kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Су туралы не білеміз?"мектепке дейінгі ұйымдарға

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен таныстыру. Айырмашылығын көре білу(дәмі, түсі, иісі).Судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге   тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Глобус,судың дыбысы, жаңбырдың дыбысы, слаидпен суды көрсету, тәжірибе көрсетуге  құм, қант, топырақ, ыссы суы бар шәйнек,мұз, ойынға бала санына су  құйылған стакандар және түтікшелер.

Қажетті оқу-құралдар: әр бала алдына стаканға су,түтікшесімен.

Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, бақылау,көрсету, түсіндіру, ойын, мадақтау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Су туралы не білеміз?"мектепке дейінгі ұйымдарға»

«Су туралы не білеміз?»


У.Т.Иманбаева. №10 "Балапан" балабақшасының тәрбиешісі

Орал қаласы


Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен таныстыру. Айырмашылығын көре білу(дәмі, түсі, иісі).Судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Глобус,судың дыбысы, жаңбырдың дыбысы, слаидпен суды көрсету, тәжірибе көрсетуге құм, қант, топырақ, ыссы суы бар шәйнек,мұз, ойынға бала санына су құйылған стакандар және түтікшелер.

Қажетті оқу-құралдар: әр бала алдына стаканға су,түтікшесімен.

Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, бақылау,көрсету, түсіндіру, ойын, мадақтау.

Билингвалдық топтама: Жаңбыр-дождь-rain. Су-вода-wate

Мотивациялық қозғаушы кезең:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз

Жайнай түсті даламыз

Айтқан тілді аламыз

Біз ерекше баламыз

Ұйымдастырушылық -ізденушілік кезең:

Судың дыбысын тыңдату.

Тәрбиеші: Балалар, бұл ненің дыбысы?

Балалар: Судың дыбысы.

Тәрбиеші: Балалар, сіздер осы судың қасиеттеріне тәжірибе жүзінде көз жеткізгілеріңіз келе ме? Ендеше зертхана орталығына барайық.

Балалардың назарын ғаламшарға аудару.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы мынау ғаламшар. Ғаламшарда дүние жүзінің кескіні кішкентай қалыпта көрсетілген. Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. Судың түсі көк түспен белгіленеді.

Су, жаңбыр туралы слайд көрсету.

Тәрбиеші: Су- табиғат ресурстарының бірі. Сусыз тіршілік жоқ, ауада ұсақ су тамшылары бу түрінде, бұлт қалпында ұшып жүреді. Су жер астында да болады. Біздің денемізде де су бар.

Судың адам өміріндегі маңыздылығына баға жетпейді, сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды. Су жолымен адам қатынайды, қайық кеме жүзеді, жүк тасиды. Судың күшінен электр қуатын аламыз. Бірде-бір өндіріс орны сусыз жұмыс жасамайды. (слайд аяқталды)

Тәжірибе көрсету.

1-тәжірибе: "Су мөлдір"

Тәрбиеші: Балалардың алдарында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, екіншісіне сүт құйылады. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды.

Балалар: Байқағандарын айтады.

2-тәжірибе: "Судың иісі жоқ"

Балалар суды иіскеп көреді. Иісі жоқ екенін сезінеді.

3-тәжірибе:"Суда дәм жоқ".

Балалар суды ішіп көреді.

Тәрбиеші: Балалар, судың дәмі бар ма?

Балалар: Судың дәмі жоқ.

4-тәжірибе: "Мұз қатты су"

Балалар ыдысқа салынған мұздың ерігенін бақылайды.

Шешім: мұз, қар-бұл да су.

5-тәжірибе: "Бу, бұл да су"

Судың тағы бір қасиетін көру үшін қайнаған суы бар шәйнек алу керек. Одан шыққан буды көру үшін оны ашып көрсету.Бу бұл да су екенін дәлелдеу үшін буға айнаны ұстап, одан су тамшылары кері аққанын балаларға көрсету.

6-тәжірибе: "Су сұйық сондықтан ағады"

Балаларға стакандағы суды екінші ыдысқа құйып көрсету. Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық. Егерде ол сұйық болмаса өзендерден, краннан аға аламас еді.

7-тәжірибе: "Суда кейбір заттар ериді, кейбір заттар ерімейді"

Суы бар екі стакан алып біреуіне құм салып, қасықпен араластырып көреді. Құм еріді ме?

Екінші стаканға қантты саламыз, не өзгерді? Қай стакандағы еріді? Біз қантты шайға күнделікті қосамыз, егер ол суда ерімесе онда адамдар тәтті шәй ішпес еді.

8-тәжірибе: Суда кейбір заттар батады, кейбір заттар батпайды.

Суы бар ыдысқа жеңіл затты салып, батпайтынын көреді. Суға ауыр затты салып бататынын көрсету.

9-тәжірибе: "Су сіңгіш"

Екі ыдыстың біреуіне құм, екіншісіне топырақ салынады. Алдымен графиндегі суды құмға және топыраққа құямын.

Тәрбиеші: Су сіңді ме?

Балалар: Құмға және топыраққа жақсы сіңеді.

Тәрбиеші: Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екніне көз жеткіздік, сонымен қайталап жіберейікші, судың қандай қасиеттері ьар екен?

Балалардың назарын суретке аудару.

Тәрбиеші: Күн қатты ысығанда су буға айналып аспанға ұшады да, бұлтқа айналады. Жаңбыр судан пайда болады.

Билингвалдық топтама: Жаңбыр-дождь-rain. Су-вода-wate

Сергіту сәті: Ойын: "Көпіршік"

Барысы: Балалар түтікшемен судан көпіршік шығарады.

Рефлексивті түзетушілік кезеңі:

-Балалар, бүгін немен таныстық?

-Судың пайдасы бар ма?

Судың қандай қасиеттері бар екен?

Мақтау, мадақтау жұмыстары.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: судың сұйық, иісі , дәмі жоқ, түссіз екендігін білуі керек; судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Игереді: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін біледі; оның түсі, дәмі және иісінің қоспалар арқылы өзгеретіндігін; өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Меңгереді: Судың қасиеттерін біледі, оны үнемдеу керектігін түсінеді.



















Балалар судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін біледі; оның түсі, дәмі және иісінің қоспалар арқылы өзгеретіндігін; өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін игеруде.




«Су туралы не білеміз?»


У.Т.Иманбаева. №10 "Балапан" балабақшасының тәрбиешісі

Орал қаласы

Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен таныстыру. Айырмашылығын көре білу(дәмі, түсі, иісі).

Судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Глобус,судың дыбысы, жаңбырдың дыбысы, слаидпен суды көрсету, тәжірибе

көрсетуге құм, қант, топырақ, ыссы суы бар шәйнек,мұз, ойынға тамшылар бейнеленген

маскалар,бұлт маскасы.

Қажетті оқу-құралдар: әр бала алдына стаканға су,түтікшесімен.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Суға байланысты мақал-мәтелдер жаттату. Ғаламшармен таныстыру.

Қостілділік компонент: Жаңбыр-дождь-rain. Су-вода-wate

Іс-әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-

лық

қозғаушы-

лық

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз, Жайнай түсті даламыз

Біз ерекше баламыз,Айтқан тілді аламыз.

Қайырлы таң, балалар!

Балалар үш тілде амандасады.

Ұйымдас-

тырушылық

ізденіс

кезеңі

Судың дыбысын тыңдату.

Балалар мынау ненің дыбысы?

-Балалар, сіздер осы судың қасиеттеріне тәжірибе жүзінде көз жеткізгілеріңіз келе ме?

Ендеше зертхана орталығына барайық.

Балалардың назарын ғаламшарға аудару.

Балалар, қараңдаршы мынау ғаламшар. Ғаламшарда дүние жүзінің кескіні кішкентай қалыпта көрсетілген. Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. Судың түсі көк түспен белгіленеді.

Су, жаңбыр туралы слайд көрсету.

Су-табиғат ресурстарының бірі. Сусыз тіршілік жоқ, ауада ұсақ су тамшылары бу түрінде, бұлт қалпында ұшып жүреді. Су жер астында болады, біздің денемізде де су бар. Судың адам өміріндегі маңыздылығына баға жетпейді, сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды.Су жолымен адам қатынайды, қайық, кеме жүзеді, жүк тасиды. Судың күшінен электр қуатын аламыз. Бірде-бір өндіріс орны сусыз жұмыс істемейді. (слайд аяқталады)

.1-тәжірибе: "Су мөлдір"

Балалардың алдарында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды (суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді.)

2-тәжірибе: "Судың иісі жоқ"

Балалар суды иіскеп көреді. Иісі жоқ екенін сезінеді.

3-тәжірибе: "Суда дәм жоқ"

Балалар суді ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Су дәмсіз.

4-тәжірибе: "Мұз-қатты су"

Балалар ыдысқа салынған мұздың ерігенін бақылайды.

Шешім: мұз, қар-бұл да су.

5-тәжірибе: "Бу бұл да су"

Судың тағы бір қасиетін көру үшін қайнаған суы бар шәйнек алу керек. Одан шыққан буды көру үшін оны ашып көрсету.Бу да су екенін дәлелдеу үшін буға айнаны ұстап, одан су тамшылары кері аққанын балаларға көрсету.

6-тәжірибе: "Су сұйық сондықтан ағады"

Балаларға стакандағы суды екінші бос ыдысқа құйып көрсету. Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық.Егерде ол сұйық болмаса өзендерден , краннан аға алмас еді.

7-тәжірибе: "Суда кейбір заттар ериді, кейбір заттар ерімейді"

Суы бар екі стакан алып біреуіне құм салып, қасықпен араластырып көреді. Құм еріді ме?

Екінші стаканға қантты саламыз, не өзгерді? Қай стакандағы еріді?

Біз қантты шайға күнделікті қосамыз, егер ол суда ерімесе онда адамдар тәтті шәй ішпес еді.

8-тәжірибе: Суда кейбір заттар батады, кейбір заттар батпайды.

Суы бар ыдысқа жеңіл затты салып, батпайтынын көреді.

Суға ауыр затты салып көрсету, бататынын көрсету.

9-тәжірибе: "Су сіңгіш".

Екі ыдыстың біреуіне құм, екіншісіне топырақ салынады. Алдымен графиндегі суды құмға, содан соң топыраққа құямын. Су сіңді ме? Құмға және топыраққа су жақсы сіңеді.

Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екеніне көз

Жеткіздік, сонымен қайталап жіберейікші, судың қандай қасиеттері бар?

Балалардың назарын суретке аудару.

Күн қатты ысығанда су буға айналып аспанға ұшады да, бұлтқа айналады.Жаңбыр судан пайда болады екен.

Ендеше "жаңбыр ,су" сөздерін үш тілде айтып жіберейік.

Қостілділік компонент: Жаңбыр-дождь-rain

Су-вода-wate.

Сергіту сәті: Ойын: "Көпіршік"

Барысы: Балалар түтікшемен судан көпіршік шығарады.



Судың дыбысы.

Балалардың жауабы.



Балалар мұқият тыңдайды.




Балалар келіседі.




Балалар көргендерін айтады.










Судың иісі жоқ


-Суда дәм жоқ.












Балалардың жауабы


Құм ерімейді.





Қант еріді.







Топыраққа су сіңді



Жұғады.



Жұқпайды.

Жаңбыр-дождь-rain

Су-вода-wate.

Ойынға барлығы қатынасады.

Рефлесиялық

қозғаушылық

Балаларды тақта алдына шақырып Судың суретін іліп,

"Су- кімге, неге қажет?" ойынын ойнату.

Балалар жан-жағына қажет суреттерді іледі.

Балалар, бүгін немен таныстық?

Балалар судың пайдасы бар ма екен?

Су болмаса жер беті қандай күйде болады екен?

Судың пайдасы зор.

Жер бетінде су болмаса тіршілік болмайды екен. Суды босқа ағызып босқа төгуге болмайды екен. Су біздің байлығымыз. Судың қандай қасиеттері бар екен?

Суға байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме?

1.Судың да сұрауы бар.

2.Су анасы бұлақ.

Суға байланысты қандай тақпақ білеміз?

"Мөлдір су"тақпағын айтады.

-Жарайсыңдар, барлығыңыз оқу іс-әрекетке жақсы қатынасып белсенділік таныттыңыздар.

Балаларға "Жарайсыңдар" деген жұлдызша тарату.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өздеріне ұнаған іс-әрекетті айтады.









Балалар білетін тақпақтарын айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: судың сұйық, иісі , дәмі жоқ, түссіз екендігін білуі керек; судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Игереді: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін біледі; оның түсі, дәмі және иісінің қоспалар арқылы өзгеретіндігін; өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Меңгереді: Судың қасиеттерін біледі, оны үнемдеу керектігін түсінеді.






































7



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Су туралы не білеміз?"мектепке дейінгі ұйымдарға

Автор: Иманбаева Умит Туякбаевна

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 399956


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства