Просмотр содержимого документа
«Сценарий " Жыл басы - Наурыз"»
Тақырыбы: Жыл басы - Наурыз! Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен, Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем Жарығымен, шуағымен Күн - Ана Алып келдің жер бетіне нұр көктем! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды «Қош келдің, төрлет Наурызым» әнімен ашқымыз келіп отыр. Ән: «Қош келдің, төрлет Наурызым»
Жүргізуші:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз? Балалар:- Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз. Жүргізуші:- Балалар бізге Наурыз мерекесімен құттықтауға әже келіп қалыпты. Әже: Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын.
Жүргізуші: Әже, қош келдіңіз, төрлетіңіз. Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз. 1-бала: Құтты болсын Наурыз Жалқаулық қос жауымыз Дала толы егіске, Малға толсын тауымыз 2-бала: Наурыз тойы әдемі, Әжем еске түсірді 3-бала:
Біздерге арнап әдемі, Наурыз көже пісірді.
4-бала:
Кел балалар ойнайық, Наурыз тойын тойлайық Баянды боп мереке Қыр гүліндей жайнайық
5-бала: Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын! Қайда барсаң, жол болсын Төрт түлік ақты болсын, Ұлыс береке берсін, Бәле – жәле жерге енсін
Би: «»
Жүргізуші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз? Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы. Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі. Жүргізуші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже және наурыз мерекесі туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
1-бала: Арпа, бидай, тары бар Қатық, малта, тағы бар Ішілетін, жейтінің Бұл көжеде бәрі бар.
2-бала: Бата беріп атамыз, Бата беріп әжеміз Тәтті болып жасаған Көжеден дәм татамыз
3-бала: Құт бауырсақ шашылып, Наурыз тойы ашылсын Бір бірімен мына жұрт Көрімдігін асырсын
4-бала: Күттіріп келген жыл басы Бізбен бірге жырлашы Дастарханға елімнің Береке ырыс сыйлашы
5-бала: Алинур Ой, халайық, халайық Әсем әнге салайық Наурыз тойын көңілді Бірге қарсы алайық
Жүргізуші:
Қасиет еткен халқымыз, Жаңғыртар дәстүр салтымыз Сән салтымен ел көрікті Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет. Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Жүргізуші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар. Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек. 1-бала: Осыншама жақсылық Алып келген Наурызым Төрлет бізге нұр беріп, Шуақ шашып ақ жүзің!
2-бала: Бәйшешек гүл ашады Мұздар сайға қашады Суға толып өзен көл Кемерінен асады.
3-бала:
Домбырасыз сән қайда Домбырасыз ән қайда Ән мен күй бар өмірде От та лаулап жанбайма 4-бала: Құрманғазы Тәттімбет Домбырамен сайраған Жүрекке от жақсын деп Елге күйін арнаған
5-бала:
Наурыз тойы салтымыз Аман болсын халқымыз Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын Наурыз құтты болсын!
Ән: «Домбыра» Жүргізуші:Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр. Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Жүргізуші: Қош келдіңіз Ұлыс күні қазан толса Ол жылы ақ мол болар Ұлы кісіден бата алсаң Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз. Қыдыр ата бата береді.
Жүргізуші: Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Жүргізуші: Ойын: «Арқан тарту»
Жүргізуші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті «Наурыз»әніне береміз. Ән: «Наурыз»
Ал келіңдер қонақтар Досқа құшақ ашайық Өлең жырға басайық Қазақтың бір салты деп Тойға шашу шашайық! Әжелер шашу шашады. Жүргізуші: Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім, Тербетсін шаттық әні қазақ жерін Той бастаған қадамын құтты болсын, Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын Қош болыңыз, Наурызым ардақты Халқым саған бар үмітін жалғапты! Жылда осылай келе берсін жарасып! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурыз береке – бірлік әкелсін! Сау болыңыздар!