kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөйлеу мен ойлаудың байланысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөз - ойдың көрінісі, ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр. 
В.Г.Белинский
Ойлау мен сөйлеуді 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеу мен ойлаудың байланысы»

 

Тақырыбы: Сөйлеу мен ойлаудың байланысы
Сөз - ойдың көрінісі, ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр. 
В.Г.Белинский
Ойлау мен сөйлеуді психологиялық тұрғыда зерттеу тарихы барысында олардың арасындағы байланыс мәселесі өзіне үлкен назар аудартты. Оларды шешу жолдары әр түрлі болып келді - ойлау мен сөйлеуді толықтай бөліп, бір-біріне тәуелсіз қызметтер ретінде немесе сөзсіз біріктіру арқылы абсолютті түрде теңестіріп қарастыру болды. 
Көптеген қазіргі ғалымдар сөйлеу мен ойлау тығыз байланысты болғанымен, олар өздерінің генезисі мен қызмет атқаруы бойынша тәуелсіз шындықтар деген компромиссті көзқарасты ұстанып келеді.
Балалардың ойлауы мен сөйлеуінің дамуы дүниеге келген сәтінен бастап адамның көз алдында өтеді. Ойлау сөйлеуге себепші болып бір-бірін толықтырып, ойды жеткізеді. 
Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. 
Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға тіл арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай ой да, ойлау үдісі де болмайды. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс және ол коллективтік бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын құрал болып табылады. 
Г.Эббингауз ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады. 
Ойлаудағы күйын мен шабыс жайыңдағы Эббингауз бен оның пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне жеткен көрініс деп атаймыз 
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. 
Тәрбиеші балалардан керісінше сөйлеуді сұрайды. Мен “кішкентай” деймін, балалар “жоқ, үлкен” – деп жауап қайтарады. (Жуан – жіңішке, қара – ақ, кәрі – жас, жеңіл – ауыр, жылы - ..., ұзын - ...). 
Ойын: «Хайуанаттар үйі» 
Үлкен ақ қағаз бетінде әр түрлі пішінді көп терезелері бар үйдің суреті бар. Балалар бұл үйде қандай аңдар тұратынын айтады, суретін салады. Оларға ат қояды. Содан кейін балалар бір күні осы үйде болған бір жағдай туралы әңгіме құрайды. 
Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі сабақ түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді. 

Ойын:«Керісінше»(доппен ойнайды). 
Тәрбиеші балаға допты лақтырып, сөз айтады, ал бала мағынасына қарай қарама – қарсы сөзбен жетекшіге допты қайтарады 
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. 
Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады. 

Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. 
Ойлау мен сөйлеуді ойындар арқылы дамыту 
Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. 
Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды. Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. 
Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады.

«Ой шабуылы» әдісі тиімді әдістердің бірі . Бұл әдіс әр түрлі қызметте кеңінен тараған. Яғни, ол балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді. 
Балаларға әр түрлі тақырыптар береміз. 
Мысалы: “Ой шабуылы”. 
«Егерде ... , не болады?» 
« ... жаңбыр толастамай жауады». 
«... адамдар құстар сияқты ұшып үйренеді». 
«... иттер адамдар сияқты сөйлей бастайды». 
«... барлық ертегі кейіпкерлері тіріледі». 
«... су құбырының шүмегінен апельсин шырыны ағады». Балалар еркін ойлап, осы сұрақтарға жауап береді. 
«Ой шабуылының» жемісі психологиялық және талдау белсенділігіне байланысты болады. Егерде бала сұрақ қойса, оған тез жауап бермейміз. 
Керісінше, оның ол туралы не ойлап тұрғанын сұраймыз. Оған талқылауға немесе баланың жетекші сұраққа жауапты өзінің тапқанын сұраймыз. Егер бала сұрақ қоймаса, онда қарама – қайшы әдісті қолданамыз. 
Жауап табу мақсатында, баланы жағдаятқа қоямыз. Бұл ауызша ойын. Мысалы,«Жақсы–жаман». Мысалы, «жаңбыр – жақсы немесе - жаман» 
Мақсаты: Қандай да болсын объектінің, жағдаяттың жақсы, жаман жақтарын табу, ненің зиян, ненің кедергі екендігін, ненің қажет екендігін білу. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сөйлеу мен ойлаудың байланысы

Автор: Дүйсекеева Дана Ныгыметовна

Дата: 20.05.2017

Номер свидетельства: 417204

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Баяндама "?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ""
    ["seo_title"] => string(44) "baiandamakazaktilisabagyndasynioilaudydamytu"
    ["file_id"] => string(6) "333517"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1465402072"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "Сайын М?ратбековті? «?ылау» ??гімесіндегі Сатай мен Раби?а бейнесін ашу "
    ["seo_title"] => string(81) "saiyn-mu-ratbiekovtin-k-ylau-n-ghimiesindieghi-satai-mien-rabig-a-bieiniesin-ashu"
    ["file_id"] => string(6) "171781"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423726089"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Та?ырыбы: Аустралияны? географиялы? орны.Жер бедері мен пайдалы ?азбалары."
    ["seo_title"] => string(74) "takyrybyaustraliianynghieoghrafiialykornyzhierbiedierimienpaidalykazbalary"
    ["file_id"] => string(6) "297052"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456137541"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ашық сабақ. Тақырыбы : " My Home. Менің үйім""
    ["seo_title"] => string(41) "ashyk_sabak_tak_yryby_my_home_mienin_uiim"
    ["file_id"] => string(6) "371471"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482170336"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Психикалы? дамуы тежелген балаларды? таным іс ?рекеті"
    ["seo_title"] => string(54) "psikhikalykdamuytiezhielghienbalalardyntanymisriekieti"
    ["file_id"] => string(6) "304270"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457693721"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства