Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол – көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Оны жасөспірім мен қартайған шал да, боранмен алысып жүрген эвенк пен кепесінде отырған үндіс те қайталап айтады. Байлығы шалқыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы құдіреті естіледі.
Данққа бөленген әртіс әр уақытта анасын жадында сақтайды, ақын өлеңдері мен әндерінде жырлайды, суретші оның бейнесін мәңгі қалдырады. Мүсінші оны тастан қашайды. Ана – барлық адамның және бүкіл дүниенің символы!
Ана баласын мейлі ол әйгілі немесе елеусіз болсын, мейлі ол білімсіз немесе білімді болсын, мейлі ол алжыған шал немесе жас болсын, король немесе қайыршы болсын – бәрібір сүйеді, ана үшін – бұл менің ұлым деген қарапайым да жоғары, қастерлі бір-ақ ұғым. Ана одан басқа ештеңені білмейді.
Ол оны құрсағында өсірді, оған өмір берді, өз өмірін де соған арналған. Ол баласымен бірге күледі, сонымен бірге күреске шығады – бәрінде де, барлық істе де ол сонымен бірге. Ана махаббаты қандай ғажап еді! Ол көбімізді ерлікке жігерлендіреді.
Аружан, Алан, Айым. Үшінші кәмпітті ата-аналар таңдайды.
Жүргізуші:
Қайырымды, қасиетті
Ең ардакты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.
Тәтті лебізіміз сіздерге арналады.
Есенгелді:
Менің әжем, ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер деген,
Айтып берер тағы әжем.
Даяна:
Әже деген көп шығар
Әжедейі жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі.
Қандай ғажап күлкісі.
Би шарфикпен.
Әжесі мен Бағлан.
Жүрегім кім менің?
Мен!
Тірегім кім менің?
Мен!
Жаным кім менің?
Мен!
Сәнім кім менің?
Мен!
Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам, менің!
Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо.. жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға қарқ-қарқ етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасында боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Төртінші кәмпітті Шынар апай таңдайды.
Жүргізуші:
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет, - деп кезекті аналарға арналған тақпақтарға береміз.
Есенгелді:
Ана біздің гүліміз
Ана біздің күніміз
Анамыздан тарайды.
Біздің ана тіліміз.
Аружан:
Еркелеттің осырадың,
Мойынына кеп асыламын,
Аман болшы асыл-анам
Мен әрқашан қасындамын.
Алан:
Анам менің аялаған,
Құшағынан сая табам.
Қанша болса жақсы да
Сендей ана қайда маған.
Шынғыз:
Ананың біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Даяна:
Айналайын анашым
Әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Аружан:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым.
Мади:
Мені жақсы көреді.
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Ойын «Жылы лебіз».
Бесінші кәмпіт ашылады.
«Үш ұл» ертегінің көрінісі сахналау.
Екі әйел құдықтан су тартып түр екен, бұлардың қасына тағы бір әйел келіпті. Құдықтың тұсынан өтіп бара жатқан бір қарт кісі де демалмақ болып, таяп келіп, құдық маңындағы тасқа отырыпты.
Әйелдердің біреуі:
Менің ұлым батыл да күшті. Төбелесі қалса, ешбір бала оған шақ келмейді, - депті.
Екінші әйел:
Менің ұлым ән салғанда бұлбұлдай сайрайды. Ешбір баланың даусы дауысына жетпейді, - депті.
Ең соңынан келген әйел үндемей тұра беріпті.
Сен енге өз ұлың туралы бірдеңе айтпасың? – деп сұрапты екі әйел.
Не айтайын, баламның ешқандай ерекшелегі жоқ, - деп жауап беріпті ол.
Әйелдер шелектерін суға толтырып, үйлеріне қарай беттейді. Әлгі қарт
та бұлардың соңынан жүріп отырады.
Жолда әйелдер шаршаған соң, шелектерін жерге қойып, әңгімеге кірісіпті. Қарт бұларды сынай қарап, бақылап тұрыпты. Осы кезде бұлардың алдынан жарыса жүгірген үш бала шыға келеді.
Балалардың біреуі жолдағы тастарды аяғымен зулата ұшырып келе жатады. Мұны көрген шешесі қатты қуанып, көңілі көтеріліпті.
Екіншісі бұлбұлдай, сайрап, өлең айтып, өзінен-өзі құтырынып келе жатады. Оның шешесі де баласының мұнысына шаттанып, көңілі өсіпті.
Үшінші бала болса, жүгіріп келіп шешесінің қасына барыпты да:
Апа, әкел, маған бер, - деп, шешесінің қолындағы су толы шелекті
алып, үйіне қарай жүре беріпті.
Әйелдер қартқа бұрылып:
Қалай, біздің балаларымыз сізге ұнай ма, қария? – деп сұрапты.
Қайдағы балалар? Мен тек бір-ақ баланы көріп тұрмын, - деп, қарт
шешесінің қолынан шелекті алып, өзі көтеріп бара жатқан баланы нұсқапты.
Алтыншы кәмпіт таңдалады.
Ән «Апатайым, анашым».
Ойын «Түсін тап».
Келесі кәмпіт таңдалады.
Айымның орындауына «Айналайын» ансамбль «Әнші балапан».
Сегізінші кәмпіт таңдалады.
Әр зат болды қүпия,
Би биледік, ән салып,
Асыр салып ойнадық,
Көңілдеріңізді көтердік.
Енді біздің сыймыз!
«Кукарелла».
Тоғызыншы кәмпіт таңдалады.
Жігіттер қыздарға дайындаған сыйлықтарын қайда?
Жігіттер: Біздер қыздарымызға арнап сыйлықтар дайындадық. (сыйлықтарды береді).
Аналарға сыйлықтар.
Бәйшешек: Менің де балаларға әкелген сыйм бар, қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Аялы да, алтын
Нұрлы анашым!
Жүрегіммен мәнгі бірге боласын
Сен асқарсын, сен аспансың биіксің
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың, - деп бүгінгі мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз!
Отбастарыңыз аман болсын!
Жүздеріңізден күлкі кетпесің!
Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
Ән «Айналайын ақ мамам» Аружан Давлетова орындауында.