Қар шытса қабақ, бұға тап

Дірілдейді жауқазын. /жауқазын дірілдейді/

Жел соқты ағаштар теңселді,

Күн бұлттанып жаңбыр жуды.

Жаңбыр басылды күн ашылды. /қолмен күнді

көрсету/

Жеткілдеген желменен

Жерде егін тербелген

Өсірген диқандар,

Тамшылаған терменен. /қолмен көрсету/

Тербеледі ағаштар,

Жылы-жылы жел соқты.

Күлімдеген балалар,

Шуылдасып қол соқты. /қол соғу/

Қыста келіп қатты аяз

Екі бетті мұздатты.

Шаңғы теуіп бар бала,

Қыр үстінен заулатты.

/екі қолмен бетті уқалау, шаңғы тебу, таудан түсу/



Қоюланып тағы бұлт

Жаңбыр жауды себелеп?.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек. /Саусақты тарсылдату, бұға

қалу, көрсету/

Жаңбыр-жаңбыр себелесе,

Тырс-тырс етіп төбеме.

Найзағай, жарқылда,

Сырт-сырт етіп сыртылда. /саусақпен соғу, тарсылдату/

Таң атқанда күн шығып,

Гүл ашады қауызын.

Желмен бірге тербеліп,

Теңселеді ақырын. /гүл ашады, тербеледі, оңға, солға қозғалады/

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жжем шашайын, тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың. /торғайдың бейнесін көрсету/

Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтіп аспанды.

Қыздар көлде жүр ойнап,

Көктем айы басталды. /қимылмен көрсету/

Тас төбеден күн күлді,

Қошеметтеп оларды.

Қараторғай былтырғы,

Ұясына оралды. /қимылмен күн көрсету/

Бері келші, кең дала ,

Гүліңді мен терейін.

Жапырағыңмен жасыршы,

Құшағыңа енейін. /гүл теруді көрсету/

Аппақ болып таң атты,

Түтін тікке шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биік ұшады./түтінді, құсты, желді көрсету/

Күміс қанат шағала,

Ұшып жүрсің жағада.

Қармағың жоқ, ауың жоқ,

Шабақ алдың бағана. /құс боп ұшу/

Отырайық, жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге барайық /отыру, гүлді үзу, тұру/

Біз кшкентай балдырған,

Сескенбейміз жаңбырдан.

Төбемізге қол шатыр,

Алдымызда жол жатыр.

/ дөңгелеп тұру, қолды жоғары созу/

Бүгін ерте тұрайық,

Сауық сайран құрайық.

Зообаққа барайық

Тамашалап қайтайық. /қимылмен жаттығу/

Төбемнен қар жауады,

Боран бетке соғады.

Ойнап жүрген балалар,

Қызарып беті тоңады.

/қардың жаууы, алақанмен қимыл, тоңғанын

көрсету/

Тұрмайды бұл құс бұл жақта,

Тұрады ол тек мұз жақта.

Тонуды сірә білмейді,

Талтаңдап мұзда билейді. /сол жақты көрсету, мұзда билеу/

Қолды созып алдыңа,

Қайшылашы беріліп.

Ұста мұны жадыңда,

Кеудең тұрсын керіліп. /қолды созып, қайшылау, керілу/

Бүйір таян сол қолмен,

Көтер қанат оң жақтан.

Қайталашы сол жолмен,

Иіліп тез, сол сақтан. /бүйір таяну, оңды, солды

иілу/

Алмастырып қолыңды,

Серме енді қаттырақ.

Қимылдатар жаныңды,

Қозға иықты, сақ бірақ. /иықты қозғау, қимылдау/

Тірей бүйір тағы да,

Қолың тұрсын оңаша.

Алды-артына жаныңа,

Керілші кең доғаша. /керілу, доға жасау/

Қозғалт қолды иықтан,

Әрі-бері сермелеп.

Жауырыныңа ұйып қан.

Қалмас үшін, терлеп кеп. /қолды артқа қою, алды-артқа айнал/

Шалқай артқа барынша,

Қос құлашты керіп кеп.

Қинағаны бармұнша

Деме, жаса, сергек тек./артқа шалқаю, қолды керу/

Тіп-тіке ғып бойыңды

Мықыныңнан ұсташы

Күтірлетіп мойныңды

Айналдыршы, қысқасы. /қолды мықынға қойып, мойныңды айналдыру/

Еңкей төмен тізеден,

Бостау ұстап беліңді.

Серпіл, қайта үзе дем,

Көтер қолды сенімді. /демалу, қол көтер/

Қимылдасаң дұрыстап,

Күш өседі еселеп.

Бойың жүрмей құрыстап,

Жуымайды кесел тек. /қимылмен көрсету/

Бірін тіреп біреуін,

Серпіп аяқ қиғаштап.

Бүйірдегі тіреуің,

«Ф» әрпі тұрған тап. /ф-әрпін көрсету/

Ішке тартып ауаны,

Деміңді алшы тереңнен.

Денсаулықтың жауабы,

Қайталасаң, сенем мен. /терең дем алу/

Күнде жасап жаттығу,

Қан жүгіртіп алалық.

Керек мұны қатты ұғу,

Жасап биік саналық. /қимылмен көрсету/

Тік ұстап денеңді, Сапқа тұр, сен, енді.

Жанға сен шынығу,

Жаттығып тынығу.

Сымбатты болу да,

Өзіңнің қолында. /сөзіне қарай қимыл/

Орманның біз елшісіміз,

Тоқ-тоқ-тоқ.

Құрт біткенді жоқ етеміз,

Жоқ-жоқ-жоқ.

Тоқ-тоқ-тоқ,

Жоқ-жоқ-жоқ. /тоқылдақша қимыл/

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салады,

Желге ырғалып шайқалған. /гүлше қимыл жасау/

Топ-топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса, жарқын күн,

Жаса-жаса, алтын күн. /күнді бейнелеу/

Жаңбыр неге жауасың?

Гүлді шайып сүртемін.

Қайдан сабын аласың?

Күннің нұрын бүркемін.

Суды неге шашасың?

Настың бетін жуамын.

Кірін қалай ашасың?

Суға малып тұрамын.

Бұлт қайда көшеді?

Жер іздейді шөлдеген.

Самал неге еседі?

Табысқаны елменен.

Ана от не жалт еткен?

Найзағайдың шақпағы.

Кім ұшқынын ап кеткен?

Бұлт қойнына сақтады.

Мекенің бе көк аспан?

Туған үйіне іргелі.

Қайтамысың, таң ассаң?

Күтсең келем, шын мені.

Кеше қайда түнедің?

Жатпай, тұрмай жүремін.

Тынып, талар қанатың?

Жерлерім көп баратын. /кезекпен айту/

Желкілдеген терекпіз,

Біз саямыз, керекпіз,

Өзен бойлап өсеміз.

Өзен біздің көшеміз.

Көшемізге қараймыз,

Кемелерді санаймыз. /екі қолды көтеру, ырғау, беске дейін санау/



Кейде өсеміз сайда біз,

Сайдың суы айнамыз.

Айналамызға қараймыз,

Шашымызды тараймыз.

/шашты тарау, жан-жаққа қарау/



Тыныстайық тереңнен,

Жүгірдің де қарғыдың.

Жардыңдар барлығың,

Шаршадыңдар, дегенмен,

Тыныстаңдар тереңнен.

Қане «У-п» деп айтайық,

Демді ішке тартайық.

Енді «У-п» деп айтайық,

Демді шығар қайтарып. /терең демал/

Босаңсытып денеңді,

Бей-жай күйге ен енді.

Басты көтер, тік ұста.

Емін еркін тыныста.

Қане, «У-п» деп айтайық,

Демді ішке тартайық.

Енді «У-п» деп айтайық.

Дем шығар қайтарып. /қимыл/

Бә-ре-кел-ді, алтындар,

Суға жуын, салқында.

Тазаланып, таранып,

Ертеңгі асқа баралық. /мағынасына қарай қимыл көрсету/

Тыныш-тыныш, балалар,

Қуыршағым Ақмарал.

Ұйықтап жатыр дамылдап,

Ән айтайық ыңылдап,

Әлди-әлди, әлди-ай,

Уақыт болды тұратын,

Би-билейді Ақмарал,

Қол соғыңдар, балалар. /ән айту, қол соғу/

Жылы, таза суда,

Балық жүзіп ойнауда.

Біресе керіледі,

Біресе жиырылады.

Ал енді бірде құмға тығылады. /жүзу, тығылу/

Боп, боп пыш-ту,

Мен ең күштімін.

Менен күшті кім бар,

Пыш-ту. /пойыз болып жүру/

Ұшты-ұшты қаңбақ ұшты,

Қармақ ұшты, қаңбақ ұшты,

Үйрек ұшты,үлек ұшты,

Бүркіт ұшты, бір кит ұшты.

Аққу ұшты. /құстар болып қимылау/

Ойыншықпен безендіріп,

Айналамыз шыршаны.

Бет пердені киіп алып.

Айналамыз шыршаны.

Қуанатын баршаны.

Айналамыз шыршаны. /орнында айналу/

Ду, ду, ду, дук, дук,

Поезд келеді.

Ду, ду, дук, дук,

Бәрі жол береді.

Ду, ду, дук, дук, дук,

Жүгіріп өтпе.

Ду, ду, дук, дук, дук,

Тұра тұр шетте.

Ду, ду, дук, дук.

Поезды өткіз,

Қол бұлғап қалайық:

Жол болсын – деп біз.

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық.

Алға және озбайық. /аяқты қозғау, созу/

Еркін ұста, денеңді,

Тарсылдатпа, енді.

Қиқаңдатпай бөксеңді,

Көтере түс, өкшеңді ... /өкшені көтеру/

Болмас бірден бөгелген,

Дем ал, іштен тереңнен.

Ентігіміз басылсын,

Тынысымыз ашылсын. /дем алу/

Қутың-қутың, қутыңдап,

Тықылдатып тұяқты.

Жүгіргені бұлтыңдап,

Би билеген сияқты.

Биле, биле, биле сен.

Кірем дейсің үйге сен.

Қамап сен қоймас ем,

Гүлдеріме тимесең.

Шеберін ай аяздың,

Әйнектерді қағаз-ғып.

Әшекейлеп қойыпты,

Бірнеше ою ойыпты,

Жапырақтың, гүлдердің,

Сан алуан түрлерін

Өркештердің әр таудың,

Мүйіздерін арқардың.

Бәрін-бәрін анық қып,

Айнытпай – ақ салыпты.

Суреттері әр үйге,

Әйнектердің бәріне,

Түнде салып береді

Көзі қалай көреді. /сөзіне қарай қимыл/

Біз қандаймыз, қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз. /екі қолды кеудеге қою, жаю, айналаны көрсету/

Бір уыс дән шашып қап,

Шолып едім қашықтан.

Ұшып келіп әрбайдан,

Жапырласты торғайлар.

Қалғандай-ақ ашығып

Шоқып-шоқып асығып

Сілкініп те алады.

Қанаттарын қағады,

Секіріп те ойнайды.

Өздерінше тойлайды.

Қарасады айнала,

Қайырымды қай бала?

Екі әтеш кірісті, секірісті төністі,

Кекілдерін жұлысты, қауырсынын қырқысты.

Біреуінің көзі істі, екеуі де төністі.

Ақсап қалды біреуі, құйрықтары жалбырап.

Қанаттары салбырап, қашты екі «батырың»,

Екі жаққа ақырын.

Биік таудың мұнартақан

Бауырында әсем бұлағы.

Су ішеді бұлақтан,

Бір еліктің лағы.

Оймақ көзі сүйікті,

Едірейген құлағы.

Орығып шығып биікке,

Одырайып тұрады. /еліктің бейнесі/



Мазмұны


Алғы сөз............................................................ 3-4

Сергіту сәттері.................................................. 5- 28

22


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сергіту сәті жинағы

Автор: Шалова Гульжамила Каирбековна

Дата: 25.01.2018

Номер свидетельства: 452478

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Сергіту с?ті жина?ы"
    ["seo_title"] => string(23) "sierghitu_s_ti_zhinag_y"
    ["file_id"] => string(6) "345679"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1474778747"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЛАР КАРТОТЕКАСЫ"
    ["seo_title"] => string(73) "mektep_zhasyna_deiingi_balalarga_arnalgan_sergitu_zhattygular_kartotekasy"
    ["file_id"] => string(6) "489110"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1544036782"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Сергіту сәттерінің жинағы"
    ["seo_title"] => string(30) "sierghitu_s_ttierinin_zhinag_y"
    ["file_id"] => string(6) "365112"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480697966"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) ""Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдар жинағы""
    ["seo_title"] => string(46) "t_ukie_khannyn_zhieti_zharg_y_zan_dar_zhinag_y"
    ["file_id"] => string(6) "466731"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1524053551"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "?дебиеттік о?у. 3 -сынып .Ту?ан жер. ?МЖ"
    ["seo_title"] => string(34) "diebiiettikoku3synyptuganzhierkmzh"
    ["file_id"] => string(6) "263353"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449511614"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства