Оқу қызметі.
Мақсаты: а) Ойыншықты сипаттау арқылы қысқа әңгіме құрастыра білуге үйрету.
ә ) Ойыншықтарды сипаттату арқылы сөздік қорланын (үлпілдек жүнді,сап-сары т.б) толықтыру.
б)Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Сипаты бойынша таны.»
Білім беру саласы: Коммуникация.Таным.
Білім беру бөлімі : Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Сипаты бойынша таны.
Мақсаты: а) Ойыншықты сипаттау арқылы қысқа әңгіме құрастыра білуге үйрету.
ә ) Ойыншықтарды сипаттату арқылы сөздік қорланын (үлпілдек жүнді,сап-сары т.б) толықтыру.
б)Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: №36 үлестірмелі материалдармен жұмыс (үй жануарларының суреттері).
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс:балапан,сиыр,мысық,тауық.
Билингвальды компонент: балапан-цыпленок,сиыр-корова,мысық-кошка,тауық-курица.
Оқу іс- әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңберінде тұрып,бір-біріне жылы лебіз білдіреді. | Шеңберге тұрады,бір-біріне Жылы лебіздер білдіреді. |
| -Балалар,жол-жөнекей сандық тауып алдым,ашайын десем ашылмайды,оны ашу үшін жұмбақтарды шешу керек. Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп Мысықтың суретін көрсету.Оны сипаттау, қайталау,мысықтың баласы-марғау туралы айтып өту. -Жұмыртқаны жарып шыққан батыр, Сап-сары,үлпілдек жүнді. Бұл не?Сипаттаңдар. Осылайша бірнеше жұмбақ оқылып,оның жауабын шешкізеді .Жұмбақтың шешуі болған ойыншықтарды сипаттайды. -Тамаша,дұрыс таптыңдар.Осы ойыншықтарды ортаға алып,"Ұзын құлақ сұр қоян" өлеңімен бойымызды сергітеміз. Билингвальды компонент: балапан-цыпленок, сиыр-корова, мысық-кошка, тауық-курица Сергіту сәті: Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. №36үлестірмелі материялдармен жұмыс. " Қайсысы неге ұқсайды"дидактикалық ойын.Шарты:бірінші бағандағы жануарларды екінші бағандағы жануарлармен салыстырып, ұқсастықтарын тапқызу арқылы"Ешкінің төлі-лақ","Қаздың баласы-балапан"деген жауап алу. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сандықтан шыққан заттардың аттарын, түр-түсін сұрау. | Қызығушылық танытады. -Шешуі:мысық. Мысықты сипаттайды. -Балапан. Балапанды сипаттайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Балалар қайталайды: Балапан-цыпленок,сиыр -корова, мысық -кошка, тауық -курица. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар орындайды. Тапсырмаларды орындайды. |
Рефлекциялық- түзетушілік | Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қортындылау | Балалар жауап береді... |
Күтілетін нәтиже: қысқаша әңгіме құрастыруға арналған тапсырмалар:
Түсінеді: жануарлар мен олардың төлдері туралы мәліметтерді:
Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере білу іскерлігін.
А.Б.Кулубекова.
Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі,мектепке
дейінгі шағын орталығы ортаңғы тобының
тәрбиешісі. Сағабуйен ауылы
Ақсу ауданы.