kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья "Экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Экологиялық білім беру – отбасынан басталады. Жас бала әр нәрсені білгіш келеді. Сондықтан олар үшін ең бастысы экологиялық мәдениет отбасынан басталуы керек. Отбасы - бала тұлғасының негізі қаланатын, оның дамуы мен өмірге бейімделетін шын әлеуметтік орта. Бала тәрбиесінде отбасы мүшелерінің өзара түсінісіп, сүйіспеншілігі мен жауапкершіліктері маңызды рөл атқарады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья "Экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері."»

 Экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері


Экологиялық білім беру – отбасынан басталады. Жас бала әр нәрсені білгіш келеді. Сондықтан олар үшін ең бастысы экологиялық мәдениет отбасынан басталуы керек. Отбасы - бала тұлғасының негізі қаланатын, оның дамуы мен өмірге бейімделетін шын әлеуметтік орта. Бала тәрбиесінде отбасы мүшелерінің өзара түсінісіп, сүйіспеншілігі мен жауапкершіліктері маңызды рөл атқарады.

Қоршаған ортаны қорғау (ауа, су, топырақ және т.б.) қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттес үрдістерін де кешенді тұрғыдан қарауды талап етеді. Өйткені, экологиялық мәселелерді адам мен қоғам үшін пайдалы, тиімді шешуге тырысатын маманның жеке тұлғасының адамгершілік дүниетанымын қалыптастырады. Қоршаған ортаны сауықтырудың объективті қажеттілігін терең түсінуге мүмкіндік береді. Солай екен, негізгі салалар бойынша қажетті кәсіби мамандық беру барысында экологиялық білім мен тәрбиенің де мәні зор.

Экологиялық білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыру Қазақстанда білім берудің жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарын жасауды, қаржыландыруды, экологиялық білім беретін ұстаздарға қамқорлық көрсетуді, мектепте экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді.

Балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруда табиғи ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті тани білу шарт.

Педагог И.Д.Зверевтың пікіріеше: «»Тәрбиеленушіге педагогикалық әсердің бірінші кезеңі ретінде ең алдымен оқушының табиғат сұлулығын түйсінуі, осы сұлулықты сақтау үшін адамгершілік, азаматтық борышты ұғынуын қамтамасыз ету керектігіне көңіл аударады. Сондықтан да экологиялық күйзелістердің болуы не болмауы антропогендік факторға, жастардың экологиялық мәдениетіне, сауаттылығына, экологиялық білімінің жоғары деңгейде болуына байланысты» .


Бүгінгі күні қоғамда қордаланған көптеген өзекті де өткір мәселелерді оңтайлы шешу көп ретте азаматтық қауымдастықтың даму деңгейін өрістетуге, балаларға экологиялық тәрбие беруге қоршаған ортаға деген құрметін, Табиғат-Анаға азаматтық сүйіспеншілігін қалыптастыруға тікелей байланысты.

Қоғамдық өмірдегі қазіргі қайта құрулар, экологияны қорғаудағы жаңа стратегиялық бағдарлар мен бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері.

Айналамен танысу арқылы, ойындарды ойнау барысында балалар табиғат сырларын өзіндік ерекшеліктерін танып білу дағдыларын игереді.

Даялық топта балалардың қызығушылық қабілеттерін арттыруда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.Мектеп жасына дейінгі топта баланың ой-өрісін дамытуға бағытталған жұмыстарды жалпы азаматтық мәдениеттің маңызды компененті ретінде қарастырған дұрыс. Баланың табиғатты қорғауда өздерінің қоршаған ортасын таза ұстау керек екендігі жиі-жиі айтылады.

Даярлық топтағы балаларға экологиялық тәрбие беруде сабаққа деген ынтасының жоғарлауы, өтілетін сабақтың оқу- материалын терең ұғына білуге баулу- тәрбиешінің педагогикалық шеберлігіне байланысты екендігі дәлелденді.

Қазіргі кезде уақыт талабына сай балаға бағыт беру, тәрбиенің өзекті мәселесі, қажеттіліке байланысты әртүрлі тәрбие жолдары мен түрлерін, әдістерді пайдалана отырып нәтижеге жетеді.

Бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан баланы жеке тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті міндеттерді жасауға мән берілуі тиіс.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Статья "Экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері."

Автор: Еламанова Ажар Нурбековна

Дата: 13.12.2019

Номер свидетельства: 531751


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства